Адам өз болашағы туралы өсе келе көп ойланады екен. Мына бес күндік жалғанда адам алдындағы басты мақсаттар келешекке құралады емес пе? Әрине, дәл осылай мен де күнде « болашақта кім болам?» деген сансыз сұрақтарға жауап іздеп толғанам. Көзді ашып-жұмғанша балалық шағымыз зымыран секілді ұшып, жанарымыздан бейне бір ғайып болғандай. Енді міне, балалық шағымызды бауырларымызбен еске алып, арқа-жарқа болып күліп аламыз. Бала кезімнен қазіргі кезге дейін Мұқағали атамыздың өлеңдеріне зейін қойып тыңдағанды ұнатамын.
Құс та болғым келмейді, қанатым бар.
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Бұл өмірден хабарсыз, жаңа туған,- деп поэзия падишахы жырлағандай, сәби болғым келіп кететіні бар кей кезде. Мұқағали атамыздың осы бір өлеңіне бала кезімде мүлдем түсінбейтінмін, ал қазір ақиық ақынымыздың сол бір кездегі сезім күйін кешіп жүргендеймін.
Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы,-деген өлең жолдарын күніне сан қайталасақ та, мән-мағынасына көңіл бөліп, ой елегінен өткізіп, саралап жатқандар шамалы. Қазіргі таңда білім шырағының лаулап жануы бәсеңдеп қалған секілді. Әрине, оның барлығын балалыққа салынып жүргендіктен деп жылы жабамыз да қоямыз. Дегенмен, Қазақ елінің болашағы біз, жастар,емеспіз бе? Ендеше есімізді жиып, Міржақып Дулатов тілімен айтқанда «оянайық» жастар!
Мектеп табалдырығында оқып жүрген біздердің барлығымызда көкейкесті бір сұрақ бар, оның жауабын белгілейтін өзіміз. Болашақта кім болам? Бұл өте маңызды қадам. Тек өзіміз үшін ғана емес, еліме не беремін деп таңдау жасау керек ...
Жеке өз басым бұл сұрақтардың жауабын белгілеп қойдым, биыл ғана. Бұл жағын айта кетсем, таңдауым әдебиет пәніне түсті. Журналистика факультетінің белсенді студенті боламын деп сенемін. Қабылданған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым болып қана қоймай, елімнің жарқын болашағының кепілі де болуы тиіс. Сонымен қатар, қасымдағы қатарлас, тілектес достарымның болашақта дұрыс шешім қабылдап, Қазақстанды жан-жақты көркейтетін білікті де, білімді маман иелері болуын тілеймін.
Ендеше мақсатым айқын, болашақ мамандығымның сенімді серігі болуға дайынмын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қабылданған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым» эссе
"Қабылданған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым» эссе
Адам өз болашағы туралы өсе келе көп ойланады екен. Мына бес күндік жалғанда адам алдындағы басты мақсаттар келешекке құралады емес пе? Әрине, дәл осылай мен де күнде « болашақта кім болам?» деген сансыз сұрақтарға жауап іздеп толғанам. Көзді ашып-жұмғанша балалық шағымыз зымыран секілді ұшып, жанарымыздан бейне бір ғайып болғандай. Енді міне, балалық шағымызды бауырларымызбен еске алып, арқа-жарқа болып күліп аламыз. Бала кезімнен қазіргі кезге дейін Мұқағали атамыздың өлеңдеріне зейін қойып тыңдағанды ұнатамын.
Құс та болғым келмейді, қанатым бар.
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Бұл өмірден хабарсыз, жаңа туған,- деп поэзия падишахы жырлағандай, сәби болғым келіп кететіні бар кей кезде. Мұқағали атамыздың осы бір өлеңіне бала кезімде мүлдем түсінбейтінмін, ал қазір ақиық ақынымыздың сол бір кездегі сезім күйін кешіп жүргендеймін.
Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы,-деген өлең жолдарын күніне сан қайталасақ та, мән-мағынасына көңіл бөліп, ой елегінен өткізіп, саралап жатқандар шамалы. Қазіргі таңда білім шырағының лаулап жануы бәсеңдеп қалған секілді. Әрине, оның барлығын балалыққа салынып жүргендіктен деп жылы жабамыз да қоямыз. Дегенмен, Қазақ елінің болашағы біз, жастар,емеспіз бе? Ендеше есімізді жиып, Міржақып Дулатов тілімен айтқанда «оянайық» жастар!
Мектеп табалдырығында оқып жүрген біздердің барлығымызда көкейкесті бір сұрақ бар, оның жауабын белгілейтін өзіміз. Болашақта кім болам? Бұл өте маңызды қадам. Тек өзіміз үшін ғана емес, еліме не беремін деп таңдау жасау керек ...
Жеке өз басым бұл сұрақтардың жауабын белгілеп қойдым, биыл ғана. Бұл жағын айта кетсем, таңдауым әдебиет пәніне түсті. Журналистика факультетінің белсенді студенті боламын деп сенемін. Қабылданған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым болып қана қоймай, елімнің жарқын болашағының кепілі де болуы тиіс. Сонымен қатар, қасымдағы қатарлас, тілектес достарымның болашақта дұрыс шешім қабылдап, Қазақстанды жан-жақты көркейтетін білікті де, білімді маман иелері болуын тілеймін.
Ендеше мақсатым айқын, болашақ мамандығымның сенімді серігі болуға дайынмын!
шағым қалдыра аласыз













