Тақырыбы: «Простоквашиноға күз келді»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күз мезгілі туралы балалардың түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Жылдамдық, ептілік және күштілік қасиеттерін дамыту, түрлі кедергілер
арқылы жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету.
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жұмбақ, өлең, мақал-мәтел, саяхат түрінде.
Сабақтың көрнекілігі: жұмсақ модульдер, бет-перделер , бүршік, жаңғақ, жеміс
көкөністер, себет, екі арба, бұдыр жол, іздер, массаж жолдары, көпір, үңгір, томаршалар,
Простоквашинодағы үйдің көрінісі, күзгі жапырақтар (дене шынықтыру залы сабақ
тақырыбына сай безендірілген).
Сабақтың барысы: Музыка әуенімен жүреді. Балалар дене шынықтыру залына кіреді.
Д/ш нұсқаушысы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
Д/ш нұсқаушысы:- Балалар, қараңдаршы біздің дене шынықтыру залы қандай әдемі! Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, жауабын айтасыңдар ма? Ал ендеше мұқият тыңдаңдар.
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: - Күзде.
Д/ш нұсқаушысы: -Балалар, ал сендер күз туралы өлең шумақтарын білесіңдер ме?
Балалар: - Иә, білеміз.
Дене шынықтыру нұсқаушысы:- Кім маған күз туралы өлең шумақтарын оқып береді?
Нұрбек, Ульяна, Диляра күз туралы өлең шұмақтарын оқиды.
Д/ш нұсқаушысы: Балалар, менің сендерге бір керемет жаңалығым бар. Бүгін таңертең біздің Айша балабақшасына пошташы Печкин келді. Ол бізге Фёдор ағадан хат әкелді. Хатты сендерге оқып берейін.
– Сәлеметсіңдер ме, құрметті «Жұлдыз» балабақшасының балалары. Осы жылы Простоквашино ауылында көп жеміс-жидектер пісті. Сендерден өтініп сұраймын Матроскин мен Шарикке жеміс-жидектерді жинауға көмектесіп жіберіңдерші. Мен осы күзде 1 сыныпқа бардым. Тапсырманы көп береді, Простоквашино ауылына бара алмаймын. Мен сендерге сенемін, өйткені сендер менің достарымсыңдар. Бірақ жолда көп кедергілер кездеседі солардан сақ болыңдар. Достарым, мен сендерге рахмет айтамын.
Д/ш нұсқаушысы: - Балалар, Фёдор ағамыздың достары Матроскин мен Шарикке көмектесеміз бе?
Балалар: - Иә, көмектесеміз.
Д/ш нұсқаушысы: - Дұрыс айтасыңдар балалар.
Балалар, Простоквашино ауылына бармас бұрын, ең алдымен бойымызға күш қуат жинап алайық.
Музыка әуені ойналады. Балалар, сары ленточкаларды алып сап бойымен солға қарай аяқтың ұшымен, өкшемен, баяу бір қалыпты, шапшаң жүру, жүгіру, ленталарды айналдырып, иықты алға, артқа созып, жоғары көтеріп, төмен түсіреді. Үш қатарға тұрады.
Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
-
«Толқын» Б.қ.: лента ұстаған қолдар төменде.
Жаттығу: 1 – лента ұстаған қолдар алда. 2-3- бір уақытта қолдармен жоғары-төмен қимылдар жасау. 4 – Б.қ. келу.
-
«Еңкею» Б.қ.: аяқтың арасы аздап ашыңқы, лента ұстаған қолдар төменде.
Жаттығу: 1 – алға қарай еңкею, қолдарды түзу ұстап, лентаны артқа қарай апару; басты түсірмей, тура қарау, тізені бүкпеу. 2 – Б.қ.келу.
-
«Өрмекшілер» Б.қ.: арқаға жату, лента ұстаған қолдар дене бойында, аяқтар түзу.
Жаттығу: 1 – бір уақытта қолдарды да, аяқтарды да айқастыратындай етіп, көтеру.
2 – Б.қ.келу.
-
«Отырып-тұру» Б.қ.: лента ұстаған қолдар төменде, түзу тұру.
Жаттығу:1 – аяқтың ұшымен отыру, тізелер екі жақта; лента ұстаған қолдар алда.
2 – Б.қ.келу.
-
«Алға –артқа» Б.қ.: түрегеп тұру, лента ұстаған қолдар төменде, аяқтың арасы иық деңгейінде.
Жаттығу: 1 – 3 –қолдармен желбірету, бір қол алда, екіншісі артта, 4 – Б.қ. келу.
Музыка әуені ойналады. Жаттығуларды орындап болған соң балалар бір саппен жүріп, сары ленточкаларды орнына қояды.
Д/ш нұсқаушысы: - Қандай керемет! Балалар, бойымызға күш жинадық па?
Балалар: - Бойымызға күш жинадық.
Д/ш нұсқаушысы: -Балалар, Фёдор ағамыз бізге хатында бізді көп кедергілер күтіп тұр деп жазды. Біз кедергілерден қорықамыз ба?
Балалар: - Жоқ, қорықпаймыз.
Д/ш нұсқаушысы: - Дұрыс айтасыңдар балалар, біз кедергілерден қорықпаймыз. Ал, сендер достық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Балалар: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Д/ш нұсқаушысы: - Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз бәріміз тату болып, достық, бірлік арқасында мақсатымызға жетеміз. Жолға шығайық
Музыка әуені ойналады.
-
Кедергі «Іздермен өту»
-
Кедергі «Бұдыр жолмен жүру»
-
Кедергі «Массажды жолмен жүру»
Д/ш нұсқаушысы: -Балалар, міне Простоквашино ауылына да келіп жеттік.
Музыка әуені жүреді. Шарик пен Матроскин үйдің ішінде жұмыс істеп жүреді, бір-біріне қарап қуанып балаларды қарсы алады.
Матроскин: - Алақай! Алақай! Біздің Фёдор ағамыздың достары келді. Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Шарик: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендердің келгендерің қандай керемет болды! Біздің Фёдор ағамыз оқуда. (Матроскин мен Шарик ренжіп тұрған көңіл-күйлерін көрсетеді).
Д/ш нұсқаушысы: - Шарик, Матроскин сендер ренжімеңдер. Бізге Фёдор аға хатында бәрін түсіндіріп жазды. Мектепте балаларға көп тапсырма береді екен. Оның орнына біздің балаларымыз келді, сендерге көмектеседі . Ал, Фёдор ағамыз сендерге жазда келеді.
Матроскин: - Шарик, мен саған айттым ғой, бізге көмекшілер келеді деп. (Матроскин мен Шарик қуанып, жақсы көңіл күйлерін білдіреді).
Шарик: Балалар, біздің Простоквашинода күзде сондай керемет! Ауасы қандай таза! Орманның іші әр түрлі түске боянып тұрады.
Матроскин: Шарик, сен дұрыс айтасың, біздің Простоквашинода сондай тамаша! Орманда көптеген саңырауқұлақтар, жидектер өседі. Балалар, біздің орманға барып ойын ойнап , бой көтеріп келейік.
Д/ш нұсқаушысы: - Балалар, орманға барғыларың келе ме?
Балалар: - Иә, орманға барайық.
Шарик: - Балалар, орманға жету үшін кедергілерден өту керек.
Матроскин: Балалар, сендер кедергілерден қорықпайсыңдар ғой?
Балалар: Жоқ, біз кедергілерден қорықпаймыз.
Балалар саппен бірінің-артынан бірі ілгері жүреді.
1. Кедергі «Үлкен үңгірден өту»
2. Кедергі «Дөмбекшеден өту»
3. Кедергі «Көпірден өту»
Д/ш нұсқаушысы: Балалар, орманға да келіп жеттік (балалар, екі қатарға бөлініп тұра қалады. Эстафеталық ойындар ойнайды).
Матроскин: Шарик, екеуміз екі топқа бөлініп тұра қалайық.
Шарик: Дұрыс, айтасың, Матроскин өте көңілді болады.
Д/ш нұсқаушысы: Шарик, Матроскин дұрыс айтасыңдар. (Екеуі екі қатарға бөлініп тұра қалады, эстафеталық ойындар ойнатылады).
Музыка әуені ойналады, екі тиін секіріп келіп, бүршік пен жаңғақтарды шашып кетеді.
Д/ш нұсқаушысы: - Балалар, тиіндер байқамай бүршік пен жаңғақтарды шашып алды, оларды тез жинап алайық.
1-эстафета: «Бүршік , жаңғақтарды тез жина»
2-эстафета: «Шалқан»
3-эсафета: «Жеміс-көкөністерді жина»
Шарик: Қандай керемет! Барлық жеміс-көкөністер жиналды. Сондай шаршап қалдық.
Д/ш нұсқаушысы: - Балалар, Шарик, Матроскин күзгі орман құстарының әуенін естіп көрейік.
Релаксация музыка әуені ойналады.
Матроскин: -Балалар, сендерге Простоквашинода ұнады ма?
Балалар: Иә, ұнады.
Д/ш нұсқаушысы: -Матроскин, Шарик біздің балалар жеміс-көкөністерді жинасып көмектесті. Енді біздің балабақшаға кететін уақытымыз болып қалды.
Шарик: - Балалар сендерге көптен-көп рахмет.
Матроскин: - Біздің Простоквашинода күзде сондай тамаша!
Балалар, біздің бақшада керемет тәтті алмалар өседі. Алмаларда керемет көп дәрумендер бар, біз сендерге сыйға береміз.
Д/ш нұсқаушысы: - Матроскин, Шарик сендерге көптен-көп рахмет (Матроскин бір себет алманы береді, балалар рахметін айтып қоштасып кетеді).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Простоквашиноға күз келді

шағым қалдыра аласыз