Материалдар / Қамыс өсімдігінің шаруашылықта қолданылуы және қамыстан ДСП материалын әзірлеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қамыс өсімдігінің шаруашылықта қолданылуы және қамыстан ДСП материалын әзірлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қамыс өсімдігінің шаруашылықта қолданылуы және қамыстан ДСП материалын әзірлеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2024
177
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Кәукей ауылы

225 орта мектеп







Жоба авторы: Қаржаубай Ерасыл


Сыныбы: 4 сынып



Тақырыбы: Қамыс өсімдігінің шаруашылықта қолданылуы және қамыстан ДСП материалын әзірлеу



Бағыты:

Секция:



Жетекшісі: Дастанова Мөлдір Даулетқызы - бастауыш сынып мұғалімі

















Кәукей ауылы – 2020 жыл



Мазмұны

І Кіріспе

1.1 Менің көл жағалауына бітік өскен қамыстың қасиеттері жөнінде зерттеуге қызығушылығым

ІІ Негізгі бөлім

Теориялық бөлім

2.1 Қамыс өсімдігінің ерекшелігі

2.2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы

Эксперименттік бөлім

3.1 ДСП материалын үй жағдайында әзірлеу

3.2 Жергілікті жердегі қамыс өсімдігін әлемдік брендке айналдыру мақсатында ДСП материалын жасауды қолға алу бағытында ауыл әкімі Мүсілім Оңталаппен сұхбат

ІІI Қорытынды






















Аннотация

225 орта мектептің төртінші сынып оқушысы Қаржаубай Ерасыл Ерболұлының «Қамыс өсімдігінің тұрмыста қолданылуы және қамыстан ДСП материалын әзірлеу» тақырыбындағы жұмысы Кәукей ауылының айналасындағы көлдердің маңында бітік өскен қамыс өсімдігін кәдеге жарату жұмыстарын жан – жақты зерттеуге негізделген.

Ізденуші қамыс өсімдігінің жалпы қасиетіне баса назар аударып, қазіргі таңда ауылда жұмыссыз жүрген жастарға жұмыс көзін табу мақсатында және қамыс өсімдігін әлемдік нарыққа шикізат ретінде емес дайын материал ретінде шығарып ұлттық брендке айналдыруға болатынына талдау жасаған.

Ізденушілердің туған жерге деген сүйіспеншілігі зерттеу жұмысының негізгі арқауы болып табылады.

Қаржаубай Ерасыл Ерболұлының туған жердің қамысын зерттеу жұмысында оның бойында шыдамдылық, ұқыптылық секілді ынта жігері анық байқалады.

Осында жинақталған көптеген мағұлматтар өз деңгейінде жан-жақты сарапталып, талданып, ғылыми жүйеге келтірілген. Қаржаубай Ерасыл Ерболұлының ғылыми жұмысына жоғары баға бере отырып, байқауларда, конкурстарда қорғауға лайық деп есептеймін.










І Кіріспе

1.1 Менің көл жағалауына бітік өскен қамыстың қасиеттері жөнінде зерттеуге қызығушылығым

«Сулы жер - нулы жер», - деп халық тегін айтпаған. «Өңір тану – Отан танудың әліппесі»- деп Елбасымыз Н.Назарбаев бекер айтпаса керек. Өз туған өлкеміздің жер - су атауларын, өсімдіктерін, олардың қалыптасу негіздерін, тарихын білу – біз үшін парыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады,»-деген болатын. Өз туған жерімізді ондағы әрбір дүниені бағалау, құрметтеу азаматтық борышымыз.

Мен жазда атаммен бірге бұзауға пішен орып алуға көл жиегіне жиі баратынмын.[1] Сонда атамнан пішенді мал жейді одан басқа не істеуге болады деп сұрадым. Атам маған одан қант алуға болатынын, үй салуға да қолданылатынын, тіпті суға өте төзімді өсімдік екенін, ДСП материалын жасауға болатынын айтқан болатын. Осы жылдың қыркүйек айының ортасында ауылға екі-үш жас жігіттер келіп ауылдың әлеуметтік жағдайын зерттеп, сауалнама алып жүргенін көрдім. Сұрастырып білсем ауыл маңындағы қамыстың кәдеге жарап, ДСП материалын өндіруге пайдалануға болатынын зерттеп жүрген Қазақ Ұлттық Университетінің бітірген түлектері, яғни білімін Германияда жалғастырып, ғылыми жобамен айналысып жатқан жігіттер екен. Мен таң қалып, ары қарай нақтырақ біліп, зерттеу жұмысын жасағым келді. Жетекші ұстазым Мөлдір Даулетқызына өз ұсынысымды білдіріп, зерттеу жобама жетекшілік жасауына келісімін алдым. Осылайша зерттеу жобамды бастап кеттім.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Кәукей ауылының айналасындағы көлдердің маңында бітік өскен қамыс өсімдігін кәдеге жарату жұмыстарын насихаттау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қамыс өсімдігінің ерекшелігі жөнінде деректер жинау, танысу;

  • Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы жайлы мәліметтерді зерттеу;

  • Жергілікті жердегі қамыс өсімдігін әлемдік брендке айналдыру мақсатында ДСП материалын жасауды қолға алу бағытында ауыл әкімі Мүсілім Оңталаппен сұхбат

  • ДСП материалын үй жағдайында әзірлеу жұмысына тәжірибе жасау


Зерттеу жұмысының өзектілігі: Өз туған жерімізді ондағы әрбір дүниені бағалау, құрметтеу азаматтық борышымыз. Жергілікті жердегі қамыс өсімдігін ұлттық брендке айналдырып, халықты жұмыспен қамтуға үлес қосу. Осындай игі істі өзім секлді жас буынға насихаттау.

Зерттеу жаңалығы: Жергілікті қамыс өсімдігін жете зерттеп, ДСП материалын жасау.

І Теориялық бөлім

2.1 Қамыс өсімдігінің ерекшелігі

Қамыс - қияқ тұқымдасына жататын ең көп тараған өсімдік. Суда, ылғалды жерлерде өседі. Негізінен, 250-ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда оның 14 түрі бар. Ең жиі кездесетіні - көл қамысы немесе қоға. Оның биіктігі - 2,5 м-дей. Төсемелі тамыры тереңге жайылып өседі. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағында сақтайды да, «үнемдеп» пайдаланады. Осы қасиетіне байланысты қамыстың тамыры қандай тереңге кетсе де, тіршілігін жоймайды. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартады.Биологиялық жолмен су тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қоректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын, оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктің бірі –қамыс биосүзбе ретінде табиғи жолмен суды тазартып отырады. Қамыстың сабағынан түрлі тоқыма бұйымдарын, [2] жылу ұстағыш құрылыс материалдарын дайындайды. Кейбір тропиктік елдерде өздері тұратын баспана және жүзіп жүретін «аралдар» тоқиды. Осы «аралдарға» тіпті картоп егеді. Дәрілік өсімдік санап, тамырын тағам ретінде де пайдаланады.

Қамыс вегатативті буындарынан шыққан өскіндерден және тұқым арқылы өсіп - дамып, еліміздің түпкір - түпкіріндегі сулы аймақтарда, көл жағасында тұқым арқылы өсе алады. Қамыстың жер астындағы тамырын қазақ тілінде борық деп атайды. Борық - суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы шырынды, тәтті болып келетін сабағының түп жақ бөлігі. Сонымен қатар саси бастаған, борсыған иісті суды да борық деп атайды. Қыс мезгілінде қамыс арасындағы сулар қатпай, жылым болып жатады. Ауа температурасы қатты суытқан кезде ғана қатады. Су қатқаннан кейін адамдар қамысты шауып, оны баулап, ықтырма тоқиды. Сол борықтың буындарынан сүйрік көктеп шығады. Қамыстың жапырақтары параллель жүйкелерге жатады. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік, көп гүлді масақтары сыпыртқы гүл шоғырына топталған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. [3] Қамыс шабындығына жайылған ірі қара малдардың қалдырған қилары қамыстың қысқа төзімділігін арттырады, өсіп дамуын жоғарылатады және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға қолайлы жағдай тудырады.

Қамыс – су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. [4] Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см - дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см - дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет.

2.2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы
Қамыстың 0, 5метр шамасында өскені шөпмамық шөп деп аталады. Мал жеген кезде сүйсініп жейді, жұмсақ болады. Бірақ қамысты шабындықты жақсарту арқылы одан мол өнім алуға болады. Қамыс көгіне сиыр, жылқы, қой ұстап сүт, қымыз, ет секілді арзан мал өнімдерін өндіруге және қамыс пішенін орып - жинап, жем - шөп қорын жасауға немесе баулап базарға сатуға да болады. Қамыс деген нағыз кәсіп пен табыстың көзі. Қазіргі кезде қамыстан тоқылған стол, орындықтар да саудаға шығарылуда. Жалпы себеттерден тоқылған түрлі бұйымдар жасап жатқандығын да көреміз. Қамыс сабақтарын буып бақшаға қоршау да жасауға болады. Қамыстың пайдасы құрылыста да қолданылады шатыр төбелерін жабуға да пайдаланады. Қамыспен үйдің төбесін жауып қана қоймай, қабырғаларын тұрғызуға да пайдаланған, ол - жылу ұстағыш таптырмас құрылыс материалы. Қамыс үйдің жылуын сақтап тұрады. Буылған қамысты жергілікті халық – пашн деп атайды. Оны дайындаудың өзіндік жолы бар.[5] Осы орайда атамның сарай салуға арнап пашн буып жатқанын көріп, оны қалай жасап, құрылысқа қолданатынын үйрендім.

Қамыстан пайдалы қант әзірленеді. Қамыс қантын Үндістанда жасай бастаған. Еуропаға бұл қант орта ғасырларда жетіп, 11-12 ғасырларда әлемдік танымалдыққа ие болған. Қазірде әлемде өндірілетін қанттың 60%-ы қамыс қанты, ал қалған 40%-ы қызылша қанты. [6] Сонда да қарапайым қызылша қанты көп қолданылады. Алайда қамыс қантының пайдалы қасиеттері әлдеқайда көп. Қамыс қантының ерекшелңігі түсі – қоңыр болады. Қоңыр қант клетчатка, микроэлементтер мен жүйке жүйесін реттейтін В дәруменіне бай. Қамыс қантындағы калий ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға көмектеседі. Осы қант түрінің құрамындағы кальций сүйектерді берік қылады. Айта кетсек, қызылша қантында бұл элемент 23 есе аз.

Қанттағы мырыш жалпы ағзаға пайдалы. Жалпы қоңыр қанттың бойында қызылша қантының барлық жақсы қасиеттері бар. Яғни ол бізге көмірсулардың қажетті мөлшерін, күш пен энергия береді. Алайда ақ қантқа қарағанда қамыс қанты бойында басқа да жақсы қасиеттер бар. Жалпы рафинадталған қант түрлерінің пайдалы қасиеттері бірден төмендейді. Сондықтан барынша өңделмеген, тазартылмаған қантты қолданған абзал. 

Пайдалы болса да, қамыс қанты да қант екенін ұмытпағанымыз абзал. Оны көп пайдалану денсаулыққа зиян, артық салмақ қосып алу қаупі бар. Сол себепті күніне 5 қасықтан артық қабылдамаған жөн.

Қазақ жерінің әртүрлі өңірінде түп-түп болып өсетін, сабағы жіңішке, қамыс тектес ши яғни қамыстың жіңішке түрінен тоқылған бұйым ши деп айтылады. Ши тоқу өнері қазақтарға, қырғыздарға, түрікмендерге, қарақалпақтарға, т.б. халықтарға көне заманнан бері белгілі болған. Шиді жүнмен орап, оны өрнектеп тоқып, керегенің сыртына тұтуға, үй ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап, көлегейлеп қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, құрт жайып кептіруге, киіз басу жұмыстарына, киізді ылғалдан сақтау үшін жерге төсеуге, тары сүзу үшін шыпта жасауға пайдаланған. Шидің түрлеріне байланысты мынадай атаулар кездеседі: ақ ши – қабығынан аршылған ақ шидің жүн оралмай, ою-өрнексіз тоқылған түрі, шым ши шидің түрлі түсті жүн орау арқылы өрнектеп тоқылған түрі, орама ши, ораулы ши – өнебойына тұтастай емес, әр жерінен аралатып жүн оралған ши, шидек – құрт жаятын кішкене ши, терме ши – шым ши, өреше – киіз үйдегі ас-су тұратын жерді қоршап қойған ши, дүзтеру ши – қошқар мүйіз өрнегімен жүн орап тоқылған ши, т.б. [7]


ІІ Эксперименттік бөлім

3.1 ДСП материалын үй жағдайында әзірлеу

Бүгінгі ел аумағында өндірілетін және құрылыста қолданылып жүрген материалдардың дені тығыздалған ағаш, қамыс жоңқалы тақталар шығару қолға алынды. Қамыстың суда өсетіні белгілі және ағашқа қарағанда 48%ылғалға төзімді болып келеді. Сондықтан жылдар бойы жете мән бермей жатқан қамысқа деген сұраныстың күрт өсуі түсінікті жағдай. Қазақстанда тақталы материалдарды тұтыну негізінен жиһаз өндірісі мен құрлыс жұмыстарында байқалады. Шетел мемлекеттерінің де қамысқа деген сұранысы артуда. Қамыстың бағалылығы, беріктігі, ылғалға төзімділігі, өңдеуге жеңілдігі мен экологиялық жағынан таза материал екені белгілі.

ДСП материалын әзірлеуге химиялық құрамына тек желім ғана қосылады. Оны арнайы станоктармен үлкен өндіріс орындарында әзірлейді. Ол көбінесе ағаш өндірісінде қалған қалдықтардан әзірленіп келді. Қазіргі таңда қамыстың суға төзімділігі зерттеле келе оны қамыстан әзірлеу жұмыстары қолға алынуда.

Қамыстан ДСП тақтайшасын әзірлеу үшін ең алдымен қамысты орып алып, кептіріп, оны ұнтақтап кесіп дайындалады. Дайын болған ұнтақты 180-200 градус ыстықта желіммен араластырады. Әбден араластырылған қоспаны нығыздау станогінде престейді, қалыпқа түсіреді. Бір қалыпты қалыңдыққа келген тақтайшаны суытып, жиегін тегістеп, қажетті шаршы метрге белгілеп, қияды. Дайын болған өнімді құрылыста, жиһаз өндірісінде кеңінен пайдалануда. ДСП материалын үй жағдайында әзірлеп көру мақсатында жетекшім екеуіміз тәжірибе жұмысын жасап көрдік. Нәтиже жаман емес. Алдағы уақытта жергілікті халықты жұмыспен қамту, жергілікті жердегі қамыс өсімдігін әлемдік брендке айналдыру мақсатында ДСП материалын жасауды қолға алуға болатындығын баяндап, ұсыныс білдіруге ауыл әкімі Мүсілім Оңталап ағаймен сұхбат жүргіздім.

3.2 Жергілікті жердегі қамыс өсімдігін әлемдік брендке айналдыру мақсатында ДСП материалын жасауды қолға алу бағытында ауыл әкімі Мүсілім Оңталаппен сұхбат

Қызылқұм ауылдық округі әкімі Мүсілім Оңталап ағаймен сұхбат транскрипциясы.

Зерттеуші сұрақтары

Оңталап ағайдың жауаптары

Саламатсыз ба ағай! Жергілікті жерде қамыс өсімдігінің бітік өсетіні белгілі. Осы қамысымызды әлемдік брендке айналдыруға ұсынысым бар. Зерттеу жұмысын жүргізіп жүрмін. Осы орайда жергілікті кәсіпкерлер ДСП материалын өндірсе, осыған мемлекет тарапынан қандай қолдаулар, мүмкіндіктер бар? Ол үшін не істеу қажет?
















-Рахмет ата сұхбатыңызға!

-Талабың оң болысн Ерасыл, өте жақсы жобаны бастаған екенсің. Жалпы, біздің ата-бабамыз бұрыннан білген ғой қамыстың қадірін. Бірақ, қазіргі таңда Еуропа елдері, дамыған мемлекеттер қамысқа қызығушылық танытуда. Атап айтар болсақ мына Арал төңірегінде түрік кәсіпкерлері қамысты шикізат түрінде жинақтап, Голландияға тасуда. Осыны естіп, кеше бізге Германиядан Қазақ Ұлттық Университетінің бітірген түлектері, яғни білімін Германияда жалғастырып, ғылыми жобамен айналысып жатқан жігіттер келіп-кетті.Ол жігіттердің есептеуінше біздің жалпы осы ауылдық округ төңірегінде он мың сексен бес гектер қамыс отыз бес мың тонна куб көлемінде қамыс бар көрінеді. Енді осы қамыстарды Германияға шикізат түрінде тасуға инвесторлар іздеп, соған жұмыстар жасап жатырмыз жан-жақты. Бұл дамыған мемлекеттерде жолға қойылып кеткен. Бізде бұл тың жоба болғандықтан мемлекет тарапынан көмектер болады. Бізде кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау өте жоғары. Елбасымыз айтады ғой, «Қазақстанның болашағы жастар»-деп. Осындай жас бола тұра жаңа, тың жобамен айналысып жатқаныңа саған сәттілік тілеймін. Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»-деп. Осындай өмірде өзіндік орны бар үлкен азамат болуыңа мен тілекшімін.



Қорытынды

Сөзімді қорыта келе айтарым Кәукей ауылының айналасындағы көлдер маңында жүздеген гектар жерлерде қамыстар орылмай жатыр. Жергілікті халық тек малға азық ретінде керегін ғана орып алып, қалғанын күзді күні өртеп жібереді. Ендеше неге осы табиғаттың бізге берген сыйын бағалап, одан сапалы да бағалы құрылыс материалын алмасқа? Сонымен қатар денсаулыққа пайдалы қамыс қантын өндіру жұмыстарын да жүзеге асырмасқа? Тиісті органдардың есігін қағып, инвесторлар тартып, өндіріс орнын ашпасқа? Осы орайда екі қолға бір күрек таппай жүрген ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, ауылдың әлеуметтік жағдайын едәуір көтеруге болатыны анық деп есептеймін. Мен бастауыш сынып оқушысымын. Алайда болашақта білімімді шыңдап, туған жерімнің көркейіп, өркендеуі үшін осы кезден бастап ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруге, күн санап ауылдан жұмыс таппай қалаға көшіп кетіп жатқан тұрғындар қатарын азайтуға өз үлесімді қосқым келеді. Болашақ Қазақстанның өркендеуі - мен секілді патриот жас буынның қолында. Сондықтан елімнің өркендеуі үшін ауылымның жағдайын жақсартудан бастау керектігін жақсы білемін.



Менің ұсынысым:

  1. Жергілікті жерде қамыстан ДСП материалын жасау ісі қолға алынса

  2. Аталған игі бастамалар мемлекет тарапынан қолдау тауып, демеушілер тартылып, зауыт ашылса

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Уйкипедия ашық энциклопедиясы

  2. Массагет.кз мәліметтерінен

  3. Ауелбеков Е. Қазақ қол өнерінің ерекше түрі ши тоқу өнері. Қазақстанның ғылыми әлемі, 2011ж №3/37/ 192-195 б.

  4. Ютуб желісінен Александр Триппелдің каналынан «производство ДСП» материалынан мәліметтер алынды

  5. «Сен білесің бе энциклопедиясы.

















Қосымша


Picture 2


1-сурет 2-сурет

Picture 4




3-сурет 4-сурет 5-сурет





6-сурет 7-сурет














Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Кәукей ауылы

225 орта мектебі КММ-сінің 4 сынып оқушысы Қаржаубай Ерасыл Ерболұлының «Қамыс өсімдігінің шаруашылықта қолданылуы және қамыстан ДСП материалын әзірлеу» атты дайындаған зерттеу жұмысына


пікір


Қаржаубай Ерасыл Ерболұлының «Қамыс өсімдігінің шаруашылықта қолданылуы және қамыстан ДСП материалын әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми-ізденіс жұмысы жергілікті жердегі көлдердің маңында бітік өскен қамыс өсімдігін кәдеге жарату жұмыстарын жан – жақты зерттеуге негізделген. зерттеуі құптарлық іс.

Ізденуші қолға алған тақырыпты жан-жақты аша білген, өзектілігіне мән берген. Алдына қойған мақсатына анық та айқын жете алған. Ғылыми жұмыста қамыс өсімдігінің жалпы қасиетіне баса назар аударып, қазіргі таңда ауылда жұмыссыз жүрген жастарға жұмыс көзін табу мақсатында және қамыс өсімдігін әлемдік нарыққа шикізат ретінде емес, дайын материал ретінде шығарып ұлттық брендке айналдыруға бола

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!