Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Планер моделі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Планері моделі
Бағыты: «Әуе көлігі»
Тақырыбы: «София» планері
моделінің мекеті»
Орындаған: 8 снып оқушысы Манапов Еркебұлан
Жетекшісі: «Жас техник» үйірме жетекшісі Калигожин
Ергазы
Бағыты: «Әуе көлігі»
Аннотация: Планер моделін зерттеу арқылы, планер моделі туралы толық мәлімет беруге бағытталып, бұрын қолданыста болған тұрмыстық және құрылыстық қалдық материалдарды пайдаға асыра отырып, құрастыру шеберлігі өнерін үйрету.
Болжамы: Теориялық және сарамандық жұмыстарда алған білімдерімізді үйірме жұмыстарында өз бетімізше ізденіп дамыту арқылы, бойымыздағы сан-алуан қабілеттерімізді ашып, шығармашылық ой-өрістерімізді кеңейтеміз, шеберлігімізді дамытамыз.
Жобаның мақсаты:
1. Жұмысты орындау барысында оқушы өзінің шығармашылық әлеуетін байқап көруге, өз бетімен шығармашылық жұмысын жүргізе білуге, жаңашылдыққа, табандылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету.
2. Қоршаған ортаны ластамайтын, әуеде ұзақ қалықтап ұша алатын планер макетін дайындау арқылы қиялдаған ойын жүзеге асыруға баулу.
3. Бұрын қолданыста болған тұрмыстық және құрылыс қалдық заттарды қайта өңдеп, оларға екінші өмір сыйлау арқылы ысырапшылықтың алдын алуға, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға септігін тигізу.
Жобаны орындау реттілігі:
-
Шығармашылық жобаны зерттеу;
-
Іздену кезеңдері: ғаламтор, БАҚ және кітапханамен байланыста болып ақпараттар жинақтау;
-
Бұйымды дайындауда пайдаланылатын материалдарды анықтау;
-
Жұмысқа қажетті құрал-саймандармен айла-бұйымдарды таңдау;
-
Жұмыс орнын ұйымдастыру және жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері;
-
Макеттің құрамдас бөліктерін ойлап, бөлшектердің өлшемдерін анықтап, эскизін дайындау, шаблонын жасау;
-
Дайындауға кететін материал шығындарын және бұйымның өзіндік құнын есептеу;
-
Бұйымды дайындаудың технологиялық реттілігін зерделу, нұсқау картасын дайындау;
-
Нұсқау карта бойынша бұйымды жасау;
-
Зерттеу әдістері арқылы жобаны нақты талқылау, қорытынды жасау.
Кіріспе
Планер (фр. planeur) — ауадан ауыр моторсыз (мотопланнан бөлек) ұшу аппараты. Әуеде қанатта қарсы бағыттағы ауа ағынын тудыратын аэродинамикалық көтеруші күш есебінен ұшады.
Ұшу аппаратының планері — ұшу аппараты конструкиясының (ұшақ немесе тікұшақ) күш-қуат қондырғысы мен жабдықтары кірмейтін құрылымдық бөлігі.
Ұшу аппараты планері келесі бөліктерден тұрады: фюзеляж, қанат, құйрық жаймасы, шасси, қозғалтқыш пен шасси гондолалары (егер болса), палнер механизациясының тораптары мен агрегаттары.
Әуе модельдік спорт – бұл спорттың техникалық түрі болып, мұнда қатысу-шылар ұшу аппараттарының модельдерін (планерлер, ұшақтар, тікұшақтар т.б) құрылымдау, дайындау және олардың ұшу кезіндегі жылдамдығын, ұшу қашықты-ғын, ұшу уақытының ұзақтығын, сондай-ақ ең жоғары ұшу әдісі (высший пилотаж) кезінде оларды басқару бойынша жарысады. Жарысқа ересек спортшылармен бірге жас өспірім-спортшыларда қатысады.
Әр-бір әуемоделімен айналысушының алдында: «Ұшақтың қандай түрін таңдаған дұрыс?» деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап беру күрделі. Сондықтан әр кім өзінің мүмкіндігін, материал, құрал-сайман т.б жағдайынларын ескерген жөн. Менің осы жобам, планер моделін қалықтап ұшатын аппараттарды үйренудің бірінші сатысына жатқызуға болады. Планер моделі ауаның термиялық ағында ұзақ уақыт қалақтап ұшуға арналған. Бұл модельдің артықшылығы, оны жасауға қажет материалдар үлкен қалаларда ғана емес, шағын ауылдарда да оңай табылады. Пайдаланылатын материалдар қолжетімді, тұрмыстық немесе құрылыс қалдықтарынан алуға болады.
Планердің шығу тарихы
Адамдарда ежелгі замандардан құстар сияқты әуеде еркін ұшу арман болған. Құстар қалайша қанаттарын қақпай-ақ, әуеде ұзақ уақыт қалқыптап ұша алады? Бүркітке әуеде бірсарынды қалқыптап жүзуге қандай күш көмектеседі? Егер құстар қанатын қақпай-ақ әуеде жоғары, төмен еркін сырғанап қалқыптап жүзе алатын болса, неге адамда осылайша істей алмасқа?!
Әуеде қалықтап ұшуды алғашқы болып жүзеге асырған Германиялық инженер Отто Лилиенталь болды. Ол ірі құстардың ұшуын бақылап өзінің теориясын жасады. Осы теория негізінде 1891 жылда тарихта бірінші планерді құрастырды. Отто планерді тал шыбықтарынан жасалған қанат жұбының сыртын мықты матамен орап дайындыған. Отто ұшуды көлбеу еңістерден төмен қарай жүгіре отырып, онша биік болмаған төбешіктерден секіріп жерден көтерілу, өзі жасаған қанаттарымен әуеде самғауды үйренуге тырысты, және өз тәжірибелерін жазып отырды. Планер кәсіпқой мамандар мен қатар әуесқойлардың ауқымды тобының қызығушылығын оятты.
Лезде бірнеше елдердің планер құрастыру, ұшыру саласында нағыз жетістіктер орын алды. Жаңа құрылымдар төбеде орналасқан бәйге нүктесінен тек қана төмен қарай ұшпай, өрлеме ауа ағынында биікке көтеріліп, аспанда ұзақ уақыт қалықтап жүзуге және ұзақ арақашықтықты үшып өтуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Мәскеуде ССРО-ның планершілерінің бірінші қоғамы құрылды. 1921 жылда әскери ұшқыштар өздерінің «Қалықтап ұшу» («Парящий полет») атты үйірмесін ұйымдастырды. Кейін, 1923 жылы ӘФДҚ (Әскери Флоттың достары Қоғамы) (ОДВФ «Общество друзей Военноморского Флота») жасалды. Сол жылдары ӘФДҚ басты еңбегі, авиацияның барлық түрлерін, олардың арасында ең танымалы планеризмді насихаттау болды.
Планершілердің бірінші Бүкілодақтық жарысы, сол 1923 жылы Қырымда Феодоссия маңында өтті. Бірінші слет кезінде көрсетілген жетістіктер оншама қуантпағанымен, олар осы саланы одан әрі дамытудың негізін қалады, сонымен қатар көрсеткен нәтижелері өз заманына сай, тіпті әлемдік деңгейде де жаман болған жоқ. Мысалы, ұшу ұзақтығы бойынша рекордтық көрсеткіш 1 сағат 2 минутты құрады. Планеризмге деген қызығушылық тек қана одақ астанасында ғана емес, бүкіл елде артты. Келесі, 1924 жылы ССРО 21 қаласының спортшылары жарысқа қатысты.
Жобаны дайындаудағы мақсатым
«Жас техник» үйірмесінде болғанымызда әртүрлі сәндік-қолданбалы бұйымдар, техникалық ойыншықтар жасағанымызда, өзіндік жұмыстар орындағанымызда оларға тиісті материалдарды ғаламтордан және БАҚ материалдарынан іздегенімде ұшақтар жөніндегі материалдар қызығушылық оятып, « Планер моделі» тақырыбында шығармашылық жоба жасауыма түрткі болды. Қарап отырсам материалдар қолжетімді, жасалуы күрделі емес сияқты. Сөйтіп үйірме жетекшінің көмегімен планер макетін жасауды ұйғардым.
.
Қажетті материалдар:
400х400мм шаршы түріндегі өрнексіз төбе пенопласттық тақтасы (плиткасы), 400х3х3мм ағаш шыбықша, тіс тазалайтын таяқшалар /2 дана/.
Қолданылатын құрал-саймандар:
Сызғыш, шарикті қалам, кеңселік пышақ, «Мастер» желімі, құмқағазы, т.б.
Жобаны дайындау нұсқаулығы
Алдымен жұмысқа қажетті материалдарды және құрал-саймандарды дайындап аламыз. Планерді жасауға негізінен өрнексіз пенопласттық төбе тақталары пайдаланылады.
Жұмыстың келесі сатысы – планер құрылымы, құрлымдық бөлшектерінің міндеттерімен танысу, бөлшектердің пішіні мен өлшемдерін анықтау.
Планердың құрылымдық бөлшектері және олардың міндеттері:
Фюзеляж – планердің негізгі бөлігінің бірі болып саналады. Ол тұмсық бөлігі және құйрық арқалығы деп аталатын екі бөліктен тұрады. Оған планердің құрылымдық бөліктері орнатылады.
Қанаты – планерді әуеге көтеру күшін туғызады және оны әуеде қалықтатып ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
Стабилизатор - фюжеляждың құйрық бөлігінде горизонталь бағытта орналасқан қанат тәрізді шағын ғана алаңша. Оның артқы ернеуі ұшақты бағыттап отыратын руль қызметін атқарады.
Киль - фюжеляждың құйрық бөлігінде стабилизаторға перпендикуляр орналасып, оның артқы бөлігі ұшу кезінде планерді бұрушы қызметін атқарады.
Осыдан кейін планер бөлшектерін дайындауға кірісеміз.Пенопласт тақтасының жиектері жіңішкелеу болып келеді. Дайындаманың барлық жерінің өлшемдері бірдей болуы үшін, шаршының қабарғаларын айналдыра 5мм-лік шамасында жиектік сызық сызып кесіп алып тастаймыз. Тағы бір ескеретін жағдай – пенопласт тақтасы бір бағытқа оңай иіледі де, екінші бағытқа қыйын иіледі. Қыйын иілетін жағын қанаттың бойына жіберіп, планер бөлшектерінің үлгісін материалды үнемдеу тәсілін пайдаланып шаблондарды орналастырып, сызықтарды шариктіқалам және сызғышты пайдаланып түсіреміз.
Пенопластты кесу үшін кеңселік пышақ, болат сызғыш қолданылады. Пенопластты пластмасса тақтаның үстіне қойып кескен дұрыс, өйткені пышақтын жүзі бүлінбейді. Планер бөлшектерінің өлшемдері: фюзеляждың ұзындығы 480 мм, енінің ұзындығы 60 мм /480х60/, 2 дана, фюзеляждың үстіңгі және астыңғы бөліктерін жауып тұратын таспалар дайындау, 2 дана 480х20 мм, қанаты – 400х120мм, қанатының құлақшалары 230х124 мм /2 дана/, стабилизатор (руль) – 260х90мм; киль – биіктігі 115мм, табаны 90мм, стабилизатор тура ортасына сызық жүргізіп, осы сызыққа киль табанын келтіріп, 900 желімдейміз.
Планер бөлшектерін үлгіге сай кесіп дайындағаннан кейін, олардың жиектерін қажау қағазбен ажарлаймыз, қылауларын аламыз. Бөлшектер талапқа сай ажарланғаннан кейін, плпнерді құрастыруға кірісеміз.
Құрастыруды фюзеляждың бөлшектерін желімдеуден бастаймыз. Фюзеляждың ішкі бөлігіне мықтылық беру үшін 480х3х3мм өлшемдегі ағаш шыбықшалар желімделеді. Қанатын резеңкелер арқылы ұстап тұратын диаметрі 2 мм шамасындағы тесіктер орнына ішкі жағынан жалпақтығы 15мм, қалыңдығы 2 мм шамасында жұқа тақтайшаны / 4 дана/орнатып, желімдейміз. Бұл жұмыстан кейін фюзеляждың үстіңгі және астыңғы бөліктерін арнайы дайындалған таспалармен желімдеп жабамыз. Желім қатқанша қанаттарын дайындаймыз. Қанат құлақшаларының ұш жағының үстел бетінен биіктігі 9 мм кем болмауы керек. Бұны құмқағазбен егеп,сызғыш арқылы реттейміз. Талапқа сай өңделгеннен кейін қанатының екі ұшына құлақшаларын «Мастер» желімімен желімдеп, соңынан желімі кепкенше кеңселік түйреуіштермен түйреп қоямыз. Желімі қатқан қанаттардын алдыңғы және артқы ұзын бойына беріктік беру үшін қанатының ұзындығына тең қалыңдықтары 3 мм тең шаршы шыбықтарды желімдеп бекітеміз. Нұсқау картада көрсетілгендей планердің тұмсығын дайындап бекітеміз. Тұмсыққа ауырлық орату үшін арнайы құрылғымен диаметрі 14 мм шамасында өткерме тесікті тесеміз.
Қанатты фюзеляжға бекітпес бұрын, планердің ауырлық орталығын тауып алады. Стабилизатор және киль орнатылған фюзеляжды сұқ саусақ үстіне көлденең қойып анқтайды. Ауырлық нүктесі табылган жерге белі салады. Ауырлық нүктесіне қанаттың дәл ортасын келтіріп қойып, қанаттан шығып түрған 10мм-лік ағашты резеңкемен орап қояды да, алдаңғы әдіспен планердің ауырлық орталығын анықтайды.
Ауырлық орталығы табылған соң қанаттарын арнайы резеңкемен бекітеді. Дайын болған планерді сынақтан өткізеді. Планер ұшу барысында жерге құйрығымен түсетін болса, кабининың тұмсығындағы ауырлық салмағын көбейтеді. Планердің ұшуы дұрысталған соң тесікті пенопласт бөлігімен жабады. Осымен «София» атты планер макеті дайын.
Экономикалық есеп
Рет саны |
Қолданылатын материал |
Мөлшері |
Бағасы тг |
1. |
Өрнексіз төбе пенопласт тақтасы (плиткасы) |
2 дана |
700 тг |
2. |
400х3х3мм ағаш шыбықша |
|
100 тг |
3. |
«Мастер» желімі |
1 дана |
50тг |
|
Барлық жұмсалған қаражат сомасы |
|
850 тг |
«София» планерін жасаудың нұсқау картасы
Жұмыстың реті |
Көрініс |
Құрал-жабдықтар |
|
Пенопластан планердің фюзеляжын кесіп дайындау |
Сызғыш, шарикті қалам, кеңселік пышақ, кеңселік түйреуіш |
||
Қалыңдығы 2мм шамасында жұқа ағаш тақтайшадан фюзеляжға беріктік беретін аралықтарын дайындау |
|
Қылара, құмқағаз, сызғыш, шарикті қалам, «Мастер» желімі |
|
Пенопластан фюзеляждың үстін және астыңғы бөлігін жауып тұратын бөліктерін кесіп дайындау |
|
Сызғыш, шарикті қалам, кеңселік пышақ |
|
Фюзеляжды құрастыру |
|
«Мастер» желімі, кеңселік пышақ |
|
Пенопластан планердің килі мен стабилизаторын кесіп дайындау |
|
Сызғыш, шарикті қалам, кеңселік пышақ |
|
Киль мен стабилизаторын құрастыру |
|
Сызғыш, шарикті қалам, «Мастер» желімі |
|
Қанатының құлақшаларын кесіп дайындау |
|
Сызғыш, шарикті қалам, кеңселік пышақ, кеңселік түйреуіш |
|
Пенопластан қанатының ортаңғы бөлігін кесіп дайындау |
400х120 мм |
Сызғыш, шарикті қалам, кеңселік пышақ |
|
Құлақшаларды қанатына желімдеп бекіту |
|
«Мастер» желімі, кеңселік түйреуіш |
|
Планер тұмсығын дайындау
|
|
Айла-бұйым, «Мастер» желімі, пышақ, сызғыш |
Қорытынды
Техникалық қритерийлері: жасалуы оңай, материалды өңдеуге жеңіл, желімді жақсы ұстайды.
Экономикалық критерийлері: материалдарды оңай табуға болады, аз қаражат жұмсалады.
Қорытындылу: Планер жасау мені қызықтырды, білген сайын іздене беруге жетелейді. Өнерді жетілдіру, болашаққа апару біздің міндетіміз. Шығармашылық өнермен айналысу адамды қанаттандырады, белгілі бір іске икемін қалыптастырады, болашаққа қандай кәсіпке ұмтылатынын бағдарлауға көмектеседі. Төбе тақтасын өнер туындысына айналдырып ата-анамды, достарымды қуанышқа бөледім.