400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қашықтықтан білім алу– шексіз білім алу»

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар мен оқушылар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Әуезов ауданы

№119 мектеп-лиейінің тарих

пән мұғалімі:

Сарбасова Айгуль Құрманәліқызы


Тақырыбы: «Қашықтықтан білім алу– шексіз білім алу».

Қашықтық білім беру технологиялары дегеніміз не?

Қашықтық білім беру технологиялары (ҚББТ) «on-line», «off-line» режимі бойынша қашықтық оқу сабақтарын жүргізуде негізделген ҚББТ-ын қашықтықта оқытуды қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялардың жиынтығы болып табылады.
«Оn-line» режиміндегі оқу сабақтары нақты уақыт режимі ішіндегі өзара әрекеттесудің оқу үдерісін көздейді (бейнеконференциялар, Интернет желісі арқылы хабарлама алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер).
«Оn-line» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы асинхронды болатын өзара әрекеттесудің оқу үдерісін көздейді (электрондық пошта, кейіннен аралық және/немесе қорытынды бақылауды тапсыруымен болатын оқытушының тапсырмалары бойынша өткізілетін студенттің оқулықпен жұмысы).

Қашықтық білім беру технологиялардың мақсаты:

Қашықтықтан оқыту – білім беру саласындағы Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымын іске асыру – халықтың барлық топтары үшін білім берудің қол жетімділігі.

Білім алушыларға қатысты ҚББТ қолданылады:

  • бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша;

  • физикалық мүмкіндігі шектеулі, соның ішінде мүгедек балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, білім берудің барлық деңгейінде бала кезінен мүгедек болып табылатын тұлғалар;

  • "Болашақ"стипендиаттарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс кеткен тұлғалар;

  • оқытудың сырттай түрі, жоғары білім беру деңгейінде мерзімді әскери қызметке шақырылғандар;

  • жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді шетелдік іс сапарда (4 айдан астам) болатындар;

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология.

Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.

Білім беру саласында да коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу шаралары іске асырылу мақсатында Қазақстан мектептерінің «Қашықтықтан оқыту»кезеңіне өткізілетіні туралы Білім министірі А.Аймағанбетов мәлімдепе жасады. Осыған орай

«Қашықтықтан оқыту қазір төрт бағытта жұмыс жүргізіп жатыр.

Бірінші бағыт – теледидар арқылы тиісті сабақтар беру. Республикалық екі телеарна келісімін беріп, тиісті жұмысты бастап кеттік. Балақайлардың жақсы көретін «Балапан» және «Ел арна» телеарнасы арқылы тиісті график бойынша күнде сабақ беріліп жатыр.Күніне 8 сағат сабақ өтеді.

«Екінші үлкен бағыт – радио. Теледидар сигналы жетпейтін елдімекендерде «Қазақ радиосы» толқыны арқылы күнделікті сабақ жүргізілуде.

Үшінші бағыт – почта арқылы. Елімізде 1200 өте кішкене елдімекен бар. Оларда 3-5 баладан сабақ оқиды.

«Төртінші бағыт – интернет желісі арқылы жүргізілетін жұмыс. Қысқа уақыт ішінде бірнеше интернет платформалары daryn.onlain және bilim land дайындалды.

Мұғалімдер мен ата-аналар,оқушылардың қашықтықтан оқытуға бейімделулерін қамтамасыз ету мақсатында «Өрлеу» біліктілікті артыру оқу орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталықтарының тренерлері тиімді бағыт-бағдарларды ұсынып үлгі бере білді.

Қазіргі білім жүйесінің басты мақсаты бәсекеге қабілетті, яғни халықаралық аренада өзін еркін ұстай алатын зияткер ұрпақты тәрбиелеу, әр баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетін, дарындылығын танып, біліп оны заманына қарай икемдеп жетілдіру болып табылады. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамытуда әрине көбіне ұстаздың атқаратын ролі өте зор.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі