ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ӘДЕБИ ЭССЕ ЖАЗДЫРУ ✔

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ӘДЕБИ ЭССЕ ЖАЗДЫРУ ✔

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қазақ педагогикасының көрнекті тұлғасы Қ.О. Бітібаеваның жаңа технологиясы негізінде эссе жаздыру әдістемесі арнайы сөз болады. Қазіргі мектеп бағдарламасында күн тәртібінде тұрған эссе жаздырудың әдістемесі жан-жақты талданып көрсетіледі. Авторлар Қ. Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту» технологиясы арқылы оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік құзіреттіліктерін оятуды мақсат еткен өзінің іс-тәжірибесінің үлгісін ұсынады. Өз іс-тәжірибесі бойынша оқушылардың қызығушылықтары мен ынтасын, ойлау белсенділіктерін дамытатын мәтіндерді М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы дәлелдейді. Түйін сөздер: жаңа технология, әдеби эссе, әдебиетті оқыту, шығармашылық жұмыс, жеке тұлға, модель, көркем мәтін
Материалдың қысқаша нұсқасы
ҒТАМР 17-81-99

Мұқашева М.Қ.1, Картаева А.М.2,
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
1
докторанты, 2профессоры, ф.ғ.д.,
Қазақстан, Өскемен қ., e-mail: kartaeva2011@mail.ru

Қ. БІТІБАЕВАНЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ
ӘДЕБИ ЭССЕ ЖАЗДЫРУ
(М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша)
Мақалада қазақ педагогикасының көрнекті тұлғасы Қ.О. Бітібаеваның жаңа технологиясы
негізінде эссе жаздыру әдістемесі арнайы сөз болады. Қазіргі мектеп бағдарламасында күн тәртібінде
тұрған эссе жаздырудың әдістемесі жан-жақты талданып көрсетіледі. Авторлар Қ.  Бітібаеваның
«Ой тастау, ойланту» технологиясы арқылы оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін,
зерттеушілік құзіреттіліктерін оятуды мақсат еткен өзінің іс-тәжірибесінің үлгісін ұсынады. Өз
іс-тәжірибесі бойынша оқушылардың қызығушылықтары мен ынтасын, ойлау белсенділіктерін
дамытатын мәтіндерді М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы дәлелдейді.
Түйін сөздер: жаңа технология, әдеби эссе, әдебиетті оқыту, шығармашылық жұмыс, жеке
тұлға, модель, көркем мәтін.

Mukasheva M.К.1, Каrtаyеvа А.М.2,
Doctoral student, 2Doctor of Sciencey, professor
of S. Amanzholov East Kazakhstan State University,
Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk, e-mail: kartaeva2011@mail.ru
1

Writing of the literary essay on the basis of new technology of K. Bitibayeva
(According to the epic novel by M. Auezov «the Way of Abay»)
This articlet is about a technique of writing of the essay on the basis of the new technology of
outstanding person of the Kazakh pedagogics K.O. Bitibayeva. The technique of writing of the essay
in detail is analyzed and considered on the agenda of the modern school program. K. Bitibayeva’s tech­
nology «Oi tastay, oilanu» represents a model of pedagogical experience of the author which purpose
is awakening of informative and creative abilities and research competences of pupils. It is confirmed,
proceeding from own experience, on the example of texts of the epic of M. Auezov «the Way of Abay»,
the developing interest, motivation and cogitative activity of pupils.
Key words: new technology, literary essay, teaching literature, creative work, personality, model,
art text.

Мукашева М.К.1, Картаева А.М.2,
1
докторант, 2д.ф.н., профессор
Восточно-Казахстанского государственного университета имени С. Аманжолова,
Казахстан, г. Усть-Каменогорск, e-mail: kartaeva2011@mail.ru

Написание литературного эссе на основе новой технологии К. Битибаевой
(по роману-эпопее М. Ауэзова «Путь Абая»)
В статье речь идет о методике написания эссе на основе новой технологий выдающейся
личности казахской педагогики К.О. Битибаевой. Методика написания эссе подробно
анализируется и рассматривается на повестке дня современной школьной программы.
Технология К. Битибаевой «Ой тастау, ойланту» представляет собой образец педагогического
опыта автора, целью которого является пробуждение познавательно-творческих способностей
© 2018 Al-Farabi Kazakh National University

Мұқашева М.Қ., Картаева А.М.
и исследовательских компетенций учащихся. Это подтверждается, исходя из собственного
опыта, на примере текстов эпопеи М. Ауэзова «Путь Абая», развивающих интерес, мотивацию и
мыслительную активность учащихся.
Ключевые слова: новая технология, литературное эссе, преподавание литературы, творческая
работа, личность, модель, художественный текст.

Кіріспе
Әлемдік педагогикада есімдері жарқыраған
Ю.К. Бабанский, Ш.А. Амонашвили сынды педагогтармен қатар аталынған әйгілі
ұстаз, «Қазақтың Хан апасы» атанған Қанипа
Омарғалиқызының есімі бүгінде облысымызға
ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріне, одаққа
танымал. Оған дәлел Өзбекстандық ғалым
Қазақбай Юлдашевтің: «Сізді қазақтың данышпан қызы деп таныдым...», – деген екен (Ферхо  С., Байхонова С., Тоқпатаев У., Құрманова Ж.,
2005: 130).
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі,
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің
құрметті қызметкері. Н.К. Крупская медалінің
иегері, Республикалық БЖИ және ШҚМУ,
Шәкәрім атындағы Семей ПИ профессоры –
Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы мектепте әдебиет
пәнін оқытудың теориясы мен әдіс-тәсілдері,
технологиясы жайында біршама еңбектер, Абайды оқыту туралы екі кітап, Әуезовті оқыту туралы үш кітап жазды. Бұл еңбектер – ұлыларды
оқыту туралы Республикадағы тұңғыш іргелі
зерттеулер. Ұстаздың бұл еңбегін дер кезінде
бағалап жатқандар, ол туралы қоғам қайраткері,
Халықаралық Абай Клубының президенті, жазушы Роллан Сейсенбаев: «Қанипа – Ұлы ұстаз,
Ұлы әйел. Кеңестік дәуірдің кезінде Қазақстанда
бірінші болып СССР Мемлекеттік сыйлығын алу
деген – нағыз батырлық», – деп әділ төрелігін
айтқан екен (Ферхо С., Байхонова С., Тоқпатаев
У., Құрманова Ж., 2005: 125).
«Академиялық білімді, ұлтжанды, жүректі,
наркескен тілді, тұлғалы сырт келбетіне ішкі
сұлу сарайы үндесіп келіп жатқан, әріптестерді
айтқандай, «Ұстаздық энциклопедиясы», «Хан
апасы», «Қазақтың Қанипасының» еңбектері,
іс-тәжірбиесі жалғасын тауып, әріптестерінің
ізденіс көзіне, қайнар бұлағына айнала береті­
ніне кәміл сенеміз», – деп Роза Баттал жазғандай,
Қанипа Омарғалиқызының артына қалдырған
өлшеусіз мол мұрасы, педагогикалық технологиясы мен ғылыми еңбектерінің бүгінгі жас
ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор.
ISSN 1563-0323

Қанипа Омарғалиқызының «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы – жас ұрпақты
жаңа­шылдыққа, зерттеушілікке, құзырлылыққа
жетелейтін бірден-бір құрал. Ұстаздың жаңа
технологиясын сөз еткенде мына бір пікіріне
жүгінбесек болмас: Біздің «Ой тастау, ойланту» технологиямыз: бүгінгі сөз болып жүрген
оқушыға субьект ретінде қарау; құзыреттіліктерді
қалыптастыруға негізделген шығармашылық
тапсырмалар; оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту; білімді оқушылық
деңгейден өнімді, шығармашылық деңгейге
дейін көтеру; дарын көздерін ашу; ғылымиіздендіру жұмыстарына баулу мәселелеріне
негізделген», – дегендей (Бітібаева Қ.О., 1997: 2),
шығармашыл ізденістегі құзырлы тұлғаны баулуда ұстаздың жаңа технологиясының тиімділігі
өте зор.
Осы орайда ғалым ұстаздың тағы бір пікіріне
жүгінбесек болмас: «Ой, ойлану, ойланту барлық
пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес.
Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе
– өзіндік ойлау, өзіндік пікірде жатыр. Әдебиетті
оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін
қайталауда, не соны қаз-қалпында мазмұндатуды
мақсат етпеуі керек, ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл
бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан
өзгешелігі де, күрделілігі де осында»,  – деп жаңа
технологиясының маңыздылығын атап көрсетеді
(Бітібаева Қ.О., 1997: 5), Қ. Бітібаеваның жаңа
технологиясы оқушының алған білімін өз
еркімен шығармашылық деңгейге жетелеуіне,
көздеген тақырыпқа өзінің сыни көзқарасын
танытып, зерттеушілік құзыреттіліктерін дамытуына, оқушылардың «өзін-өзі», «бірін-бірі»
оқытуына жол ашады.
Қазіргі заман – білім-ғылымның, ақпараттың
жаһандану ғасыры. Әлемде болып жатқан
өзгерістер еліміздің экономикасына ғана емес,
білім саласына да әсерін тигізуде. Білім берудің
мазмұны жаңа форматқа бет бұрып, жаңаша
көзқарас пайда болды. Әлемдік білім беру
жүйесінде «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?»,
«Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай
дайындайды?» деген мәселелер қойылып отыр.

Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018

267

Қ. Бітібаеваның жаңа технологиясы негізінде әдеби эссе жаздыру

Заман талабына сай жан-жақты дамыған, сындарлы ойлай алатын, білімді де ізденімпаз құзырлы
тұлғаны қалыптастыру үшін де Қ. Бітібаеваның
жаңа технологиясының өміршеңдігі зор.
Ұстаздың жаңа технологиясы арқылы әдеби
эссе жаздырудың тың жолдарынан іздену –
бүгінгі заман талабы. Эссе жазу – қазіргі таңда
жазба жұмыстарының тың түрі, мұғалімдер
мен оқушылар үшін жаңа формат болып отыр.
«Қысқа әдеби энциклопедиясында»: «Эссе – бұл
белгілі бір тақырыпты түсіндіретін және жеке
көзқарастарды, оған байланысты ойларды басқа
жолмен жеткізу әрекетін білдіретін шағын көлем
мен еркін композициядағы прозалық шығарма»,
– деп анықтама берілген.
Орыс ғалымы Г.Ю. Ксензованың: «Учеба – это труд, причем нелегкий, но при пра-

Эссе

Шығарма

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т.
exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи,
публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы
басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке
көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
Анықтамасы

вильной его организации он способен приносить радость творческих открытий»-деген
тұжырымы эссе жаздыру үрдісіне қатысты
айтылып тұрғандай (Ксензова Г.Ю., 2001:
30). Яғни, оқушының жеке көзқарасын танытатын шығармашылық туындысы. Дәстүрлі
оқытуда жазылып келген шығармадан
эссенің айыр­м ашылығын 1-кестедегідей
саралауға болады.­
Дамыта оқыту технологиясының негізін салушы академик-ғалым В.В. Давыдовтың: «Существовало такое массовое образование, в катором
учебная деятельность детей была крайне свернута, а ее содержание было сведено в основном
к эмприческим знаниям и утилитарным умениям» – деген сөзі жоғарыдағы пікірдің шындығын
дәлелдеп тұр (Давыдов В.В., 1992: 4).

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған
білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін
ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі.
Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы
тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен
жүйелі баяндауы талап етіледі.

Эссе – еркін композициялық құрылымға негізделген Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті
немесе көркем-пубицистикалық жанрдың бір түрі
құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған
шығармашылық жұмыс.
Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес. Шығармада жоспарды жазу міндетті.
Эссеге көзқарас,
негізделеді.

сараптама,

дәлелдемелерге Шығарма формасы оның түріне байланысты, көбінесе көркем
мәтінді талдауға негізделеді.

Эссенің мақсаты – оқырманға ой қозғау, толғанысын Шығарманың мақсаты – жазылым тілін дамыту.
тудыру,

Ал қазіргі оқыту жүйесінде жеке тұлғаның
талап-тілегі, еркіндігін ескере отырып, эссе
жаздыру алдындағы мақсаттарды төмендегідей
саралауға болады:
– жеке тұлғаның сыни көзқарасын;
– Аналитикалық ойлау қабілеттерін, логикасын дамыту;
– Өзін-өзі тану, өзіне-өзі сын көзімен қарау,
өз мүмкіндіктері мен іскерліктерін тани білуге,
өзіне деген сенімінің нығаюына ықпал ету;
– Тәжірибе мен білімдерін жаңа мақсатқа
пайдалана білуге, дәлелдемелер келтіруге
дағдыландыру;
– Өз шығармашылық іс-әрекеттері арқылы
интеллектілерін дамыту;
– Сауаттылық, жазу мәдениеті, әдеби
тілдерінің дамуына ықпал ету;
268

– Алдарына мақсат қоя білу, оған жету үшін
ерік-қайраты, қажырлылығын қалыптастыру.
Қазіргі оқыту талаптарын эссе жаздыру
үрдісінде басшылыққа алу үшін, оны жаздыру­
дың инновациялық жолдарынан іздену үшін
мұғалім іс-әрекеті төмендегідей мәселелерді шешуге бағытталу керек.
– Мұғалім өзінің іс-әрекетінің технологиясынан ғана емес, ең алдымен оқушылардың оқу
таным белсенділігін арттыру технологиясын
іздеу, ойластыру;
– Оқушыны дербес, өзіндік ізденіске, өзінөзі оқыту үрдісіне баулу технологиясын ойластыру;
– Жеке тұлғаның ішкі мүмкіндіктерін тани
отырып, оны жан-жақты дамыту жолдарынан
ізденуді алдыға қойып отыр.

Хабаршы. Филология сериясы. №4 (172). 2018

Мұқашева М.Қ., Картаева А.М.

Қазақ әдебиеті сабағында эссенің әр түрін
тақырыпқа сай тиімді қолдандыру, мұғалімнің
шеберлігін талап етеді. Яғни, эссе жаздыру
әдістемесінің негізінде жүзеге асады. Соның
ішінде тәжірибеде, жасыратыны жоқ, әдеби эссе
кеңінен өріс алған.
Эксперимент
Өз іс-тәжірибемізде Қ. Бітібаеваның жаңа
технологиясы арқылы әдеби эссе жаздырудың
тың жолдарын ұсынып отырмыз.
Модельге негізделген әдеби эссе (М.  Әуезов­
тің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша).

Қ.Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту /
ЖБМ/» бойынша алдын-ала берілген тапсырма:
1. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының
«Қайтқанда» бөлімінің 3-9 беттерін оқу;
2. Оқушылар «Абай жолының» берілген
беттері бойынша өз қиялдарына ерік бере отырып, «Абай аулы» модель жасайды.
а) Бұл модельде «Абай аулына» дейінгі мекенжайлардың аты, бағыты берілген. Үзіндіде оларға
қысқа болса да сипаттама жазылған. Енді оқушылар
төмендегідей тапсырмаларды орындайды.
3. Автордың айтқысы келген идеясын болжап, автордың көзқарасына өз ойын таныта отырып, әдеби эссе жазу.

Модель үлгісі:
Көлқайнар
Есембай
Тақырбұлақ
Буратиген
Көкүйірім
Қорық

Тапсырмалар:
М.Әуезов «Абай жолы» («Қайтқанда» бөлімі)

«Абай аулы»
(әдеби эссе)

– ...Барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе мынау өзі туған сахара, өлке белдеріне соншалық
бір туысқандық ыстық сезіммен, кешіріммен де қарайды...
– Есембай жазығы. Осы жердің адамы болмаса...
– Баланың барынша сағынған көрінісі...

І мәтін.
...Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерден
оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс
Көкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты
қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала
оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін
ағызып-ағызып та алады...
...Ал «Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау» деген Есембай-Найзатастар болса,
ол Абайдың өз аулының аса мәлім қоныстары.
Көктем мен күз уақыттарында, жылына екі рет

ISSN 1563-0323

осы жерлерге Құнанбай ауылдары келіп қонып,
ұзақ уақыт отырып, жайлап кететін. Анай
көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы,
ауыл-қонысы, қой өрісі – барлығы соншалық
таныс, жақын. Тіпті былтыр боқырауда,
күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл осы
қоныстан, Есембайдан кеткен болатын. Сонда
тайға шапқан, асық ойнаған құрбы балаларымен жаяу жарыс жасап, асыр салған ең соңғы
бір ыстық қоныс осы болатын... (Әуезов М.О.,
2003: 7).

Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018

269

Қ. Бітібаеваның жаңа технологиясы негізінде әдеби эссе жаздыру

ІІ мәтін.
Қыс бойы ауылды, елді сағынғанда есінен
кетпейтін соңғы күндері дәл осы Есембайда
өткен.
Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі
әдемі өлке мұнарланады. Барлық айналадағы
кең дүниеге, әсіресе мынау өзі туған сахара,
өлке белдеріне соншалық бір туысқандық ыстық
сезіммен, кешіріммен де қарайды. Жабыса,
сағына сүйеді. Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен
желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай
рақат. Осы желмен құлпыра, толқып, су бетіндей
жыбыр қағып шалқып жатқан ал күрең көде мен
селеу далалары... дала емес – теңіздейі қандай!
Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз телміріп,
ұзақ-ұзақ қарайды. Шамасы келсе, бұл жерлерді
құбыжық көру емес, үрке қарау емес, құшағын
керіп аймалар еді... (Әуезов М.О., 2003: 7).
ІІІ мәтін.
Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен,
кең қоныс емес. Жайлауға қарай, Шыңғыс
асқалы беттеп келе жатқан елдің үш-төрт аулы
қоныпты.
Бұның бәрі «Құнанбай аулы» деп аталады. Өзінің аулы мен жақын туысқандарының
ауылдары.­
Көлемі аз бұлақтың айналасына жиі қонған
ауылдардың үйлері де, шұбыртқан малы да,
адамдары да кешкі мезгілде ыю-қию араласып жатқан сияқты. Жер ошақтардан шыққан
түтіндері де біріне-бірі қосылып ұласып,
тұтасқан көкшіл мұнарадай тарайды. Үрген иттер, мал қайырған айқайлар, маңыраған қой,
қозы шулары араласып жатыр. Кешкі суға келе
жатқан қалың жылқының кісіней шапқан дүбірі,
шаң-тозаңы болсын немесе оқта-текте азынай
кісінеп, үйірін іздеп шапқан, мінуден босаған
жас айғырлар дауыстары болсын – барлығы да
осы отырған ауылдардың осы кештегі тіршілік
тынысын білдірген сияқты. Баланың барынша
сағынған көрінісі... (Әуезов М.О., 2003: 8).
Эссе жазу әдістемесі қаншама күрделі болса, оны талдау, бағалау жолдарынан іздену
де еңбектенуді қажет етеді. Әсіресе оқушы
еңбегін бағалау – дәстүрлі оқытуда да, қазіргі
технологиялық оқытуда да күн тәртібінен

түспей тұрған өзекті мәселе. Орыс ғалымы
В.И.  Журавлевтың: «Нередко весь класс утверждает, что оценка обьявленная учителем, не соответствует качеству и уровню знаний, которые
продемонстрировал отвечающий. Что в других
случаях, другим учащимся тот же учитель ставит оценку выше. Конфликт в связи с этим во
многом зависит от реакции учителя и от мастерства, надежности, открытости критериев, которыми он руководствуется, оценивая знания и
умения»-деген пікірі ешқандай дәлелдеуді қажет
етпейтін шындық (Журавлев В.И., 1995: 79).
Бұл сабақта эссені талдау, қорытындылау
«өзін-өзі», «бірін-бірі» бағалау әдістері арқылы
жүргізілді:
Бірінші кезеңде: эссе мұғалім тарапынан
тексеріліп, қорытынды талдау әр оқушының
дәптеріне жазылады.
Екінші кезеңде: оқушылар бірін-бірі бағалап,
пікір-талдауларын мұғалімнен соң жазып
отырады.­
Үшінші кезеңде: әр оқушы өзінің жұмысына
жазған талдауларды оқып, аяғына өз пікірін /
келісетін немесе келіспейтіндерін/ жазып қояды.
Төртінші кезеңде: мұғалім қайта жинап
алып, қорытындылайды.
Бағалаудың бұл әдісі уақытты талап етеді.
Бірақ оның тиімділігі оқушыларды өзіне сынмен
қарауға, әділдікке баулиды, бір-бірін оқыту, өзінөзі оқытуға дағдыландырады. Тек оқушылар
ғана емес, мұғалімнің де бағалау технологиясын
жетілдіру айналасындағы ізденісіне ықпал етеді.
Қорытынды
Модельге
негізделген
әдеби
эссенің
ұтымдылығын былай тұжырымдауға болады:
– оқушылардың белгілі бір мәселені көтеруі;
– автордың көзқарасына, шешіміне сыни
көзқарасын танытуы;
– Көркем мәтінмен жұмысқа жетелеуі, оны
талдауға үйренуі;
– оқырманға ой тастауы, ой қозғауы;
– «Абай жолы» эпопеясын оқу үрдісі
жалғасады.
– Жазба жұмысына төселдіреді.

Әдебиеттер
Ферхо С., Байхонова С., Тоқпатаев У., Құрманова Ж. Аңызға айналған ұстаз. – Өскемен: ТОО «Медиа-Альянс», 2005.
– 224 б.
Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан, 1997. – 284 б.
Ксензова Г.Ю. Перспективные школьные технологий. – М, 2001. – 222 с.

270

Хабаршы. Филология сериясы. №4 (172). 2018

Мұқашева М.Қ., Картаева А.М.
Давыдов В.В. Психологическая теория учебной деятельности и методов начального обучения, основанных на
содержательным обобщении. – Томск, 1992. – 302 с.
Әуезов М.О. «Абай жолы» роман-эпопеясы. – Алматы: Жазушы, 2003. – 365 б.
Журавлев В.И. Основы педагогической конфликтологии. – М, 1995. – 300 с.
References
Auezov M.O. (1997). «Abai zholy» roman- epopeyasy. [Epic novel “The Path of Abai”]
1-tom. - Almaty: Zhazushy, 2003. 365 b. (In Kazakh)
Bitibayeva K.O. (1997). Adebietti okytu adistemesi. [Kazakh literature method] Almaty: Rauan,1997. 284 b. (In Kazakh)
Davydov V.V. (1992). Psihologicheskaia teoria uchebnoi deiatelnosti I metodov nachalnogo obuchenia osnovannyh na
soderzhatelnоm obobshenii. [Psihologicheskaia teoria uchebnoi deiatelnosti I metodov nachalnogo obuchenia osnovannyh na soderzhatelnom obobshenii]-Tomsk, 1992. 302 s. (In Russian)
Ferho C., Baihonova C., Tokpataev U., Kurmanova Zh. (2005). Anyzga ainalgan ustaz. [A teacher whose name became a legend]- Oskemen: TOO «Media-Alians», 2005. 224 b. (In Kazakh)
Zhuravlev V.I. (1995). Osnovy pedagogicheskoi konflictologii. [Osnovy pedagogicheskoi konflictologii] Moskva: Rossiiskoe
pedagogicheskoe agentstvo, 1995. 300 s. (In Russian)
Ksenzova G.Yu. (2001). Perspektivnye shkolnye tehnologii. [Perspektivnye shkolnye tehnologii]- Moskva, 2001. 222 s. (In
Russian)

ISSN 1563-0323

Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018

271
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
15.03.2024
390
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі