400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Қайырымдылық-адамгершілік белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қайырымдылық жасау туралы, оның қандай игілікті шара екендігі туралы мәлімет беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қайырымдылық - адамгершілік белгісі


Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты ұранмен Тұғыл ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде 1-наурыздан бастап «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Акция аясында мектеп бойынша «Жүректен жүрекке» акциясын өткізу туралы жоспар жасалынды. Осы уақыт аралығында аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектебіміздегі ұстаздар мен ата-аналар тарапынан демеушілер іздестіріліп, материалдық көмек көрсету жағы қолға алынды.

Аталмыш акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмай қалған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу. 

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Олай болса, мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен жандарға мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, әлі де осындай игі істерге атсалысып, көмек қолын созатын адамдар саны артып, жалғасын табады деген сенімдеміз...


Тұғыл ауылы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

А.Жанымхановна









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 сәуір
114
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі