№266 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі
Бақбергенова Айгүл Азизуллақызы
ҚАННАН КЕУІП КӨРМЕГЕН НАЙЗАСЫНЫҢ САҒАСЫ
Қазақ халқы ғасырлар бойғы арманына қол жеткізіп, тәуелсіздіктің көк байрағын көкке көтеріп, бейбіт өмір кешіп отырған кезеңде туған елінің азаттығы үшін қан төккен батыр бабалардың, сөзін семсер, тілін найза еткен даналардың рухтарын ұлықтау, олардың ерлігін кеңінен насихаттау азаматтық парызымыз болса керек.
М.Тынышпаев айтқандай, «көзінің тірісінде-ақ Үш Жүздің әйгілі батыры, белгілі биі һәм алдын болжаған әулиесі» болған Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі қазақ баласы үшін аса қадірлі де қастерлі есімдердің бірі. 18-ғасырдың соңғы жылдарында өткен қазақ-қарақалпақ қақтығыстары тұсында, бар-жоғы он жеті жасында Хиуаның белгілі батырын жекпе-жекте өлтірген Жанқожа содан кейінгі 70 жыл ғұмырында тұлпарынан түспей, азаттықтың киелі Ақ туын қолынан түсірмей, қартайған жасында да қас жауларымен қандыкөз көкжалдай алысып, алыстан тоят іздеген қыранша тұғырынан таймай фәниден өтті. Өзінің ұзақ өмірінде Қоқан, Хиуа, Ресей басқыншыларымен сан рет сұрапыл шайқастар өткізді. Жанқожа батыр сол ұрыстардың барлығына да қолбасшы, әрі басты ұйымдастырушы ретінде қатысып, теңдессіз ерлік, көзсіз батырлық көрсеткен болатын. Сонысымен, жанына ерген жауынгерлеріне үлгі болды, халқына қайрат, «елім» деген ерге ерік-жігер берді.
Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған.Табиғатынан батыр, бұқара мүддесі амалсыз би еткен Жанқожа Нұрмұхамедұлының ғұмыры қазақ хадқының бас иесіз қалған, тарихтың осы бір нағыз аласапыран отарлау кезеңіне сәйкес келеді. XIX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды.
Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.
Осы кезден бастап Жанқожа бабамыздың елі үшін жасаған ерліктері басталады. Оларды тақырыптарға жіктеп көрсетуге болады.
1.Жанқожа батырдың 17 жасында бірінші рет Қылышбайға еріп жорыққа шығуы.
2. Жанқожа батырдың Созақ қалсын алуы.
3. Жанқожа батырдың Бабажан қаласын алуы.
4. Орыспен соғысы
Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жасөспірім Жанқожа ортаға жұлқынып шығып, жекпе-жекте өлтіреді.Осы соғыста қазақ жастары хиуалықтарды қуып, қамалды тас-талқан етіп,елге абыроймен оралады. Осы жорықта мынадай оқиға орын алады...Олжалы қайтқан қазақ жауынгерлерінің соңында бір жігіт жалғыздан-жалғыз жетімсіреп мұңайып келе жатады. Жанқожа бұрылып барып, одан жөн сұрайды. Қаракесек Есенбек деген қатардағы жігіт қолына түскен олжасын Қылышбай ханның інісі Күйеубайдың тартып алғанын баяндайды. Ашуға мінген жас батыр сол бетімен ханға барып, мына озбырлығы үшін оған балта жұмсайды. Хан елге жарақаттанып келеді. Әңгіме Нұрмұхаммедке жетіп, ол баласын ханның алдына байлап әкеліп: «Ханымызға қол жұмсаған баладан қайыр жоқ. Ұлықсатыңды бер, тақсыр, тап көзіңше шабамын» дейді. Сонда хан: «Ниетіңе ризамын, Нұрмұхаммед. Айып баладан емес. Өзімнен болды. Баланыкі дұрыс. Тиме. Алмағайып заман болып тұрған жоқ па?! Ханға жұмсадған қаруы дұшпанына да жұмсалар. Жібер баланы. Мен кештім», - деп Жанқожаны босаттырып жібереді. Сол жарақаттан хан көп ұзамай дүние салады. Осы бір жорықтан соң Жанқожаның батыр атағы ел ішіне қаулаған өрттей жедер тарап кетеді. [1,64б.]
Ұлы жүз Қоқан ханынан бағынған соң Қоқан ханы балшықтан қалың дуал орнатып, айналдыра ор қаздырып Созақ қаласын салдырады. Қамалды салып болғанша салықтахалықтан шамалап алады. Бітіргеннен кейін салықты ауырлатып, халықты қатты күйзелтеді. Ұлы жүздің басшысы қарт кісі орнына баласы ел басқарады. Ол қиындықтан халықты құтқару үшін қол жианп қоқан хандығына қарсы көтеріліс ұйымдастырады. Бұны естіген созақ ханы ма,ан кездесуге келсін, алым-салықты азайтып, келісімга келеміз деп алдап шақырып, жас баланы хадық көзінше дарға асады.Бұған шыдамаған қарт басшы өзі созаққа шабуыл жасайды. Ондағы ойы баласының кегін алып, елін қысымнан құтқару болатын. Бұл ойы жүзеге аспай, Кенесары мен Жанқожадан көмек сұрайды. Осы кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын.
Жанқожа елден 500 әскермен қол жинап,Кенесары Кенесары 3000 қол әскермен келісілген жерге келіп, алдағы соғысқа жоспар құрады. Жоспар барысында Кенесары үш жүз үш күннен жорыққа шықсын, өз кезегінде қамалды бұзып алған жүз өз атақтарын алсын деп келісіпті. Бұндағы ойы бкз жүз әскермен бұлар не істей алады деп Жанқожа әскерін шеттеткен қулығы екен. Ал бұл жоспарды оғаш көрген Жанқожа: «Бұлай қарап отырғанымыз жарамас, біз қарап жатпай қоқан беткейіне қарай аттанып, сол жақты бақылайық», дейді. Ал бұл кезде созақ ханыбір жансыздан соғыстың болатынын естіп, қоқандықтардан көмек сұраған болатын. Қоқан ханы 800 әскерді бастатып қоқанның бас палуаны, хас батыры Тағанды жіберген болатын.
Бір күні таң алды қоқан жақтан қоқан әскерінің келе жатқанын көріп, барлық әскер аттарына қонып қоқан әскерлеріне қарсы жорыққа шығады. Қоқан әскері бұлардың кім екенін білу үшін, жаушы жібереді. Кімдер екенін білгеннен кейін Қоқан батыр жекпе-жек деп ортаға шығады. Мұны көрген Жанқожа батыр Дәрменқұлдан рұқсат сұрап, бәтесін алып, ортада тұрған Тағанға қарай жүре береді. Таған да найзасын қолына алып қайымдап ұстап тұрады, Жанқожа батыр да найзасын дайындап Тағанға жақындай бергенде тұман басып тас қараңғы болады. Екі жақтың әскерлері ештеңе көре алмай қалады. Тұман біраз уақыттан кейін ашылады. Екі жақтың әскері қараса батыр Тағанның қолын артқа байлап, ат жетегіне алып, айдап өз әскеріне алып кеткен екен. Оны Дәрменқұлға әкеліп тапсырып, қайта барып жекпе-жекке шығатын адам сұрайды. Оған ешкім шықпайды, сол кезде қоқан әскеріне шабуылды бастап кетеді. Екі жақ соғысып жатқанда неден екені белгісіз Жанқожа батырдың бет алған жағы дүркіреп қаша береді. Осылайға жаудың бетін тойтарып, тұтқындарды алып Кенесарыға келіп тапсырады. Бұл кезде Кенесары Орта жүз бен Ұлы жүзге Кіші жүздің аз әскерімен қорқып қашып кеткен шығар деп мысқылдап жатқан еді. Бұндайды күтпеген Кенесарының іші оттай жанады. Ол қолға түскен Тағаннан қалай қолға түскенін сұрайды. Сонда Таған: «бұл туралы өзім де білмеймін, күн ашылып, жабылып тұрған тұман еді. Ортаға шығып екеуміз жақындап енді найза салғанымда тұман түсіп, тас қараңғы болды, үстімді бір қара зіл басып, есімнен танып қалдым. Есімді жисам Жанқожаның алдында айдалып келе жатыр екенмін» дейді. Ол бұл оқиғаға таң қалып, нендей күш, нендей құбылыс бұл деп таңырқанады. Ол ашуланып созақ қамалына шабуылға шығады. Өзіне берілген үш күнде еш нәтиже шығара алмайды. Жорыққа Жанқожа батыр бастаған қол барады. Олар бекіністі бір айналып қарап шығып, әскерін жинап алып: Ұлы жүз бен Орта жүздің үш мың әскерімен қамалды ала алмауының себебін білесіңдер ме? деді. Ешкім үндемеді. Батыр тұрып: олардың бұза адмауының себебі: арларынан жандары қадірлі болды. Ары үшін жанын қимады. Ал, енді біз ар үшін жанды қисақ, азда болсақ аламыз. Ар үшін жанды қиямыз ба дегенде бәрі ар үшін жанды қидық деп жауап береді. [2,28б.] Одан кейін Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алады. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтірген өтеуі үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандаған.
Жанқожа батырға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген Сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін Хиуа ханы Аллақұл жасақтарымен түрікмен Аймұхамед палуанды жібереді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болады. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырады. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырайды.
1845 жылдың көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді. Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазбен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофеев бастаған отряд келіп, хиуалықтарды талқандауға көмектеседі. [3,271б.]
1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпейді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В.Обручевпен жолығып сөйлескен соң Жанқожа онымен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады. Патша шенеуніктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И.Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелетін тілмаш Мұхаммедхасан Ахмеров шабармандарын пара жинауға Жанқожа ауылына жұмсайды.
Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Осындай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады.. 1856 жылдың желтоқсан айында Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы қарулы көтерілісі басталды. Бұған түрткі болған себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты кірпіш зауытының пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтеріліске шыққандардың жалпы саны 3 мың адамға дейін жетті. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу адамдар еді. Олардың қару-жарағы жер өңдейтін кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл, садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бірнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150— 200 адамнан тұрды. Көтерілісшілер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекінісіне таяу жерлерге орналастырылды да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып, шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады.
Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетеді. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы В.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз қазақ жасағы бар жазалау отрядын аттандырады.
Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болады. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болады. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетеді. Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратады. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан – наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасайды.
1856-1857 жылдары қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық жасаған рубасылары мен елағаларына ренжіп, Дәуқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. [4,4.]
Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырады. Осы кезде Елікей Қасымов бастаған жазалаушы қарулы топ батырды өлтіріп, ақыры көздеген мақсаттарына жетеді. Сөйтіп бүкіл ғұмырын елі мен жұртының бостандығына арнаған абзал азамат , хас батыр ағайынның қолынан қапыда қазақ тапты.
Жанқожа халық арасында беделді болады. Ол өлгеннен кейін де Сырдағы халық қатты құрметтеп, халық Жанқожаны әулие деп атаған. Жанқожа де деп атаудың орнына «Ер Жәкең» деп атайды. Осы күнге дейін арасында мынадай жағдайлар қолданып келеді. Мысалы, құн алатын немесе адам өлген жерде, даулы жерде «Жанқожаның жалғыз оғына» тұратын болған. «Жанқожаның жалғыз оғы атсын» десе, денелері түршігеді. Оны Сыр бойының халықтары қатты сыйлайды. Ешкімнің тілі тимейді. Жанқожаның жолына деп құдай жолы істейтін болған. Бір сөзбен айтқанда, Жанқожа қазақ халқының бостаншылығы үшін сексен алты жас өмірін өткізеді.
Ел басына күн туған кездерде, батырлық пен батылдықты, ерлiк пен өрлiктi, қайсарлық пен қаталдықты қатар ұстап, туған жерiнiң азаттығын аңсаған, Хиуа мен Қоқан хандықтарына, патшалық Ресейдiң отаршылдық саясатына қас қақпай қаруын сiлтеген, жетпiс жыл бойы аттан түспей, ел бостандығы үшiн күрескен батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есiмi ұрпақтан ұрпаққа жетіп, оның тәуелсiздiк жолындағы ұлт-азаттық күресi қазақ тарихында айрықша орын болып қала береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Ел қорғаны ер Жәкем» М. Қаназ. С. Қалауов [1,64б.]
2. Күлімбетұлы Тойымбет «Жанқожа батыр және оның ұрпақтары» [2,28б.]
3. Жанқожа Нұрмұхамедұлы М. Қаназ [3,271б.]
4. Martebe.kz 06.11.2014 ж. [4,4.]
Түйін
Бұл баяндамада қазақ халқының хас батыры Жанқожа Нұрмағамбетұлының елінің азаттығы, еркіндігі жолындағы жасаған ерліктерін дәріптеледі. Оның жастайынын батырлықты бойына сіңіріп, елін жанынын артық көретін қасиеттері анық көрсетіледі.
Аннотация
В этом статъе прославляется храбрость Жанкожи Нурмагамбетулы, героя казахского народа, за свободу своей страны. Ярко проявляются его качества, прививающие в юности героизм и отдающие предпочтение душе своей страны.
Annotation
This article glorifies the bravery of Zhankozha Nurmagambetula, the hero of the Kazakh people, for the freedom of his country. His qualities are clearly manifested, instilling heroism in his youth and giving preference to the soul of his country.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз