Қаракерей Қабанбай –қазақ батырларының дарабозы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қаракерей Қабанбай –қазақ батырларының дарабозы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаракерей Қабанбай батырдың 300 жылдығына орай жазылған шығарма. Шығармада батырдың өмірі мен ерліктері туралы баяндалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қаракерей Қабанбай –қазақ батырларының дарабозы

Қазақтың қайсар ұлдарының бірі, Қаракерей Қабанбай туралы Қазақстан тарихы мен сүйікті пәнім әдебиет сабағында таныстым. Маған тарихта болған тұлғалардың ерлігі ерекше көрінеді. Олардың өмірі мен дара істері, жағдайы ерекше әсерге бөлейді. . Сонымен қатар, ғаламтор желісі арқылы көптеген мәліметтерге қол жеткіздім.

Ал енді, ол кісі кім болды, қандай ерлігімен тарихта қалды дейтін болсақ, ол туралы айтарымыз көп. Қабанбай Қожағұлұлы Қаракерей ҚабанбайДарабоз — батыр, талантты қолбасшы болған деседі. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 жылы сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. "Қазақта Найман Қабанбайдан асқан батыр жоқ Үйсін Төле биден асқан би жоқ",-деген екен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі.Жастайынан жетім қалған Ерасыл жақын ағасының үйінде жүріп, жылқыға мініп, аң аулап үйренеді. Жабайы аңдардан қорықпастан аулап, ол «Қабан батыр» атанады. Бұл батырдың жігерлі, еңбекқор болғандығын байқатады. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде екен.

Қазақ халқы мемлекет болып қалыптасқалы бері, талай зұлматты басынан кешірді. Түрлі сынақ болғанын тарих беттері мен мұндалап тұр. Жеріміздің кеңдігі мен байлығына қызыққан ел қазақ даласын күшпен жаулап алмақ болды. Соның бірі, қалмақтар еді. Қалмақтарға қарсы қазақ жауынгерлерін біріктіріп, ел мен жерді азат етуге ерасыл бабамыз да шығады. Ол түрлі соғыс әдістерін меңгеріп, сауатты қолбасшы,мықты жауынгер бола білген. Тағы бір кереметі, Қабанбай батыр ұрыс кездерінде ауа райының қолайлы-қолайсыздығын ескеріп, соған сай әскери өнердің түрлі әдіс-тәсілдерін мейлінше орынды қолданған деседі. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсем, Аягөз, Бұланты, Аңырақай атты шайқастарда ерекше өнерімен көзге түсіп тарихта қалды. Абылай ханның бас қолбасшыларының бірі болды, тарихтағы орны ерекше.

Жоғарыда жазған ойларымды, қорытындылай келе, Қабанбай бабамыздың 330 жылдық мерейтойына орай, игі бастамалар ұйымдастырылған екен. Бұл өте қуанышты жағдай. Кешегі күн-бүгінгі тарих екенін естен шығармауымыз керек. Дана халқымыз : «Батыр туса ел-ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы» - деп бекер айтпаған. Біз, қазақ жастары Тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда қазақ батырлары жасаған ерліктің, тарихи ерліктің құнын терең қадірлеуіміз қажет. Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі ұрпаққа мұра болып қалған басты игілік деп білуге міндеттіміз. Осы, қазақ батырларының қаны тамған киелі жеріміздің қойнауындағы бар байлығымыз – тағы да осы батырларымыздың бізге аманат тапсырған қазынасы. Осыны біз бүгін көздің қарашығындай қадіріне жетіп, сақтай білуіміз парыз. Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны дегенде, біз біріншіден, олардың тереңнен тамыр тартқан туған жер, Отан туралы идеясын бірінші қатарға қоюымыз қажет. Батырлар туралы бірде-бір халық мұрасы бұл идеяны айналып өтпеген. Туған жерді қорғау, сақтау, келер ұрпаққа аманаттау, ел бірлігі, ел ынтымағы идеясы-бізге жеткен барлық тарихи мұралардың алтын арқауы.        









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2022
403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі