Публицистикалық стиль туралы алған білімдерін байқау, тақырыпты ауқымды түрде ашу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Публицистикалық стиль туралы алған білімдерін байқау, тақырыпты ауқымды түрде ашу.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стиль

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Публицистикалық стиль туралы алған білімдерін байқау, тақырыпты ауқымды түрде ашу.

ә) Дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, топ алдында еркін сөйлеу , пікір қорғау дағдысын дамыту. Сауаттылығын арттыру. 
б
) Тәрбиелігі: Халық даналығы арқылы білімділікке, қабілеттілікке баулу.Өз елінің патриоты болуға баулу. 

в) Түзетушілік:Дәрігерлер ұсынысы бойынша қалдық көру қабілетін сақтау мақсатында тапсырма көлемдерін қысқарту
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақ. 
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау. 
Көрнекілігі: сызба тірек ,интер белсенді тақта,қима қағаздар
Сабақтың барысы: ІҰйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу

Психологиялық ахуал туғызу.

Сабақ мақсатымен таныстыру.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І слайд. ''Ескіні есіңе алмай,
Жаңа жадыңа түспейді''.
1.Сұрақ – жауап.

2. ІІ слайд. «Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады».
РАПТ әдісі бойынша

1)“Арман – адам қанаты” дейді, арманыңыз жайлы не айтар едіңіз? 

2) Алдыңызға қандай мақсат, жоспар қойып отырысыз? 
3) Жақсы адамға берер мінездемеңіз (Бес сын есім)  
4) Өзіңіздің алдағы жеңістеріңіз туралы не айтар едіңіз? 
5) Құпия сырыңыз бар ма? Оны кіммен бөлісер едіңіз? 

ІІІ. Жаңа сабақ 

ІІІ слайд. ’’Білім - қымбат,білу - қиын’’.

Публицистикалық стильде жазылған шығарма: 
Қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады. 

Жұртшылықты қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан 

хабардар етеді. 
Өте жинақы, тұжырымды болып құралады. 

Логикалық жағынан қисынды да дәлелдікөңілге 

қонымды болып, бұқараға ықпал етеді. 
Шешендік сөздер, даналықтар көп қолданылады. 
Тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болады. 

Жан-жақтылық пен сауаттылықты талап етеді. 

IV Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға ережені дауыстап оқыту; Ережені іштерінен оқып шығуға уақыт беру; Өз түсінгендерін ортаға салғызу

Көзге арналған жаттығу жүргіземіз.

Ережені талдату және жаттығу жұмысы арқылы бекіту 

62-жаттығу. 1) мәтінді мәнерлеп оқып шығу

2) мақала не туралы жазылған ? «мазмұнына тоқталып кету»

3) мақала қандай стильде жазылған ? Оның стильдік ерекшелігі неден көрініп тұр ?

Елбасшыларының кездесуі туралы қысқаша айту,

Бірінші және үшінші сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау

V Топпен жұмыс. Публицистикалық стильде мәтін құрау

IV слайд. ''Әркімнің шыққан тауы биік''
І топ . Біз – Қазақстанның болашағымыз

ІІ- топ. Мектеп мақтанышы

VI Сабақты бекіту Кері байланыс

VII Сабақты қорытындылау.

V слайд ’’Терлеп еңбек етпегенің тілегіне жеткенін көргенім жоқ’’

Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үй тапсырмасы

«Қасиетті туған жер» мақала жазу

































Арман – адам қанаты” дейді, арманыңыз жайлы не айтар едіңіз? 

Алдыңызға қандай мақсат, жоспар қойып отырысыз? 
Жақсы адамға берер мінездемеңіз (Бес сын есім)
 


Өзіңізден осы қасиеттер табыла ма?
 
5. Өзіңіздің алдағы жеңістеріңіз туралы не айтар едіңіз?
 
6. Құпия сырыңыз бар ма? Оны кіммен бөлісер едіңіз?
 
7. Сізден оқырмандарға әдемі тілек.
 
Үйге тапсырма:

77 – жаттығу.

Аталы сөзді айта біл!” немесе “Мақал – сөздің мәйегі”

тақырыбына өз таңдауларыңмен шығарма жазыңдар.

Бағалау 









Сабақ тақырыбы: Публицистикалық стиль (3 сағ)
Жаттығу жұмысы.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Топпен жұмыс жасата отырып публицистикалық стильде орындалатын жұмыстарды пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Топтасып отырып бірігіп ізденуге баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: Достыққа, сыйластыққа, бірауыздылыққа, намысты қолдан бермеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс сабағы.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап.
Пайдаланатын көрнекілік: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер.

Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тақырыпты еске түсіріп, схема бойынша оқушы түсінігі сұралады.
І слайд. ''Ескіні есіңе алмай,
Жаңа жадыңа түспейді''.
Мақсаты Стильдік сипаты
Публицистикалық стиль
Қолдану аясы Тілдік амал тәсілдері.
Сабақтың ерекшелігі мен мақсаты түсіндіріліп, топпен жұмысты бастау.

III. Жаңа сабақ бойынша жүргізілетін жұмыстар:
(Тақырып бойынша топтарға ұсынылатын тапсырмалар)
ІІ слайд. «Ой түбі алтын,
Ойлай берсең аларсың».
Үй тапсырмасына берілген 75 - жаттығу бойынша сұрақтарға жауап беру.
III слайд. «Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар».
Тақырыбына сай даналық...
І топ: Білім туралы нақыл сөздер тауып жазу.
ІІ топ: Еңбек туралы нақыл сөздер тауып жазу.
Синтаксистік талдауға бір - бір мақалдан ұсынып, тақтаға орындату.
ІV слайд. ’’Алтынды ала білген,
Бөле де біледі ‘’.
Бауыржан Ол туралы білгендерін ортаға салады.
Момышұлы ----> 100 жылдығы айтылады.
суреті Сұхбат жүргізуге сұрақ дайындау.
Мақаш Ол туралы сұралады.
Бекмағамбетов ----> 180 жылдығы, мектептегі шара туралы мақала жазу.

V слайд. ’’Білім - қымбат,
Білу - қиын’’.
Сұрақтар жасырылады.
10. Қазақ тілінде стильдің неше түрі бар?
10. Стиль сөзінің мағынасын айтыңыз.
10. Ауызекі сөйлеу стилінің қызметі қандай?
20. Тіл туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?
20. Қазақ тілімен туыстас тілдерді атаңыз. Қай тілдер тобына жатады?
20. Тіл туралы мақал - мәтелдер айтыңыз.
30. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашыңыз.
Қанына тарту -
Қызыл сөзден бал жағу -
Сөздің тігісін жатқызу -
Тепсе темір үзеді -
Үріп ауызға салғандай -
Шаңырақ көтереді -
30. ’’Терлеп еңбек етпегенің тілегіне жеткенін көргенім жоқ’’,- дейді Б. Момышұлы.
Қандай ой қоса аласыз?
30. Сыныптарыңа мінездеме беріңіздер.

IV. Сабақты қорытындылау.
IV слайд. ''Әркімнің шыққан тауы биік''
Публицистикалық стильде жазылған шығарма:
- Қоғамдық өмірмен тығыз байланысты болады.
- Жұртшылықты көптен хабардар етеді.
- Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.
- Шешендік сөзді көп қолданады.

V. Үйге тапсырма беру.
VII слайд. ’’Ойлай берсе, ой да көп, сана да көп,
Ойнай берсең, ой да жоқ, сана да жоқ’’.
17 - жаттығу.

VI. Бағалау.
VIII слайд. ’’Талап таудан да асырар’’.
Сабақ барысында талаптанып жақсы жауап берген оқушыларды топ алдында мадақтау, бағалау. Сынып ішінен болашақта тілші болуға қабілеті бар оқушыларға бағыт - бағдар беру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2018
892
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі