Материалдар / Қара-Бура әулиенің құдреті

Қара-Бура әулиенің құдреті

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал баяндама студенттер оқушылар ұстаздарға қажет
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҚАРА- БУРА ӘУЛИЕНІҢ ҚҰДІРЕТІ.

Кульмухаметова Гульнур Жунусовна

«Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ

ШҚО Ұржар ауданы.

gulnur1984g@mail.ru

Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының ішінде Түркістан қаласы ерекше орын алады. XVI-XIX ғасырдағы Ұлы Жібек жолында орналасқан Түркістан қаласы Қазақ хандығының астанасы және түрік тілді халықты адамдардың орталығы. Оңтүстікте қасиетті орындармен қатар ежелгі қазақ халқының өркениеттерінің бірі қалыптасқан аймақ болып табылады.

Қорқыт Ата, Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Баба Түкті Шашты Әзіз, Ысқақ баб-Баба Ата, Әбжал баб-Хорасан Ата, Үкаша Ата әулиелер қатарында халық Қара-Бураны да Пір тұтынады. Бүгінде Созақ топырағында Қара-Бура әулиенің кесенесі мұсылман қауымының киелі қорымына (пантеон) айналған. Қара-Бура (шамамен ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген) - оғыз-қыпшақ заманындағы діни қайраткер, әулие. Кіші жүздің Тама руынан шыққан. Шу, Талас, Сырдария, Еділ, Жайық өзендерінің бойында өмір сүрген. Қарабура сахара тұрғындарының арасында қалыптасқан өмір салттың шырқын бұзбай ислам дінін, оның наным-сенімдерін орнықтыруға ат салысқан. Ол сопылық ілімнің ірі өкілі Қожа Ахмет Иасауимен мүдделес болған. Қара-Бура аруағын иісі түркі жұрты құрмет тұтады. Оның Созақтағы кесенесі Орта Азия халықтары үшін киелі орынға айналған.[1,3 б]

Қара-Бура әулие жөнінде жазбаша деректерге қарағанда ауызша аңыздер көптеп кездеседі.

Бұл мақалада Қара-Бура әулие туралы аңыдар мен әулиенің қасиеті мен киелі оғыз-қыпшақ заманындағы діни қайраткер, әулие. Қазақ даласында ислам дінін, оның наным-сенімдерін таратуға ат салысқан. Ол сопылық ілімнің ірі өкілі Қожа Ахмет Иасауимен мүдделес, пікірлес болғандығы туралы айтылады.

Р.М. Мұстафинаның жазып алған екінші дерегі бойынша, «Қара-Бура әулие қазақ руы – тамадан шығады. Ол  Қожа Ахмет Ясауиге түйеге артып сексеуіл әкеледі екен. Оның әкелген сексеуілі он түйе көтере алатындай болған екен. Соған байланысты оны Қарабура әулие деп атап кетеді».

Қара-Бура әулие мен Қожа Ахмет Ясауидың жақындығын, достығын көрсететін келесі бір дерекке мынадай  аңыз-әңгіме  жатады. «Алланың әмірімен  жұма намазын  Меккеде оқу үшін  Ахметке  ақ бура сыйланады. Мұны көрген жұрт оны бұрынғыдан да артық құрметтей түседі. Осы құрметтерге сенімсіздік білдірген бір кісі Ахметке келіп: «Сен жұртты алдап жүрсің»,-дейді.  Ахмет бұған ешқандай реніш білдірмей: «Қажет десең  жұма намазға Меккеге бірге барайық»,-дейді Қожа Ахмет сол адамды мінгестіріп жатты «Көзіңді жұм да, төменге қараушы болма», -деп ескертеді. Бірақ ол шыдамсыздық танытып өзін ашқан кезде түйеден аунап түстіп, төменге қарай құлайды. Осы кезді кара бураға мінген адам оны іліп алып жерге аман жеткізеді. Бұл әр жұмадаМеккеге Қожа Ахметпен барып келетін, оның пікірлес сыйласы Қарабура әулие еді», - дейді.

Қара-Бура әулие Ясауидің замандасы деген дерекке – «Қара-Бура әулиенің Қожа Ахмет Ясауиді жерлеуі туралы» аңыз-әңгімелер жатады. Деректі XX ғасырдың 80-ші жылдары ел аузынан Р.М.Мұстафина жазып алып, өзінің монографиясында жариялайды. Онда былай делінген: «Оңтүстік Қазақстанда Қарабура әулиенің, дәлірек айтсақ Бура-хан әулиенің күмбезі бар делінген Шырақшы мен жергілікті өңірдің көне тарихын көп білетін адамның айтуынша Қарабура әулиенің шын аты –Бурханадзар. Ол Қарахандықтар әулетін  негізін қалап, бірінші болып ислам дінін қабылдаған және Әулие-Ата (Жамбыл) қаласында жерленген атақты Қараханның серігі болады. Бура-хан –Ақтан сопысының ұлыоның бейіті Қызылордаж ерінде жатыр..Қара-Бура ханның көпке танымал болуына оның Қожа Ахмет Яссауиды жерлеуі туралы аңыздың таралуы жатады. Аңыз  бойынша, Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болар алдында өзін бір қара түйе мінген адамның келіп жерлейтінін ескертеді. Ол адамның басқа ешкімнің әулие денесіне қол тигізуге құқы болмаған. Дәл әулие айтқандай болды. Көп ұзамай  Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін, үстіне ақ жамылғысы бар, ноқтасыз түйеге мінген және қапталында құмыра ілініп, онда денені жуатын суы бар адам келеді. Ол жаназа шығарып, басқа да ырымдарды орындайды. Бәрін орындап болғаннан кейін жаңағы адам оңтүстікке Түркістанға қарай бет алады. Осы уақыт ішінде ол ештеңе ішпейді де, жемейді де. Бір аулылға келіп шайынады да және сол жерде қайтыс блдады. Бура-хан қайтыс болған жерінде жерленеді және оның басына күмбез орнатылады. Жаңағы адамның кім екенін білмеген адам оны «Қарабура» деп атап кетеді. Бейтаныс адамның Астына мінгені қара бура екен. Осы сөздерден әулиенің аты пайда болды».

С.Тәбірізұлы өзінің зерттеуінде «Қарабура әулие» атты еңбегінде  Әулие бабаға қатысты көптеген аңыздық және тарихнамалық деректер ұсынады. Оларды қорытындылай келгенде мынадай тұжырым шығады:

  • «Қара-Бура әулие –Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи замандасы; яғни ХІ ғастырдың соңы мен ХІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген» тарихи тұлға.

  • Қара-Бура әулие – Қараханилық билеуші (Харун) Хасан Боғра хан болуы мүмкін.

  • Қара– Бура әулие-қасиетті -әулие, сопылық ілімнің негізін салушылардың бірі немесе осы ілімнің дамуына жан аямай көмектескен мемлекет қайраткері (Әмір Темір) сияқты болған деген қорытынды жасауға болады;

  • Қара-Бура есімін ұранға айналдырғын тама тайпасының атауы «яғма»  тайпасы атауының өзгеріске ұшыраған түрі; Қарахан мемлекетінің.

Қасиетті әулиенің көп қырлыы да, көп сырлы өмірінің бір қырын , яғни Қарабура әулиенің әзірге дейін - бізге деректер мен аңыздар арқылы аты-жөні жетіп, белгілі болып отырған ұрпақтары – Әмбар Бибі мен Бегім Ана жайлы және олардың өмір жолдастары болған адамдар.

Әмбар Бибі өте сұлу, әрі ақылды, көріпкел әулие болғанға ұқсайды. Әмбар Бибінің алғашқы өмір серігі – Хакім Ата Бақырғани болады.

Хакім Атаның шын аты Сүлеймен болып, кейінгі аты түрік мұсылмандарының арасында Сүлеймен Бақырғани атымен кең танымал болады. Хакім ол кісінің лақап аты болған. Сүлеймен Бақырғанидің тегі Хорезмдік, Қарабура әулиенің ажайб сұлу қызы Әмбар Бибіге үйленеді. Ол Қожа Ахмет Ясауидің ең сүйікті, әрі талантты шәкірттерінің бірі болып, «Яссавия» ұйымының маңызмақсатын түрік халқының арасында өсиеттеуде көп еңбек сіңіреді. Атақты «Машайхтардың» бірі болады. Сүлеймен Бақырғанидан қалған мынадай қанатты сөздер бар екен: «Барлығы жақсы - біз жаман, барлығы бидай – біз сабан», «Әр кімді көрсең Қызыр деп біл, әр түнді көрсең Қадір Түні деп біл».Ұстазы Қожа Ахмет Ясауидың кітаптарын шығаруда, өзінің өлеңдер жинағын шығарып, ел арасында кең танымал болады. Хакім Ата шомылып жатқанда Әмбар Бибі оны көріп қалып «Атақты Қара- Бураның қызы бола тұра, осындай адамға қалай тұрмысқа шыққанмын» деген ойға келіпті. Сонда Хакім Ата оның ойын сезіп қойып, «Әлі саспай қоя тұр, жақында менен де өткен қара өңді адамға тұрмысқа шығасың» депті.[ 2,1б]

Қара -Бура бабамыз Х-ХІІ ғасырда Қарахан мемелекетінің билеушісі болған, әділеттілік пен имандылықты шыншылдық пен парасаттылықты,білімділік пен батылдылықты тадап еткен,мұсылман дінінің маңыздылығын үйреткен, мұсылман дінінің дамуына өз үлесін қосқан екен.

Қара- Бура бабаның әулиелігін Қызылорда облысындағы Қазалы ,Арал ауданындағылар былайша сипаттайды. Қара-Бура бабамыз әулие кісі. Талай тарыққан мен шипа іздегенге пана болған.Сол жерге жақын орналасқан Қызылқұмның ортасында кесенесі жатқан Жанқожа бабамыздың жауға қарсы шапқанда әрдайым рухани демеуші әрі тілекші болған деп те айтады.

Қара-Бура бабамызға Қожа Ахмет Иассауидың дүниеден озарда халқына айтып кеткен аманатын орындауға ниет білдірді. Сөйтіп денесін ешкімге ұстатпай,Қара-Бура әулиенің келуін күтеді.Әлсін-әлсін сыртқа шығып,жан-жаққа көз тастайды.Келе жатқан ешкім байқалмайды.Тұрған халық ішінен уақыт өтіп барады,мүрдені шығара берейік деген сөздер айтқанмен,оған ғұламалар «аманатты орындау- парыз» деп күтуге мәжбүр болады. Бір кезде күн батыс жақтан сағымдай, буалдыр шаң көтеріледі.Халық сыртқа шығып ,әлгі көріністі көз алмай қадағалайды.Қою шаң жақындай түседі.Шаң арасынан ешкім байқалмайд.Сол шаң елге жақын қалғанда тарамданып,бірте-бірте ашыла түседі.Бұл Қара-Бура әулиенің шаңы екен.Манадан бергі жерден көтеріліп, сағымданып, көрінген шаң әулиенің астына мінген дүлділінің жер тарпыған жүрісі болып шығады. Әулие көліктен түскен бойда мүрде жанында ұзақ отырып, дұға бағыштап, бақилыққа аттанған Қожа Ахмет Иассауидың жерлеу рәсімін өзі жасайды.Осы әңгіме күні бүгінге дейін Сыр елінің аузынан түспей келеді екен.

Қара-Бура әулиенің үлкен қызы Бегім сұлудың Арал аумағында кесенесі республикалық мәдени мұраға жатқызылады.Бегім сұлудың әкесі Қара-Бура Оғыз қышақтарының ханы Санжар султанға қолдан ұзатып береді.Санжар сұлтан Бегім Сұлуды жар етіп алғанмен, араларында қызғаныш сезім көп болған екен. Бегім ана өте ақылды,инабатты,қасиетті кісі болған. Күндердің бір күнінде сапардан келген Санжар сұлтан мен Бегім сұлудың арасында арандатушылық әңгіме пайда болады. Анамыз қолдан айырылып,ел шулап, әкесі Қара-Бураға хаьар жеткізеді. Болған жайға қанық әулие қызға келеді.Төсек тартып жатқан бегім сұлуәкесіне қамығады.Қара-Бура елді жинап,Санжар сұлтанды ортаға алып, оның жер-жебіріне жетеді. Қара-Бураәулие елдің көзінше түрегеліп тұрып: «Қызымның пәктігі мен адалдығына шек келтірмеймін.Егер осы сөзім расқа айналса,қазір Бегім сұлудың қолы орнына келіп ,құс болып қолыңа түспей ұшып кетеді» дейді.Сөйткенше, Бегім сұлуға қанат бітіп, құс болып шаңыраққа қонады да, батысқа қарай ұшып кетеді.Жиылған жұрт Қара-Бура әулиенің құдіретіне тәнті болып бас иіп, тағзым етеді. Сол жерден жолға шығарында Қара-Бура әулие :-Санжар сен оңбайсын, Сенің қара басың емес, мына күллі жиылған қауымға кесірің тиді. Сенен еш уақытта ұрпақ қалмайды.Өзіңді және еліңді жылан шақсын,-деп теріс батасын жасап, дүлділіне қамшы салған екен.

Қөп ұзамай «Санжар сұлтанды және бүкіл елді ордалы жылан басып, содан қырылған екен» деген аңыз әңгіме айтылып келеді.

Қара-Бура құдіретілігін осындай аңыздар дәлел болады.Қазіргі таңда кесенеге келіп ниет етіп дұға оқып әулие рухына табынып әр түрлі аурулардан жазылып кетеп жатқандары да жетерлік. Әулиеге зиярат етіп бара қалсаңыз мазар қабырғасын жағалап өскен киелі терек жайындағы аңызды да естуіңіз мүмкін, өйткені осынау ағаштың қаншалықты киелі екендігі жергілікті халыққа жақсы аян. Кезінде мұндағы тұрғындар дауласып, өз мәселелерін шеше алмай жатқанда ешқандай бидің көмегіне жүгінбей-ақ осы Қарабураның кесенесіне келген екен. Ақиқатты дәлелдеу үшін киелі теректің бұтасын сындыру керек. Кім жалған сөйлесе сол замат басы бәлеге қалады. Халықтың айтуынша, кейбір ұры-қары Құдайдан қорықпай, киелі теректің бұтасын сындырған екен. Ондайлардың мазар ауласынан шықпай жатып-ақ мүгедек болып қалғанын көрдік дейді ауыл тұрғындары.Әулие жатқан қорымда Құрбан ата, Ақназар хан, Белгібай қажы, Шілмембет би, Құлтас би, Қожамқұл ғұлама, Дәулет-Қарабура батыр, Шахасум-ахун, күйші Сүгір Әлиев сияқты қазаққа белгілі тұлғалар жерленген.[ 3,2б]

Ақиқат пен шындықты білімділік пен бейбітшілікке шақырған қасиетті киелі батыр болғанын көре аламыз.

Қазіргі кезде Қара-Бураханды Орта-Азияда көптеген мемлекет ұлыттары, әрқайсысы өздеріне жақын тартып, біздің үлкен бабаларымыз деп құрмет тұтады, ұлы тұлға санайды. Мысалы Қазақтар, Ұйғырлар, Қырғыздар, Тажіктер, Өзбектер, Түріктер-тағы басқа ұлт өкілдері әрқайсысы өздеріне иемденеді, бұл өте құптарлық мәселе. Міне бұл Қара-Бураның тарихтағы орны, беделі ежелгі Түріктектес халықтардың жүрегіңінің де-тілігенің де бір екендігінің, бөлінбегендігінің белгісі, бұдан Қарабуаханды, кейіннен Қарабура-әулиені «Қараханиттер» заманындағы Орта-Азия халықтарына бірдей-ортақ Түріктектес елдердің Ұлы Көсемдердің бірі десек артық айтқанымыз болмайды. Қара-Бурахан өзінің әділдігімен де, тазалығымен де, батырлығымен де  адамгершілік-білімділік қастетерімен де бүкіл Орта Азия халықтарының, батыр-билерімен, ғылым-білімнің жаршыларының және қарапайым халықтың жоғары қолдауына ие болған адам. Ұлы Жібек жолымен келетін жаңалықтарды, ғұлама ғалымдар мен дін таратушыларды, Ислам дінінің қасиетті таза дін екенін айрықша қолдап отырады. Қара-Бура хан ел басқаруда өзіне де, өзге өңірлерді басқарушы хандармен барлық билік өкілдеріне де төрт түрлі ұстамды, негізгі, өзекті мәселе деп талап қояды:

1)      Әділдік-Әділеттілік-Ақ жолды жаза баспас әділ үкім басшының ысымы, осыған қарап бұқара халықта әділ болады, қоғамда әділеттілік қалыптасады.

2)      Адалдық-Тазалық-жүрегі адал, ділі таза, ақпейілді, кешірімшіл, кеңпейілді, саналы халқымен, би-сұлтандары көп мемлекет-әрдайым бақытты-бақуатты.

3)      Білімділік-Батылдық-Ақ-қараны айыра білу, білгір-айлакер, ержүрек алғыр, ақылды батыр болу, дүниенің барлық құбылыстарына зер сала білу, қайсарлық 

4) Адамгершілік-Имандылық-Адам адамдық қасиетті сақтап, уақытша болатын аштық-тоқтыққа шыдап, байлық-мансапқа қызықпай, бос құмарға алданбай, Алланың бірлігіне шүбә келтірмей, мұсылмандықты бұлжытпай орындау. 

Қара-Бура хан халыққа: Әр күннің ағарып атқан таңыменен бірге, әлемге айнымай нұрын сепкен күн сияқты. Адам өз рухындағы әділдікті, асылдықты, тазалықты, білімділікті, батылдықты, адамгершілік пен имандылықты сақтай білсе, мемлекетке де, адамдарға да және оның ұрпағына да тек жақсылық болады деп уағыздаған. Міне осы жағдайда адамзат арасында түсіністік болып, бақуатты ел болсақ деген оймен қара-Бура хан өз мемлекетін өркендетіп, гүлдендіріп соғыссыз ынтымақты мемлекет жасауда орасан күш-жігерін жұмсайды. Атақты Жүсіп Баласағұн 1069 жылы 51 жасында қарахан мемлекетінің көсемі қара-Бура ханның хандық дәуірін, ел басқарудағы ұстамдарымен елдің ынтымағын қайтіп бұздырмай ұстауға болатынын, мұсылман дінінің жақсы қасиеттерінің адалдылық пен әділдіктің, білімділік пен адамгершілік, Ислам діннің тазалығын пайымдай отырып зерттеп Қара-Бураханның төрт ұстамын негізге ала отырып Қара Бураға арнап «Құтты-Білек»-деген дастанын жазады. Бұл кітапты Баласағұн қаласында бастап жазып, Қашқар қаласында бітіреді де Қара-Бураханның өзіне  тарту етеді. Бұл кітапта Қара-Бураханның негізгі төрт ұстамына жеке-жеке ат беріліп (Аділет, Ақ-ділмаш, Ай-толы және Өткермеш деген) .[ 4,2б]

Қазргі күнде бүкіл қазақ рулары ішінде тек қана тама тайпасының Қара-Бура әулиені өздерінің ұранына айналдыруына қарағанда сол, ХІІ ғасырдың соңында Созақ өңірінде тама тайпалары мекендеген сияқты. Тірі кезінде өзінің әділдігімен ,көріпкелдігімен болжағыштығымен ,ғажайып іс- әрекеттерімен қалың елді таң қалдырған, ұйыта білген Қара-Бура бабамызды халық әулие деп атап кетеді. Бабамыздың рухының күштіліген сондай,ол кісініңдуниеден өткеніне ұзақ уақыт өтсе де, Оңтүстік Қазақстан тұрғындары оны кеше көрген әули іспетті тағзым мен құрмет етеді.Қара-Бура әулиенің нақты қай жылы Қайтыс болғаны шамамен белгісіз .Аңыз –әңгімелер бойынша оның Қожа Ахмет Яссауидың жаназасын өзі шығарғанына қарағанда,бабамыз 1166 жылдан кейін қайтыс болған .70-80 жыл жасаған деп есептесек,мөлшермен 1174-1184 жылдар аралығында о дүниеге аттанған .Әулиенің жатқан жері жергілікті тұрғандар үшін тағзым етер жердің біріне айналған, ауруға шалдыққан қиналған адамдар түнделетіп қонып, қасиетіне сеніп, бағышталатын орынға айналған. Қара-Бураға арнап ас берулер мен әулие рухына арналған игі істер жалғасы келешек ұрпаққа үлгі мен тарихи таным болды.

Қалай десекте, Қара-Бура әулиенің рухы еліміздің Тәуелсіздігі жолында еңбек етіп жатқандарға, экономикасының өрлеп,өсе түсуіне, елдің тыныштығының сақталуына септігі тие беретін болады.

Әдебиеттер.

1.Д.Әбдіраманов Оңтүстік рабат// 2014 жыл маусым .3б

2. Ата жолы // 2006 жыл мамыр.1б

3. Киікбай Ізетұлы. Қара-бура әулиенің құдіреті.Алматы ақшам/ №114, 2013 жыл.2б.

4.ТеңізбаевС. Қара-бура әулие Қожа Ахмет Иаасуи Және Жүсіп Баласағұнидің адалдық –асыл қасиеттерінің мүддестігі.Созақ үні / № 26 ,2013 жыл.2 б.

ЖИ арқылы жасау
12 Қырқүйек 2018
795
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі