Материалдар / ПСИХОЛОГИЯ ӘЛЕМІНДЕГІ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ПСИХОЛОГИЯ ӘЛЕМІНДЕГІ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда әлеуметтік оқытуда жаңа идеяларды әрбір педагог – мамандар жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану заман- талабы болып отыр. Білім берудің маңызы, мазмұны жаңарып ,жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған бай
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2024
175
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ПСИХОЛОГИЯ ӘЛЕМІНДЕГІ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Түркістан қаласы «Бөбек» бөбекжай-бақшасы МКҚК


психологы

Турежанова Дана Бакытжановна

Қазіргі таңда әлеуметтік оқытуда жаңа идеяларды әрбір педагог – мамандар жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану заман- талабы болып отыр. Білім берудің маңызы, мазмұны жаңарып

,жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс –тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және техналогияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мен мектепке дейінгі балабақша мекемесінің психолог маманы ретінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту –үздіксіз білім беру жүйесі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсатына сай , өз жұмысымдағы сапалы да тиімді әдістерді ұсынуды жөн көрдім. Психологтың балабақшадағы рөлі оте зор, Ойткені

психолог бөлмесіне аяқ басқан балалар , психологпен әнгімелескен соң, бала жаны нұрланып, көзі күлімдеп, жарқырай түседі. Бұл әлем оны қабылдайтынын және қоршаған адамдар оны жақсы көретінің түсінеді. Балаға қуаныш сыйлау, тосын сый жасау, таң қалдырудың кілтін қайдан және қалай табуға болады? Бұл сұраққа, әрине .психолог жауап береді. Дәлірек айтсақ «психология» атты сиқырлы әлемінен Мен психология әлемінің ішінен бала тілін дамытудағы жаңа әдіс- тәсілдердің тиімділігі тақырыбындағы жұмысымды ұсынамын.

Тіл – ұлттық тәрбиенің негізі. Туған тілдің тағдырын ойлағанда ең бірінші көз алдымызға бүгінгі жас ұрпақ елестейтіні орынды. Өйткені тіл үйрену - балабақшада, бастауыш сыныптарда дыбыс үйретуден басталады. Фонетикадағы дыбыстарды дұрыс айтылуын білмеген бала сөзді сезбейді, түсінбейді. Ол үшін сол дыбысты, сөзді тыңдау, есту, көру, сезу керек. Сонда ғана сөздің мазмұнын эмоция, ым- ишара, бейне арқылы түсінеді. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады.Тілдің дамуы үшін басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. 12- 16 жасқа дейін адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды.. Жаңа туған бала дыбыс аппаратының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығра алады. 2 – айдан бастап дауыстай алады. Ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды. 3- ші айға жеткенде гу – гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу – гулей мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды. 5 — 6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6 – 7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде әсіресе жарты жасқа дейін, балаларды бірінші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей – ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды. Тілдің

шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту қабілеті ерте жойылған балалардың тілі шықпайды. Жақсы еститін баланың тоғыз айында былдырақтап сөйлегені түсінікті жеке сөздерге айналады. Екі жасқа дейінгі баланың сөйлеуі оның ана тіліне байланысты емес. Екі жастан соң ғана ана тіліне байланысты артикуляция байқалады. Бір жарым жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, екі – үш сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Әлбетте, бала денсаулығына ана құрсағында жатқан кезден бастап көңіл бөлген абзал. Өйткені, бала ағзасында пайда болатын аурулардың басым бөлігі құрсақта жатқанда дамиды. Баланың сөйлеу қабілетінде болатын ақаулар да сол кезден бастауын алуы мүмкін. Логопедтер кей себептердің алдын алу мүмкін емес болғанымен, көп жағдайда бала тілінің уақытында шығуы тікелей ата-анаға байланысты екенін айтады. Ата-аналардың бала тілін қызық көріп, олардың қате дыбыстаған сөздерін қайталауы дұрыс емес. Керісінше, бала ата-анасының сөйлегеніне қарап, сөзін түзеуі үшін әке-шеше әр сөзді анық дыбыстап айтуы қажет.


Балалар тілінің кеш шығуының басты себептері:

  • Жүктілік кезінде ана көңіл-күйінің дұрыс болмауы, күйзелісте болуы;

  • Тұқым қуалаушылық факторы;

  • Таңдайда не ерінде жырықтардың болуы

  • Дыбыс шығару жүйесінің жұмыс істемеуі

  • Ауыз қуысы бұлшықеттерінің дұрыс жұмыс істемеуі;

  • Баламен сөйлеспеу (ата-ананың баламен әңгімелеспеуінен, қарым- қатынастан оқшаулауынан баланың тұйықталуы); н/е ата-ананың бала тілінде сөйлеп кетуі.

-Қатты қорқып қалудан болған тұтығу;

  • Телевизор, гаджеттің әсері

-Өзге аурулардың, қолданған дәрі-дәрмектердің әсерінен де болуы мүмкін. Кәзіргі статистикалық мәліметтерге сүйенсек дүниеге келген 100 баланың 20-сының тілі кеш шығады, тұтығып шығады немесе мүлдем сөйлей алмайтындығы анықталып отыр.

Бір жастағы бала кемінде 10-15 сөзді, екі жастағы бала 300- дей сөзді анық айтып, ал үш жастан асқасын бала еркін сөйлесе алатын жағдайда болуы қажет.

Кіші жастан-ақ баланың тіл үйренуге деген қызығушылығы пайда болады, сөзбен «тәжірибе» жасай бастайды. Тілдің мағыналық, әрі грамматикалық құрылымын бағдарлай отырып, жаңа сөздер құрайды. Дегенмен бала тілінің өз-өзінен дамуы барысында олардың тілдік дағдылары жоғары болмайды, сондықтан педагогикалық-психологиялық тұрғыдан арнайы зерттеу, жаттығу және оқыту қажет.Әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады.Тілдің қызметі қандай күрделі болса, оны үйретудің әдістері де сондай күрделі.

Қазіргі балабақша мен білім ордаларында тілінде ақауы бар және психологиялық өзгерістер бар балалар көп кездеседі. Балалардың тіл кемшілігін түзетуде, сөздік қорын жетілдіруде, олардың танымдық қабілетін, ақыл-ой дағдыларын түрлі жаттығулар, ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы жағдай жасау жолында тиімді инновациялық технологияларды қолдану болып табылады.. Балабақшада

тәрбиешімен қатар балабақша психологада бала тілін дамуына зор улесін қосады Балалардың сойлеу тілін дамыту мақсатында балабақшада әр түрлі психологиялық жұмыстар жүргізіліп келеді. Топтагы балаларға диагностика жүргізу арқылы тіл дамуы жай балаларды анықтап алып, сол балалармен жұмыс түрлерін жүргізе бастадым.

Баланы сөйлету үшін ең алдымен баладағы :

  • Тыныс алу аппаратын дамыту

  • Артекулляциялық жаттығуларды жасау

  • Жалпы ұсақ маторикасын дамыту

  • Жалпы Ірі маторикасын дамыту

  • Есте сақтау мен зейінін дамыту

Сонымен қатар жаңа иновациялық әдістер Нейрогимнастика, Су-Джок терапиясын ұсынамын.

Дұрыс тыныс алу! Тыныс алу арқылы ағзамызға қажетті өттегіні қабылдаймыз және солай тіршілік етеміз. Бірақ кейде балалар түгілі, ересек адамдар қалай дұрыс тыныс алуды білмей жатады.Тыныс алу арқылы жүзеге асады дем алу және дем шығару. Дені сау адам физиологиялық тыныштықта минутына орташа есеппен 16-дан 20– ға дейін тыныс алады. Егер бала тыныс алуды білмесе ,бала мұрынмен сөйлей бастайды.Сондықтан тыныс алу жаттығуларды үйретудің маңызы өте зор.

Тыныс алу жаттығулары:

Гүлдерді иіскейік. Балалар біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Ғарышкерлер. Тәрбиеші: Сендер өздеріңді ұшқыш ғарышкер- лерміз деп есептеңдер. Зымыран әуе кемесін ұшыруға аз қалды. 5-тен 1-ге дейін санап үлгеруге жетерлік тыныстап дем

жинаймыз, қаттырақ, әрі анық «Жібер» деген сөзді айтамыз да, дем шығарамыз

Егер кімде-кімге ауа жетпесе, ол өз орнына отырады. Сонымен, мұрын арқылы ауа жинаймыз не жұтамыз ..... Уақытты санауды бастаймыз: 5, 4, 3, 2, 1. Жібер! Жаттығу 3-4 рет орындалады.

Көбелекті ұшырамыз. Тәрбиеші алдын-ала түрлі-түсті қағаздан кішігірім көбелектер үлгісін дайындайды да, оны жіпке бекітеді. Содан соң балаларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.Осы жаттығуды жіпке ілінген

«ақшақарларды» да қолданып орындауға болады

Артикуляциялық жаттығу – бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиыны. 1)Тәтті тосап. Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты. Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады. Тосаптың орнына балды алуға болады. 2)

Саңырауқұлақ: Саңырауқұлақты елестетейік те, тілімізді таңдайымызға тигізіп, тақылдатпай тіреп тұрайық. Жаттығу 3- 4 рет орындалады. 3) Мысық сүт ішеді. Мысықтың сүтті тілімен жалап ішетінін көрсетіңдер. Бастапқы қалып. Мұртыңа қара. Мұрттарыңа тілмен «ине салыңдар». Бастапқы қалып. 3-4 рет қайталанады

Артикуляциялық жаттығуларды орындағанда:

  1. Балада дұрыс сөйлеу дағыдысы қалыптасу үшін артикуляциялық жаттығуларды күнде жасау керек.

  2. Жаттығуларды күніне 3-4 рет 3-5 минуттан орындаған жөн.

  3. Әр жаттығу 5-7 рет орындалуы тиіс.

  4. Бір статистикалық жаттығуды 10-15 секунд ұстап тұру ұсынылады

3 – 4 жастағы баланың зейіні, есте сақтауын дамытумыз керек .

  • Екі ойыншықтың ұқсастығы мен айырмашылығын таба алуы.

  • Ешкімнің көмегінсіз екі бірдей суретті құрастыра алуы

  • Зейінді шоғырландыра отырып, берілген тапсырманы 5- 7 минут орындай алуы

  • 4-5 затты көз алдына ұстай алуы керек

  • Ересектің нұсқауымен қолыңды шапалақта ,қолыңды жоғары көтер,төмен түсір нұсқауларын орындауы тиіс !

-Төрт құбылыс» ойыны Мақсаты: ес пен қимыл әрекетті дамыту.Ойын шарты:

Балалар

шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

Нейрогимнастика жаттығуының бала тілінің дамуы үшін пайдасы өте көп.

Нейрожаттығулар- бұл ми жаттығулары.Біз күнделікті өмірде қол аяғымызды сермеп,дене жаттығуларын жасаймыз.Біраз уақыт белсенді қозғалыс болмаса,денеміз құрысып-тырысып қалады.Дәл сол сияқты, миды да белсенді қозғалтып,жақсы жұмыс жасауы үшін қарапайым жаттығулар жасап тұруымыз қажет.

Нейрожаттығулардың пайдасы қандай?

  • Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс жасауын жақсартады.

  • Ұсақ және ірі маториканы дамытады.

  • Ақпаратты тез қабылдап,қорытуға көмектеседі.

  • Зейінді шоғырландырады.

  • Есте сақтау қабілетін арттырады.

  • Оқу және жазу процесстерін жақсартады.

  • Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.

  • Логикасын, есте сақтау қабілетін дамытады.

  • Творчествалық қабілетін дамытады.

  • Мұқияттылыққа үйретеді Нейро жаттығуларды күнделікті таңертең және кешке 1-2 минуттан жасаған дұрыс.Бұл жаттығулар балаларға ғана емес,ересек адамдарға да пайдалы.Сондықтан,балаңызға уйрете,күнделікті өзіңіз де қайталап жасаңыз.

Су Джок терапиясы Су-Джок массаж шары баланың қолдары мен аяқтарындағы белгілі бір нүктелерге үнемі әсер ету барысында баланың денесінің қорғаныс функциясын белсендіреді, қолдың ұсақ моторикасын ынталандырады және баланың танымдық іс-әрекеті аясында ұзақ уақыт бойы жағымды эмоционалды жағдайды сақтауға ықпал етеді

«Доп» жаттығуы Айналдырған добыңды, Қытықтасын қолыңды.

(тікенекті кішкентай шарларды үстелге қойып, екі алақаның мен айналдырады)

Енді көтер партадан,

Жаса солай қайтадан

(кішкентай шарлардың біреуін қолыңа алып, екі алақаныңның арасына салып айналдырады)

Бір үйде біз нешеуміз?» ойыны

Кел санайық екеуміз. Бас бармағым – әкем, Балаң үйрек – анам, Ортан терек – ағам Шылдыр шүмек- апам

Титтей бөбек-сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз. (Оң, сол қол саусақтарына кезектестіре серпімді сақинаны киіп, ойын ойнау)

Су Джок терапиясы

  • Саусаққа әсер ету арқылы бастағы ми бөлігіне жауап береді.

  • Мектепке дейінгі ұйымдарда барлық жас аралығына қолдануға болады

    • Денсаулығы нығаяды

    • Тілі дамиды

    • Таным прцестерінің дамуына үлесін қосады. Бұл жұмыстарымды балаларға жүргізе отырып , бала тілі дамуына улкен ықпалын тигізіп келеді. Баланың қабілеттері дамыйды , шығармашылық қабілеттері шыңдалды.


Әдебиеттер тізімі:

1]. Цветакова Н.А , Евдокимова СЛ - Психология журналы

8 2016жыл 25бет


2 ].Жанаргүл Қайырова - Қазақстан мектебі № 7 2017 жыл 40бе


3]. Ноғайбеков Беріккұл - Мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасында тәрбиеленуі 2019жыл 70 бет


4]. Қойшығұлова Лэйла , Омарова Әлия - Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологтарына арналған әдістемелік құралы 2020 жыл 60бет


5] Ергешбаева Ш.Н - Балабақша психолгі 2022 жыл 45бет


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!