Қаламгер Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі тарихи тұлға Мәмбетпананың өмір-тарихы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қаламгер Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі тарихи тұлға Мәмбетпананың өмір-тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кезінде Ә.Кекілбаев шығармаларына арқау болған мәселелер қазіргі күні ұлттық құндылығымызға айналып отыр. Тарихи тақырыптағы тарихи тұлғаларды бейнелеуде кейіпкерінің моральдық бейнесін жасауға, ел аузындағы аңыз-шежілерден бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерін көтеруге басты көңіл бөлді. Көркем тілінің қуаты мен қасиеті сонда ол ежелгі аңыздар мен әңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізіп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшей алуында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаламгер Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі тарихи тұлға Мәмбетпананың өмір-тарихы


Ә. Кекілбаев шығармаларындағы кейіпкерлер әр түрлі. Қарапайым қазақ әйелі, солдат жесірі, күйші, құдықшы, хан, әмірші, ханша, шебер, елші, патша офицер т.б. Әрқайсысы – өздерінше бір-бір әлем. Сондай кейіпкерлің бірі-тарихи тұлға- Мәмбетсапа.

Ол Ә. Кекілбаевтың «Күйі» повесінің басты кейіпкерлерінің бірі.

Мәмбетсапа-шын өмірде болған адам. Маңғыстауда өмір кешіп, осындағы түрікмендерді басқарған тұлға. Повестегі Мәмбетпананың прототипі – белгілі түрікменбасы, өмірде болған Мәмбетсапа Құлиев. Адайлар мен түрікмендер әуелден қойы қоралас, қоныстас, құдықтас, ағайындас ел болған. Мәмбетсапа – кезінде Кендірліні жайлаған қалың түрікменнің басшысы, Егдір тайпасынан шыққан беделді адам.

Ел аузындағы әңгімелер мен сақталған тарихи құжаттардың мазмұны бір-бірінен алшақ кетпейді. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Егдір тайпасын билегендер Баубек пен Мәмбетсапа болыпты. Мәмбетсапа өмірде өз халқының абыройы үшін күрескен, жақсылығын аямаған, тарихта жағымды жағымен аты қалған тұлға, елім деп еңіреген ердің бірі. Түрікмен халқы оны өздерінің ең құрметті адамдарының бірінен санайды. Оның біршама ақындығы да болған.

Одан қалған «Қазақтарға арнау» атты өлең жолдары тарихи деректерде сақталған.  Қазақтың ер жігіттеріне босына арандап қаласың, қаруы мықты орысқа қолыңды көтерме,-деген арнауы кезінде көпшілікке кең тараған. «Мәмбетсапа» деп аталатын жер аты түрікмен жерінде бар. Картаға да түскен. Өз заманында ел билеген, саналы да түсінікті адамның бірінен саналады. «Мәмбетсапа ақылды, байсалды, сабырлы адам болған. Ол жамандыққа – жамандықпен жауап беруге рұқсат бермеген», – делінген ел аузында сақталған әңгімелерде. Оның атқарған іс-қимылында Маңғыстаудың жергілікті тұрғындары болған қазақтар мен түрікмендердің ауызбірлігін сақтау негізгі мәселесінің бірі болыпты». Ол ұлттар достығын сақтауға орасан зор үлес қосқан.

Жоғарыдағы «ол жамандыққа – жамандықпен жауап беруге рұқсат бермеген», «қазақтар мен түрікмендердің ауызбіршілігін сақтау негізгі мәселесінің бірі» деген әңгімелердің өзі оның биік адамгершілігінен, терең дүниетанымынан, мақсатының қандай адам болғандығынан біраз мәлімет береді. Ұлттың ұйытқысы болуы – оның адамгершілік өнегесінің тағылымында. Небәрі 50 жыл жасап, 1871 жылы Хиуаға барар жол үстінде у беріліп өлтіріледі. Оның өлімі туралы әр түрлі версиялар бар. Бір деректерде «әдейі құдықтың борсыған суын беріп өлтіріпті», – делінеді...

Бірақ, повесте Мәмбетсапа өмірдегі болмысына сай жағымды тұлғада алынбаған – жағымсыз бейнеде суреттелген. Есімі де сәл өзгертіліп, Мәмбетпана деп берілген. Бұл жерде автордың мақсаты – жинақтық бейне жасау болған. «Түптұлға – жинақтау құралы, осындай көркемдік жинақтау арқылы түптұлға –тұлғаға айналады». Бұл – әдебиеттегі көп жазушыларда бар қалыпты тәсіл. Атын дәл атамай, қашқақтау себебін бұрынғы кеңестік кезеңнің байдың, батырдың, ханның атын жақсы атауға ыңғай танытпауымен түсіндіруге болады. «Түрікменнің біртуар ұлы, ел ардақтысы Мәмбетсапаның тікелей ұрпағы академик Құрбан Аманиязов қазір Алматыда тұрады. Ол Есенов атындағы университетте жұмыс жасап, студенттерге сабақ берді. Ол – түрікмен зиялылар тобының көрнекті өкілі. Бір ұрпағы – Бақытжан Қаратаевтың ұлы Шәмілдің әйелінің әкесі – Бекназаров Шәкір. Ол – Мұстапа Шоқайдың досы, қиын кезеңде оны үйіне паналатқан», – дейді Ә. Спан өзінің «Тобанияз» атты еңбегінде. Оның үстіне, Мәмбетсапа автордың арғы аталарымен қыз алысып, қыз беріскен құда-жекжат адамдар. Бір сөзбен айтқанда, түрікмен Мәмбетсапа – Маңғыстаудың да перзенті. Осындай себептермен автор оның атын дәл атауды қажет деп таппаған.

Кендірлі – адайлар мен түрікмендердің арасындағы тайталас аймақта жатқан жер, картада бар, әйгілі «Кендирлинский коса». Ол «Күй» повесінде де солай суреттелген. Қақпақтының дөңі Кендірліге, жоғарыда аталған тағы да басқа жер-су атауларының әрқайсысына байланысты айтылатын аңыздар бар. Автор тарихи тұлғалардың тарихын, оқиғаның өрбіген жерін дәл баяндау үшін, Қақпақтының дөңін (нақты географизмді) алған. Жер тарихы – шығармалардың аспектісі. Оқиға өткен нақты жерді айтпай, өмір шындығын суреттеу, тарихи тұлғаның образын ашу мүмкін емес. Сол себептен де қаламгер қонысты, өрісті, суды, зираттарды өзгертусіз алған. Жазушы повесте Мәмбетпананы бала-жігіт кезінен бастап суреттейді. «Қараман атаның басына жиылған қара құрым жұрттың ішінде түрікмен жағының ең белдісі, әрі би, әрі бай Жұма болды. Көшелі көк мойнақ арғымаққа шалқалап жатып алған кербез байдың артында сүліктей қара арғымақ мінген қаншырдай қара бала еріп жүрді. Сол – осы кебеже қарын Мәмбетпана. Ол кездегі өңінен тек төңірегін ішіп-жеп отыратын жылан көзі ғана қалпында қалыпты».

Мәмбетпана мұнда, керісінше, әкелер жасаған сол Қараман ата кесімін жоққа шығарып, пәтуа бұзушы жағымсыз кейіпкер ретінде көрінген. Ол кездегі арық, «қаншырдай қара бала», ал қазір «кебеже қарын». Қаламгер өзінің суреткерлік қиялында Мәмбетпананы суреттеу арқылы бұрынғы мен бүгінгі, ертеңгі заман келбетін салыстыра осылай ойнатқан. Билік өкілінің сыртқы жағымсыз портретін жасаған. Ол саясат бүгінде өз мәнін жойған жоқ. Қазақстанда түрлі ұлт, ұлыстар бейбіт қатар өмір сүріп, дәуір белестерінен аттауда. Олардың арасында әлсін-әлсін қақтығыстар мен, шапқыншылықтар да болып тұрған.

Кезінде Ә.Кекілбаев шығармаларына арқау болған мәселелер қазіргі күні ұлттық құндылығымызға айналып отыр. Тарихи тақырыптағы тарихи тұлғаларды бейнелеуде кейіпкерінің моральдық бейнесін жасауға, ел аузындағы аңыз-шежілерден бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерін көтеруге басты көңіл бөлді. Көркем тілінің қуаты мен қасиеті сонда ол ежелгі аңыздар мен әңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізіп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшей алуында. Жазушының тарихи еңбектерін зерттеуші ғалым Ж.Дүйсенбаева қаламгердің тарих тұлға жасау шеберлігін былайша пайымдайды:

- тарихи деректен ауытқымай тарихи тұлға бейнесін (образын) жасауы; - тарихи деректер мен халықтық аңызды қосып, бір тұлға жасау;

- таза аңыздан тұратын тарихи тұлғаның бейнесін сомдау;

- тарихи деректі көркем қолдану арқылы тарихи тұлғаны жасау

 Мәмбетсапа бейнесін сомдаудағы қаламгерлік ұстанымы, тарихи тұлғаның көркемдік тағылымын, эстетикалық мән-маңызын, адамгершілік қасиеттер мен құндылықтардың өнегелік ықпалы айқындалды. Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлауы, халықтар арасындағы шиеленіскен жағдай, сол қилы кезеңнің тарихын терең ашуы, толыққанды дәуірдің көрінісін жасауы үшін Мәмбетсапа образы жасалды деп ойлаймын.



Авторы: Нұрғалиева Нұржамал Нұрмағанбетқызы

«Қызылтөбе лицейі» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі















Shape1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
33
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі