Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қараман ата

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДАЙЫНДАҒАН: Ниязбаева Диана Ниязбайқызы

Бірінші өзіміздің тобымыз НОО-17 мен шыққан экскурсиялық сабаққа тоқталып өтейін.



Біз НОО-17 тобы ДЮСЕНБАЕВА ЖАНБИБИ апаймен «Қараман ата жер асты мешітіне» саяхат сабақ жасадық. Онда жерасты мешітін көзбен көріп, сәулет өнерінің ғажайып туындысы, сонымен қатар қасиетті жер екендігіне көзіміз жетті. Қараман ата әулиесіне барған кезде Қыз әулие, Бала әулие мен «ҮШ ана» бейіті сынды өзге әулиелермен де таныстық. Маған ерекше ұнағаны «ҮШ ана» бейіті болды . Бұл бейітте үш түрлі ұлттың анасы жерленген екен. Олар: қазақ, түркімен, орыс ұлттары. Ертеректе үш ұлттың арасында едәуір дау-жанжал туындап отырған. Оны шешу оңайға соқпаған. Ата-бабаларымыз өз заманында дауды шешу үшін ырым-тиымдарға сүйенген. Осы ұлттарды бітімгерлікке шақыру мақсатында үш ұлттың анасын бірге жерлеген. Соның нәтижесінде қазір осы үш ұлт тату-тәтті, бірлікте өмір сүруде. Қазақстанда қазіргі таңда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.

Біз бұл ақпараттың барлығын Жанбибі апайымыздан және сол жерде шырақшыдан сұрап зерттеп білдік. Мен шын мәнінде бұрын мұндай жерлердің бар екенін білмедім, саяхат сабаққа шығып зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы білдім . Жанбибі апайымызға көп рахмет! Бұл уақытта өтілген сабақ маған қатты ұнады.

Shape1

Рисунок 5

Рисунок 7





«Қараман ата жерасты мешітіне» экскурсиялық сабақ

Ең алдымен экскурсияны жүргізбей тұрып сабақтың мақсат-міндеттерін анықтап алған жөн.

Зерттеудің мақсаты: Маңғыстау жерасты мешіттерінің тарихын тереңірек білу;

Зерттеудің міндеті:

  1. Маңғыстау өлкесінің жерасты мешіттерінің тарихын білу;

  2. Қараман-Ата жер асты мешітінің тарихын және сәулет құрылысының ерекшелігін зерттеп ұғыну;

  3. Үш ананың бірге жерлену себебін, маңызын анықтау;

  4. Алған жаңа ақпараттарымызды болашақ жаңа ұрпаққа насихаттау;

Зерттеудің нысаны: «Қараман-Ата жерасты мешіті», «Үш ана» бейіті.

Зерттеу пәні: Тарих, Дінтану, Әдебиет, География, Бейнелеу.

Зерттеудің болжамы: Ел аузындағы Қараман-Ата туралы аңыздарды әлі де жинай түсу керек. Жерасты мешіті туралы нақты деректер табылады деген болжамымыз бар.



Саяхатқа шығып кетпес бұрын бала санын анықтап, қаражат жинақтап автобус немесе газель жалдауымыз қажет. Автобусты жалдап қана қоймай барлық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Автобус 25 баланы алып бара жатқаннан кейін керекті құрал-саймандарын, автобусқа керекті суын бензинін, газын барлығын мұқият қадағалап дайындап қою қажет. Жол ұзақ болғандықтан міндетті түрде азық-түлік қажет болады. Сол үшін әр бала өзі үшін керекті тамағын дайындап үйден алып шығу қажет.



Жүру барысы:

  1. Оқушыларды, студенттерді толықтай уақытылы жинау;

  2. Автобуспен жолға шығу;

  3. Қауіпсіздік ережелерін ұстау;

  4. Қараман-Ата жерасты мешітіне жеткеннен кейін сол жақта жұмыс жасайтын адамдармен сөйлесу;

  5. Дәрет алу;

  6. Тамақтанып алу;

  7. Шырақшымен бірге Қараман-ата мешітіне экскурсия жүргізу;

  8. Қараман-ата жерасты мешіті туралы ақпараттар алып болған кейін Құран бағыштау;

  9. Сабақ аяқталғаннан кейін түн батпай жолға шығу;

  10. Бүгінгі экскурсия үшін Қараман-атадағы жұмыскерлерге алғыс айту, алған ақпараттарды жолда кетіп бара жатып талқылау;



«Қараман-Ата жерасты мешіті», «Үш-ана бейіті» туралы ақпараттар;

Талайды таңғалдырып келе жатқан Қараман ата жер асты мешіті — ХІІ-ХVІІ ғасырларға жататын діни сәулеттің бірі. Сәулеті келіскен мешіт Маңғыстау ауданының Шетпе кентінен 35 шақырым оңтүстік батыс бағытында, Қандыбас қыстағының батысында 5 шақырым жерде орналасқан. Жер асты мешіті үш бөлмеден тұрады: кіреберіс бөлме, оған жалғасқан намаз оқитын зал және Қараман ата жерленген дөңгелек бөлме. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман Ата Шопан Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған.

Кей зерттеушілер «Қараман ата Есен атаның баласы, Шопан атаның немересі. Барлық жағынан ол атасына тартып, көптеген кереметтер жасаған, Шопан ата моласына барар жолда мешіт тұрғызған. Қараман ата өмірден өткен соң, мешіттің жанында жерленген. Бірақ, нақты қай жерде екені белгісіз» дейді. Ал басқа аңыздарда Қараман ата мен Есен ата Шопан атаның балалары делінеді. Қараман атаны бүкіл халық құрмет тұтқан. Ол тіпті көзі тірісінде-ақ әулие атанған жан. Адасқанда тура жолға бастап, жастарды қолдап, желеп-жебеп отырған. Қараман ата жер асты мешіті — бағзы заманнан бері ант берісіп, ақ-қараны айыратын бірден-бір қасиетті де киелі орын. Маңғыстау адайларының тағдыры шешілген тарихи жер. Сондықтан да бұл орын тарихта әділдіктің орны ретінде белгілі. 

Сәулетімен талайды тамсандырған мешіт 1982 жылы республикалық қорғауға алынған. Жер асты мешітінің аумағында адайдың ертедегі белді адамдары жерленген. Мұндағы әрбір қорымның өзіндік ерекшелігі бар.
— Киелі орын 5 жылда бір рет реставрациядан өтіп тұрады.Қараман ата жер асты мешітінің ерекшелігі — жердің астына орналасқан. Қалған мешіттер бізде тауда орналасқан. Қараман ата немен белгілі десек, баяғыда біздің ата-бабаларымыз анттасқан. 



Қараман ата қонысы туралы аңыз

Қараман ата Маңғыстау өңіріне суфизмді таратушы 300-ге жуық миссионерлердің бірі болып табылады. Қараман ата туралы түрлі аңыз-деректер бар. 

М. Мирзаевтың кітабында қарақалпақ аңызы айтылады, онда Қараман ата туралы жалғыз көзді алып, кісі жегіш ретінде бейнелейді, ол өз кезегінде Есім батырға қулығын асырып өлтірген делінеді. Тағы бір қарақалпақ аңызында Қараман жауыз, сараң бай ретінде көрсетіледі. 

Қараман атауы түркмен аңыздарында да кездеседі: сонау ертеде түркмендер арасында екі ағайынды бауыр өмір сүреді Ақман мен Қараман. Олар ел тұрғындары арасында жоғары сый мен құрметке ие болған. Күндердің күнінде Қожа Яссауимен арада текетірес туындап ағайынды бауырлар батыс аймақ яғни Маңғыстауға бет бұрады. Ағайындының бірі қайтыс болғаннан кейін бауырына арнап салынған өңірде қорым пайда болып, кейін жер асты мешіті салынады.

ХІХ ғасырға жататын басқа да дерек көздері сақталған «Маңғышылақтағы адайлықтардың өлі аруақтар туралы қасиетті аңызы» Бұл ауызша аңызда Қараманның Есен атаның баласы, Шопан атаның немересі екендігінен дәйек келтірілген. Шынында да Қараман көптеген келелі істер атқарып, атасының ізін қуып ұқсас болған. Соның бірі Шопан атасының қорымының жанынан жер асты мешітін салды. Қараман қайтыс болғаннан кейін сүйегін мешіт қасына жерлейді. Қараман Ата мешіті  батыс өңірдегі қасиетті жерлердің бірі болып саналады. Айтылған аңызға сүйенсек осы өңірде мекендеген екі рудың арасында дау-дамай туындайды, анық-қанығын анықтау мақсатында екі жақта Қараман атаның басына келіп ант беруге келіседі. Екі жақты келісім бойынша қасиетті ант берілгеннен кейін жалған ант берген ру адамдары сол жерде барлығы мерт болған. 

Халық арасында келесідегідей аңыз кең таралған: бір кезде қазақтар мен түрікмен халықтары арасында келіспеушілік туындап, арадағы кикілжіңді біржақты қылу үшін Бекет атаға жүгінеді өз кезегінде Бекет ата Қараман Атаның басына барып дауға нүкте қоюды ұсынады, бұдан түйіндейтін ой Қараман атаның қасиетті екендігіне көз жеткізеді. 

Қазіргі таңда Қараман Ата қорымының негізгі бөлігі қоршалған. Қорымның көлемі 4 га. Қорымның оңтүстік батыс беткейінде қоршаудан тыс VIII-IX ғғ. белгіленетін қабірүсті ескерткіштер орналасқан. Олардың саны - 40 дана. Ескерткіштің қорғау аймағының жалпы ауданы - 7,2 га алып жатыр. Қараман Ата ескерткіші бүгінгі таңда тарихи жәдігерлердің санатына жатқызылып мәдени құндылық ретінде заңмен қорғалған. 



«Үш ана бейіті» бұл бейітте үш түрлі ұлттың анасы жерленген екен. Олар: қазақ, түркімен, орыс ұлттары. Ертеректе үш ұлттың арасында едәуір дау-жанжал туындап отырған. Оны шешу оңайға соқпаған. Ата-бабаларымыз өз заманында дауды шешу үшін ырым-тиымдарға сүйенген. Осы ұлттарды бітімгерлікке шақыру мақсатында үш ұлттың анасын бірге жерлеген. Соның нәтижесінде қазір осы үш ұлт тату-тәтті, бірлікте өмір сүруде. Қазақстанда қазіргі таңда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.



Picture 2

Picture 2

Picture 4

Picture 2

Picture 2

Picture 2












Picture 2





Picture 25



Picture 27



Picture 2

Picture 2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2021
388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12