Қайырымдылық жүректе мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қайырымдылық жүректе мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге тәжірбие ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қайырымдылық жүректе
Адам өміріндегі ең игі ұлы істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасап адамгершілік қасиеттерді бойына дарытады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастап, ізгіліктің нұрын себеді.

Қамқорлық деген сөзді естісек бірден анамызды ойлаймыз. Ананың балаға қамқорлығынан асқан қамқорлық бар ма? Осындай қамқорлықты көрмеген, ананың ыстық алақаны мен әкенің ыстық құшағын сезбеген балалар қанша екені беймәлім. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол істі жасау әрбір адамның азаматтық парызы. Осы орайда жыл сайын дәстүрге айналған Алмалы ауданы Ш. Смаханұлы атындағы №62 гимназияның өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, Р.Ушурова, Ш.Тышмановалардың ұйымдастыруымен «Жанұя» балалар үйіне гимназия оқушыларын ортақ мақсатты жүзеге асыру үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Ондағы мақсат балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету,оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу арқылы ұлттық құндылықтарды оқушы бойына қалыптастыру .

Жетім балаларға арналған бұл балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілерге түрлі тәттілер, жеміс-жидектер, ойыншықтар апарып, балалардың көңіл-күйін көтеруге тырысты. Олармен түрлі ойындар ойнап ғана қоймай   балалар тарапынан айтылған әндері де тыңдалды.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтарын қалыптастырады.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада». Адамға нағыз бақытты -тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөздердің астарында үлкен мән жатыр. Олай болса адам өмірінің мәні -өз ұрпағы.

Әл-Фарабидің «Тек бақытты адамдар ғана ізгі істер атқаруға қабілетті болады» деген ұлағатты сөзін ескеретін болсақ, қазақтың біртуар перзенті М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деп айтқанындай әрбір дүниеге келген бала тағдыры адам өмірінде маңызды болып қала береді.

Алматы қаласы

Алмалы ауданы

Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназияның

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ушурова Р







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.10.2019
2012
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі