Тақырып бойынша 30 материал табылды

Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
материал баяндама түрінде жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары.

Дюсупова Маржангүл Сағынтайқызы.

Атырау қаласы. Атырау сервис колледжі. Арнаулы пән мұғалімі.

Қазіргі уақыттағы бүкіл әлемде ушығып тұрған эпидемиялық төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту мәселесіне көшуге тура келді. Мұғалім мен оқушы енді алшақ отырып, яғни қашықтан жұмыс жасап отыр. Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын білімді қабылдау түрі болып табылады.

Қашықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.

«Қашықтан оқыту» түсінігі оқушы мен мұғалім арасындағы қашықтықтың бар екенін көрсетеді. «Онлайн-оқыту» тақырыбы интернет-байланыс арқылы жүреді. Яғни, мұғалім мен оқушы бір-бірінен бөлек тұрады. Ұстаз тапсырмаларды беріп, оның орындалуын қарап, бағалап, кері байланыс жасап,қайтадан оқушыға жібереді. Оқушылар өз кезегінде сабақтарға қатысып, берілген тапсырмаларды орындап, мұғалімге тексеруге жібереді. Бас кезінде айтарлықтай қиындықтар туындады, бірақ ұстаздар үнемі тығырықтан шығатын жол іздеп жүретін адамдар «Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет,»- деген Министрдің айтқанын қолдап,расында, сапа төмендеп кетпесе екен деп уайымдаймыз. Барлық жер шарының тұрғындары осы індеттен тез жазылып, оқушылармен бетпе-бет жүздесуге асықпыз!

Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланысты әр адам әртүрлі айтады.

Мысалы:

  • Пікір

  • Өзінің ісіне баға беру

  • Өзім көрген нәрсеге реакция

  • Бағалау

  • Іс әрекетке үн қату

Джон Хеттидың айтуынша кері байланыс студенттің осы 3 сұрағы арқылы жүзеге асады екен. Бағалау-оқушының көзімен.

  • «Мен қандай білім немесе дағдыны дамытқым келеді?»

  • Менің оған әлеуетім қандай?

  • Енді не істеуім қажет?

Педагогтардың дәстүрлі оқытуды үйренгеннен кейін қашықтықтан оқытуға көшу кезінде студенттерге кері байланыс беру барысында қандай қиындықтар болды деген сұраққа тоқталатын болсам:

  • Тікелей қарым-қатынастың болмауы

  • Барлық жұмысқа жауап беруге уақыт таппай жатамыз

  • Уақытты көп алады.

  • Интернет жылдамдығының төмендігі.

Дәстүрлі оқыту болсын немесе қашықтықтан оқыту жүйесі болсада бұл жерде ең бастысы.

Кері байланыстың оқу мен оқытудың үдерісіне ықпалы.

Shape2 Shape3 Shape1

Танымдық бағыт

Нені үйретеді?


 

Shape5 Shape4

Қалай үйренді?

Ынталандырушылық бағыт


Shape6


Тиімді кері байланыс? Қазіргі таңда педагогтар арасында мынадай сұрақтар көп туындайды.

  • Қашықтықтан оқыту жағдайында менің студенттерімнің оқу сапасы төмендеп кетпейдіме.

  • Мен қаншалықты осы студенттердің білім сапасын дұрыс бағалап жатырмын.

  • Менің кері байланысым сапалы болып жатырма.

  • Менің кері байланысымның сапасын қалай өлшеймін дгене сұрақтар қойылады. Рас барлық байланыстар тиімді бола бермейді. Соның ішінде өз кері байланысын неден көруге болады, қалай өлшеуге болады. Міне осы тұрғыдан қарасақ бірқатар ғалымдардың жауаптары былай болған екен.

Тиімді кері байланыс-оқушыларға өздерінің оқуының қай жерде екенін түсінуге және танымдық жағынан енді қай бағытта даму керектігін айқындауға көмектеседі.

Тиімді кері байланыс-оқушы қолдана алатындай ақпараттан тұрады және өздерінің қабілетінің деңгейін және нені жасай алатындығына сенімділіктерін арттырады. Оқушылар өздерінің түсінігінен тыс ақпараттарды қабылдай бермейді, дәлірек айтсақ, егер оларға кері байланыс тиімсіз болса, олар оны мұқият тыңдай бермейді.

Бүгінгі педагогикалық оқу барысында мен сіздерге мына төрт деңгейлі байланысты ұсынамын.

Ғалымдардың осы онлайн режим жүйесіне, қашықтықтан оқытуға жасаған еңбектері ерекшеленеді. Джон Хетти мен Темперлидың төрт деңгейлі кері байланыс моделі бар. Әрине бұл байланыстар мен жұмыс жасау әрбір педагогтың өз құзіреттілігі деп білемін.

  • Тапсырмаға берілген жері байланыс

  • Тапсырманың жүзеге асырылуына берілген кері байланыс

  • Өзін-өзі реттеуге берілген кері байланыс

  • Жеке оқушыға берілген тұлғалық кері байланыс.

Қашықтықтан білім беру бағытында мұғалімдерге көптеген талап қойылып отыр. Яғни педагогтерге мынадай ережелер ұсынылып отыр.

Кері байланыс ұсыну ережелері:

  • Позитивті болу

  • Бағалаушы болмау

  • Ынталандыруға ұмтылу

  • Сыпайы болу

  • Тең ұстау

  • Сәттілікке бағыттау

  • Мадақтау

  • Ризашылық білдіру

  • Тыңдай білу

Қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланыс беруге ұсынылған қолжетімді платформалар.

Platonus, Zoom, Learning Apps.org, opiq.kz, Google Classroom.

Қашықтықтан оқыту кезінде кері байланыс ұсынудың үздік тәжірибелері.

Кері байланыс беру тәжірибесінің принциптері

  • Оқушының оқудағы өзін-өзі бағалауын жетілдіруге ықпал ету тәжірибесі.

  • Оқыту мен оқу аясында мұғалім мен оқушының өзара диалогын қалыптастыру тәжірибесі.

  • Сапалы өнімділікке қол жеткізуге ықпал ету тәжірибесі (мақсат, критерийлер, күтілетін нәтиже).

  • Ағымдағы жетістік пен күтілетін нәтиже арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған тәжірибе;

  • Оқушыларға өз оқулары жайлы жоғары сапалы мәлімет беру тәжірибесі;

  • Позитивті ынталандырушы және өзін-өзі бағалауға жетелеу тәжірибесі;

  • Мұғалімдерге оқушылардың оқуына қолдау көрсету үшін қажетті ақпарат ұсыну тәжірибесі;

Оқушыларға тиімді кері байланыс беру жолдары:

  • Кері байланыс беруде уақытты қатты ұсыну

  • Оқушылардың жеке қажеттілігіне мән беру

  • Бір мезетте бір қабілетке мән беру

  • Оқушыға қосымша уақыт беру

  • Оқушыларды өзара кері байланысқа тарту.

«Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың жасаған жұмыстарына жұптық және топтық кері байланыс ұсыну ерекшеліктері»

1.Жұптық кері байланыс ұсыну.

2.Топтық кері байланыс ұсыну.

Жұптық кері байланыс ұсыну дегеніміз-бірінші балаға мұғалім нұсқаулық беруі қажет және тапсырма орындау қадамдарын түсіндіру керек.

Топтық кері байланыс-мұғалімнің бағыттауымен сындарлы кері байланыс ұсынуды үйрену.

Қашықтықтан оқыту режимінде аудио және видео арқылы кері байланыс беруге болама деген сұрақ туындайды. Әрине болады. Бұл байланыста мен ойлаймын мұғаліммен студент арасында сағыныш басым бола бастайды. Яғни өзі беретін пәнді өзінің даусымен өзінің бейнесімен түсіндірген пайдалы. Аудио видео жазбалармен байланыс жасау тиімді.

  • Уақытты үнемдеу

  • Оқушының қате түсінігінің алдын алу

  • Қызығушылықты арттыру. Ашықтық.

  • Ұзақ видео/аудио жазба түсіруден аулақ болу.

  • Аудио/видео жазбаның кәсіби түсірілуі міндетті емес.

Менің ойымша егер өзінінің студенттерінің, баласының оқуына жаны ашитын әрбір ата-ана әрбір мұғалім кері байланыстың маңызды екенін қандай тұрғыда қандай формада берілсе де оның сапалы берілуін түсінген жөн деп ойлаймын.

Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларға тиімді кері байланысты қамтамасыз ету-бұл мұғалімнің-сыни шеберлігі.

Мұғалімдерге онлайн-кері байланыс дағдыларын жетілдіру үшін өмір бойы білім алу ұстанымын ұстану-қазіргі уақыттың ең өзекті мәселесі.

Осы   тоқсандағы тәжірибемнен қоса кететін болсам, маған қашықтықтан оқыту ұнады. Себебі орта жаста болсамда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдану білімдерімді тереңдеттім.  ZOOM платформасымен видеосабақ жасауды үйреніп, оқушыларға шағын сабақтарды түсіндіріп Whatsapp  желісі арқылы жіберіп отырдым. Сонымен қатар оқушыларда үнемі кері байланыс жасап отырды. Осы тұста айта кететін жағдай, оқушылар үй жағдайындағы қол жетімді құралдармен кері байланыстарын жасады. Мұндағы бір ерекшелік топта көп ашыла бермейтін оқушылардың белсенділігін байқадым.

Қашықтан оқыту тек оқушылардың емес, ата-аналардыңда белсенділіктерін оятты. Қашықтықтан оқыту ұстаз еңбегінің қиын екендігін, оқушы мен ата-анаға ұғындырып, ұстаздың мәртебесі жоғары екендігін дәлелдеді. Сол еңбегімізді біліп ата-аналар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, рахмет-алғыстарын айтқан видеороликтерінде қабылдадым.

Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.

Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:

  • Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;

  • Интерактивті әрекеттесу формалары;

  • Сапалы білім алу;

  • Уақытты үнемдеу;

  • Ыңғайлы уақытта оқу;

  • Территориялық шектеулер жоқ;

  • Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.

         Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін бередіБұл жүйеде мұғалім оқушының жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Мұғалім оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге қатысты жұмыстарды  ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді. Қашықтықтықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз.

Мен өзімнің баяндамамды қорыта келе ұлттың көшбасшысы Қазақстанның білім беру жүйесіне өзінің үлесін қосқан арыстарымыздың бірі Мағжан Жұмабаевтың кері байланыс туралы пікірін айтып кетсем деймін.

Баланың өзін мақтама, ісін мақта, мақтағанда да мақтауға тұрарлық ісін мақта.

Баланың жеңіл істерін мақтай беру балада менмендік, ретсіз тәкаппарлық туғызады.

Ал енді жақсы оқуы, дұрыс құлқы үшін, сый (награда) беру, үлестіру тіпті дұрыс емес.

Мұндайда сый алған бала сый алу үшін ғана тырысады, сый алмаған бала өзіне-өзі сенбейтін болады.









Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

КМҚК Атырау сервис колледжі











Баяндама



Тақырыбы: Қашықтықтан оқыту жағдайында

тиімді кері байланыс беру жолдары.











Баяндаушы: Арнаулы пән оқытушысы.

Дюсупова Маржангүл Сағынтайқызы.











Атырау 2021 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2021
445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі