Алматы қаласы Алатау
ауданы
№26 жалпы білім беретін
мектеп
«Қарттарым,аман-сау
жүрші»
ашық тәрбие
сағаты
Сыныбы:8
Б
Сынып жетекшісі:Туменбаева
Жазира Куандыковна
2018-2019 оқу
жылы
Сабақтың
тақырыбы: «Қарттарым,аман-сау
жүрші»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға құрметті қарт ата-ана
Сатыбалды Келдібаевпен кездесу өткізу арқылы
ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді
қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін
түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де
білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық
жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру.
Түрі: кездесу
Әдісі: әңгімелесу,сұрақ жауа
алу
Көрнекілігі: нақыл
сөздер,шарлар,Сатыбалды Келдібаевтың жас кезіндегі,балалық,қазіргі
замандағы суреттері
Барысы:
І.
Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа
аудару
ІІ.
Кіріспе сөз.
Жүргізуші Әбдікерім Анара
сөз бастайды: Алдымызда 1- қазан қарттар
күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша
ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек
ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде
біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып,
жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-
өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін
қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.
Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз
еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын
аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі
ұрпаққа табылмас қазына.Солардың бірі,бізге құрметті,қазақ еліне
еңбегі зор атамыз-Келдібаев Сатыбалды.Сөз кезегі атамызға бермес
бұрын сынып оқушысы Айтбай Нұрдаулеттің қонағымызға арнаған өлеңін
тыңдайық.
Ортаға Нұрдаулет шығып,
«Менің атам» атты өзінің туындысын
оқиды.
ІІІ. Негізгі бөлім
Сөз кезегі құрметті
қонағымыз Келдібаев
Сатыбалдыға беріледі.
Келдібаев С. 1947 жылы 25
шілдеде Кеген ауданына қарасты Қарқара атты ауылда дүниеге
келген.Қарқара-табиғаты тамаша,суы мөлдір,ауасы таза,тауы мен
жайлауы келіскен көрікті жерлердің бірі.Жастайынан атқа
мініп,жайлауда мал қарап,әке-шешесіне қамқор болып өскен жігіт,ол
кездегі уақыт талабына сай тек мектептің 9 сыныбын ғана аяқтаған
екен.
Содан оқу аяқталған
соң,Алматыға жол тартып,оқуды көздеп келеді.Бірақ,тағдыр солай
ма,оқуға ілікпей қалады.Қайта заттарын жинастырып,ойының бәрі
Қарқара деп ауылына самғай ұшады.
Әке-шешесіне қолғабысын
тигізіп,жайлауда әкесінің ізбасары болып,мал
бағады.
Жастық шағы қызып,қыдырып
қалаға,туыстарына келіп жүріп,Шелек ауданының қызын
кездестіреді.
1972 жылы наурыздың 7-сі күні
дүркіретіп,ата-анасына келін түсіреді.Екеуі де жастайынан малға
беріліп,жайлау аралап,мал бағуды кәсіп
қылады.
Еңбек арқылы тек істің алға
жылжитынын білген екеуі ел арасында өнегелі отбасы,әрі еңбек
сүйгіштігімен көзге түседі.
1991 жылы 21 қазанда
Елбасымыздың қабылдауында болып,Елбасы қолынан «Еңбекке ерлік» атты
медальмен марапатқа ие болған бірегей жандардың бірі болған.Ал
мұндай медаль тек сол кездерде Кеген ауданынан тек бір адамға ғана
бұйырған екен.
Қазір 5 баланың әкесі,17
немерелерінің сүйікті атасы.Балаларының ұйытқысы,берекесі мен
мерекесі,немерелерінің ақылшысы.
Сонымен қатар,еңбегінің
арқасында өмірдің мағынасын түсінген атаға оқушылар жамырай сұрақ
қоя бастады.
Жандос:Жас кездегі сіздің өмір мен
қазіргі өмір айырмашылығы неде?
Латиф: Армияда неше жыл болдыңыз?
Қандай мемлекеттерге бардыңыз? ( 3 жыл, Латвия,
Чехословакия)
Асем: Қазіргі таңда қарттар үйі
керек пе?
Анара:Сол кездегі достарыңыз бар
ма?Араласып тұрасыздар ма?
Еркеназ:Қазіргі жастар қандай?Не
жетіспейді?
Темірлан: Осы заманда көп адамдар
өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне
апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына
кімдер кедергі деп ойлайсыз?
Көрініс «Қарт пен немере»
Қарт
адам-Жандос
Немересі-Нұрдаулет
Анасы-Таңсұлу
Баласы-Әділ.
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере»
мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере.
Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты
темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш
жоныпты.
Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш
астау жасап отырмын, – депті баласы.
Атадан оқушылар осы көрініс
туралы қандай ой түйгенін сұрайды.
Анара: «Атаңа не
қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз
ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе
екен. Қарттары бар ел-бақытты
ел.
Сабақты қорыту.
Анара: Сонымен,қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген
халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу
– біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында
адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақтар – « Төріңнен қарт
кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың
бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында
адамның парыз-міндеті өлшеусіз.
Қазақ ғұрпындағы ата-ананың
алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін,
әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
Аталар – асқар таудай қорғанымыз,
Аналар – саясы мол
орманымыз.
Қызығын ұрпағыңның көре
берші
Жортқанда бола берсін
жолдарыңыз.
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып
енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз
айтқандай
міне, біз өзіміздің
ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие
арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды
көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара
аламыз.
Сөз соңында оқушылардың
қонақтан алған әсерлерін тыңдайық.Кері байланыс алып
көрейік.
Мейіржан:Менің алған әсерім
тамаша,атаның сөзінен алған ,түйген түйінім,бұл өмірде еңбекке
байланған адамның әрқашанда наны адал,жұмысы берік,ісі тың болады
екен.
Еркежан:Менің алған әсерімнен
түсінгенім,шыдамдылыққа,төзімділікке бейім болу керек.Шыдамды адам
өмірде тың адам.
Оқушылар арасынан қонағымызға
рақметін жаудырғандар да болды.Аружан,Ұлдана есімді сынып қыздар
мен Даулет,Арсен секілді ұлдар атаға көп алғысын жаудырды.Алған
әсерлерімен бөлісті.
Анара:Сөз кезегі тәрбие ісінің
меңгерушісі Күшалиева Гулмира
апайымызға да келіп жетті.(Гүлмира апай
алған әсерімен бөлісе отырып,келген қонаққа алғысын
білдірді.)
Анара:Сонымен қатар,ендігі сөздің
кезегін сынып жетекшіміз Жазира апайға берейік.
(Жазира
апай қонаққа тілектерін
айтты.)
Ашық тәрбие сағатының соңында
Сатыбалды атаға тәрбие ісінің меңгерушісі мен сынып жетекшісі
қазақтың салты бойынша,келген қонақты құр шығармай,шапан
жауып,басына бөрік кигізді.
Сатыбалды ата сөзін
аяқтап,ризашылығын білдіріп,сынып оқушыларына ақылы мен өсиетін
жеткізді.Батасын берді.