МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ
Тақырыбы: ПОЭЗИЯДАҒЫ САТИРА ТАБИҒАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ
Орындаған: Муханова Ж.Б.
Ақтау, 2021
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлемдік әдебиеттегі сатира адамзат қоғамында ерекше орны бар мәдени құбылыс. Бұл сөз латынша satura – аралас (араластырылған) деген мағына береді, алғашында атауы тұрмыстық өмірден бастау алған сатира сөзі көп дәмнің қосындысынан араластырылып жасалған тамақтың атын білдірген. Кейін сатира өмірден өнерге ауысып, антикалық дәуірде позияның жанры ретінде сөз өнерінде көрініс тапқан. Дегенмен сатираның жанрлық табиғатын айқындау оңайға соқпаған. Кезінде сатира туралы Гегель «теория оны қарастырғанда қиындыққа та келген, өйткені сатираны қай жанрға жатқызу керек. Онда эпикаға жақындатындай айқын белгілер жоқ, ал, лирикаға жатқызудың өзі қиындыққа соғады» деген болатын.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақтың сөз өнерінде сатираның орны ерекше болғанымен, оның жүйелі түрде отандық әдебиеттану ғылымында зерттеле бастауы жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына тиесілі. Жалпы сатираның табиғатын әр қырынан зерттеген, немесе жеке суреткер шығармашылығын зерттеу аталмыш кезеңнен бастау алады. Атап айтар болсақ, Ғ.Әбетов [2], Т.Қожакеев [3], М. Тілеужанов [4], ұстазымыз А.Мұсаев [5], Ә.Қабылов сияқты ғалымдардың жекелеген еңбектері мен зерттеулерінде сатира табиғатын тану мәселесі түрлі деңгейде көрініс тапқан.
Мақаланың мақсаты мен міндеті. Қазақ әдебиетіндегі сатираның жанрлық-көркемдік табиғатын бұрын зерттеген ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып талдау. Сатираның рухани өміріндегі жаңаша болмысы әр жанрда айқын көрініс тапқан. Қазақ әдебиетінде сатира дәстүрін дамытушы суреткерлердің сатира жанрын өрістетудегі алар орны, қосқан үлесі, өзіндік ерекшеліктері әлі де қарастыруды қажет ететінін ескерсек, оны байыпты саралау қажеттілігі арта түседі.
Қазақ сатирасының көркемдік-эстетикалық дәстүрлермен сабақтастығы, сатираның сын айтудағы қуаты, идеялық-тақырыптық мазмұны сөз өнері жанрларының сипатын ашар құрамды-бөліктер ретінде қарастырылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ұлттық ғалымдардың қазақ сатирасының жанрлық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері ұлттық әдебиеттану ғылымындағы сатиралық жанрлардың даму типологиясы туралы тұжырымдары тұтастықта алып қарастырылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Қазақ сатирасының жанрлық-тақырыптық мәселелерін, бейнелілік-тілдік ерекшелігін талдаудан алынған зерттеу жұмысының нәтижесі, тұжырым қағидалары мен бағыты жұмыстың теориялық мәнін анықтайды.
Мақаланың құрылымы. Мақала кіріспеден, үш тараудан тұрады. Соңында қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар.
1 ТАҚЫРЫПТЫҚ-ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТІҢ САТИРАЛЫҚ ПОЭЗИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ
Көне антикалық дәуірдің өзінде сатира алдымен лирикалық поэзияның жанры ретінде қалыптасты. Сатиралық жанрдың белгісі әдебиеттану ғылымында оның қоғамдағы түрлі келеңсіз құбылыстарды сынайтын қуатты сын айтар табиғаты аталады. Сатира латын тіліндегі аралас, араластырылған деген мазмұндағы ашщы тамақ деген мағынаны білдірген. Бірнеше жемістердің дәндерін араластырып жасалған тағам дегеннен шыққан. Сатира терминнің шығу төркіні туралы ғылымда осындай болжамдар бар. Өнердегі мағынасы туралы зерттеуші ғалымдар сатира дегеніміз жинақтап, түйіп айтқанда аса өзекті сын деген ойды қолдайды. Қазақ тілінде жарық көрген әдеби энциклопедияда Серік Қорабай анықтамасы: «Сатира (лат. satura) – өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу(гротеск), тұспалдау(аллегория), юмор(достық рәуіштегі күлкі), ирония(жеңіл әжуа), сарказм(ащы мысқыл, кекесін) тағы басқа бейнелеу тәсілдері кеңінен қолданылады.» [23, 580]. Сатира бейнелеу тәсілі, сонымен қатар, көркемдік-эстетикалық фактор, яғни сөз өнерінің көптеген жанрында, фольклорда көрініс табатын мәдени феномен. Сатира өзінің табиғаты жағынан жанр ұғымынан аясы кең деген таным әдебиеттану ғылымында бар. Бұл бағыттағы ғалымдар сатира жеке жанр бола алмайды, ол тәсіл, стиль сондықтан барлық жанрларда көрініс табатын көркемдік құбылыс дейді. Осы анықтамада сатираның қолданыс аясы кеңейтіліп көрсетілген. Яғни, сатира тұтас күлкі мәдениетінің феномені ретінде қарастырылған. Сатиралық сынау, сатиралық әжуаның бастауы халықтық күлкіге барып ұласады. Оның мәні тереңде, мыңжылдық дәстүрі бар танымның «теріс аударылған» түрі сатира. Халықтық күлкі аса уытты, сатираның табиғатында сол күлкі көрініс тапқан. Ол – халықтық мәдениеттің көрінісі. Әр дәуір, әр кезең өз күлкісін, сатирасын тудырады. Күлкі еркіндіктің көрінісі. Осы ойтаным бізді сатираның табиғатын терең зерттеген М.М.Бахтиннің ұстанымына бастайды. Оның өнер арқылы халықтық деңгейге көтерілгенін өзінің атақты «Творчество Француа Рабле и народная культура средневековья и ренессанса» атты еңбегінде жан-жақты терең талдап көрсетеді. Ғалым орта ғасыр әдебиеті туралы: «Вся пародийная литература средних веков – рекреативная литература, создаваемая во время праздничных досугов и предназначенная для праздничного чтения, проникнутая атмосферой праздничной свободы и вольности» [25, 96]. Карнавал, халықтық ойын-сауықта «хан да бір, қара да бір» болып көңіл көтергенде көп нәрсені еркін айтуға мүмкіншілік берілген. Жай күндері айтуға тиым салынған нәрсені сондай бір көңіл көтерген халықтық думанда айтып салуға болған. Сатира, міне бастауын осындай ойын-сауықтан алады деген де тұжырым бар.
Ал қазақтың төл сатирасы да әр жанрда көрініс тапқаны әдебиеттану тарихынан белгілі. Атап айтар болсақ фольклорда, ауыз әдебиетінде, кейінгі ғасырлардағы әдебиеттерде дәстүрлі жалғасын тауып келіп, Абай шығармаларында айрықша көрініс тапты. Сатира Абай және Абай мектебі өкілдерінің шығармашылығында да көрініс тапты. Әсіресе дәстүрлі поэзиялық жанрларда қарқынды дамыды. Абайдың сатирасының тақырыбы соны, жанры нақты болып қазақ әдебиетінің тарихына енді. Болашақ сатиралық поэзияға шебер үлгі болды. Әсіресе, «Болыс болдым, мінеки…» атты өлеңінде ерекше көрініс тапқан. Қайталуға ұрынбас үшін, жазушы, көрнекті ғалым Мұхтар Әуезовтың Абай сатирасын, оның ішінде осы лирикалық шығармасын талдап келіп, түйіндеген терең ойына назар аударайық: «Елдің ендігі қанаушы әкімдері жаңағы болыстар болса, олар бір жақтан, таптық қанаушылығын жүргізе отырып, екінші жағынан, әрі жалтақ, әрі қорқақ жағымпаз да болатын. Жаманшылық қастығын істей отыра, сол кездегі тарихтық, қоғамдық көп қайшылықтарды көре бастаған, аңғара бастаған көпшілік халықтан жасқанатын да, неше алуан алдамшылық, аярлыққа салынатын. Бұл жағынан да, қазақ сахарасына патшалық өкіметі өзіне өкіл етіп қойып отырған әкімдердің шындық сырын ерекше батыл, турашылдықпен ашып беру – Абайдай халықшыл ақын үшін қасиетті жол еді. Сөйтіп, жаңағы болыстың кескініне келгенде, Абай ең әуелі оны өз тіліменен сөйлетіп, неше алуан қорлық, масқара шындықтарын өз тілімен айтқызады.
...Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап, –
деген жолдардан бастап сұмырай болыс өзін-өзі әшкерелей береді. Ақын сатиралық ең бір өтімді, дәлелді және өмір шындығына ерекше жақын, төте жолын алады. Жауыздығын өз аузымен тегіс түгендетіп өзіне айтқызу – Абайдың жаңадан дәл басып тапқан шебер әдісі. Психологиялық ерекше толық портрет болудың үстіне, болыстың кескіні сол болыстың өзі жасаған автопортрет болып шығуы бұл өлеңді ерекше реалистік дәлдікке жеткізеді» [26, 133].
Сатиралық жанрдың табиғатын тану, оның классикалық стилін айқындау, поэзиядағы жаңа жанр екенін айту, тақырыптың айқындылығын анық атап беру, автопортерттік ерекшелігіне тану әрине ғылыми танымы терең және көркемдік көру қуаты өрісті, тек М. Әуезовтің даналығы болатын. Біз бұл мысалды үлгі үшін алдық. Зерттеу нысанымыз поэзиялық қазақ сатирасы болғандықтан, одан бір ғасыр бұрынғы сатирадан бір мысал келтірумен шектелеміз. Бұл кезеңдегі сатира қазақ әдебиеттану ғылымында жан-жақты зерттелген. Оған Темірбек Қожакеевтің, Алпысбай Мұсаевтың, Серік Қорабайдың тағы басқа ғалымдардың еңбектері мысал бола алады.
Осы дәстүр ХХ ғ. екінші жартысында қалай жалғасын тапты, қазақ сатирасында жанрды дамытуда, тақырып іздеуде өрісті ізденістер бар ма деген сауал төңірегінде ой жалғастырмақпыз.
Бұл бағдарда ескертетініміз, зерттеудің жүйелі арнада жүруін мақсат етіп осы кезеңдегі қазақ сатирасын біз жанрлық, тақырыптық, көркемдік, эстетикалық, тілдік, бейнелік ерекшеліктерін талдау үшін біз мынадай методологиялық жол ұстанғанымызды жоғарыда атап өткенбіз. Ол сатираны поэзиялық сатира, прозалық сатира және комедиялық сатира деп жанрлық табиғатына қарай жүйелеп талдау. Бұл жағдайда бір автордың поэзиялық сатирасы бірінші тарауда қарастырылса, ал прозалық сатирасы екінші тарауда, егер бар болған жағдайда комедиялық сатирасы үшінші тарауда қарастырылады. Бұл біріншіден, сатираның жанр ретіндегі табиғатын тануға толық мүмкіншілік берсе, екіншіден, автордың да шығармашылық қарымын танытады деген үміттеміз.
Сонымен, сатира поэзиялық жанр ретінде әлемдік әдебиет тарихында белгілі. Нақтылау үшін энциклопедиялық анықтаманы келтірейік: «Жанр лирической поэзий, возникший еще в античности. Главным жанровым признаком сатиры является осмеяние самых разнообразных явлений жизни. Диапазон тем стихотворных сатир очень широк: быт, нравы, общественная жизнь, политика, литература, а также внешность, поступки и мировозрение людей» [27, 625].
Сондықтан ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы позиялық сатираның тақырыптық-жанрлық ерекшелігіне келетін болсақ, бұл бағытта қазақ сатирасы аса қарқынды дамыды. Тақырып аясы да кең, жанрлық ізденіс те мол. Сатираның басты табиғаты адамзат қоғамындағы түрлі құбылыстарды сынға алу. Бұл аса биік танымдағы мақсат. Қалай адамзат баласының қоғамын, оның ішіндегі адамның бойындағы кемшіліктерді жоямын деген мәңгілік адамдық арманның көрінісі. Жұмыста зерттеу мақсатында шығармашылығына назар аударып отырған суреткерлер Мыңбай Рәш, Оспанхан Әубәкір, Үмбетай Уайдин, Ғаббас Қабышұлы, Қажытай Ілиясұлы, Көпен Әмірбек, Толымбек Әлімбекұлының сатирасы жанрлық жағынан да, тақырыптық жағынан да арналы, әрі жан-жақты. Соның ішінде сатиралық жанрға тақырыптық жағынан келіп қарастырмақпыз. Сатириктердің ішіндегі жас жағынан үлкені Мыңбай Рәш. Мыңбай Рәш өз кезінде тек Қазақстанға ғана емес, одан асып одаққа танылған сатирик-суреткер. Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері болды. Сатириктің шығармалары ХХ ғасыр аяғында бүкілодақтық «Крокодил» кітапханасы сериясымен де жарық көрген еді. Сол кезеңде «Крокодил», «Дружба народов», «Ара» журналдарында шығармалары үзбей жарияланып тұрды. Сатирик Мыңбай өзі өмір сүрген кезеңдегі қазақ қоғамындағы келеңсіздік тамыршыдай дәл басып сынаған, оны ашып көрсеткен сатирик ақын. Ақынның «Қазаншының еркі бар» [27, 41-42] деп аталатын сатиралық өлеңі аса уытты, сол кездегі ұлттық танымның жойылып бара жатқанын әжуамен көрсете алған шығарма. Аталмыш сатиралық шығармада дүниеге келген нәрестеге ат қою негізгі тақырып болған. Қазақ ат қоюға ерекше мән берген. Мәселен отбасында қыз бала көп болса, келесісі ұл болсын деп ырымдап Ұлболсын деп ат қойған. Немесе, ұл баласы кеңпейіл болсын деп Жомарт, Дархан деген аттар қояды. Тағы бірде тарихи орны бар халқының дана ұлдарына ұқсасын деп Мұхтар, Бауыржан, Қаныш деп ат қояды. Тәуелсіздіктің келуімен қатар есімдері халқына қайта оралған алаш арыстарының аттарын, немесе қазақ батырларының аттарын қою дәстүрге айналды. Елбасына ерекше құрметпен қарап, балаларының аттарын Нұрсұлтан деп қойып жатқандар бар. Немесе, қыз балаға аты аңызға айналған, эпикалық кейіпкерлерге қаратып Айсұлу, Жібек, Еңлік т.б. аттарды қояды. Міне, осы дәстүрге сызат түскен кез де болған. Ол алдамшы идеология «коммунизмге» бір табан жақын қалдық дейтін ХХ ғ. екінші жартысының бел ортасы болатын. Сол кезеңдегі ат қою, шілдехананың тойлаудың өзіне «шайтан судың» енуі қатты сынға алынған. Енді ақынның осы шығармасына кезек берелік:
– Бауы берік болсын!
– Азекеңе серік болсын!
Тойға келгендер,
Батасын бергендер
Үйге лық толды.
Жас та, кір, де болды.
– Ал, туған ағайын,
Сендерден немді аяйын,
Ұзақ тойлаңдар,
Думанды қоймаңдар,
Жалғыз-ақ тілегім…
Ұлыма лайықты,
Даңқты
Ат ойлаңдар…
Бұл баланың әкесінің тілегі. Сатирик ақын өзінің шығармасын осындай эпикалық дәстүрмен мейлінше еркін бастайды. Қуаныш үсті. Ат қою рәсімі. Қуанған әке ағайынға қаратып айтып отыр. Бірақ осы жайма-шуақтың өзінде бір юмордың тасқыны сезіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ сатирасын қазақ әдебиетінің даму контексінде зерттеу әдебиеттану ғылымындағы басым бағыттардың бірі болуы оның ғылыми маңыздылығын көрсетеді. Байқағанымыздай әр ғасырдағы, әр дәуірдегі, белгілі бір қоғамдық кезеңдегі ұлы өзгерістер тұсында сатираның алатын орны ерекше. Диплом жұмыста өткен ғасырдың аяғы мен жаңа ғасыр басындағы қазақ сатирасының өзіне дейінгі сөз зергерлері мен хакім Абай дәстүрін шығармашылықпен ілгері дамытқан жаңашылдығы сараланды. Қазақ әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет осы кезеңдегі сатира жанры жүйелі түрде зерттелді. Ұлтпен бірге дамыған қазақ сатирасының бір ғасырдың екінші ғасырға алмасуына, қоғамдық жүйенің аласапыранына дөп келген тұсының тақырыптық болмысы да арнайы зерттеудің объектісі болды.
Бұл кезеңде қазақ халқының өмірінде ірі-ірі тарихи оқиғалар, қоғамдық қарым-қатынаста әлеуметтік өзгерістер мол болғаны белгілі. Қазақ еліндегі осы тарихи-қоғамдық мезгіл қазақ халқының рухани өміріне де әсерін тигізбей қойған жоқ. Міне, осы әлеуметтік өзгерістер мен рухани серпіліс қазақ сатирасына әсер еткен негізгі факторлар еді. Қазақ сатирасында, көбіне, сол кезеңде белең алған келеңсіздіктер адамдық ар тұрғысында сыналып, сатираның қаруына ілігеді. Қарапайым адамдарға әлдекімдердің көрсеткен әділетсіздігі, өмірдегі келеңсіз құбылыстар шебер, көркем, астарлы оймен сатиралық жанрлар да «күлкі» объектісіне айналды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Гегель. Собр // Соч.: Т. ХІІІ. – М., 1940. – 350 с.
2 Әбетов. Ғ.Т. Абайдың саяси сатирасының идеялық-көркемдік ерекшеліктері. – Алматы, 1960.-110 б.
3 Қожакеев Т. «Қазақ сатирасы». – Алматы, 1970. - Б.15-22.
4 Тілеужанов М.М. Қазақ әдебиетіндегі (прозасындағы) юмор мен сатираның идеялық өзгешелігінің проблемалары. – Алматы, 1982.- 570 б.
5 Мұсаев А. Қазақ прозасындағы сатира мен юмор поэтикасы. (1960-1990 ж.). – Алматы, 1999.- 280 б.
6 Тұрсынов Е. Д. Қазақтың сатиралық тұрмыс-салт ертегілері. – Алматы, 1969.- 170 б.
7 Алтынбекова Р.Е. Қазақ совет сатирасындағы Гоголь дәстүрлері. – Алматы, 1990. – Б. 155-180.
8 Қорабай С. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде сатираның дамуы. – Алматы, 1992.- 452 б.
9 Рахимова А. Оспанхан Әубәкіров сатирасының тілі. – Алматы, 1999. – 889 б.
10 Қабылов Ә. Оспанхан Әубәкіровтың сатирасы. – Алматы: Арыс, 2007.- 200 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ПОЭЗИЯДАҒЫ САТИРА ТАБИҒАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ

шағым қалдыра аласыз