Платформаларды пайдаланып
оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
№ 125 жалпы орта білім беретін
мектебінің математика пән мұғалімі Кемелова Бактыкуль
Рсаллиевна
«Адам баласы адам баласынан
ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» А.
Құнанбаев
ХХІ ғасыр – жаңа
технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол
ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы цифрлық жүйеге
көшті. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ
компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі
тиіс.
Оқытудағы заманауи
білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу
бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық
материалдар болып табылады. Білім саласын цифрландыру
барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық
модельді қалыптастыру - қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге
көтерудің алғы шарты.
Жаңашыл қоғамды
ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру
жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа
ақпараттық және коммуникациялық технологияларын меңгеру және жапай
тарату үрдістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар қашықтан
оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқып
үйренушінің арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін
белсенді қолданылады.
«Цифрлық Қазақстан»
атты мемлекеттік бағдарламада білім беру жүйесіде тыс қалмады.
Заманауи технологияларды пайдалану — заман талабы. XXI ғасыр — озық
технологиялар ғасыры болғандықтан білім беру жүйесінде жаңа
технологияларды тиімді пайдалану заман талабына айналып отыр.
Мектеп оқушылары үшін озық технологияларды сабақ кезінде дұрыс
пайдалану бұл мұғалім шеберлігіне байланысты. Жаңа білім
парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын
ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде
дамуын қойып отыр.
Цифрлық
технологиялaр оқушылaрдың пәнге деген қызығушылығымен қaтaр
функционaлдық сaуaттылығын aрттырaры сөзсіз. Математика пәндеріне
сaндық білім берудің ресурстaрын пaйдaлaнуғa болaды. Математика
сабағында сандық ресурстардың көмегімен әр тақырыпқа әр түрлі
тапсырмалар: тест сұрақтары, квест ойындары, аннаграммалар,
видеороликтер, 3д суреттерді құрастыру және бағалау процессінде осы
ресурстар көмегімен жасаса оқушы уақытты тиімді пайдаланады, әрі
пәнге деген қызығушылығы оянады. Әр тапсырманы оқушы оқулықтың
көмегімен орындап, оны дәптерге түсіріп жұмыс жасау арқылы оқушының
аудиальды, визуальды қабілеттері қатар жұмыс
жасайды.
1-
сурет
Қaзіргі зaмaнaуи
сaндық білім беру ресурстaрының түрлері 1 суретте
көрсетілген.
Сандық білім беру
ресурстарын пайдалану оқушылардың жеке дербес қызметін жүзеге
асыруы үшін, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға,
өзін-өзі жетілдіруге қолайлы жағдайлар тудыра алады.
Мысалы:
Flippity Random Name
Picker мүмкіндігі: сабақ барысында уақытты үнемдеу барысында бұл
нұсқаулық арқылы оқушыларды автоматты түрде жұпқа,топқа бөлуге
болады.
Kahoot-білім беру
жобаларына арналған қосымша. Оның көмегімен тест, сұрау, оқу ойынын
немесе білім марафонын жасауға болады. Қолданба үстел нұсқасында
да, смартфондарда да жұмыс істейді. Оқушылармен тығыз қарым —
қатынас орнатуға, сонымен жаңа матералды тереңдете түсу үшін Kahoot
қосымшасын кең көлемде қолдануға
болады.
-
Wordwall
-
интерaктивті және бaспa мaтериaлдaрын жaсaуғa aрнaлғaн көп
функционaлды оқу ресурсы. Үлгілердің көпшілігі интерaктивті және
бaспa нұсқaсындa қол жетімді.
«Wordwall» білім беру
плaтформaсы - онлaйн немесе онлaйн сaбaқтaрғa интерaктивті
мaтериaлдaр жaсaуғa aрнaлғaн құрaстырушы. Wordwall - интерaктивті және бaспa
мaтериaлдaрын жaсaуғa aрнaлғaн көп функционaлды оқу ресурсы.
Тапсырмалар барысында адасқан әріптер, сәйкестендіру, спиннер
шеңбері арқылы оқушылармен сұраққа жауап алуға
болады.
-
«Тарсия»
әдісі математикалық пазлдарды
құрастыру ойындары.Тарсия – әдісін тарих пәнін оқыту үшін әр түрлі
басқатырғыштар құрастыруға арналған бағдарлама ретінде пайдаландым.
Тарсия – әдісі оқытуда топтық, жұптық жұмыстарда қолданылады.
Тарсия бағдарламасының көмегімен тіктөртбұрышты және үшбұрышты
кеспе қағаздардан тұратын әртүрлі пазлдар жасауға болады. Оның
қарапайым түрі 6-15 тапсырмадан, күрделі түрі 22-30 тапсырмадан
тұрады. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы пазлдарды құрастырып
уақытты тиімді пайдаланады.
-
D-ID
платформасы
жасанды интеллект көмегімен суретті сөйлету
платформасы болып табылады. Оқушыларға хандардың, ағартушылардың
суреттерін сөйлетуін видеоролик арқылы көрсетіп оқушының пәнге
қызығушылығын
ояту.
-
Scratch-балаларға кодтау
тұжырымдамаларын үйренуге және интерактивті анимациялар, ойындар
мен әңгімелер жасауға көмектесетін визуалды бағдарламалау тілі және
онлайн платформа. Ең алдымен, бұл визуалды бағдарламалау тілі, яғни
кодты жазудың қатаң ережелерін сақтаудың қажеті жоқ.Scratch
балалардың басқа бағдарламалау тілдері мен платформаларынан бірнеше
жолмен ерекшеленеді, Соның ішінде шығармашылыққа назар аудару:
Scratch-тің басты бағыты-шығармашылықты дамыту және балаларға
анимация, ойын және әңгімелер сияқты интерактивті жобалар арқылы өз
ойын білдіруге мүмкіндік
беру.
Қазіргі таңда заманауи технологиялар ішінде
кеңінен тарап жатқан жасанды интеллект
ұғымы. Жасанды интеллект дегеніміз
не? Жасанды интеллект (ЖИ) дегеніміз - машиналар мен компьютерлерге
адамның интеллектуалдық процестерін еліктетуге мүмкіндік беретін
технологиялар жиынтығы. Бұл оған оқу, ойлау, мәселелерді шешу
сияқты қабілеттерді дамытуға көмектеседі. Әр түрлі бағдарламалық
қамтамалар арқылы оны тиімді пайдалану үшін әртүрлі салаларда
қолдануға болады. Білім берудегі ЖИ - ті енгізудің міндеті
мұғалімдерді алмастыру емес, ол мұғалімдерге күнделікті жұмысын
жеңілдетуге ыңғайластырылған. Мұғалім бір оқушыны үй тапсырмасын
тексеруге 5-10 минут жұмсаса, жасанды интеллект оны 20-30 секундта
орындайды. Сабаққа тапсырмалар мен презентацияны да тиімді әрі оңай
аз уақыт ішінде жасап бере алады. Математика пәні бойынша қазіргі
таңда ЖИ ті (жасанды интеллект) пайдалануға болатын ЖИ тің
түрлерімен бөліскім келеді.
GAMMA.AP – бұл интеллект барлық
тақырыпта қазақша презентацияны
20-30 секундта орындайды.
Диаграмма мен кескіндемелері мен суреттерімен әдемі дизайнды
құрастырып береді.
Diffit
Me – бұл интеллект арқылы
тапсырмалар мен тесттер құрастыра аламыз. Сыныбын тақырыпты және
тілін таңдау арқылы жасаймыз. Оқышыларға тапсырманы сабақты
түсінідіріп және қорытындылау барысында қолданатын
интеллект.

Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Мұхамбетжанова С.
Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту. - Алматы: Атамұра,
2015. – 152 б.
2.
Сарманова С. Орта мектепте
ақпараттық технологияны қолдану // Қазақстан мектебі. –
2014, № 5, б.
10-11
3. Қасымова Р. Мультимедиалық
технологиялардың тиімділігі // Информатика негіздері,
2024, №5, б.
4-6
4. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа
ақпараттық технологиялар. – Алматы,
2001.ж.
5.Информационные
технологии. – Москва, 2023.ж.