Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қаратау аңның анасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркістан облысы Қаратау қорығы жайлы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаратау–аңның анасы

Түркістан облысы, Кентау қаласынан жеті шақырым жерде  "Байылдыр" деген шағын ауыл бар. Сол ауылдан оң жақ бетке қарай тартсаңыз "Қарт Қаратаудан" бірақ шығасыз. Өзені де тасыда, тауы менен қыры да бар мекенді 2004 жылы ашылған "Қаратау қорығы" бақылайды. Жота-жотасындағы қар сәуірдің бел ортасына дейін ерімей тұрады. Себебі қырлы қаратаудың көлеңкесі суықты ұзақ ұстап тұрады.

Тылсымы мен ерекшелігі  өзіне жетіп жатыр. Аңызы бар үңгірлер, таулар, ағаштар тіпті құстарда бар. Тізіп айтсақ "бала ғайып", "кемпір ұшқан", "айғыр ұшқан", "ителгінің сайы", “аңдысай”, "шайтан үңгір" "Қорған тас" деген тау мен үңгірлер бар. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән аңызы мен уақиғасы бар. Мысалға "қорған тас" деген таудың атына заты  сай, ол тауда кезінде соғыс жүрген жер деп таниды. Оған дәлел болмаса да бір материалы сол маңнан табылған садақтың ұшы.

Аты Қаратау болғанымен әр мезгілде әр түрлі түске еніп құлпырып тұрады, әсіресе мамырдың кезінде жасыл желекке оранады. Қалаға жаз ерте келгенімен, таудың салқыны біразға дейін ыстыққа қарсы тұрады. Тап сол мамыр айы Қаратаудың ең жайнап тұрған кезі дерсің. Қыстан көтерем шыққан жылқылар мамырда қайта ет жинап, өңі жылтырай түседі. Ал өзеннің қара балығы алтындай түске енеді. Наурызда тасып, алып тастарды жылжытып тастайтын судың арыны көктемнің соңғы айында басылып, тауға барып демалушыларды жиі жолықтырасың.

Жаз мезгілінде біршама аңдарды мал жайылым жерлерден жолықтыруға болады. Бірақ ол өте сирек кездеседі. Аптап ыстықтан шөлдеген аң-құс, төмендегі арықтарға түсіп тұрады. Қолыңда дүрбі, астыңда ат болса, қаратаудың қызығы таусылмайды. Аң көреміз деп жүріп емдік шөп кезіктіресің, шөп іздеймін деп жүріп аң жолықтырасың. Кейде жайылып жүрген жылқы үйіріне жақын жүрген арқарларды да қарап таңқаласың, бірақ бұл да әрқашан бола бермейтін көрініс.

Бір кездері осы қаратаудың аңдары күрт азайып кетті. Қорық құрылғалы аңдар қорғалып, бірте-бірте саны өскен көрінеді. Азайған аңның ең алғысы оңтүстің Қазақстанның эндемигі арқар. Қыстың қырғыны мен қоса броконьерлердің зиянынан болса керек. Арқар түгілі еті бүтін тұлпардың өзі қардан шыға алмай қалатын кездер болған. Осындай қарларда арқарлардың біразі тау жоталарында қалып кететіні бар. Қатты қыстарда жазық, жазықтарға шөп шашқан кездер де болғанд ейді қария жылқышылар.

Арқардан бөлек отыз бес мыңдай гектар жерді: Қабан, түлкі, қасқыр, борсық, “дикобраз” мекен етеді. Қанаттылардан: Қарақұс, сұңқар, бүркіт, кекілік, бұлдырық мекен етеді. Қариялардың айтуынша "күшіген", "арамқарабай" сынды алып құстар да бар.  Күн жылыса: түрлі жыландар, кесірткелер, сарышұнақ, қаратау тасбақасы, орталық азия тасбақалары жер бетіне шығады.

Одан бөлек емдік қасиеті бар түрлі шөптерді кезіктіресің. Мәселен қаратау маралтамыры, қаратау шоғайнасы және жөтелге емі бар"көкмарал" шөбі. Бірақ мұндай шөптер қаратаудың кез-келген тауында, қырында жолыға бермейді. Табу аздап қиынға соғады. Десе де шөптерді іздегенде таудың қыр-сырынан хабары бар адаммен шыққан жөн. Себебі тас арасын жарып шыққан шөптердің астында кішкентай болса да уы бар сұржылан көзге көрінбей жатуы мүмкін. Жаздың күні біраз жылқы осы сұржыланның шағуынан өліп жатады. Сол себепті де таспен түстес түрлі жыландардан барынша сақ болу қажет.

Бүгінде қорық құрылғалы геологиялық жұмыстар жүргізіліп тұрады. Біз бала кезде жылқыға шыққанда еміс еміс орыс зерттеушілерін көріп тұрушы едік. Сондай-ақ қорықшы қызметкерлердің де жұмысы жүйелі. Әр қорық канторына апта сайын қорықшы инспекторлар ауысым жасайды. Әр кантор жарық пен, байланыспен, тауға рейд жүргізетін бірнеше атпен қамтамасыз етілген.

Қыстың күндері күнара жол ашушы техникалар үздіксіз жолды ашып отырады.Себебі тауға қорықшылардан бөлек жайлауда жылқысы бар ауыл тұрғындары жиі барыптұрады. Кантордың маңайында қыстайтын отбасылар да бар. Олар үшін де жолдың тұрақты ашылуы өте маңызды.Қорықтың жұмысы жүйелі десек те, қаратауға қара ниетпен баратындар аз емес. Тауға қарай жөнелген жол талғамайтын бөтен көліктерді ауылда отырып-ақ білуге болады.Салдарынан арқарларға, қабандарға қастық жасалады. Әр жерден арқардың бас сүйегімен, мүйізін жолықтырасың. Қызық кітапқа енсе де арқар үшін қызыл шырақ әлі өшкен жоқ. Әсіресе жаз айларында броконьерлер жиі шығады. Әрине қорық инспекторлары біразының жолын кесіп үлгереді. Қаратауға кірген әрбір көліктен не мақсатта жүргені сұралады. Ал таудың арасына кіріп кеткендерге бірден, бір топ атты инспекторлар аттанады. Десе де қаратауды жатқа білетін броконьерлер жол тауып құтылып кетіп жатады. Міне арқардың азаюының бір себебі осы.

Арқардан бөлек жылқылар да әсіресе көктемнің басында қасқырдың талауына тап болады. Енді төлдеген биелер құлындарынан айырылып жатады. Соңғы жылдары ауылдықтар жылқыларды қыс басталмай ауылға жақын жерге айдап әкеледі. Бәрібір азық іздеп жылқыға тап берер қасқырлар азаймай тұр. Үлкендер осы үшін қасқырды өз атымен атамайды. "Бөжек" дейді ауыл арасы.

Жалпы қаратауға адамнан кесір тимесе қалған кесірдің бәрі табиғи құбылыс, табиғи заңдылық. Ондағы әр бір жәндіктен бастап, жапыраққа дейін еліміздің алтын қазынасы, баға жетпес байлығы. Тек осындай тамашаға куә болу үшін ғана баратындар көбейсе екен дейміз. Мұндайда тек заңмен ғана емес адамгершілікпен табиғатқа құрмет көрсету маңызды. Табиғат біз қорғайтын мекен – ұрпаққа қалдырар асыл мұра.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.12.2025
24
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12