400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қариясын қадірлеген ел ардақты

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып оқушысының шығармасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республикалық байқауға қатысуға сұраныс


Р/с

Аты-жөні

Жетекшісі

Мекен-жайы, телефоны

Байқау атауы

1

Ильясова Айсулу Қайратқызы

(16 жас)

Жалғасқызы Бағлан

Алматы қаласы, №102 ЖББМ, 87078210193

Satova.93@mail.ru


«Қариясын қадірлеген ел ардақты»


















«Қариясын қадірлеген ел ардақты»

Жоспар:

I Кіріспе:

Қария-даналық көзі

II Негізгі бөлім:

1) Қарттарға ерекше көңіл

2) 1 қазан халықаралық қарттар күні

3) Қарттар күнінің мақсаты

III Қорытынды

«Неменеге жетiстiң, бала батыр?

Қариялар азайып бара жатыр.

Бiрi мiнiп келместiң кемесiне,

Бiрi күтiп, әнеки, жағада тұр» - деген екен Мұқағали Мақатаев. Қария - даналық көзі. Сөзі мірдің оғындай, ақылы терең, жүрегі кең қариялар қашан да ел мен елдің тыныштығын, ел ішіндегі татулықты сақтай білген. Абай атамыз "Бас-басына би болған өңкей қиқым" демекші, қарты бар ауылдың берекесі, бірлігі бар. Себебі елдің ниеті, сөзі, ойы бір болу үшін, елді бастай білетін, елі қостай білетін қариялар дәйім керек. Сондықтан үлкенді сыйлап, сөзіне еру елді алауыздықтан сақтап, тыныштық орнауына сеп болады. Ақылы дария қариялардың көкірегі толы өсиет болмақ. Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмас.

Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді.

Қарт адамдарға əрқашан қайырымды болғанымыз жөн. Себебі, қариялар да кішкентай балалар сияқты. Оларға да күтім, назар керек. Қарттар көңілді ерекше, жылы қабылдайды да, түрлі кішкентай заттарға қуанады.

"Өзіне жақсы болады, жақсы қарайды" дейді. Бірақ қайдан ол қапаста ыңғайлы, тыныш өмір сүрсін. Кішкентай үйде болса да, ұлтарақтай көрпеде отырса да, өз шаңырағында, өз балаларының ортасында отырып, титтей болса да, естіген жылы сөзіне ештеңе де жетпейді. Мемлекеттің қамқорлығы, бауыр еті баласының жымиған бір күлкісін, немерелерінің "аталаған" былдырының орнын баса алмайды ғой!

Қарттың айтқанын істе,

Жастың тапқанын же,- деп бекер айтпаған. Қарт адамдар өмірдің мәнін көбірек біледі деген ойдамын. Олар бізге өз ойын, кеңесін бекерден бекер айта бермейді.Бізге жақсы үлгі болатын да қариялар. Қарт адамның айтқанын жай ғана тыңдасан да өзінің үлкен адамға деген құрметінді көрсетіп отырасын. Мүмкін болса- оларды үнемі тыңдап,олардан бірнəрсе үйренген, сыйлаған дұрыс. Оларға көмектесу - адамгершілікпен қарау болып табылады. Оларды сыйлау жəне аяушылық білдіру екі бөлек нəрсе. Қарт адамдар аяныш пен қорғауды қажет етпейді . Олар сыйлауды жəне көңіл бөлуді қажет етеді. Осы екеуінің арасын ажыратып алу өте маңызды нəрсе екенін естен шығармайық.

Қарттарға арналған мемлекетімізде 1 қазан күні Халқыаралық Қарттар күні тойланыды. Оны алғаш рет 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған.

Қарттар күнін атап өтудің мақсаты – қарттар мәселесіне қоғамның назарын аудару; қоғамның демографиялық қартаю мәселесі, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі, қарт адамдарға деген қарым-қатынасты өзгерту мәселелерінен халықтың хабардарлығын арттыру, қарт адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғам өміріне қатысуын, қажетті күтім, олардың ішкі әлеуеті мен абыройын қорғау үшін жағдайлар жасау.

Мен қарапайым қарттарды сүйем,

He деген керім еді!

He біледі осы жұрт, не біледі?!

Бабалардың баласы - қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді.

«Қариясын қадірлеген ел ардақты» деп

қортындылай келсек қарттарды аялап, құрметтей білейк. Қарияларды құрметтеу өзімізден басталады.Егер жастар біздің болашағымыз болса, қариялар тарихымыз, барлығымыздың әже-атамыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1140
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі