Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пысықтауыш

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпта өткізілген пысықтауыш тақырыбына арналған. Оқушылардың Синтаксис тарауындағы Пысықтауыш тақырыбынан қорытынды сабақ.Өткен сабақты пысықтауға арналған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен ойындар қамтылған. Қазақ тіліне деген қызығушылығын жаңа технология элементтері арқылы арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыштан өткенді қайталау

(Сайыс сабақ )

І.Сабаққа дейін

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Пысықтауыштан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше пысықтауыштың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру, есте ұстау, ойлану қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа, достыққа, жылдамдыққа, тілдік –эстетикалық сезімге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі :

Қайталау, сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:

Интербелсенді,топтық,талдау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

Слайдтар,тірек-сызбалар, кеспе қағаздар, плакат, ребус

Сабақтың жабдығы:

Интербелсенді тақта,СD

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет,математика,өлкетану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу;

2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

3.Топқа бөліну;

Алғышарттар

1.Оқушылар Пысықтауыш және оның жасалу жолдарымен толық таныс болуы керек.

2.Сөйлем мүшелеріне талдап, мағыналық түрлеріне ажырата алуы керек.

3.Оқушылар сабақ барысында қандай да болмасын тапсырманы жекелей және бірлесе отырып,жан-жақты қарастырып,ой елегінен өткізіп,туындаған ойлары мен түсініктерін ортаға салып,талқылап, пікірлесіп орындауы қажет.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбында эссе жазады.

Сынып 4 топқа бөлінген

1. «Білгірлер» тобы

2. «Алғырлар» тобы

3. «Зеректер» тобы

4. «Тапқырлар» тобы

ІІ.Сабақ кезінде

  1. «Проблеманы айқындау»кезеңі


Сұрақ- жауап

1.Тұрлаусыз мүшелерді ата.

2.Пысықтауыш дегеніміз не?

3.Пысықтауыштың мағыналық түрлерін ата.

4.Пысықтауыш қандай сөз таптарынан болады?

5.Пысықтауыштың байланысу түрлерін ата.

1.Ойқозғау. «Пысықтауыш дегеніміз не?»

Пысықтауыш – етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын мен себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.

Мысалы: «Ол үйге жүгіріп кірді» деген сөйлемде жүгіріп деген сөз Қайтіп? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сынын білдіріп тұр.

1.Пысықтауыштың негізгі белгілері:

1.Іс-қимылды мезгіл,мекен,мақсат,сын-қимыл,себеп,мөлшер жағынан пысықтап тұрады.

2.Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен? т.б. сұрақтарға жауап береді.

3.Байланысу түрлері – меңгеру,жанасу және қабысу.

2.Пысықтауыштың мағыналық түрлері және олардың жасалу жолдары:

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұраулары

Мысалдар

Мезгіл пысықтауыш

  • мезгіл үстеуінен

  • жатыс септігіндегі

мезгіл мәнді зат

есімнен

- септік шылаулы сөзден

Қашан?

Қай кезде?

Қай уақытта?

Ол бүгін келеді.

22 наурызда күн мен түн теңеледі.Таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасына

шығып,Майбасарға келе жатты (М.Ә.)

Мекен пысықтауыш

  • мекен үстеуінен

  • атау,ілік,табыстан басқа

  • септіктерде тұрған зат есімдерден

Қайда?

Қай жерде?

Қай жақта?

Қайдан?

Әжесі үйде қалды.

Қайсар биыл мектепке барады.

Біз қала маңынан келдік.

Мақсат пысықтауыш

  • мақсат үстеуінен

  • -ғалы,-гелі,-п тұлғалы көсемшелерден

  • Үшін шылауымен келген есім сөзден

Кім үшін?

Не үшін?

Неге?

Қандай мақсатпен?

Сәуле зат алғалы келді.

Ол әдейі кірді.

Мен осыны айту үшін сөйлестім.

Амал пысықтауыш

  • қимыл-сын үстеулерінен

  • еліктеуіштен

  • көсемше тұлғалы етістіктен

Қалай?

Қайтіп?

Қалайша?

Жиналыста шапшаң сөйледі.

Бала жүгіре-жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде,ол сылқ-сылқ күлді.

Себеп пысықтауыш

-өткен шақтық есімшеден

Неліктен? Не себептен?

Сен түсінбегендіктен айта алмадың. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.

Мөлшер пысықтауыш

- мөлшер үстеулерінен

- мөлшер мәнді сын есімдерден

Қанша?

Қалай?

Сабақта ұзақ сөйледі

Емтиханға жаппай кірді.

Тақтайды ұзын кес.

Кіріспе

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы - тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі 
Және туған
тарихы! - дейді М.Шаханов. Тілді, тарихты, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, сақтау - қасиетті борышымыз. Олай болса, әрдайым тілімізді аялап жүрейік деген тілекпен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.


Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген
- дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды бастаймыз!

Алдымен, сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:

1.Топты таныстыру.
2.Бәйге (Сұрақ-жауап) «Ия-жоқ»

3.Фотосұрақ «Қайда? Қашан?»

4.Сөйлемдерді талдау

5. Сергіту сәті

6.Мәтін құрау

7.Мақал- мәтелдерді табу

8 «Кім тапқыр»

9.Ребус шешу

10.Семантикалық карта

11. «Кім жылдам?»

І.Таныстыру

Сайысқа қатысып отырған топтар өздерін таныстырады

1.Білгірлер тобы «Білімді мыңды жығар,

Білекті бірді жығар».

2.Алғырлар тобы

«Жүзден жүйрікпіз,

мыңнан тұлпармыз»


3.Зеректер тобы «Оқусыз білім жоқ ,

Білімсіз күнің жоқ»


4.Тапқырлар тобы «Тілден артық қазына жоқ»

2.«Проблеманы шешу»кезеңі

ІІ.Бәйге Ия -жоқ

Шарты : Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. (Әр жауапқа 5 ұпай)

1.Білгірлер тобына

1.Пысықтауыш мағынасына қарай 3 ке бөлінеді.....

2.Ілгері деген мөлшер пысықтауыш ......

3.Бүгін күрделі пысықтауыш .....

4. Пысықтауыш мезгіл, мекенді білдіреді....

5. Пысықтауыш кім ? не? сұрағына жауап береді....

2.Алғырлар тобына

6. Пысықтауыш тұрлаулы мүше ....

7.Қиысу –пысықтауыштың байланыс түріне жатады....

8.Күрделі пысықтауыш екі сөзден болады ....

9.Жоғары мекен пысықтауыш ...

10.Көсемше сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады....

3.Зеректер тобына

11.Пысықтауыш морфология саласына жатады....

12.Пысықтауыш құрамына қарай екіге бөлінеді....

13.Не себептен? пысықтауыштың сұрағы...

14. Пысықтауыш Ілік септіктің сұрағына жауап береді.....

15.Шапшаң-амал пысықтауыш.....

4.Тапқырлар тобына

16. Мақсат пысықтауыш қанша деген сұраққа жауап береді.....

17.Пысықтауыш іс қимылдың иесін білдіреді...

18.Пысықтауыш үстеуден жасалады....

19.Жанасу пысықтауыштың байланыс түріне жатады...

20.Күзде сөзі мөлшер пысықтауыш...

3. «Проблеманың шешімін қолдану» кезеңі

ІІІ.Фотосұрақ «Қайда? Қашан?»(Дұрыс жауапқа 10 ұпай)

1 . Білгірлер тобына

Махамбет Өтемісұлының жерленген жері 

Іргетасы – біртұтас бетон. Қабырғасы – бетоннан, ішінен және сыртынан ұлутаспен қапталған. Төбесі – бетоннан құйылған күмбезі. Сыртқы шеңбердің диаметрі –7,6 м ішкі шеңбердің диаметрі 6,2 м. Басты қабырғасының биіктігі 6,4 м күмбез барабанының биіктігі –1,8 м, барабанның сыртқы шеңберінің диаметрі 5,2 м, кесененің жалпы биіктігі –12,2 м.Кесененің есігі ағаштан жасалған, лактелінген. Мазарға кіре берістегі баспалдақ жанына биіктігі 1 м, қалыңдығы 0,5 м. ұлутаспен қапталған жақтау салынған. Авторы – Көпбол Демесін.

Сұрақ: Махамбет Өтемісұлы қай жылы және қайда жерленген ?

1846 ж. Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен

оңтүстік-шығысқа қарай  40 ш.

2.Алғырлар тобына


Абай мұражайы
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы. Оның негізгі қорын 1885 жылы өлкетану мұражайына Абай тапсырған заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы. 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып қайта құрылды. Абай қорық-мұражайы қорында 20 мыңнан астам жәдігері, 12 950 кітабы бар ғылыми кітапхана және көшірме жасайтын ғылыми-техникалық бөлім бар

Сұрақ: Мұражай қайда орналасқан?

Шығыс Қазақстан облысында .Ақынның туғанына 95 жыл толуы қарсаңында Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1-сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылды.

3.Зеректер тобына

Қ.А. Яссауи кесенесі 

Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен салынған

Сұрақ: Кесене қайда орналасқан және қашан салына бастады?

  • 1397 жылы салына бастаған. XIV - XV ғасыр Түркістан қаласы

4.Тапқырлар тобына

Арыстанбаб кесенесі Алғашқы жөндеу жұмыстары .......ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер ....ғасырда сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына екі күмбезді құрылыс салынған. ....-ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909жылы қайта салынды

Сұрақ: Арыстанбаб кесенесі қайда және қай ғасырда салына бастаған ?

( Отырар .ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған.)

IV.Сөйлемдерден пысықтауышты тауып жасалу жолдарына қарай талда.

(Дұрыс жауапқа 10 ұпай)

1.Бұл сөзіме Шәймерден кеңк-кеңк күлді.(еліктеуіш сөзден, күрделі пысықтауыш. сұрағы Қалай? Амал пысықтауыш )

2.Сәуле зат алғалы келді.( не мақсатпен? Мақсат пысықтауыш.күрделі, көсемшенің –ғалы қосымшасы арқылы)

3.Біз ілгері жүріп кеттік.(қайда? Мекен пысықтауыш.дара, үстеу арқылы)

4. 22 наурызда күн мен түн теңеледі.(қашан? Мезгіл пысықтауыш.күрделі,Жатыс септігі арқылы.)

V.Сергіту сәті

Мына сөздердің барлығына тән ортақ нәрсе бар.Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырау, жетіген, қонақ, келу,жүзім, жымыңдаған.

VI. Мәтін құрау «Тұрақты тіркестер»( Дұрыс жауапқа 10 ұпай)

Берілген тұрақты тіркестің мағынасын ашып, мәтін құрау

1.Ит арқасы қиянда- «Серуенде»

2. Көзді ашып жұмғанша- «Күздігүні»

3.Қас қарайғанда- «Жазда»

4. Қас пен көздің арасында- «Далада»

VII. Мақал- мәтелдерді табу ( Әр жауапқа 5 ұпай)

1. ...................жинағанды,......................төкпе(қасықтап,шөміштеп)

2. ................... сөйлесең, жылан інінен шығады.(жылы-жылы)

3.Дос................. айтады,Дұшпан.............. айтады.(жылатып,күлдіріп)

4 .....................тұрған жігіттің ырысы артық,

........................тұрған әйелдің бір ісі артық.(ерте,ерте)

5.Жақсы ..........сөйлер, жаман........... сөйлер.(байқап, шайқап)

6.Жыланның уы..................,адамның уы .................. (тісінде, тілінде)

7.Жақсы жүрген жерін ............ жүреді, жаман жүрген жерін ...... жүреді(мақтап.даттап)

8. Жақсы бала ата-анасының басын ...........сүйрейді,

Жаман бала ата-анасының басын ...........сүйрейді.(төрге, көрге)

VIII. «Кім тапқыр?» (Дұрыс жауапқа 1ұпай)

Шарты: Топ ойыншылары қима қағаздардағы сөздерді алып,қимылмен немес жуық сөздермен түсінді реді.

Боран Мектеп Сандық Сәби Жүзім / Ту Телефон Кітап Балмұздақ Нан/

Көгершін Жол Жұлдыз Алма Көз / Үй Табиғат Сағат Қалам Көше/

IX. Ребус шешіп, синтаксистік талдау жасау (Дұрыс жауапқа 10 ұпай )

Шарты : әр топ өзінің ребусын ұсынады.

Шешімін тауып, синт аксистік талдау жасау.

X.Семантикалық картамен жұмыс(Дұрыс жауапқа 5 ұпай)

Пысықтауыш


Мысалдар

Мезгіл

Мекен

Мақсат

Себеп

Амал

Мөлшер

Біз қала маңынан келдік







Сабақта ұзақ сөйледі.







Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді







Сен түсінбегендіктен айта алмадың







Мен әдейі айттым







Ол бүгін келеді.







XI. «Кім жылдам?» (Әр жауапқа 5 ұпай)

Шарты : әр топ басшысына әріптер беріледі, сол әріптен басталатын қала аттарын айту керек.

Мыс: « А»- Астана,Алматы, Атырау т.б

Сабақты бекіту / Кері байланыс

1.Сайыс сабақ көңілдеріңізден шықты ма? 2.Қандай тапсырмалар ұнады?3.Бүгін не үйрендің? 4.Бүгінгі үйренгенің болашақта қажет болады деп ойлайсың ба?

Бағалау

ІІІ.Сабақтан кейін

Сабақты толықтыру/Үй тапсырмасы

«Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбында эссе жазу
































11


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2018
1681
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі