САБАҚ: Қан тамырлар жүйесінің түрлері және қан
айналым шеңберлері
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабаққа
негізделген оқу
мақсаттары
|
-
– жануарлардың қан тамырлар жүйесі түрлерін
сипаттау
-
– дене
жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу
|
|
Барлық оқушылар:
|
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қан тамырлар
жүйесінің типтерін біледі.
|
Оқушылардың басым
бөлігі:
|
Қан тамырлар жүйесінің типтерін ажыратады, үлкен
және кіші қан айналым шеңберлерінің суретіне қарап отырып, сипаттап
бере алады, шеңберлердің ерекшелігі мен айырмашылықтарын
зерделейді.
Адам
жүрегінің жұмысын талдайды.
|
Кейбір оқушылар:
|
Адам жүрегінің жұмысын жақсарту жолдарын ұсынады,
жүректің қызметіне баға береді.
|
Сабақтың
құндылығы
|
Зайырлы қоғам және жоғары
руханият.
|
Бағалау
критерийлері:
|
-
Қан тамырлар жүйесінің типтерін біледі, өткен
тақырыптарды еске түсіре отырып, ашық және тұйық қан айналым жүйесі
бар ағзаларды жүйелейді.
-
Үлкен және
кіші қан айналым шеңберлерінің эволюциясын айқындайды.
-
Үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін
суретке қарап отырып, сипаттап береді, салыстырады,
ажыратады, ерекшеліктерін нақтылайды.
-
Адам
жүрегінің жұмысын талқылайды, циклдерді рет-ретімен
қояды.
-
Адам жүрегінің жұмысына баға бере отырып,
жұмысты жақсарту
жолдарын ұсынады.
|
Тілдік мақсат
|
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы,
қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары
|
Негізгі сөздер мен
тіркестер:
|
Ашық және тұйық қан айналым жүйесі, үлкен және
кіші қан айналым
шеңберлері, систола, диастола, жиырылу, босаңсу, қарынша, жүрекше
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік
бірліктер:
салыстыру кестесін дәптерге
түсіру
|
Талқылауға арналған
тармақтар:
|
Ағзадағы қан айналымы ғалымдарды ертеден
қызықтырып келеді. Қан айналымға байланысты төменде неше түрлі
болжамдар айтылған. Осы айтылған болжамдардың қайсысы дұрыс деп
ойлайсыңдар?
-
Қан жүректе түзіледі де, қан тамырлар арқылы
бүкіл денеге таралып,
жүрекке қайта келмейді.
-
Жүрек – қан түзуші мүше емес, ол сорғы (насос),
яғни қан айдаушы, қан жүректен мүшелерге таралады және бір қан
тамыры арқылы жүрекке қайта келеді.
-
Ағылшын дәрігері У. Гарвей: «Жүрек – сорғы
(насос), ол қанды мүшелерге артерия қан тамыры арқылы беріп,
мүшелерден вена қан тамыры арқылы қайтарып алады», –
деген.
|
Сіз неліктен... екенін айта
аласыз ба?
|
Жүрек – мүшелерді үнемі қанмен
қамтамасыз етіп тұратын мүше. Бірақ
ертедегі философтар мен
ақындар жүректі адамның жанына теңеген. Олар
|
|
адам жүрекпен сүйеді, жүрекпен жек көреді,
жүрекпен сезеді, жүрекпен ауруды сезеді деп ойлаған. Неліктен олар
жүрек туралы осылай ойлаған?
|
Жазылым бойынша
ұсыныстар:
|
Үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің
сызбасын дәптерге түсіру
|
Алдыңғы оқу
|
«Зымыран» сұрақтары
-
Бауырымен
жорғалаушылардың жүрек бөлімдері.
-
Омыртқалылардың жүрек
бөлімдері.
-
Құстардың
жүрек бөлімдері.
-
Балықтың
жүрек бөлімдері.
-
Бауыраяқтылардың жүрек
бөлімдері.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді
жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Ұйымдастыру. Психологиялық
ахуал.
Сынып түрлі түсті қағаз қиындылары
арқылы
«Үлкен қан
айналым шеңбері», «Кіші қан айналым шеңбері» топтарына бөлінеді. Әр
топ өздерінің атына байланысты ой айтады.
Ынтымақтастық атмосферасын
тудыру:
«Өрмекші торы» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға
барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып
өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бір-бірін жақын
танығандықтан, әркім өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін,
білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқиды.
|
|
Ортасы
|
І. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді
«Кемпірқосақ» әдісімен меңгереміз.
Ұйымдастыру:
Топта қозғалуға және талқылауға орын қалдыра
отырып орналасады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылар
мәтінді талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша топтарға
бөліп отырғызылады. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп,
тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ»
қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар жаңа топта не
талқылағандарын айту үшін «бастапқы топқа» қайта оралады. Бұл одан
әрі талқылауға түрткі болады.
Дескрипторлар:
–
Мәтінді толық меңгеріп, қан тамырлар
жүйесінің
|
Оқулық
|
|
типтерін, қан айналым шеңберлерін
біледі.
Сергіту сәті: Ормандағы аңдар
қимылы
Рефлексия. «Плюс, минус,
қызықты»
«+» бағанына жақсы эмоцияларды тізіп
жазу.
«–» бағанына түсініксіз, қиындық келтірілген
нәрселерді жазады.
«Қызықты» (?) бағанына оқушылар өздерін
қызықтырған, білгісі келетін заттар туралы
жазады.
ІІ.
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Суретке
қарап қан айналым шеңберлерін сипатта, үлкен және кіші қан айналым
шеңберлерінің жолын көрсет.


Дескрипторлар:
-
үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін
суретке қарап
сипаттап бере алады;
-
үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің
жолын көрсетіп, бөліктерінің атын суретке жазады;
-
жүрек
жұмысының кезеңдерін ажыратады;
-
жүрек
жұмысын суреттен түсіндіріп береді.
|
|
Аяқталуы
|
№7 зертханалық жұмыс
Денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына
әсерін зерттеу
Дескрипторлар:
|
|