400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарағанды облысының оқушылары Алматыда өткен республикалық математикалық олимпиадада жарқырай көрінді!

Материал туралы қысқаша түсінік
2025 жылғы 23–27 сәуір аралығында Алматы қаласында көрнекті педагог, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразованың құрметіне арналған алғашқы республикалық математикалық олимпиада өтті.Қарағанды облысының намысын қорғауға келген оқушылар бұл сынға асқан дайындықпен келіп, ерекше белсенділік танытты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысының оқушылары Алматыда өткен республикалық математикалық олимпиадада жарқырай көрінді!

2025 жылғы 23–27 сәуір аралығында Алматы қаласында көрнекті педагог, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразованың құрметіне арналған алғашқы республикалық математикалық олимпиада өтті. Бұл зияткерлік дода 8–9 сынып оқушылары арасында өткізіліп, еліміздің әр өңірінен 207 дарынды жас және 50-ден астам жетекші мен қонақтардың басын қосты. Олимпиада төрт кезеңнен тұрды: аудандық, қалалық, облыстық және республикалық. Финалға тек үздіктер ғана жолдама алды.

Қарағанды облысының намысын қорғауға келген оқушылар бұл сынға асқан дайындықпен келіп, ерекше белсенділік танытты. Олардың арасынан суырылып шыққан жеңімпаздар — облыстың білім беру жүйесінің биік деңгейін дәлелдеді.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Оңал Ерқанат — Қарағанды қаласындағы №1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы жүлделі III орын иеленіп, облыс абыройын асқақтатты.

«Математика — мен үшін жай ғана пән емес, ол — логика мен сұлулықтың үйлесімі. Бұл олимпиада менің өмірімдегі үлкен белес болды. Үшінші орын алу — мен үшін үлкен мәртебе әрі алдағы биіктерге бастар баспалдақ», — дейді Ерқанат әсерімен бөлісіп.

Сондай-ақ, дәл осы лицейдің 8-сынып оқушысы Кушебин Альмансур жоғары нәтиже көрсетіп, құрмет грамотасымен марапатталды.

«Әр тапсырма логикалық ойлауды талап етті. Ұстаздарымыздың қолдауы мен ұзақ дайындықтың арқасында жақсы нәтиже көрсете алдым. Келесі жылы жеңіс тұғырынан көрінемін деген сенімдемін», — дейді Альмансур өз болашағына сеніммен қарап.

Оқушылардың жетекшісі, тәжірибелі ұстаз Данияр ағай шәкірттерінің бұл табысына дән риза.

«Бұл балалар – табанды еңбектің, ізденістің, жанқиярлықпен дайындалудың жарқын үлгісі. Ерқанат пен Альмансур – тек математиканы емес, ерік-жігерді де жеңіп шыға білді. Осындай жастармен жұмыс істеу — ұстаз үшін үлкен бақыт», — деді ол.

Бұл жетістік – Қарағанды облысы оқушыларының білімге деген құштарлығы мен талпынысының айғағы. Алда оларды әлі талай биіктер күтіп тұр!

Мәуліт Аружан

Алматы қаласы,Әуезов ауданы

№13 мектеп-гимназиясының

10-сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
50
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі