Материалдар / Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Проблемалық оқыту технологиясының тиімділігі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының

«Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі»

«Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Баяндама

Тақырыбы: Биология сабағында проблемалық оқыту технологиясының тиімділігі.

Орындаған: Биология пәнінің мұғалімі Калдыбекова Дана Еркинбаевна



















Шұбарсу 2023ж







Жоспар

I Кіріспе

1.1 Биология сабағында проблемалық оқыту технологиясының тиімділігі

II. Негізгі бөлім:

2.1 Проблемалық оқытудың маңыздылығы

2.2 Проблемалық сабақты өткізу әдістемесі

Қорытынды

III. Пайдаланылған әдебиеттер.







































Кіріспе

    Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуеті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол – проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың    4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді.  Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді. Проблемалық оқыту технологиясы мұғалім басшылығында өтетін үйренушілердің оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында үйренушілерде жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділіктері, қызығулары, ой-өрістері, шығармашыл ойлары жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, М.И. Махмудов жəне т.б.) Жалпы түрінде проблемалық оқыту технологиясы сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, үйренушілер алдына міндет (мәселе) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал үйренушілер мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.



























1.Проблемалық оқытудың маңызы 

Проблемалық оқытудың негізі – проблемалық ситуацияны туғызу. Проблемалық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Ол үйренушілердің ойлауына, ізденуіне, өздерінше қорытынды жасауға да жетелейді. Проблемалық ситуацияны пікірлесім түрлері, пікірлесім тақырыптары арқылы салыстыру, жетелеу сұрақтары арқылы шешуге болады. Проблемалық сұрақтар өткен материалды қайта жаңғыртып, үйренушілерді іздендіріп, әрі айтыс та тудыратын сұрақтар, әрі топтың ойлау белсенділігін арттыру да ерекшелігін көрсетеді, үйренушілердің білік пен дағдыларын және білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндіктерін тудырады

Проблемалық оқыту технологиясының мақсаты:

-Оқу материалдарында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу.

-Оқушылардың белсенділігін арттыру

-Оқушыларды өз бетімен ізденуге үйрету олардың танымдық және шығармашылық икемдіктерін дамыту

-Түрлі проблемаларды көріп, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру

-Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады.

Проблемалық оқытудың тиімді жақтары:

- Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады;

- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

- Оларды өздігінен саналы жұмыс істетуге үйретеді;

- Берік білімге оқытудың жоғарғы нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқыту шартты түрде төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші деңгей мұғалімнің айтқан материалын тыңдап, берілген тапсырмаларды орындауды қамтиды.

Екінші деңгей алған білімін жаңа жағдайда мұғалімнің көмегімен, жартылай өзі орындауы арқылы іске асырылады.

Үшінші деңгей оқулық бойынша берілген тапсырманы өздігінен іздене отырып орындайды.

Төртінші деңгей шығармашылық тапсырмалар орындай отырып, өзі талдау жасайды.

Биология сабақтарында проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар – оқушылардың білім меңгерудің ІІІ дәрежесіне жетуінің басты көрсеткіші. Бұл тапсырмалар оқушылардан білімі мен іскерлігін жаңа оқу жағдайында қолдануды талап етеді, яғни бұл тапсырмаларды орындау тәсілі оқушыларға күні бұрын белгілі болмағандықтан, олар алға қойылған міндетті шешудің жолын өз бетімен табуға тиіс. Мектеп оқушыларының білім меңгерудің ІІ дәрежесіне жеткенін білуге болатын, әр тақырып сайын қайталанатын типті сұрақтар мен тапсырмалардан олардың айырмашылығы, міне, осында. Оқушылар типті тапсырмаларды орындай отырып, өздеріне белгілі оқу жағдайында жұмыс істейді. Типті тапсырмалар жаңа білім алуға және белгілі бір іс-әрекет әдістерін талдауға әрі пысықтауға көмектеседі. Проблемалық тапсырмаларды орындау табиғат пен қоғам туралы жаңа білім алуға ғана емес, сондай-ақ сол білімді іздестірудің жаңа жолдарын табуға себебін тигізеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың творчестволық ойлауын дамытудың қажетті құралы болып табылады, олардың танып білудің ғылыми әдістерін меңгеруіне көмектеседі, творчестволық қызметке деген ынта мен қажеттілікті қалыптастырады. Проблемалық тапсырмалар әзерлеу – методист үшін де, мұғалім үщін де өте күрделі іс. Биология сабақтарында проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді. Проблемалық оқытуды іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығару керек. Бір ескеретін жайт: кез-келген сұрақ проблемалық бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезіміне қиындық туғызуы шарт, сол кезде психологиялық процестер механизмі туындайды, яғни белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «оны мәні неде» деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді: Бұдан ойлау қиыншылығы туындап, проблемалық жағдаят (ситуация) қалыптасады. Проблемалық сұрақ бір жағынан қиын болу керек, екінші жағынан оқушының шамасына қарай дайын болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі болып табылады. Проблемалық оқыту дегеніміз – бұл оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе. Келесі кезеңде бала іштей өз білімін таңдап, талдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да, ізденіс жолына белсенділікпен түсінеді. Ішінара іздену әдісінің негізгі бағыты – оқушының үнемі дайындық үстіндегі мәселені өзіндік қою және мәселені шешуі. Үшінші кезеңді сол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. Кейінгі кезеңде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырғанда, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтап, зерттейді.Зерттеушілік әдістің негізгі бағыты – ғылыми таным әдістерімен қамтамасыз ету, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту және шығармашылық әрекетті ойдағыдай қамтамасыз ету. Нәтижесінде, оқушының әрекеті олардың өз бетімен мәселе қойып, оны шешу тәсілін табумен аяқталады.

Осыдан мынандай қорытынды жасауға болады:

Проблеманы шешетіндей нұсқауларды ұсынып, болжамдарын айту;

Болжамды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;

Қорытынды жасау;

Шешілген проблеманың дұрыстығын тексеру;





Проблемалық сабақтарды өткізу әдістемесі

    Биология– өте қызықты, ерекше жан-жақты пән. Биологияны проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.Сонымен, проблемалық оқыту технологиясының биология сабағындағы тиімділігі: пікірлесім арқылы үйренушілерге тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, тілін дамытады, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, мәдени-ресми қатынасқа дайындайды, қазақша ойлауға, жетексіз өз бетінше сөйлеуге дағдыландырады.   Проблемаға бағытталған оқыту тәсілі белгілі бір тапсырмалар түрлерін орындауға негізделген.  Проблемалық оқыту технологиясының биология пәнін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастырайық.

І. Алдын-ала проблемалық жағдаяттар тудыратын сұрақтар дайындау.

8 «Б»сыныбы

Бөлім: Координация және реттелу.

Сабақтың тақырыбы: Гормондар арқылы гуморальды реттелу.

Оқу мақсаты: 8.1.7.5 Бездердің негізгі қызметін түсіндіру.

Мен осы аталған сабағымда алдын-ала проблемалық жағдаяттар тудыратын сұрақтарға мынадай мысал келтірдім.

  1. Адам қарынсыз, бір өкпемен, бір бүйрекпен, жарты бауырмен өмір сүре алады?

Адам ағзасында оншақты ішкі секреция бездері бар, олардың салмағы 100 грамм болады. Егер адамның салмағы 0.5 грамм гипофиз безін алып тастаса адам өледі.

Сұрақ: Ішкі секреция бездері өте кішкентай болғанымен ағза үшін маңызы өте зор.Неліктен? Ағзада олар қандай қызмет атқарады?

  1. Ішкі секреция бездері тәулігіне өте аз мөлшерде гормондар түзеді. Тәулігіне В дәрумені 0,000003 грамм, ал адреналин одан мың есе аз түзіледі. 15 грамм адреналин жер шарындағы бүкіл адамға жетеді екен.

Сұрақ: Ағза үшін ішкі секреция бездері гормондарының маңызы қандай?

  1. Адамның өміріне, денсаулығына биологиялық белсенді заттар ферменттер, витаминдер және гормондар әсер етеді. Мысалы: қауіп төнгенде жануарлар, жүгірер алдында спортсменнің қанында адреналин көбейіп кетеді?

Сұрақ: Гормондардың ағзаға әсері қандай?

Дескриптор

Жалпы 6 балл

-Ағза жұмысының өзін-өзі реттелуінің қалай жүзеге асатындығын сипаттау

-Бездердің ағзадағы қызметтерін атау

-Гормондардың ағзаға әсерін талдау


ІI. Биологиялық құбылыстарды негізге ала отырып жұмбақ жазу

  1. Әсері оның өте күшті-болар дауыс жіңішке

Әйелдерге ғана тән гормон, ойлан жауабын ізде.(эстроген)

  1. Көңіл күйге байланысты өзгеріп тұрар –әсері,

Бұл гормонға тәуелді болар бар мүшелер іштегі. (адреналин)

Ары қарай оқушыларға топтар арасында жұмбақты ары қарай жалғастыруын тапсырдым.

  1. Гипофизде артқы бөлік-қан қысымын реттейді

Аты-заты не екенін –көп ізденген көздейді (вазопрессин)

  1. Көбірек бөлсе-бақшаңкөз, ал аз бөлсе-ақылес кем болар, әрі ез. (тироксин)

  2. Айырша без арттырады-ауруғақарсы тұруды,

Көп шұғылдан спортпенен –жеңерсің сен ауруды. (тимозин)

  1. Зат алмасуды реттер-бүйректің боз қабаты,

Сонда қай зат-анықта, зерделе сен осыны. (кортизон)

  1. Қанда болар қантты реттейді-ол қосымша жұмыс істейді (инсулин)

  2. Өзі сонша титтей ғана –әсері оның үлкен зор

Өсуге ол жауап берер-қайсы гормон екен ол? (соматотропин)

  1. Жауырыны қақпақтай, дауысы болар жұп-жуан,

Қай жынысқа тән екен, тапқыр болсаң тауып көр (андроген)


ІІ. Оқушылардың өздеріне биологиялық есептер құрастыртып оны шығарту, нәтижелерге тоқталып ой жүгірту.

6 «Ә» сыныбы

Бөлім:Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер.

Сабақтың тақырыбы:Тірі табиғаттағы үдерістер

Оқу бағдарламасына сай оқу мақсаттары:6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру.

Тапсырма №1. ЖЖ

6-сыныптың Жаратылыстану оқулығының 38-39 оқу беттеріндегі мәтінмен және кестемен толықтай танысып,

«Тамақтану рационы» әдісі арқылы Тәуліктік тамақтану рационын құрыңыз?


Бағалау критериі

Тәуліктік тамақтану рационын

анықтайды, тәуліктік тамақтану рационын құрады,ұсынады

Есеп №1. Егер бір адамға тәулігіне 6 гр. тұз жеткілікті болса, әр отбасыға бір айда, бір жылда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? (6гр*отбасы саны)*30 (6гр*отбасы саны)*365

Бұл есепті шығару арқылы оқушылар тұздың тәуліктік мөлшерін есте сақтайды және тұзды тағамдарды шектен тыс қолданудың зияндылығын түсінеді.

ІІІ. Демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар орындату

8 «Г» сыныбы

Бөлім: Қозғалыс. Биофизика.

Сабақтың тақырыбы: Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы.Сүйектің химиялық құрамы.

Оқу мақсаты: 8.1.6.2 Сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу.

Назгүлдің жасы 10-да. Ол бала кезінен Д дәрумені, кальций жетіспеушілігімен ауырады. Назгүлдің ауру белгілері:-иммунитет төмен; анемия; тістері мүжіліп, дене бітімі жағынан өз қатарластарынан артта қалады. Мұнда сүйектердің дұрыс өспеуі, сүйектердің әлсіреуі немесе жұмсартылуы (жиі сыну), тістің қалыпты болмауы, сүйектердің дефформациясы байқалады. Алайда би өнеріне қатты қызығады. Бірақ, Назгүлді би үйірмесіне қабылдамады.

Тапсырма: 1. Назгүлді қандай себептерге сүйеніп, би үйірмесіне қабылдамады?

2. Назгүл қандай аурумен ауырады?

3. Мешел ауруының сүйектің химиялық құрамына қандай байланысы бар?

Дескриптор:

Жалпы 6 балл

  1. Назгүлдегі ерекшеліктерді ескере отырып, бұл жастағы балаларда сүйектердің макроскопиялық және микроскопиялық құрылысын анықтайды.(Сүйек ұлпасының жасушааралық заттары қатты болады. Осыған байланысты сүйек жасушаларын қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз ету үшін арнайы жүйе-остеон қалыптасады. Остеондар бір-біріне бұрыш жасап орналасқан, ал олардың арасында коллаген бар, қантамырларының бірігуіне мүмкіндік береді және тіршілік үшін қажет заттармен және беріктікпен қамтамасыз етеді.Назгүлде иммунитеттің төмендеуі,анемия белгілерінің себебі міне осы микроскопиялық құрылысының қалыпты болмауында)

  2. Ауру түрін анықтайды, сипаттайды. (Рахит немесе мешел ауруы-балаларда көп кездесетін сүйек ауруы. Балаларда Д дәруменінің жетіспеушілігі салдарынан пайда болады. Минералды зат алмасу процесі мен сүйектің түзілуі бұзылады. Бойының өсуінеде ісер етеді.)

  3. Бұл аурудың сүйектің химиялық құрамына қандай байланысы бар екендігін түсіндіреді. (Рахит ауруымен ауырған баланың ағзасында фосфор мен кальций алмасуы бұзылып, нәтижесінде сүйектер тұзы дұрыс тарамайды.Ал бұл өз кезегінде сүйектердің жұмсаруы мен қисаюына әкеп соғады. Рахиттың кезеңінде тек Д дәруменінің жеткіліксіздігі ғана емес микроэлементтердің (магний, мырыш, темір) де жетіспейтіндігі айтылады)

Проблемалық оқыту, біріншіден,  ұстаз  бен  оқушының  бірлескен  әрекеті  арқылы  іске асса,  екіншіден,  олардың  әрқайсысы  жеке  тұлға  ретінде  түрліше  әсерге  бөленеді.

1. Биология  пәнінің  білім  мазмұнын  бағдарламаға  сәйкес тіршіліктің   қағидаларын   басшылыққа  ала отырып,сабақтың  білімдік  мақсатымен  қоса  танымдық  мақсатын

жүзеге  асыруға  ықпал  етеді. Бұл  оқушыны сыртқы орта мен тірі ағзаның арасындағы байланыстылықты түсінуге,  табиғат заңдылықтарын меңгеруге жетелейді.

2. Сабақ  барысында  жеке  тұлғаның психологиялық  жай-күйін ескере  отырып,  есте  сақтау  қабілетін, жадысын,  кез-келген  ақпаратты  қабылдау  дағдысын,  дәлелді  мысал  келтіре  алу  қабілетін  жетілдіру табиғатқа бақылау жүргізе білуімен  байланысты. Берілген  тақырып  ішінен  ең қажетті,  ең  пайдалы  нәрсені  сұрыптап,  таңдай  білу  оқушының  ойлау  қабілетін сай

әрекет  етуге  жетелейді.

3. Сынып  шеңберінен  шығып,  табиғи  ортамен  тығыз  байланысты  бола  келіп,  одан әсер  алатын  күнделікті  қоғамдық  өмірмен  астасып,  ұштасып  жатса, теориялық  білім  практикамен  жалғасып,  баланың  ой-өрісін,  сана- сезімін  кеңейтеді.

Оқушының  танымдық  белсенділік қабілетін  жаттықтырады.

































21 Қырқүйек 2023
495
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі