Қайруллаев Нұртілек «Көркем шығармадағы кеңістік пен уақыт»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қайруллаев Нұртілек «Көркем шығармадағы кеңістік пен уақыт»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл зерттеу жұмысында көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі қарастырылған.Бірқатар авторлар шығармашылығы талданып,үзінділер келтірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қайруллаев Нұртілек «Көркем шығармадағы кеңістік пен уақыт»

Көркемдік уақыт пен кеңістік – әдебиеттану ғылымындағы мәні терең өзекті мәселелердің бірі. Болмыстағы құбылыстардың барлығын осы өлшемдер арқылы бағалай аламыз. Тылсым табиғатта мезгіл мен мекен заңдылығына бағынбайтын еш нәрсе жоқ. Соңғы жылдары көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесін зерттеген теориялық жарық көруде. Орыс әдебиеттануында көркемдік кеңістік пен уақыт туралы алғаш рет зерттеген ғалымның бірі – М.Бахтин болды. Ол көркем шығарманың бітіміне лайық өзара байланысқа түсіп, көркемдік қызмет атқаратын уақыт пен кеңістіктің өзара байланысын «хронотоп» терминін енгізді. Көркем шығармадағы «хронотоп» немесе «мекеншақ» ұғымы ілемнің философиялық-логикалық моделін бейнелеу арқылы өтпелі дәуірдің өзіндік ерекшеліктерін әдеби үрдісіндегі терең өзгерістерді анықтап айқындауға мүмкіндік береді.

М.Бахтин: «Әдеби шығармадағы хронотоп дегеніміз – уақыт пен кеңістік белгілерін нақтылы бір бүтіннің табиғатына лайық бірлікте көрінуі. Мұнда уақыт қоюланып, тығыздалады, сығылысады. Сөйтіп көркемдігімен көзге түскендей дәрежеге жетеді. Ал, кеңістік болса, шоғырланады, тарихтың, сюжеттің, уақыттың қозғалысына бағындырылады. Уақыт таңбасы кеңістікте белгіленіп көрінеді. Ал кеңістік уақыт арқылы танылып, уақыт арқылы өлшенеді Мінекеи көркем хронотоп қатпарлардың осылай қиысып, белгілердің осылай қосылып, тұтастануымен сипатталады» -деп анықтама берді.

Жалпы жазушылар өздерінің шығармаларында реальды оқиға өтетін белгілі бір кеңістікті жасайды. Ол кеңістіктің ауқымын кеңейтіп, оқиғадан да тыс қосымша көп дүниелерді қамтуы мүмкін. Олар авантюралық, саяхаттық немесе фантастикалық, модернистік роман, прозалық шығармаларда оқиға болатын жерден тыс басқа әлемдерде өтуі мүмкін. Сонымен қатар оқиға бір бөлменің ішінде ғана немесе бір күн, бір сағат ішінде өтуі де мүмкін. Осындай құбылыстарды шебер игере білген жазушы, шығарма сюжетін қызықты, әрі тартымды тұрғыдан құрастыра алады. Соған орай, уақыт пен кеңістікті зерттеу мәселесі жалпы әдебиет саласының кез келген шығарман тілінің өн бойын айқындап, оның құрылу спецификасын, жазушының дүниетанымы туралы көзқарасын айқындауға мүмкіндік береді.

Кеңістіктің «географиялық орта» ретінде нақты, реалды түрі болады. Мысалы тарихи романдардағы кеңістікті жасау заңдылығы да өзіндік заңдылықтарға ие болады. Кей кезде мұндай құбылыс ойдан шығарылған, қиял-ғажайыптық сипатта болуы мүмкін. Сонымен қатар кеңістік пен уақыттың мифтік түрі де бар. Олардың барлығы да, әсіресе, бәрімізге мәлім көбіне фольклористика саласында іске асады.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ прозасында қолданылатын уақыт пен кеңістік өлшемдері күрделене түскені байқалады. Шынайылық ертегімен, мифпен де жымдаса дамитыны байқалады. Нәтижесінде бұл құбылыстар хронотоп деп аталатын заңдылыққа шартты тұрғыдан тәуелді сипатқа ие болды. Бұл ұғымының өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын болсақ, әр жазушы шығарма сюжетін тарихи деректерден тыс өзінің ішкі түйсігіне, көзқарасына сәйкес уақыт мен кеңістік құбылысын өзгертетіні байқалады [1, 20-б].

Өз кезегінде тың зерттеулер мен талдауларды қажет ететін қазақ әдебиетінің жауһар туындыларының бірі М.Мағауиннің «Жармағы».Аталған роман жазушының уақыт және кеңістік тұрғысынан ең көп көрініс беретін ерекше туындысы.Бір тұлғаның екіге бөлінер алдындағы біртұтастығын Г.Бельгер «Жармақ» романы туралы бірер сөз атты мақаласында былайша келтіреді: Сонау бір жастықтың арайлы шағында бұл тұлға құйылған құрыштай сом, бүтін болатын: бір жүрек, бір жан, бір интеллект, яки мұрат-мүдде, ынта- жігер, өткен өмір, табиғи қалып, білімге құштарлық, мінез-құлық, махаббат, арман – бәрі біртұтас еді Яғни құйылған сом құрыштың екіге жарылуы қаншалықты қиын болса, бұл да адам болмысында орын алуы екіталай құбылыс. Бір жанның бөлінуі, жүректің екіге бөлінуіне, ол ақылдың екі жартыға айналуына әкелген. Одан кейінгісі осы негізі бөліністердің салдары болып тұр. Шығармада ең негізі оқиға – бір адамның екіге бөлінетін уақыты және ол бірден дүйім жұртқа белгілі болған құбылыс емес. Кейіпкердің өзі бірнеше жыл алаңсыз ғұмыр кешкен соң адам айтса сенгісіз шындықпен бетпе-бет келеді. Уақыт – адамдарға осы шақтан өткен мен болашаққа өтіп, саяхаттауға мүмкіндік беретін шексіз мұхит. Сол секілді романдағы уақыт пен кеңістік бірнеше категориядан көрініп отырады. Бастапқыда автордың дүниетанымдық уақыт пен кеңістігі айқын байқалса, оқиға желісі шиеленісе келе фантастикалық уақыт пен кеңістік категориясына ауысады. Шығарма ең алдыменавтордың қолына табысталған қолжазба иесі турасындағы әңгемеден басталады. Бұл бөлімі «Жармақтың» өзіне тікелей қатысты болмаса да, ескерусіз қалмайды. Өйткені әдеби әлемдегі «автор өлімі», яғни автордың кейіпкер тасасына толықтай өтуі Иман Қазақбай туралы естелік пен оның қолжазбасын оқу сәтінде орын алған. Автор марқұммен жақын дос болмаса да, арасында хабар алысып тұратындығымен бастайды. Мысалы : «..Азалы топырақ үстінде өкінішке әрі ризашылыққа толы екі-үш ауыз бақұл сөз айттым, жыл уағы өтпей, бейбақ жесірі де дүние салып еді, әке жолынан аулақ балалары мынау алмағайып заманда тіршілік қамында кетіпті, ала қағаз бетіндегі барлық мұрасына жанашырлық танытқан немере інісі менің қолыма әртүрлі сыпаттағы, тура жарым сандық қолжазба тапсырды» [2]. Бір сөйлемде бірнеше оқиға желісі бірден берілген. Оқушы оқып отырып автор мен марқұмның достық кезіне бір түсіп, әрі қарай марқұмның өмірден өткен уақытына әкеліп, әңгімелеуші адамның сол кездегі темпоралдық ритміндегі өзгерісті көрсетеді.

Оқиға ізімен шартты түрде күйеуі өлген әйелдің жесір атанатынын еске сала кеткен. Оның да қайғы артын суытпай бұл өмірмен қош айтысқандығы, екі бейбақтан қалған балалардың әке мұрасына немқұрайлығы(отбасы мәселесі) мен сан-сарсаққа салынып қолжазбасын жинаған немере інінің ұзын- сонар әрекеті(саяси мәселе), еш үзіліссіз орын алатын бір уақыт шеңберіне сыйғызып жіберген. Аталған бір ғана сөйлемде уақытпен қатар кеңістіктіңбірнеше түрі көрініс береді.

Ара-кідік телефондасу – ара-кідік уақыт мөлшерін беріп тұрса, телефондасу, екі жақтың сөйлесу кеңістігін құрайды.

Азалы топырақ үстінде – уақыт пен кеңістік бірлігі қатар көрінген тіркес. Қайғылы сәттің шекарасы мен оның орын алған кеңістігінен хабар береді. Жыл уағы өтпей – әрекеттің орындалу уақыты. Нақтырақ әйелдің қысқа уақыт ішінде дүние салуы.

Алмағайып заман – балалар өмір сүрген уақыт.

Ала қағаз бетіндегі мұра – жазушының бар мұрасы орналасқан кеңістік. Тіркес сонымен қатар ақ қағазға түскен қара сияның сипаты мен көлеміненхабар береді.

Тура жарым сандық қолжазба – қолжазба көлемін қамтитын кеңістік. Қағаз санының көлемі көзбен өлшеліп, жарым сандықпен бекітілген. Бұл сандыққа салып көрсетуді білдірмейді, автордың көз алдында қалған мұраның кеңістік қалпына қалай түскенін көреміз.

Қолжазба тапсырды – алушы мен беруші әрекетінің тоғысу уақыты.

Жинақталған мұраның баяншыға берілген уақыты анық көрсетілген.

Шығармада метафизика, этика, эстетиканың байланысы анық байқалады. Қаламгердің кейіпкерлері өздері орныққан ортаның қалтарыстарын, көлеңкелі тұстарын танып білуге ұмтылады [3]. Онысы жарық өшкен сәттен бастау алады. Уақыт шеңберінде жарқтың өшу сипатын Мұраттың таным кеңістігінде орын алған құбылыс береді.

Көркем шығармадағы уақыт оқиғаның суреттелуіне байланысты бірде жедел, бірде баяу жүріп, кейде үзіліп те отыруы мүмкін. Қайсыбір шығармаларда оқиға аяғынан басталып, суреткер-автор уақытты кейін қарай жылжытып көрсетуі мүмкін.

Мәселен, Оралхан Бөкеевтің «Үркер», «Бәрі де майдан» шығармаларында уақыттың қолданыс ерекшеліктері де өзіндік ерекшеліктеріне тән қолданылатынын байқадық. Мәселен уақыт жазушының суреттеу жүйесіне сәйкес бірде кейін, бірде ілгері жылжытылып, негізгі оқиғалар, тартыс лирикалық алға, артқа шегініс жасау арқылы беріліп отырады.

Осы орайда Оралхан Бөкеев шығармаларында уақыт пен кеңістік композициясы үлкен орын алатыны туралы айта кетуді жөн санадық.

Жазушының өзі де «Қар қызы» повесі жөнінде: «Ол повесте менің айтайын дегенім тракторшылар өмірі емес, кеңістік пен жалғыздық мәселесі, адамның кеңістікті түсінуі, қабылдауы, кеңістіктің жалғыздыққа жасайтын ықпалы» - дейді.

О.Бөкеев шығармаларында жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз өз кезеңдеріне сай табиғаттың суреттелуі айшықты тұрғыдан бедерленіп отыруымен қатар уақыттың да өлшемі де болып суреттеледі. Шығармаларда суреттелетін оқиғалардың уақыты, мезгілі нақтылы көрініс табады. Шығармадағы табиғат құбылысының мезгілдік тұрғыдан суреттелуі әсерлі шығады. Таңның қылаң беруі, күннің шығуы, сәуле шашуы, талма түс, бесін, өліара бітіп айдың жаңалануы, айдың толысуы, бәрі де мезгілдік қызмет атқарып тұр.

Сонымен бірге жазушы шығармаларындағы оқиғалар, іс-әрекеттер нақты сюжеттік уақыт жағынан алғанда екі-үш тәуліктік мерзімді ғана қамтып көрсетеді. Қалғандары кейіпкердің жан-дүниесіне сыналай кіру, ой дүниесін ақтару арқылы лирикалық шегініс, кейіпкер монологтары арқылы беріліп отырады.

Жазушының «Мұзтау» повесінде негізгі кейіпкер Ақтанның нақтылы уақыт, үш күнгі елден жырақ жүрген тіршілігі суреттеледі. Мұндағы Ақтанның ойы, естеліктері кейін шегіну арқылы ғасырлар тереңінен сыр тартып көркемдік уақыттың танымдық сипатын, әсерлігін арттыра түседі. Автор кейіпкердің дүниеге көзқарасының қалыптасуына ерекше әсер еткен жағдайларды, мәнді кезеңдерді таңдай отырып, шығармадағы тарихи уақыттың маңыздылығын арттыра түседі.

Өмірі Аршалының тарихымен сабақтас жазушы өзі «ақ көңіл адам еді» деп сипаттайтын өтірікші Асан шалдың ертегілері арқылы көркемдік уақыттың қаншалықты маңызды, мағыналы болатындығына көз жеткізеді. Осы Асан шалдың өтірігі арқылы шығармада фольклорлық уақыт пен кеңістік те бейнеленеді. [1, 21-б].

Шыңғыс Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы.Шығармдағы биологиялық уақыт пен кеңістік кейіпкердің өміріндегі күнтізбелік және тәуліктік ырғанынан(ритм), оның қоршаған адамдар мен табиғаттан хабардар етеді. Романның алғашқы беттерінде билогиялық хронотоп аш түлкінің темір жолды бағып, қорек іздегенінен бастап, роман бойы жалғасып отырады. Күн мен түн ауысуы, пойыздардың батыстан шығысқа, шығыстан батысқа зулап жатуы, тоқтауы секілді уақыттың өзгерісі биологиялық хронотоп шеңберінде қамтылады. Шарасыз аңның тіршілігі роман бойы суреттелетін адамдар тіршілігіне кіріспе ретінде берілгендей. Ондағы биологиялық уақыт пен кеңістік белгілерін нақты сөздер мен сөз тіркестерінен аңғарамыз: «кешқұрым», «түн жамырар сәт», «пойыз өтіп кетіп, келесі пойыз келгенше..», «күз де таяп келеді», «Сарыөзектің күзі жақындап қалып еді», «кешкі алагеуім», «таң атып келеді», «таң азанмен», «қыс келіп қалды», «күн көтеріле бергенде» т.б.. Хронотоптың бұл түрі романның негізгі арқауы.

Романда табиғатта болып жатқан құбылыстар мен адамдар әлеміндегі толқыныс, тыныштық күйін қатар беру де жиі қолданылған. Осы арқылы автор әр алуан уақыт кезеңіндегі адам болмысындағы заңдылықтарды, қоғам өмірінің шарттарын күнтізбелік және циркадтық ырғаққа тәуелділігін көрсетеді [4]. Ол әртүрлі жыл мезгілі мен тәуліктегі кейіпкерлердің өмір салтында болып жатқан үрдістер мен құбылыстарды толық сипаттайды және мезгілден хабар беріп, өмірмен байланыста қарауға мүмкіндік туғызады. Ал Боранды Едіге Қазанғапты соңғы сапарға алып шыққан бір күн – мәңгілік мұраттың ғасырлық шері мен шеменін сарапқа салған уақыт. Не өзгерген? Түк те. Қасірет қоғамдық жүйенің адамдар мінез құлқына дарытқан түрлі белгісімен алдыңнан шығады. Боранды Едігенің бір күнде ойлап-ойлап жауабын таппаған ғасырлық сұрақтары – түптеп келгенде, шешуі жоқ адами қасіреттердің басы да, аяғы да емес, жалғасы екенін көрсетеді [5].

Қойшыбек Мүбәрактың «Айдың соңғы сәрсенбісі» хикаятының құрылымындағы аптаның сәрсенбі атауы тақырыпқа шыққан. Яғни, шығармадағы сәрсенбі күні – мистикалық уақыт. Сәрсенбі күні Жалғас дүниеге келген және оның анасы, атасы, әкесі Жаныс қаза тапқан, әжесі атасына күйеуге шыққан. Автор бұл күнді Жалғастың «отбасына жабысқа пәлекет» деп шалдың сөзімен береді. Хикаттағы келесі мистикалық уақыттың бірі – түн. Автор оқиғалардың өту уақытын көрсету үшін тәуліктің түн бөлігін таңдап алады.

Автор оқиғаларды ретімен баяндау жағына жіті назар аудармайды. Сонымен қатар, хикаяда оқиғалар желісі екі мәрте баяндалған тұстар кездеседі. Мысалы, сәрсенбі күнгі болып келген оқиғалар Жалғас кейіпкердің әжесімен диалогы арқылы және шығарманың ортасында Жаныстың әжесінің әңгімелерін еске түсіру әдісімен беріледі. Хикаятта автор оқиғалардың мән-мазмұнын, орындалу уақытын Жалғастың әжесінің айтқандарын еске алуы арқылы таныстырады. Яғни, Жалғас сәрсенбі күні, яғни өзі дүниеге келген күні атасы буаз биенің ішінен тепкенде құлынның қиналған даусы естілген екен. Жылқының қарғысы дәл Жалғас дүниеге келген күнге сәйкес келгендіктен, өмір жолында ұдайы сәтсіздіктер мен қорқынышты құбылыстар кездесе береді.

«Ақ көйлектегі қыз» әңгімесі.Автордың шығармаларының бір ерекшелігі, тылсым, үрейлі оқиғаларды әрқашан кейіпкері еске түсіреді. Дәл осы шақта болып жатқан құбылыстар мен әрекеттер өте қысқа ғана баяндалады.Әдетте демонологиялық кейіпкерлердің адамға жамандық жасайтын уақыты түн болып келеді. Ал бұл әңгімеде белгілі бір уақыт бөлігі алынбаған, тек малға тиісетін кезде түнгі уақытта малқораға және адам ұйықтап жатқанда келеді. Ал кеңістік ретінде бұлақ басы, таулы аймақ, мал жайылатын жерлер, яғни адам аяғы жиі баспайтын кең, ашық мекендер бедерленген. Мысалы, ақ көйлекті қыз жас балаға бұлақ басында, ал атасы мен жынды Темірханға Ереймен сайда кездеседі. Әңгімеде сайтан жылап жатқан нәресте және ақ көйлек киген келіншек (қыз) болып антроморфтанған формада көрінеді. Сонымен қатар, адамға магиялық әсер ететін зат, жануар ретінде күміс сақина, көк бұқа мистикалық оқиғалардың себеп-салдарын түсіндіру үшін таңдалған. [6]

Қазіргі посмодернистік үлгіде қалам тербеп жүрген жас жазушы Әлихан Жақсылықтың «Нотр–Дамда құлшылық жасау керек пе?» романында кеңістік те уақыт та айтылмайды.Бір теңіз жағалауында орналасқан шағын ғана қалашық,оқиғаның болып жатырған уақыты белгісіз.Тек халық орналасқан кеңістікті теңіздің арғы жағы мен бергі жағы деп беріп отырады.Мәселен романда: «Біз теңіздің теріскейіндегі таңғажайып тұрмыс-тіршілік туралы оқиғаларды ойдан шығарып,қысыр қиялға бататынбыз.Арғы бетте қандай өмір барын кім білген,бірақ жарқ-жұрқ пен жалт-жұлттың бәрі сол жақтан келіп,қалжыраңқы қаланың қалт-құлт қалыбын қозғап қоятын» [7, 8-б].

Енді бірде: «Көктем туа қалада күрт көбейіп, қыстың камын құлшына күйттеген қара құмырсқаның қосынындай қаптайтын гүл сататын саудагерлер теңіз жағасын қыз-қыз қайнатып, өрнек-нақышы қырық құбылған түкті кілемнің анық та қанық бояуындай жайнатып жіберетін. Жалпы, көктемі ылғалды, жазы ыстық, келте күзі күреңіткен, кысы айрықша жұмсақ осы бір өлкенің тыныс-тіршілігі әр апта сайын түрленіп, жат көзге тым түсініксіз, аса көп тосын өзгеріске бейім болды» – деп, белігісіз бір мекенді,қиял қоса отырып суреттейді [7, 7-б].

Пайдаланылған әдебиеттер

1.З.Е. Колумбаева, Б.Ж. Абильмажинова Фольклордағы уақыт пен кеңістікке қатысты мәселелер Монография – Астана: «Тұран- Астана», 2023. – 91б.

2.Мағауин М. «Жармақ» [Abai.kz]. – 2015. URL: https://abai.kz/post/50226

3.Алпысбаев Қ. М.Мағауиннің «Жармақ» романы // Әдебиеттану және тіл білімі(26), 2015 — №1.

4.https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/935

5.Темирболат А. Категории хронотопа и темпоральношо ритма в литературе. Монография. – Алматы: Ценные бумаги, 2009. – 504 с

6.https://adebiportal.kz/kz/news/view/qoisybek-mubarak-angimelerindegi-uaqyt-pen-kenistik-birligi__24887

7.Әлихан Жақсылық, Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе? Алматы: AR, 2023. –144 бет



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.00.2025
83
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі