400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қашықтықтан оқыту жағдайындағы мұғалімнің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту жағдайындағы мұғалімдерге арналған ұсыныстар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтықтан оқыту жағдайындағы мұғалімнің рөлі

Бүгінгі таңда білім берудің дамуы оның ақпараттық әлеуетінің деңгейінің жоғарылауымен байланысты.

Әлемдегі білім беру жүйесіне айтарлықтай әсер еткен жетістіктердің бірі қашықтықтан оқытуды құру. Қашықтықтан оқыту қазіргі кездегі ең маңызды білім беру инновацияларының бірі болып табылады, оқытудың тиімді қағидаттары мен әдістерін қолданады және білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Оқу бағдарламалары жалпы және жеке мақсаттарды анықтайтын, оқу ортасын талдайтын, әдістер мен құралдарды таңдаған, өзін-өзі тәрбиелеуге және бағалау құралдарына арналған мультимедиялық материалдарды жасайтын нақты мақсатты топ үшін арнайы әзірленген. Оқытудың бұл формасы өзекті мәселеге айналып отыр. Қашықтықтан білім беруді енгізу мұғалім үшін де, оқушылар үшін де кең мүмкіндіктерді ашуына ықпал етті.

Оқу іс-әрекетіндегі жаңашылдық білім алушыларды қарым-қатынастың белсенді мүшелеріне айналдырады: олар байланыс процестеріне қатысады, ресурстармен өзара әрекеттеседі. Қазір қашықтықтан оқытудың зор ақпараттық мүмкіндіктері мен әсерлі қызметтері бары бәріне мәлім.

Қашықтан оқыту жағдайында мұғалім мен білім алушылардың едәуір қашықтық арасындағы оқу үдерісі интернет, теледидар, пошта және т.б. көмегімен жүзеге асырылады. Осы тұста мұғалімнің рөлі туралы мәселе туындайды. Дәстүрлі білім беру жүйесінен айырмашылығы, бұл оқыту формасында мұғалімдер білім алушыға көбірек көңіл бөледі. Олар білім алушыларға жеке оқу материалдарын ұсынады, жеке кездесулер мен кеңестер береді. Оқыту барысының маңызды функцияларының бірі - оқу құралдарына, соның ішінде өздігінен оқуға арналған материалдар үшін бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, сынау және енгізу. Білімді өз бетінше меңгеретіндіктен оқушыларға ақпараттық қолдау өте қажет. Мұғалім оқу үдерісіне бақылау жасап, уақытында түзетіп, кері байланыстың үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді.

Қашықтан оқытуда сабақ беретін мұғалім әртүрлі дағдылар мен қасиеттерге ие мамандандырылған болуы керек деген түсінік қалыптасуда.

Ол үшін қашықтықтан оқыту мұғалімі білім алушылармен өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдері мен әдістерін игеріп, оқытылатын пәндегі қазіргі тенденциялар мен өзгерістер туралы білуі керек. Оның басты міндеті - соңғы жаңалықтар мен жетістіктер туралы хабардар болу. Сондықтан мұғалім қашықтықтан оқыту жағдайында келесі айрықша белгілерді көрсету қажет: пән туралы терең білім, қабілеттер, АКТ құзыреттілік, икемділік, өзара көмек, шыдамдылық пен төзімділік, шығармашылық, жаңашылдық, болашаққа жігерлі және динамикалық көзқарас, жетістікке жетуге ынталандыру және өз ісіне деген адалдық.

Компьютерлік және аудиовизуалды материалдарға ие болу ақпараттық технологиялар заманында электронды пошта, интернет, ақпараттандыру және теледидар байланыс сипатының тез өзгеруіне байланысты маңызды болып саналады. Сонымен, қашықтықтан оқыту жүйесіндегі әр түрлі мәселелерді шешуге қажетті көшбасшылық және әрекеттерді үйлестіру қабілеті сияқты бұл дағдылардың қашықтықтан оқытуда мұғалім бойында сөзсіз болуын көрсетеді.

Техникалық тұрғыдан алғанда, қашықтықтан оқыту проблемасы қазіргі уақытта әртүрлі жолдармен беріледі. Қазіргі ақпарат тық технологиялар кез-келген көлем мен мазмұндағы ақпаратты кез-келген қашықтықта орналастыру, сақтау, өңдеу және жеткізудің шексіз мүмкіндіктерін ұсынады. Дегенмен қандай болмасын оқу құралдары енгізілісе де қашан да мұғалім қызметінің рөлі орасан зор.

Зерттеушілер Мишра мен Кёлер 2006 жылы мұғалімнің тәжірибесіндегі үш білім саласы туралы өз идеяларын ұсынады. Үш білімнің, яғни пәндік, педагогикалық және технологиялық білімдердің қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылатындағын да айтқан. Сонымен қатар, егер жаңа технология оқуды жақсартуға ықпал ете алатын болса, онда жоспарлау үдерісінде пән бойынша арнайы білімдерді оқушылардың қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керектігін де негіздейді. [1]

Осы тұста мұғалім мынадай бірқатар талаптарды орындай алуы керек:

- ақпараттық –коммуникациялық құралдармен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі;

-Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі;

-Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдыландыру;

-Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет;

-Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде оқытуды даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет. т.б

Оқу ортасын таңдау кезінде қашықтықтан оқыту мұғалімдері келесі сұрақтарға жауап беруі керек:

-Осы оқыту жүйесінен мен не күтемін?

- Мен бұрынғыдай оқыта аламын ба және қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытуда не өзгереді? –

-Осы бағытта қойылған мақсаттарға жеткілікті түрде жетуге бола ма?

- Мұндай ортаның оқуға жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?

- Мен оның шектеулерін азайтып, осы ортаны қалайша тиімді пайдалана аламын? т.б.

Осы сұрақтарға жауап беруде мұғалім қашықтықтан оқытуға көшудің қаншалықты қажет екендігін түсінетіндігі аңғарылады.



Калиева Даметкен Жиенгалиевна, Тлеуов Кайрат Кипчакбаевич.

Педагогикалық шеберлік орталығының

Ақтау қаласындағы филиалының тренерлері.




Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының мұғалімге арналған нұсқаулығы. 2016 жыл. 94-95 беттер.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
2228
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі