ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы
Тасқала ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагог-модератор, педагог-психолог
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету туралы” Заңына сәйкес даму және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар білім алуға және шығармашылық, дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең құқылы.
Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз - оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі –жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды. Бұл балалардың оқу үлгерімі ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныпта белгілі болады. Оқу процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктер: сабақ процесіне жай қосылады; оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды; берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; оқу мен жазуы жай; оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды; есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді; тез шаршағыш; сыныптастарымен аз араласады; өз ойын анық айта алмайды.
Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 7-8 жастан анық байқалады. Оның негізгі белгілері: сабаққа белсенділігі болмайды, берілген тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жібереді, тез шаршағыш, зейіні тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде болады.
Психикалық дамуы тежелген балаларда арнайы оқытусыз сөздік белсенділік пайда болмайды, айналасындағы адамдар сөзге дейінгі қатынас түрлері де қалыптаспайды, заттық іс-әрекет дамымайды. Психикалық дамуы тежелген оқушылар тез шаршайды, кейде бастаған іс-әрекетін орындаудан бас тартады және эмоционалды ерікті ісінде баяу жетіледі, сондай-ақ интелектуалды жеткіліксіздікпен дамиды. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері өте көп. Психикалық дамуы тежелген балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын молайту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады.
Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
-
баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
-
шаршап кетпеуін қадағалау;
-
оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
-
сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
-
ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
-
арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
-
жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Мамандардың оқыту түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады. Білім беру мекемесінде оқитын Психикалық дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психикалық дамуы тежелген баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Дидактикалық материалды жеткілікті түрде қолдану, қазақ тіліндегі оқулықтардың жеткілікті болуы, көрнекі құралдардың эстетикалық және педагогикалық талаптарғасәйкес келуі, ойын құралдарының әртүрлігі, іс-әрекеттен тыс техникалық құралдардың жеткілікті қолданылуы -бұл баланың сөз сөйлеуін жақсы меңгеруінің бір шарты болып табылады.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде білім берудегі негізгі мәселе болып тұр, осындай балалардың үлгермеушілігі мен баланың мектеп ортасына бейімделу қиындығы басты мәселе болып отыр. Аталмыш мәселені шешуде жалпы білім беретін мектеп оқушыларына диффенциалды (жіктеп) оқытуды ұйымдастыруды айтуға болады. Ол балаға жеке ықпал етуді және оған білім беру формасы мен әдістерін таңдауда оның жеке бас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін есепке алуының күшейтуін қарастырады.
Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа да ғалымдар, ұсақ саусақ моторикасының бұзылуы, дамуында тежелуі бар балаларға тән белгілердің бірі деген болатын. Аталған ғалымдар, дамуында тежелуі бар балалардың саусақ қозғалысы ебедейсіз, бағдарлауы нашар, дәлдік пен жылдамдығының бұзылғандығын атап өткен.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Сухомлинский айтқандай:
«Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан
шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының
қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын
алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық
қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты
шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты
саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын
сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады
Т. А. Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу
зонасының қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге
мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған. В. В. Цвынтарный ұсақ қол
моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар
жасатудың әсері мол деген көзқарас
білдіреді.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткізіледі.
«
Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың
белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық
сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен
қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда
болады.
М
оншақтармен
немесе ілгектермен ойын: екі қолдың да бағдарлауын арттырады.
Балаға тізуге арналған бау және әр түрлі теңдіктегі, әр түрлі
диаметрлі моншақтар беріледі. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді.
Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем,
пішін) қабілетті дамиды.

Баулармен ойындар – сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, жазықтықта бағдарлауды, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игеруіне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.

Сонымен қатар, қысқыштармен ойналатын ойындар өте нәтижелі болады. Себебі, ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады.
Сурет салу – барлық балалар жақсы көретін, әрі пайдалы ісі. Қарындаш, қылқаламмен парақта, қатты қағазда сурет салу қатып қалған қағида емес. Қарда, құмда, терлеген терезе бетіне, асфальтта сурет салуға болады. Алақанмен, мақталы таяқшалармен, көкөністер бастырмаларымен және т.б. әдістермен, яғни бейнелеудің дәстүрлі емес техникалары арқылы сурет салу өте пайдалы, әрі қызықты. Балаға әр түрлі пішіндерді тік сызықпен салуға, суреттің үзік сызық бойымен жүргізу, үлгімен сурет салу, суреттің аяқталмаған екінші бөлігін салу − шығармашылық қабілетті, есте сақтау қабілетін, түсті қабылдауды дамытады.

Ермексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге мүмкіндік береді. Балалар ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол балаға өз ісіне деген сенімділігін тудырады.
Тілді дамытуда монологты
сөйлеудің пайдасы мол, ол баланың ойын, сөзін бөлмей аяғына дейін
тыңдап, соңынан әңгіменің кемшіліктерін түзетіп отырған тиімді.
Сонымен қатар жазбаша сөйлеудің баланың тіл мәдениетін дамытуда
ерекше орын алатын фактор.
Сөздік қоры дұрыс дамымаған баланың жазба жұмыстары да дұрыс болмайды. балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырған Л.С.Выготский мен швейцария психологы Жан Пиаже болды. Балалардың тілін дамыту үшін ең алдымен барлық дыбыстарды ажырата біліп, оны дұрыс айтуға үйрету барысында сөздің дыбыс анализінің жүйелі түрде жаттықтыру қажет.Егер баланың тілінде кемшілік болса онда тиісті педагогикалық әдіспен мектепке келген күннен бастап бір қалыпқа келтіру қажет.Адам ойлауының қарым-қатынасының, эмоция, ішкі ойларын білдіруінің іс — әрекеттің құралы – ол сөйлеу тілі болып табылады. Психикалық дамуы тежелген баланың сөйлеу тілінің қалыптасуы ерекше немесе кейде кеш болады.
Психикалық дамуы тежелген балалардың алғашқы сөздері кейде 2-3 немесе 5 жастарында қалыптасуы мүмкін. Бұл зат есімдер – жақын ортадағы заттардың атаулары немесе жиі орын алатын әрекеттер болуы мүмкін. Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым – қатынасқа түсуі орташа деңгейде. Олар айналасындағылардың өздеріне не айтып тұрғанын түсінеді.Бұл балалардың арасында шектелген сөздік қорлары баланың өзін қызықтыратын зат туралы сұрай алмайды, қойылған сұраққа да түсінікті етіп жауап бере алмайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың қарым – қатынастары стандартты сөздер мен сөйлемдердің көмегімен, көп қайталанатын күнделікті жағдайларда өтеді. Бұл жағдайларда мынадай заңдылықтар байқалады: Баланың сөйлеу тілінің барысында көптеген кемшіліктер көп мөлшерде көрінсе, оның танымдық іс — әрекетінің әр бір түріндегі ақаулықтары соншалықты көрінеді. Әрине психикалық дамуы тежелген балалар естиді және көреді.
Алайда дыбысты шығарудағы жетіспеушіліктен, олардың сөйлеу тілдері кейде түсініксіз болады, сондықтан олармен қарым – қатынасқа түсу қиынға соғады. Бұл баланың эмоционалдық және тұлғалық сферасының дамуына кері әсер береді.
Олар тұйық болады, айналасындағылармен көбінесе ренжісіп отырады. Сондықтан балалардың қарым- қатынас шеңбері тарылып, сөйлеу тілі шектеледі.
Психикалық дамуы тежелген балаларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптар жалпыға арналған мектеп оқушыларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Міндетті білім беру деңгейіне қойылатын осы талаптарды орындау кезінде психикалық дамуы тежелген балаларды дамытудың ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың әрбір пән бойынша білімді, білікті дағдыларды меңгеру мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Психолог ғалым А.М.Гельмонт
оқудағы үлгермеушілік себептерді оның категорияларына байланысты
бөлуді міндет етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны мен үлгермеушілік
тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп
көрсеткен.
1. Жалпы және тұрақты үлгермеушілік - ұзақ уақыт бойы барлық немесе
көптеген пәннен үлгермеу.
2. Жекелеген,бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік–бұл бір
немесе екі-үш қиын пәндерден
үлгермеу.
3. Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік – бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.
I
категория себептері ретінде: оқушының
алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты
қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының
нашарлығы, ата-ананың қамқорлығының жоқтығы); оқушы тәрбиесінің
жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік); ақыл – ойының дамуының
әлсіздігі.
II
категория алдыңғы сыныптардағы
кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының қызығушылығының
жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік
әлсіздігі;
III
категория дұрыс оқытпау, оқудағы
бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй
тапсырмаларын жүйелі
орындамау.
Психикалық дамуы тежелген балалардың оқу әрекеті.
Мұндай балалардың оқу әрекетінде үлгермеушілігі алғашқы бірінші сыныпқа барғаннан басталады. Бірақ алғашқы белгілері 2 - 3 сыныпқа келген кезден байқала бастайды. Бұл балаларды оқу әрекетіне тән жағдайлар:
- Сабаққа деген ынтасы болмау.
- Сабақ барысына немқұрайлы қарап, қатыспау
- Сабақты жай, немесе мүлдем қабылдамау
- Мұғалімнің немесе басқа біреудің көмегінсіз өзіне тапсырылған тапсырманы өз бетінше орындай алмау
- Оқу, жазуды жай немесе үлкен қиындықпен меңгеру
- Оқығаның түсінбеу, немесе түсінігін өз сөзімен жеткізіп айтып бере алмау.
- Санау, есептеу барысында көптеген қателіктер жіберіп отыруы
- Тез шаршап, оқу процесіне ат салыспау, өзін дұрыс ұстамау.
- Сөздік қоры аз, өз жасына сай болмау, сөйлеу мәнері жүйеленбеу
- Өз қатарластарымен араласпау.
Арнайы жүргізілетін әдістемелердің барысында психикалық дамуы кешеуілдеген балаларың қабылдауының бұзылыстары анықталды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерінің ішінде – қабылдауының бұзылуы, зейіннің бұзылуымен байланысты.
Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында елу пайыз психикасы дамуы тежелген балалар кездеседі. Психикалық дамудың тежелуі бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі.
Психикалық дамуы тежелген балалардың есте сақтау қабілетіндегі ауытқулар, яғни есте сақтау көлемінің және дәлдігінің жетіспеушілігі, берілген ақпаратты тез ұмытуымен сипатталады. Бұл балалардың таным әрекеттерінің дамуында кешеуілдеу мен өзгешеліктер байқалады.
Сөйлеу тілінде грамматикалық конструкцияларды дұрыс қолданбауы жиі кездеседі. Психикалық дамуы тежелген балалардың мінез-құлқы да өзіндік ерекше. Мектепте олар өздерін әлі мектепке дейінгі жастағы кішкене балалар сияқты ұстайды. Оларда оқуға деген қызығушылығы жоқ немесе аса әлсіз, мектепке деген жағымды қатынасы да байқалмайды. Олардың жетекші қызметі – әлі де ойын болып қалады. Жүйелі түрде оқыту басталғанға дейін психикалық дамуы тежелген балаларда ойын әрекетінің жоғарғы формасы – сюжеттік-рөлдік ойын қалыптаспаған, шын мәнінде баланы өз қызметінің жаңа түрін – оқу қызметін орындауға дайындайтын ойынның осы формасы, тіпті ойынды ересектер немесе дұрыс дамып келе жатқан құрдастары ұйымдастырған жағдайда да бұл балалар өзіне бөлінген рөлді орындай алмай, біреуінен екіншісіне ауысып, манипуляциялық әрекет жасайды.
Танымдық және сөйлеу іс-әрекетінің дамуына жеткізетін әдістерінің бірі – ойын. Ойын баланың өзінің қарым-қатынасқа деген қажеттігін, сезімдерін, ойларын және эмоцияларын сыртқа шығаруын қамтиды. Ойынды дұрыс ұйымдастыру арқылы баланың сөздік қоры дамиды, басқа балалармен қарым-қатынаста өзін еркін сезінуі және қоршаған ортаға байланысты білімдерін кеңейтеді. Ойын барысында қолданған сөздерді бала күнделікті өмірде қолданатын сөздік қорына кіргізеді. Бала белгілі әлеуметтік ортада өсіп, айналасындағы заттар мен құбылыстарды танып біледі, олармен тікелей қарым-қатынастарда әсерленіп, бойындағы табиғи қасиеттерін жетілдіріп, ақыл-ой сезімін таным әрекетімен байланыстырады. Сезімнің бұл түрі балалардың оқып білім алуын, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Баланың шындықты тануға деген ең алдымен таңданудан басталады, таңдауы баланың бәрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан- жақты танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады.
Сонымен,баланы жан-жақты психикалық жағынан дамыту, соған жаттықтырудың өзіндік ерекшеліктерін оқыту процесінде ескеру керек. Көпшілік мектептерге қарағанда оқу материалы өңделіп, өте қарапайым түрде түсіндірілуі тиіс. Көрнекі құралдарды кеңінен қолдану керек. Бұл жерде ескерілетін нәрселер: көрнекіліктің тартымды болуы; оқушы мен мұғаліснің сөздері; тілмен ойды дамыту; түсініктерді қалыптастыру; осы көрнекіліктерді қолдана отырып, саналы түрде оқыту принципін жүзеге асыру.
Психологиялық – педагогикалық зерттеулерде бала мінез – құлығының ауытқу мәселесі түбегейлі зерттеліп сипат алғанымен, қалыпты дамыған бала мінез – құлығының жағымсыз түрлерінің туындау себептерін ғылымда өз деңгейінде зерттелінбеуінде. Л.С.Славина «Дети с аффективным поведением» атты еңбегінде кіші мектеп жасындағы балалардың аффективті мінез – құлығына сипаттама бере отырып, психологиялық талдау жасайды. Мұндай балалардың мінез – құлығына мыналар тән: өкпелегіштік, бұзықтық, дөрекілік. Олар басқа балалармен үнемі ұрысып, керісіп, ескертулерге тез ренжіп қалады. Автор мұндай мінез – құлық оның ұжымындағы дұрыс құрылмаған өзара қарым – қатынастардың салдарынан пайда болады деген қорытындағы келеді.
Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас құқықтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. «Балалар құқықтары туралы» конвенцияда былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, төмендегі аты аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы:
Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай-ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиелеуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса, ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және де басқа адамдардың сүсйіспеншілігі мен түсіністігіне, егер ағайын-тумасы жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуға құқылы...»
Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,ол бала сондай бола алады»,-дейді. Бұл топтағы оқушылар арнайы мамандардан қолдауды,қамқорлықты күтеді.Демек, осындай дамуында ерекшелігі бар шәкірттердің дамуына үлес қоссақ, жүрегіне адамгершілікті үздіксіз ұялата білсек, жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз үлесімізді қосқанымыз.
Бірқатар ғалымдардың айтуынша, педагогтар тәжірибе жүзінде көз жеткізгендері – қарым-қатынас сәтті орта туғызады, тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелейді, әрі педагогқа, әрі оқушыға өзін-өзі қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Г.И.Шукинаның пікірі бойынша, қарым-қатынас оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мен бекітуіне маңызды әсер етеді. Оқушыға сенім арту, оның танымдық ізденуіне қолдау жасау қызығушылықтарын тудырады, ынталандырып отырады.
Мұғалім білім берумен қатар балалардың мінез-құлық, қарым-қатынас мәселесін жолға қойып, түрлі педагогикалық-психологиялық тұрғыдан туындаған қайшылықтарды реттеп отыруы тиіс.
Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әртүрлі әдіс-тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әртүрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың тиімді нәтижесін көрсетеді.
Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер тұлға ретінде қалыптасары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету туралы” Заңы
2.«Балалар құқықтары туралы» Конвенция (1989 ж.)
3.Кушербаев А. «Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері»
4.А.А. Зайнуллина «Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту»
5.А.Т.Боранбаева «Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз