«Қарттарын қадірлеген ер ардақты»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қарттарын қадірлеген ер ардақты»

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарттар күні

Тақырыбы: «Қарттарын қадірлеген ер ардақты»

Қариялар мен құрметті қонақтарды оқушылар сап түзеп қарсы алады


Жүргізуші:

Дүниеге ке­лер бір рет,
Да­рия ке­уде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,

Қарттарым аман – саумысың


1-жүгізуші: 

Қош келіпсіздер, ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған ақ сақалды аталар.

Мерекеңіз құтты болсын бүгінгі

Сіздер үшін айтылады баталар

Сіздерсіздер мақтанышым қариялар

Сіздер жайлы жыр шалқып, ән ұялар

Өткенменен жалғаған болашақты

Ақылы ұшан теңіз дариялар


2-жүгізуші:  

Армысыздар ардақты аталар, ақ жаулықты әжелер, қымбатты қонақтар! Бүгін бізде ерекше мейрам, барша баланың ең сүйікті де, ең жақсы көретін мейрімді аталарымыз бен әжелеріміздің мерейлі мерекесі.
Ардақты ата-әже қариялар
Елімнің шежіресі дариялар
Қуат алған нәр алған
Әр шаңырақ жанұялар- 
-құрметті қариялар бүгінгі «Қарттарын қадірлеген ер ардақты» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

1-жүгізуші:

Қарты бар үйдің -қазынасы бар дейді, -халқымыз. Отбасының тірегі әрі ұйтқысы немерелеріңіздің қорғанышы, балаларыңыздың ақылшысы, асқар тауы да әрине сіздерсіздер. Ғұмырларыңыздың ең қызықты да жарқыраған жастық шағын еліміздің өркендеуіне, келер ұрпақтың игілігіне арнадыңыздар. Бүгінде қарттар күнін атап өту, оларға құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. Ардақты аталар, аяулы әжелер сіздерді бүгінгі мерекелеріңіз шын жүректен құттықтаймыз. Асқар таудай панамыз болып ортамызда аман-сау жүре беріңіздер.

1-жүгізуші: 

Құрметті қонақтар сіздерді бүгінгі мейрамдарыңызбен құтықтау үшін сөз кезегін мектеп директоры: Заманбекова А.А береміз.

Әдеби монтаж: Мектепалды даярлық тобы, 1 – сынып оқушылары




1-жүгізуші:

Құрметті аталар, әжелер, сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде биден шашу шашылмақ, қабыл алыңыздар.
Күй: «Еркесылқым»

2-жүгізуші:
Құзы терең, кең құлашты шалқардай,
Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай,
Отыратын үй төрінде қомданып,
Бұрынғының аңқылдаған қарттары-ай!

Көрініс : 6- сынып оқушылары


Жүргізуші:
Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа таусылмас қазына.
Би. «Бипыл – бипыл» 4- сынып оқушылары


Жүргізуші:

Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Би: «Қара жорға» 9 - сынып оқушылары

1 - жүргізуші:

 Қарттарды құрметтеп, олардың алдындағы перзенттік парызымызды үлкен ынтамен орындап, әдептілік көрсету, біздің адами қасиетіміз және басты міндетіміз. 

Ән: «Сағындым әже» 2 - сынып

2-жүгізуші:

Бала ата-анасына қамқорлық жасап, құрмет көрсетсе, қариялар отбасының құтын қондырып, береке-бірлігін артырары сөссіз.

Көрініс 10 - сынып

1 - жүргізуші: 

Қадірлі аталар мен әжелер!Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңізге, тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге үйреткендеріңіз үшін алғысымызды білдіріп, басымызды иеміз.

Би: «Флешмоб» 5- сынып оқушылары





2 - жүргізуші: 

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.

Ән: «Асыл әжем» Харамбай Айдын

1 - жүргізуші: 

Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш - қуаттарыңыз ұзағынан болғай! Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілейміз сонымен қатар бала- шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортамызда асқар тауымыз болып отыра беріңіздер.

Би: 3- сынып


Жүргізуші:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар


Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен апалар!


Жүргізуші:

Құрметті аталар мен әжелер, қадірменді қонақтар! 1 Қазан – Қарттар күніне арналған
«Қарттарын қадірлеген ер ардақты» атты мерекелік кешіміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп алғыс білдіреміз.Келесі жақсылық кештерде жолыққанша аман-сау болыңыздар.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2018
543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі