Проблемалық оқыту
технологиясын география пәні
бойынша
күнделікті сабақтарда
қолдану әдістемесі
Қазіргі
заманғы білім берудің басты мақсаты – мамандарды әлемді
шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы
тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен
шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды
құбылыс.
География пәнінде
проблемалық оқыту мәні проблемалық жағдаят
туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша
іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту
түрі.
География пәні бойынша
проблемалық оқытудың
мақсаты– ғылымитаным нәтижелерін,
білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл
нәтижелерге жету жолының өзін де, процессін де меңгеру, оқушының
таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы (талдау,
қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің
заңдылықтарын (проблемалық жағдаят, танымдық қызығушылығының,
қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен
оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін
дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз
етеді.
География пәні бойынша
проблемалық оқытудың жаңа әдістері мен түрлеріне
төмендегілерді жатқызуға болады: іскерлік ойындар, оқушылардың
баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер,
дәріс–диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, пікірталас,
ұжымдық–танымдық оқу және тағы басқалар.
География пәнінде
проблемалық оқытудың
ерекшелігі – мұнда мұғалім білімді дайын
түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет
қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл
технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе – жаңа білім жаттау немесе
есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу
үшін беріледі.
Проблемалық оқыту кезінде география сабақтарында жүретін
психологиялық процестер механизмі төмендегідей: белгісіз,
түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамға таңғалу, дағдарыс пайда
болады да “оның мәні неде?” деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау
процесі белгілі схемамен жүреді, яғни – болжам тастау, оны негіздеу
және тексеру. Содан соң оқушы не өз бетімен ойша іздестіру
жүргізеді, немесе мұғалімнің көмегіне сүйенеді. Шығармашылық
ойлаудың белсенділігі – проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы:
“субъект–объект–субъект” қарым-қатынастарына
түседі.
География сабақтарында проблемалық оқыту технологиясын
қолданудың
мақсаты:
-
білім, білік, дағдыға ие
қылу;
-
өз бетімен әрекеттену
әдістерін меңгерту;
-
танымдық және шығармашылық
икемділікті дамыту.
Проблемалық оқыту әдістерінің география сабақтарындағы
ерекшелігі:
-
алдын ала белгіленбеген,
кенеттен;
-
проблемалық
мазмұндау;
-
эвристикалық;
-
проблемалық
демонстрация;
-
зерттеушілік
-
лабораториялық
жұмыс;
-
проблемалық жан-жақты
эксперимент;
-
мәселені проблемалық
шешу;
-
проблемалық
тапсырма;
-
проблемалық жағдай (ойын
түрінде).
Атақты
поляк педагогі В.Оконь түсіндірмелік және проблемалық оқыту
сипаттамасын салыстыра қараған. Мұның негізінде көптеген тұжырымдар
жасалды. Проблемалық оқыту ерекшеліктеріне тоқтала
кетейік.
Проблемалық оқыту тұжырымы
қарастырады:
-
білімді меңгеру ішкі себептер
негізінде пайда болған басқарылмайтынүрдіс;
-
бала дүниені тануда адамзат
жүріп өткен жолмен жүреді:
-
бала материалды сезім мүшелері
арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
-
оқытуда табысқа жетудің
шарттары;
-
оқу материалын түсіндіруде
проблема туғызу;
-
баланың
белсенділігі;
-
оқытудың бала өмірімен,
ойынымен, еңбегімен байланысы.
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – оқушының білетіні
мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблеманы
міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалы жағдаят
пайда болады, осыған орай, оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы
күшейе түседі.
Сонымен,
ойлауға үйрету дегеніміз диалектикалық қарама-қайшылықты көре
білуге, сол арқылы нақты шындықты тануға үйрету деген
сөз.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
-
оқушылардың логикалық ойлау
қабілетін арттырады;
-
оқу еңбегіне қызығушылығын
арттырады;
-
берік білімге, оқытудың жоғары
нәтижесіне жеткізеді.
-
оларды өздігінен саналы жұмыс
істеуге үйретеді.
Проблемалық оқытудың жалпы
қызметі:
-
оқушылармен білім жүйелері мен ақыл – ой әдістері мен
практикалық қызметтерді игеруі;
-
оқушылардың өзіндік танымдық және шығармашылық
ерекшеліктерін дамыту;
-
жан жақты
және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Проблемалық оқытудың арнаулы
қызметі:
-
білімді
шығармашылық игеру дағдыларына тәрбиелеу (жекелеген шығармашылық
әдістер немесе қисынды тәсілдерді қолдану);
-
білімді
шығармашылық қолдану дағдыларына тәрбиелеу (жаңа жағдайларда
игерілген білімді қолдану) және оқу мәселелерін шешуге
үйрену;
-
шығармашылық тәжірибелерін жинақтау және қалыптастыру
(ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық мәселелерді және
көркемдік бейнелеу болмысын шешу);
-
білім,
әлеуметтік, адамгершілік және танымдық қажеттіліктер әдіс
тәсілдерін қалыптастыру.
География пәні бойынша
проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі, басты белгілерін
төмендегі кесте арқылы тұжырымдауға болады.
1-кесте.
Географиядан проблемалық
оқытудың белгілері
1. Білімді проблема қоя отырып
түсіндіру.
2. Оқушыларды дербес іздену,
зерттеу іс-әрекетіне кіргізу.
3.Зерттеу, іздендіру әдісі.
Оқытудың нәтижелі өнімі.
|
Мұғалім
сабақты проблема қоя отырып, түсіндіреді. Мұғалім мен оқушы
іс-әрекеті проблеманы шешуге бағытталады. Оқышуларды іздендіруге
жұмылдырады.
Мұғалім
оқушылар алдына проблема қояды. Сабақ барысында өнімді тәсілдер
арқылы оны шешуге жұмылдырады.
Оқушылар проблеманы шешу үшін
болжам жасайды, дәлелдейді, салыс-тырады, қорытынды шығарады. Өз
ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.
|
-
Ғылыми
шығармашылық – теориялық зерттеу, яғни, оқытудың жаңа ережелерін,
заңдарын, дәлелдерін ашу және іздеу; проблемалық оқытудың осы түрі
негізінде теориялық оқу мәселелерін қою мен оларды шешу
жатады;
-
Практикалық шығармашылық – практикалық шешімдерді іздеу,
яғни, белгілі білім және жаңа жағдаяттарды қолдану әдістері,
құрастыру, өнертабыс; проблемалық оқытудың осы түрлері негізінде
практикалық оқу мәселелерін қою мен оларды шешу
жатады;
-
Көркем
шығарма –шығармашылық бейнелеу, соның ішінде сурет, ойын, әуен және
т.б. сияқтылар негізіндегі іс-әрекеттің көркем
бейнесі.
Географиядан проблемалық оқытудың барлық түрлері білім
алушылардың репродуктивті, продуктивті және шығармашылық
қызметтерінің болуымен, мәлімет іздеу және мәселені шешумен
сипатталады.
Оқыту
үдерісі төмендегідей жағдайлармен қамтамасыз ететін болса
эффективті болып есептеледі:
-
оқушылардың білім, білік және дағды көлемін
кеңейту;
-
білімді
тереңдету және орнықтыру, оқытудың жаңа деңгейі;
-
оқудың
танымдық сұранысының жаңа деңгейі;
-
танымдық
өзіндік жұмыс жасау қабілеті мен шығармашылық қабілетін
қалыптастырудың жаңа деңгейі.
Проблемалық оқыту арқылы оқушыларды ғылыми зерттеу
ізденісіне баулуда пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық
жұмыстардың ұтымдылығын анықтауда, әсіресе, оқушылардың қабілеті,
икемділігі, дарыны осындай жұмыстарда көрінеді. Шығармашылық
жұмыстар оқушылардың өз беттерімен іздену, зерттеу, қорытынды жасау
іс-әрекетіне түрткі жасай отырып, оларды ғылыми ізденіске
жетелейді.
Проблемалық оқытудың оқушыларды географиялық ғылыми-зерттеу
жұмысына баулудағы тиімділігін төмендегідей саралауға
болады:
-
Оқушылар өздеріне «беймәлім»
проблеманы шешуге жұмылады.
-
Іздену, зерттеу жұмыстарына
төселеді.
-
Бұрынғы білімдерін жаңа
мақсатқа пайдалана білу дағдылары дамиды.
-
Жаттандылықтан дайын білімді
қайталап айтудан, өнімсіз еңбекпен сақтандырады, шығармашылық
жұмыстарға белсендіреді.
-
Білімді өз ізденістерімен
алуға жаттықтырады.
-
Өздерін- өздері оқыту,
өзін-өзі тану үрдістері жүреді.
Оны негізге алған география
сабақтарына төмендегідей талап қойылады:
-
Сабақ мақсатын белгілеу,
пайдаланылатын оқу жабдығы, әдіс-тәсілдер, оқу формаларын
сұрыптауда проблемалық оқыту талаптары басшылыққа
алынады.
-
Мұғалім тақырыптың басты
проблемасын тауып, қойылатын сұрақтарды реттейді.
-
Берілетін білім проблемалық
сұрақтарға негізделеді;
-
Мұғалім проблема қоя отырып
түсіндіреді.
Сабақтың
әр кезеңдерінде оқушылардың дербес ізденісіне, өзіндік
зерттеулеріне жағдай туғыза отырып, оларды проблемалық ситуацияны
шешуге жетелейді.