Материалдар / Пиза мәтін

Пиза мәтін

Материал туралы қысқаша түсінік
Пиза мәтін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

1-МӘТІН

Малды пайдаға жарату

Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады:

- Осы сен бай бала тұрып, малыңды қай жақа жібересің, көзге түсетін ешнәрсең көрінбейді,-деді.

Үйші айтты:

-Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін.

Көрші:

- Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едің? – деді.

Үйші айтты:

- Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе,- деді.


Мәтіннен PISA тапсырмаларын (сұрақтар) құрастыру


1. Үйші көп малды болса да, қанағат етіп, аз жұмсайды. Себебі неде?

А) Тапқан малын көбейтеді

В) Борышы мен өсімге береді

С) Көп қарызы болғандықтан төлемге төленеді

Д) Өзін ғана ойлайтын болғандықтан

Е) Сараңдығы жібермейді

2. Неге үйшінің байлығы ел көзіне көрінбейді?

А) Мал-мүлкін жасырын ұстайды

В) Ұры-қарылардан қорқады

С) Жетім-жесірлерді қамтамасыз етеді

Д) Үйші ақылды, қанағатшыл адам еді

Е) Ел-жұртына жаратып жібереді

3. Үйшінің «борышым» деп есептеген ойы не үшін айтылған?

А) Отанына қызмет етеді

В) Қарт ата-анасына көмек көрсетеді

С) Бала-шағасын асырау үшін айтқан

Д) Өнерін ұрпағына насихаттайды

Е) Халқына үй салып береді


4.Үйшінің: «Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін»,-деген жауабындағы борыш пен өсім сөздерінің мағынасы қандай?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


5. Сіздің ойыңызша, қай мал үйшінің қартайған шағында көмек көрсетеді?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2-МӘТІН


Спарталықтардың тапқырлығы
Македония патшасы Филипп ІІ грек қаласының тұрғындарына хат жазады:
«Бірден бағынуларыңа кеңес беремін. Егер әскерім сендердің жерлеріңе кіретін болса, барлық егін, бау-бақшаларыңды құртады, ал тұрғындарыңды құл етеміз»,- дейді.
Спарталықтар бір ауыз сөзбен жауап қатады: «Егер».

«Егер» сөзінің мәнінде не жатыр?



3-МӘТІН

Дауласу
«Қанша кәллә болса сонша ой болады» дей ме, осы сөз рас-ау. «Дауласқан адамның екеуі де ақылсыз» деген тұжырыммен келісер болсақ, өмір сүрудің өзі оңтайланар еді. Себебі дауласқан адамдар соңыра келгенде екі бөлек дүниені айтып жатқаны белгілі болады. Бірі алманы домалақ дейді, ал бірі – қызыл дейді. Мұны түсінген екеу де ойлағысы келмей, тұжырымды шеткері итереді. Ал төмендегі мысал дауласудың еш керегі жоқ іс екенін тағы бір дәлелдей түспек…
«Мен!» деген философ данагөй ақсақалға келіпті. Оның ойы ақсақалды сөзбен жеңіп, ел алдындағы даңқын аспандату еді. Данагөй шал бірінші болып тіл қатыпты:
- Амансың ба? - деді ақсақал, - Сұрағыма жауап берші.
Қонақ іштей ой қуалап тына қалды, ақсақал сөзін жалғады.
- Түтінді құбыр ішіне түскен екі адамның бірінің беті күйе де, ал екіншісінің беті тап-таза. Қайсысы жуынуға барады?

Сіздің ойыңызша құбырға түскен екі адамның қайсысы жуынуға барады деп ойлайсыз?

Жас философтың екі көзі шарасынан шыға жаздады.
- Бұл мені жеңіп кетудің бір амалы ма?
Ақсақал үндемеді.
- Әрине, кімнің беті күйе болса, сол жуынуға барады да!
- Дұрыс емес. Ақылмен ойлап көр: беті күйе адам екіншісіне қарайды да, өз бетін де таза деп ойлайды. Ал беті таза адам серігінің беті лас болған соң, өзінің де бетін таза емес деп шешіп, жуынады.

Мен мұны ойламадым. Қызық екен - мен логикалық қате жібердім! Тағы бір сынақтан өткізіңіз!
- Жарайды. Түтінді құбыр ішіне түскен екі адамның бірінің беті күйе де, ал екіншісінің беті құлан таза. Қайсысы жуынуға барады?
- Енді…Екеуі де жуынуға барады.
- Дұрыс емес. Екеуі де жуынуға бармайды. Ақылмен ойлап көр: беті күйе болған адам беті таза адамға қарайды да, өзінің де беті таза деп ойлап жуынуға бармаса, ал беті таза адам беті кір адамның жуынуға бармайтынын білген соң, ол да жуынбайды.
Жас философ састы да қалды.
- Сеніңізші, мен дұрыс жауабын табамын! Тағы да бір рет сұрақ қойыңызшы!
- Жарайды. Түтінді құбыр ішіне түскен екі адам…
- Ой, құдай-ай! Олардың ешқайсысы да бармайды!
- Дұрыс емес.

Сіздің ойыңызша жас философтың жауаптары неліктен дұрыс емес?

Айтшы, екі адам да түтін құбырға түскен соң, қалайша біреуінің ғана беті күйе болады? Қалайша түсінбейсің? Бұл ойсыз сұрақ. Егер сен өміріңді осындай ойсыз сұрақтарға арнайтын болсаң, жауаптарың да ойсыз болмақ.



Жариялаған:
Айым
07 Ақпан 2025
73
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі