Материалдар / Процентке мәтіндік есептер шығару
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Процентке мәтіндік есептер шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ алгебра пәнінің мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
454
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 5.4. А Процент (12 сағ)

Мектеп: Қаратал орта мектебі .

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сексенов О.Д.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Процентке мәтіндік есептер шығару

Сабақтың түрі

Өтілгенді пысықтау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

5.5.2.6 процентке мәтіндік есептер шығару

Сабақ мақсаты

Проценттерге мәтіндік есептер шығару біліктіліктерін бекіту

Бағалау критерийлері

Оқушы білімді меңгерді, егер:

  • Берілген санның процентін табу және проценті бойынша санды табу формулаларын біледі;

  • Формулаларды мәтіндік есептер шығаруға қолдана алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Процентке арналған мәтіндік есептерді талдайды және реттеп жазады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Процент, проценті бойынша сан, берілген санның проценті, екі санның бүтін бөлігінің проценті, проценті қолдануға мәтіндік есептер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Берілген санның процентін табу үшін:....

Проценті бойынша санды табу үшін...

Құндылықтарды дарыту

Оқып білу дағдысы, ақпаратты өздігінен табу, жағдайды сараптау, жаңа жағдайларға қалыптасу, мәселе қойып және шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған жұмыс негізінде жасалынады.

Пәнаралық байланыстар

Процентке байланысты білім, білік және дағдылары химия, экономика пәндерін оқу барысында қажетті, өмірде қолдануда практикалық маңызды болып табылады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Шамалардың қатынасын, үлес, жүзден бір бөлігі, процент ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушылардың назарын жинақтау;

  • оқушылармен бірлесіп оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын анықтау.

  • оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау


Презентация

Сабақтың ортасы

3 мин






5 мин









10 мин






20 мин

ІІ. Білімді өзектендіру. Сабақ басында мұғалім оқушыларға келесі ұғымдарды қайталауды ұсынады: процент, проценті бойынша санды табу, берілген санның процентін табу

ІІІ. Топтарға бөлу.

Сынып тапсырмалар жазылған карточкалар көмегімен топтарға бөлінеді. Оқушылар тапсырмаларды орындап, жауаптарын салыстырады және жауаптары бірдей оқушылар топ құрайды: 1және 3 топ – «Санның % - ін табыңыз», 2 және 4 топ – «Бөлшекті процент түрінде жазыңыз».

ІV. «Домино» ойыны (топтарда орындалады).

Проценттің негізгі ережелері мен амалдары қарапайым есептерді ойын түрінде шығару арқылы бекітіледі. Оқушылар топтарда есептер шығарып домино жинақтайды.

V. Жұптардағы жұмыс.

Оқушылар жұптарда есептер шығарады (тапсырмалар жетістігі жоғары оқушылар ескеріліп, артығымен алынған).

Жетістік критериі:

  1. 10есептің кез келген 6 - ын дұрыс орындау.

  2. Немесе №7, №8, №9, №10 төрт есепті дұрыс орындау.

Есептер жауаптары слайдқа шығарылып, көрсетіледі. Мұғалім дайын жауаптарымен жұмыс барысында оқушыларға нұсқау береді.

1. 500 г қантты су ерітіндісінде 100 г қант бар. Ерітіндінің концентрациясы неше процент?

2. Концентрациясы 25% 1 кг тұзды су ерітіндісін дайындау үшін неше грамм тұз керек?

3. Жинақ кассасына 5% жылдық өсіммен 120 мың теңге ақша салынды. Жинақ кассасына салынған ақша 1 жылдан соң неше теңге болады? Өсімі неше теңге болады?

4. Заттың бағасы 760 тг. Егер заттың бағасы 20% - ке қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге?

5. Заттың бағасы 760 тг. Егер заттың бағасы 30% - ке арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге?

6. Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76% - ін жыртқанда, 8,4 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жерді жыртуға тиіс еді?

7. Фермер жерінің 4 гектарын мал жайылымына қалдырды да, қалған 16 гектар жерге бақша өнімдерін екті. Фермер барлық жердің неше процентіне бақша өнімдерін екті?

8. 300 г тұзды неше литр суға қосқанда концентрациясы 15% тұзды су ерітіндісі алынады?

9. Жинақ кассасына жыл басында 8% - тік өсіммен салынған ақша жыл соңында 162 мың теңге болды. Жинақ кассасына жыл басында неше теңге ақша салынған?

10. Мұнай қоймасындағы мұнайдың бірінші күні 30% - і, екінші күні қалған мұнайдың 80% - і сатуға жіберілді. Мұнай қоймасында алғашқы мұнайдың неше проценті қалды?

11. СҮТ

Наурыз айында сүттің бағасы бірдей болды, бірақ «Лидер» дүкенінде сәуір айында сүт 40%-ға арзандады, ал «Гринвич» дүкенінде алдымен 20%-ға арзандап, содан кейін сүттің бағасы тағы да 25%-ға арзандады. Қай дүкенде сүттің бағасы арзан?

А) екі дүкенде сүттің бағасы бірдей.

В) «Лидер» дүкенінде арзан

C) «Гринвич» дүкенінде арзан

D) мәлімет жеткіліксіз

E) салыстыру мүмкін емес


Математикалық аймағы: сандық

Мәнмәтін: әлеуметтік

Әрекет түрі: салыстыру

Сұрақ түрі: қарапайым, жауап таңдау арқылы

Деңгей: 1

Жауабы: А



Презентация





Қосымша №1










Қосымша №2







Қосымша №3


Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Үй тапсырмасы.

(қосымша 4, есептер)

Стикерлар

















Қосымша 4

Саралау

Саралау оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып оқу материалын және ресурстарды (көптеген түрлері Гарднер теориясы интеллекті) іріктеу жеке қолдау, оқушыны қамтамасыз ету, жұмыс орындарын іріктеу, нақты оқушыға күтілетін нәтиже көрсетілген болады.Саралау арқылы оқушыларға көбірек қолдау көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға екінші деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады

Бағалау

Осы бөлімді оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай бағалауды қолданғаныңызды және пайдаланылған әдістерді жазу үшін қолданыңыз.

Оқушылардың өзіндік бағалануы. Мұғалімнің сабақ бойы тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалау – формативтік бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Денсаулық сақтау технологиясы. Осы сабақта техника қауіпсіздігі ережесін қолдану пункті.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылар проблемалық жағдай туғызу арқылы сабақ мақсатын және оқу мақсатын ашты. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. Барлық оқушының өзін толғандырған сұрақты талдап және түсінуге мүмкіндігі болды.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Оқушылар бастапқыда практикалық тапрсырмалар орындады, сосын тапсырмаларды өз беттерімен орындады.

Мұғалім тарапынан саралауға сәйкес сұрақтар қойылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Бұл бөлімді сабақ бойынша өз пікіріңізді жазуға пайдаланыңыз. Сол жоқ бағандағы өз сабағыңыз туралы негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың нақты, қол жеткізуге мақсаттары, оқушыға түсінікті тұжырымдалған анық тілдік алдын-ала жоспарлау оқыту нәтижелері болып табылады.

Бұл сабақта орындалған тапсырмалар оқушыларды салыстыруға, себептері мен салдары іздеуге, сол арқылы ғылыми-зерттеу дағдыларын және сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға үйренеді.

Бұл сабақтың жақсы сәттері оқушыларды сабақта белсенді жұмысы үшін мадақтау маңызды - бұл сыртқы ынталандыру негізгі жақтарының бірі болып табылады. Сондай-ақ келешектегі жұмысын жоспарлауда оқушыларға көмектесу - кеңестер, ескертулер, ұсыныстар болып табылады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!