Қалай дұрыс өмір сүруге болады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалай дұрыс өмір сүруге болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмір өзенде ұғыну және ұмытпау керек заттар туралы ой толғау,кеңес.Кілт сөздер: Өмір, өкініш,шолу жасау,денсаулық,орта,дос,ойөріс,өзін-өзі жақсы көру,арман,мақсат,әдет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалай дұрыс өмір сүруге болады

Өмір біреу-ақ.Ал оны қалай сүру керектігін әр-бір адам өзі шешеді.Мақаланың мақсаты тек сіздердің өкінішсіз болашақты қамтамасыз етуге ықпалын тигізу

Шындығына келсек барлығымыз дерлік ғұмырымыздың 25 пайызын өзімізге сұрақ қоюмен өткіземіз.Мысалы:өмірім қалай өтіп жатыр? Мен не істеп жүрмін?Жасап жатқан тірлігім қаншалықты дұрыс?Ертеңім не болмақ? Мектеп бітіргенде: Расымен осы мамандықты қалаймын ба? Қартайғанда: Өмір жолымда не бітірдім? Ал жасымыз келген шағымызда өкінбес үшін не істеу керек? Ең алдымен денсаулықтан бастағым келіп отыр.Себебі денсаулығыңыз болмаса өмір сүру мерзімінің ұзақтығынан не пайда? Ақша деп денсаулықты ойламай жұмыс жасап, сосын сол қаражатқа денсаулықты емдетеміз.Бұл дегеніміз денсаулықты ұмытып жұмыс жасау дегенді, не болмаса жұмыс жасамай денсаулықты ғана ойлау керек дегенді білдірмейді.Әр нәрсенің шегі бар,баланста ұстап салауатты өмір салтын ұмтану керек.Аптасына бір-екі рет спортзалға барып,ең болмағанда таң ертеңгі жаттығуды әдетке айналдыра отырып, күніңізді сергек өткізе ғана қоймай, келешекте керемет нәтижелерге жетуіңіз ықтимал.

Нәтижеге жету жолында қажет пункттерінің бірі ол ой-өріс.Ой сөзге айналады, сөз іске айналады деген нақыл бар.Сол сияқты әр ойымызға абай болуымыз керек. Жақсы заттарды ойлап,назарыңызды әлемнің көркем туындыларына аудара отырып,өміріңізге жақсы заттарды тартатын боласыз.

Біреудің мінін көргенше,

Жамандығын тергенше,

Өз ойыңды мазалап,

Өз бойыңды тазалап,

Өзіңмен күрес өлгенше.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

айтпақшы бұл тізімнің қатарында өсек аян тасымау,өзгенің мінін бетіне басып, қараламау ерекше орын алады.Сондай-ақ өзгенің пікірімен өмір сүрмеу.Яғни сіз ерекше және қайталаснбас тұлға болғандықтан өз ойыңыз бен пікіріңіз болуы шарт. Ешкім сіз шалынған тасқа шалынып,сіз тамсанған гүлдің иісін сезбеді. Сізді табалаған жағдайда қатты қабылдамаған жөн.Алайда кикілжіңде өз ісіңізге баға беріп,бірінші өзгеден бұрын өзіңізден қате іздеп көріңіз.

Өзін-өзі жақсы көру де жақсы өмір сүруге әсер етеді.Әрқашан өз идеалыңыз болуға талпыныңыз. Жасыңыз 14 те болсын,52 де болсын мейлі,әрі қарай дамып, білім алуға әлі де кеш емес. Арықтай алмай жүрсіз бе?Мүмкін шетел тілін меңгеріп,ел аралағыңыз келеді?Алға,неліктен шегересіз?Бір адамның қолынан келген зат екінші адамның да қолынан келеді.Бірақ ол үшін бір күндік,бір сағаттық мотивация аздық етеді.Күн тәртібін жобалап,әдетке айналдырыңыз.Нәтижесін байқаған сайын өзіңізді одан әрі сүйе бастайсыз.

Содан соң ең маңызды заттардың бірі ол орта. Омар Хаям айтпақшы: «Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар.Бірі-не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан.Бірі-кім болса,сонымен дос болмай, айналасындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.» Екі досың ұры болса, сен үшіншісі боласың, екі досың ғалым болса, сен үшіншісі боласың-демекші айналаңдағы жақын жандарды дұрыс ақылмен таңдай білу керек.Араласатын орта орта жастағы кісілердің өмірінде үлкен рөл ойнамағанымен,жасөспірімдерге әсері мықты.

Мамандық таңдағанда қателеспеу керектігін екінің бәрі жан ұшыра айтады. Сонда да іле кетсем.Сүймейтін мамандықты қаражаты үшін таңдап алғанша,өзіңіз ләззат алатын мансаппен айналсқаныңыз жөн.Өйткені,қазіргі заман сонысымен ерекше.Қалаған салаңызда креативті дамып армандаған,мақсат еткен жалақыға жетуге болады.Тіпті, таңдап қойдым,енді артқа жол жоқ десеңізде шешімі бар.Яки сіз курстар оқып ақ,жаныңыз қаласа ізденіп,сол сала білікті маманы болып кете аласыз.

Бұл ғаламда шектеу жоқ!Шектеулер тек сіздің басыңызда.Әрекет пен тердің артында әрдайым нәтиже болады.Жарқын келешегіңізді армандап қана қоймай әрекетке бет бұру және оған жету тек сіздің қолыңызда.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2024
214
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі