Қайырымдылық - қайырымы мол сауапты іс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қайырымдылық - қайырымы мол сауапты іс

Материал туралы қысқаша түсінік
Барша оқырмандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ер қолында мал тұрмайды,
Елек ішінде су тұрмайды», – дейді халқымыз. Жомарттық – көркем мінездің бір көрінісі. Жомарттық жасауда адамзаттың абзалы болған пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдына жан салмайтын. Алла Елшісі барлық ізгі амалда адамзатқа өшпес өнеге қалдырды.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қартайған қарт көршісі болатын. Көршісінің мұқтаждығы сондай, ­намаз оқығанда үстіне ілетін киімі де болмапты. Қызын Алла Елшісіне жіберіп: «Маған намазда үстіме жабатын киім беруіңізді өтінемін» деп, сәлемдемесін айтып жібереді. Ол кезде пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінде де артық киім жоқ еді. Сонда да үстіндегі ұзын көйлекті шешіп, Құдай қосқан көршісіне беріп жібереді. Намаз уақыты кіреді. Сол сәтте үстіне ілер киімі болмағаны себепті мешітке бара алмай қалады. Бұл жағдайдан хабардар болған сахабалар: «Расулулла соншалықты жомарт. Киімсіз қалып, мешітке келе алмай отыр. Біз де барымызды кедейлерге таратайық» деген екен.
Сол күні намаздан соң хазіреті Әли (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің қасына келіп, бала-шағасы үшін қарызға алған 8 күміс дирхамның жартысын пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бергісі келетінін жеткізеді. «Бұл дирхамға киім алыңыз» дейді хазіреті Әли (оған Алла разы болсын). Расулулла базарға барып, 2 дирхамға бір көйлек сатып алады да, қалған 2 дирхамды азық-түлікке жұмсаймын деп келе жатқанда екі көзінен айырылған зағип жанды көреді. Әлгі адамнан: «Кім маған Алла разылығы үшін киім береді, кім маған Алла разылығы үшін киім береді» деген сөздерді естиді. Алла Елшісі базардан жаңа алған киімін сол кісіге садақа етіп жібереді.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сұрап келген адамның көңілін қимайтын. Тіпті, «жоқ» деуге ұялатын. Бірде бір кісі Алла Елшісінен мал-мүлік сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сұрағанын береді. Тағы сұрағанда, онда да қолын бос қайтармайды. Үшінші рет сұрағанда, қолында ешнәрсе болмаса да оны тауып беруге уәде етеді. Бұған шыдай алмай кеткен Омар (Алла оған разы болсын): «Неге өзіңізді сонша қинайсыз?!» дейді. Сонда Алла Елшісі Омардың (Алла оған разы болсын) бұл сөзіне қабағын шытады. Сол кезде Абдулла ибн Хузафа: «Уа, Алланың Елшісі, бер! Ғарыштың Иесі сені аш қалдырады деп қорықпа!» дейді. Бұл сөзді естіген Расулулла күлімсірейді. Сонда ол: «Мен осылай жасау үшін жіберілдім» деп жауап берген екен.
Бір хадисте былай делінген: «Жомарт – Аллаға, жаннатқа және халыққа жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Алладан, жаннаттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға жақын».
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры садақа, зекет беру жүйесін оңтайландыру мақсатында қордың мобилді қосымшасын іске қосты.
Қосымшада «зекетті есептеу», «зекет кітабы», «қор туралы», «біздің іс-шаралар», «онлайн садақа жасау», «мұқтаж жандар базасы» сынды басты мәзірлер арқылы қажетті кеңестер, ақпараттар мен мәліметтер алуға болады.

«Мобилді қосымшаны іске қосудағы негізгі мақсатымыз – қайырымдылық көмек көрсетуге, зекет беруге ниет білдірген азаматтарға қолайлы мүмкіндік жасау. Қосымшаға көмекке аса зәру жандардың ортақ базасын енгіздік. Онда науқастың аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, медициналық анықтамалар, т.б. қажетті құжаттар жүктелген. «Онлайн садақа жасау» мәзірі арқылы аталған кісіге көмек бере аласыз. Қордың басты ұстанымы – елімізде шариғат (ханафи мәзһабы негізінде) бойынша садақа-зекет беру дәстүрін қалыптастыру, қаржылық мөлдірлікті, бәріне бірдей ақшалай ашықтықты қамтамасыз ету» дейді «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров.
Талғат Сейіткәрімұлының айтуынша, мобилді қосымшаның бір ерекшелігі: автоматты есептегіш (калькулятор) құралы зекет беру көрсеткішіне жеткен мал-мүліктің, яғни жинақталған қаржының зекетін бірден анықтайды. Мобилді қосымшаны «Play Mapкет» жүйесі арқылы «ҚМДБ зекет» сөзін жазып, жүктеп алуға болады.
Айта кетсек, 2011 жылы ашылған ҚМДБ «Зекет» қоры – жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны шариғат үкімдеріне сай үлестіретін коммерциялық емес ұйым. Қордың құрылтайшысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Мақсаты – көмекке аса зәру жеке тұлғаларды әлеуметтік қолдау, Исламның лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету, т.б.
Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің. «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры 2018 жылы республика бойынша 25 мың жанұяға қайырымдылық көмек көрсетті.
Сондай-ақ 5 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен қамтамасыз етті. Мүгедек балалардың ем-домына қаражат бөлді. Өткен жылы «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспанаға аса зәру 9 отбасына пәтер берілді. 1 жылда қайырымдылық бағытында 160 млн теңге қаражат жұмсалды.
Алла Тағала Құранда: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» («Әнғам» сүресі, 160-аят) деп баяндаған. Осы ретте ҚМДБ «Зекет» қоры жомарт, қайырымды жандарды игі, ізгі, сауапты іс-шараларға белсенді түрде үлес қосуға үндейді. Алла қайырлы амалдарымызды қабыл еткей!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі