Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Q study" - қазақ тілінің заманауи мәртебелік ұйымы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түйін
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің мәртебесін көтерілуі, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясындағы Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбевтың қазақ тілі заманауи әмбебап әлемдік деңгейге жетілдірілуі туралы және соның негізінде қазақ тілін сапалы, оңай әрі тез латын қаріптеріне ауысу кезіндегі жаханды дағдыланған «Q study» қазақ тілін оқыту ұйымының жоспарлы іске асуы негізінде құрылып жазылған.
Резюме
В этой статье обсуждается вопрос о повышении статуса государственного языка Республики Казахстан, развитии казахского языка в рамках «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» изданным Главы государства Нурсултаном Назарбаевым о современном и универсальном организации «Q study» на основе которого лежит, планируемой реализации обучении на основе латиницы казахского языка.
Summary
This article discusses the issue of upgrading the status of the state language of the Republic of Kazakhstan, the development of the Kazakh language in the framework of «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» published by the Head of State Nursultan Nazarbayev on the modern and universal organization «Q study» on which lies the planned implementation of teaching on the basis of the Latin alphabet Kazakh language.
Q study - қазақ тілінің заманауи мәртебелік ұйымы
Түйін сөздер: Елбасы, тіл, ұлттық, рухани жаңғыру, қазақ тілі, ұйымы, мемлекеттік, ана тілі, заманауи, әдістеме.
Ключевые слова: Глава государства, язык, национальное, духовное возрождение, казахский язык, организация, государство, родной язык, современность, методология.
Keywords: Head of state, language, national, spiritual revival, Kazakh language, organization, state, native language, modernity, methodology.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықпен жүздесулері, студент - жастармен болатын әрбір кездесулері тіл мәселесіне бір соқпай кеткен емес.
Мемлекет басшысы мұндай кең алқалы жиындарда Мемлекеттік тіл- қазақ тілінің мәртебесін арттыру мен оның қолданылу аясын кеңейтуге үнемі назар аударып отырады. Сондай-ақ, үш тілді қатар меңгерудің маңыздылығы қашанда назардан түскен емес. Әрине, Елбасымыздың бұл саладағы тапсырмаларының арасында біз бірінші кезекте ҚР Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» аясында қыруар жұмыстардың атқарылғанын атап өтуіміз керек. Бұл ретте іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірудің ауқымды жобалары жасалды. Соның нәтижесінде тілдік құралдардың әдеби қоры жасақталып, Мемлекеттік тілді оқып, үйренудің әдістемелік жүйелеріне кең жол ашылды.
Осы оң үрдіспен ғана шектелмей, биылғы жылы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, іске асырылуы он жылға есептелген бұл Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделіп, онда тіл мәселелерімен айналысатын сарапшы қоғамдастықтың пікірлері мен ұсыныстары ескерілген. Елбасымыздың биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында да қазақ тілінің мәртебесі - Тәуелсіздігіміздің орасан зор жетістігі ретінде аталып өткені мәлім. Және де Елбасы Қазақстан халқына арналған биылғы жолдауында 2017 жылға қарай Мемлекеттік тілді білетін Қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу міндеті тұрғанын, ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиістігін атап өтіп, енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы Мемлекеттік тілді біліп шығатын болады деп көрсетті.
Бүгінгі таңда елімізде тілдер қолданысының дамуын іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасты. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар жүйесінде Мемлекеттік тіл - қазақ тілін қолдану мен оның талап етілуі де күннен-күнге артып келеді.
Бұл қуанарлық әрі құптарлық жәйт. Жоғарыда аталған бағдарламада көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы іс-қағаздарының екі тілде- мемлекеттік және ресми тілде жүргізілетіні жөнінде айтылған. Бұл ретте Мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру мен оның қолданылу аясын кеңейтуді үнемі назарда ұстап отырудың маңызы зор. Біздің ана–тіліміздің тұғырының мықты болуы әрбір қазақстандықтардың міндеті [4].
Осы орайда, заңдылықты қадағалау саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қызметкерлердің тілді жетік меңгеруіне және мемлекеттік тілді оқып үйренуге бағытталған іс-шараларын ұйымдастыру негізінде «Q study» - қазақ тілінің заманауи мәртебелік ұйымы ретінде оқыту әдістемесі жастар тарапынан жоспарланып, іске асуы көзделуде. Және осы Елбасымыздың саясатының негізіндегі, еліміздің жахандық тарихи латын әріптеріне көшуін, біз жастар қолдаймыз.
«Q study» - қазақ тілінің
заманауи мәртебелік ұйымы ретінде оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысанының
қазіргі әлем талабына сай қазақ тілін оқытылуы жөніндегі
болашақтағы Қазақстан Республикасының әдістемелік педагогикалық
ғылымының бір саласы болып табылады.
«Q study»
- өз алдына қазақ тілін оқытып
жетілдіру жөніндегі латын қаріптері негізіндегі әдістемелік дербес
ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу
әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің
зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар.
Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика
ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен
тарихи -
мәдени қалыптасқан теориялық
қағидалардан, тұжырымдардан қоғамның және заман талабына сай
ұйымдастырылып шығарылады деп көзделуде. Егер нақтылап айтсақ,
«Q study»
бастапқы оқыту әдістемесіне мына
мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2)
мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту
керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту
кезінде талапкерлердің білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы
мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері қарастырылады. Бұл
мәселелерді шешу «Q study» ұйымының тәрбие мен білім беруінің жалпы мақсаттарын белгілейді.
«Q study»
әдістемесінің мынадай
міндеттері бар: 1) Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын
Қазақстанды қоғамда қалыптастыру арқылы қазақ тілін, туған жереін
құрыметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін әлемдік
деңгейге көтеру; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді
әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен
талапкерлердің құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне
байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын)
зерттеу және сипаттау; 3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты
белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) талапкерлердің ойдағыдай
игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл
қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің
шарттары туралы мәселелерді талдау. Бұл құрылымды жобаның нақты
анықтамасына келер болсақ, оларға мыналарды атап көрсетсек
болады:
«Q» – «Qz; Kz» Латын әліпбиіне ауысу аясындағы Qazaqstan атауының қазіргі әлем талабына сай қысқартылған бас таңбасы.
«Study» – ағылшын тілінен аударғанда «оқу, зерттеу» деген мағына негізінде құралған.
Сонымен, «Q
Study» - рухани жаңғыру аясындағы
Қазақстандық және де өзге де елдер арасындағы қазақ тілін үйренуді
Мақсат етіп жүрген азаматтарға XXI ғ. талабына сай әмбебап рухани
әрі тарихи – мәдени негізінде қазақ тілінде сөйлеуді оңай әрі
жылдам оқытып, жетілдіру ұйымы. Адамдардың қазақ
тіліндегі зергерлік білімі мен тәжірибесін дамытуға арналған
тиімді, әрі қазақ тіліде сөйлеушілер санын жетілдіруге бағытталған,
қоғамға пайдалы ұйым ретінде, яғни негізгі қазақ тілді рухани
қауымдастық құрұ және желілік қоғамдастық
құру.
Сонымен «Q study»
ұйымы қазақ тілін оқыту
әдістемесі - оның мазмұны мен қағидалары, әдістері мен тәсілдері
туралы және әлемдік қоғамда қазақ тілінен талапкерлерге берілетін
білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары,
сапалы, оңай әрі тез оқыту шарттары туралы заман талабына сай
әмбебап ғылыми ұйымы негізінде
құралады.
Осының негізінде білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу-ХХІ ғасыр мұғалімдерінің басты міндеті. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда отандық және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, талапкерлер бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру - бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілі сабақтарында еркін қарым- қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырса, талапкер қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Осы мақсатта, Алматы қаласындағы Тұран университетінде тілді кіріктірілген бағдарлама негізінде оқыту жобасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) дағдыларын қалыптастыру. Мектеп бітірген оқушылар ана тілін С1 деңгейінде, екінші тілді С2 деңгейінде меңгерулері қажет[1].
Осы аталынған тұрғыдағы бағытты ескере отырып және бүгінгі Елбасының мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілінің мәртебесін көтеру негізіндегі қазіргі қолға алынып жатқан мемлекеттік шенеуліктер тарапынан қазақ тілін міндетті біліп, сөйлеу талаптарын қарастыра орырып, Q study – қазақ тілін оқыту бағдарламасындағы негізгі 3-бағытын ұсынады:
-
Кіші - Қазақша сөйлеп оқыту бағыты – қазақ тілінде практикалық диолог негізінде адамдарды оқыту бағыты. (Көбіне шетел азаматтарына арналған)
-
Орта - Қазақша негізгі оқыту бағыты – қазақ тілінің негізін құраушы оқулық бағдарламасын жылдам оқытып, үйрету бағыты. (Өзге ұлттық тілде жетілдірілген азаматтар мен орыс тілді мелмекеттік шенеуліктерне арналған)
-
Үлкен -Қазақша терең оқыту бағыты – қазақ тілін тарихи, рухани мәдениетті түрде жетілдіріп бағдарламалық тілді мәдени тұлға жетілдіру негізінде үйреу бағыты. (Мектеп оқушыларына, студенттерге және т.б арналған)
Және де бұл атап көрсетілген «Q study» – қазақ тілін оқыту ұйымының бағдарламасындағы негізгі 3-бағыттарының барлығы әлеуметтік желілер арқылы, яғни онлайн режимінде қазіргі заман талабына сай, қолжетімді әрі оңай оқытылуына негіз болмақ.
«Q study» қазіргі кезде қоғамға қазақ тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалатындығы қарастырылған. Қазақ тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, жүйелендіру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Ал, оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс- тәсілдері, коммуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Сондай-ақ, 12 жылдық білім беру үлгісіне ауысу мұғалімнен инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауды талап етеді. Кәсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Бүгінде елімізде қазақ тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Яғни жаңаша білім беруде талапкерлер алдына қойылған мақсат көптілді білім бере отырып, әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту болса, ал міндетіне әр оқушының жеке қабілеттері мен көптілді дамытуды қамтамасыздандыруға жағдай жасау, әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған талапкерлердің жобаларын дамыту болып тұр. Ал, күтілетін нәтиже көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге, қабілетті тұлға дайындау [2].
Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді – қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің маңыздылығы Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізгендігі сөзсіз [3].
Қорыта айтатын болсақ, тіл – қатынас құралы, тіл білу арқылы әлемді тануға болатыны сөзсіз. «Q study» көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілу арқылы талапкерлердің халықаралық жобаларға қатысуын кеңейтуге, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, қазақ тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік туады. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін, бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде: «Біздің болашағымыз білікті де, білімді жастардың қолында»,[5] - деп атап көрсетсе, сол жастарды мектеп табалдырығынан бастап дайындауға көш алдында болу, жаңа заман талабынан қалмай алдыға жылжу, яғни заман талабы оқушылардың бойына түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыру – әр мұғалімнің азаматтық борышы болып табылады. Өмірге жаңа ұрпақ келіп жатқанын естен шығармағанымыз жөн. Қазіргі ұрпақтың бойында ұлттық рух, ұлттық намыс жоқ дей алмаймыз. Керісінше, қазіргі жастар елінің болашағы – қазақ ұлтымен, оның мемлекеттік тілімен тікелей байланысты екенін жақсы түсінеді және сонымен қатар, әлемдік үдерістің талабына сай қазақ тілді меңгерудің де өмір талабы екендігін жақсы біледі. Барлығы да уақыттың еншісінде, келешек ұрпақ «Q study» - мен бірге ұлтының ұлы мұратын биік ұстайды деп сенеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Үш тілде білім беруді іске асыру бойынша мектептерге арналған нұсқаулар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. - 184б.
-
12 жылдық көшуге арналған білімді дамыту бағдарламасы. // adilet.zan.kz
-
Мектептегі шет тілі. // Республикалық-әдістемелік-педагогикалық журнал, – №4 (44), – Алматы, – 2010.
-
http://oko.prokuror.kz/kaz/baspasoz/makalalar/memlekettik-til-mrtebesi-el-mrtebesi
-
https://infourok.ru/bizdi-bolashaimiz-bilikti-de-bilimdi-zhastardi-olinda-desek-sol-zhastardi-mektep-tabaldiriinan-bastap-dayindau-bizdi-olimizda-1774081.html