400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қайсар жүрек - Темірбек

Материал туралы қысқаша түсінік
Т.Жүргеновке арналған арнау өлең
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазалы гуманитарлық – техникалық колледждің 1-курс білім алушысы Жұмамұрат Айбек





Қайсар жүрек – Темірбек!

/Т.Жүргеновке арнау/



Шабыттың шақырғандай биік шыңын,

Бұзамын жүрегімнің тыныштығын.

Жазамын толқыныспен арнау сөздер,

Бағасын көре жатар, дұрыстығын.



Алаштың бір перзенті болды бізде,

Өнерге көңіл бөліп асыл ізге.

Театрдың жандыратын тіршілігін,

Темірбектей атам бар үлгі бізге.



Қазақтың театрының атасындай,

Сырдың сұлу тауының жотасындай.

Нар тұлғалы Темірбегім, асылымыз,

Сөздері ғасыр берген батасындай.



Театрды қырлы-сырлы еткен сенсің,

Құрметтілер атағына жеткен сенсің.

Алашымның ақ құрбаны біреуі боп,

Жазықсыз атылып та кеткен сенсің.



Қолыңа қалам алдың жазып өлең,

Сырымның майталманы, асыл өрен.

Еңбегің еленеді, құрметті боп,

Түспейді есімің де ешбір төмен.



















Өнерде атың қалды өшпес мәңгі,

Өтті ғой, қысқа болып өмір мәні.

Десек те, ұрпағың бар жалғастырар,

Сен үшін атыратын әппақ таңды.





Ойланам, жүрегіме терең бойлап,

Атамның бар өмірін іштей ойлап.

Қалайша зұлмат заман болды екен,

Ататын жазықсызды сұм деп ойлап.



Кейіннен ата сені ақтап алды,

Өміріңді әр перзентің жаттап алды.

Естеліктер көп екен өзің жайлы,

Қалған істі ұрпақтарың атқарады.



Жүргенов деп берілді есімің де,

Жазылды өнер атты есігіне.

Академия жарқырап, жанданып тұр,

Айналған өнерпаздар бесігіне.



Жырымды соза берсем мәні болмас,

Дегенмен, Темірбектің орны толмас.

Қайсар жүрек атамыз турасында,

Әлі талай жазамын арасында.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.12.2023
283
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі