400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтықтан оқыту және сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдарын бақылау

Материал туралы қысқаша түсінік
Джантулина Марал Тулеугалиевна
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қашықтықтан оқыту және сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдары бақылау

Джантулина Марал Тулеугалиевна-А.Иманов атындағы жол-

көлік колледжі директорының оқу

жұмысы жөніндегі орынбасары, Орал қаласы



Қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістің бірі – қашықтықтан оқыту форматы. Заман ағымына қарай білім ошақтары қашықтықтан оқытуға уақытша ауысып кетті. Білім беру тоқтаусыз үрдіс. Басты функцияда оқытушы және білім алушы- алдымызда отырған жас ұрпақ буын. Оқу үрдісі мекемесі үшін тұтастай бір жүйе екенін еске ұстай отыра осы жүйенің қашықтықта оқыту барысында қаншалықты табысты, мақсатты, жоспарлы іске асып отырғанын анықтап, бақылап отыру ол мекеменің басшылығының ішкі құзіретінде және функционалды міндетінде деп білуіміз керек. Қашықтықтан оқытуды үрдісінің қалай жүргізіліп, қалай ұйымдастырылып жатқанын бақылап анықтап қарайық. Егер сіз білім мекемесінің әкімшілігі болсаңыз оқытушының бірінші кезекте, білім алушылармен қалай жұмыс істейтінін, қаншалықты тиімді жолмен сабағын ойластырағанын анықтап бақылаңыз. Өйткені қазіргі кезде қашықтықтан оқыту барысында жұмысты төменде сипатталған тәсілдердің бірімен немесе олардың комбинациясын пайдалана отырып өткізуге бақылауға болады.

Қашықтықтан оқыту – оқушы мен ұстаздың  жанама немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту үрдісі. Бұл ережеде жазылған. Сол ережені іске асыруда ұжымның оқытушылар тарапы қалай жұмыстануда. Алдымен күнделікті сабақтарға тоқталайық, Бұл жолда оқыту үрдісін , жұмысын нақты үш бағытқа орай жоспарлауға болады:
Алдымен білім алушылармен оқушылармен тікелей эфир өткізілетін немесе онлайн-кездесулер жоспарланғанда немесе сабақ кестесіне сай уақыты туралы келісесіз. Онлайн-сабақта оқытушы материалдарды білім алушыларға түсіндіреді, олардың сұрақтарына жауап береді және оларға сұрақтар қояды . Екі жақтан тікелей пікірлесу, сұрақ- жауап процесі жүреді.
Екінші жолы қашықтықтан сабақ берудің ол интерактивті оқу материалдары арқылы қашықтықтан оқыту:
Оқытушы бұл жолда өзі оқытудың интерактивті оқу материалдары арқылы: нұсқаулықтар, оқу контенті (бейне, интерактивті бейне, мәтін, суреттер), өзін-өзі тексеру, сілтемелер және т. б. пайдаланады . Осындай оқу материалдарының көмегімен студент жаңа тақырыпты өздігінен оқиды талдайды тиісінше сұрақтарға жауап өзі табады. Қиындыққа тап болған жағдайда білім алушы оқытушыға тікелей шыға алады. Ортақ чатқа сұрақ қою арқылы да жауап табады.
Үшіншіден . Атқарылатын жұмысты жоспарлау:
Қажетті бөлім бойынша білім алушыларға тақырып бойынша апталық жұмыстар ұйымдастырасыз. Білім алушыға оқу нәтижесіне бағыттайсыз, мақсатқа жету жолын сілтейсіз. Әр бөлімдегі тақырып бойынша бағалау жетістігін алдын ала таныстырасыз. Осындай қашықтықтан оқыту барысында жоспарлы жұмыс жасап отырған ұжымдық оқытушылар жұмысты қалай бақылау жүргізуге болады.

Алдымен қандай да бір платформа болсын оқу үрдісін іске асырудағы оның сапасының жоғарылығына оқытушы мен студент арасындағы байланыста қаншалықты тиімді және колледж үшін оқы үрдісін бақылауға тез анализдеп мониторинг жасауға ыңғайлы жағын анықтап алу қажет. Бұл орайда өзіміз жұмыс жасап отырған college.edu.kz платформасымен жұмысымызды бастап кеткенімізге де үшінші айға аяқ басқан екенбіз. Әрине жаңалық жаңа ақпарат құралы әр уақытта қорқыныш әкеледі. Бірақ күні бұрын даярланған сабақтар жиынтығының болуы, сайтқа қажетті оқу сабақтырының жинақталуы колледж қызметкерлерінің IT технология қашықтықтан өтуі туралы тиісті сертификаттарды алып, оқып та үлгергені колледж үшін бір қадам болса да ілгері басушылық болды. Колледж тарапынан сабақтар кестесі құрылып, Оқытушылар тарапынан толықтай құжаттар, оқу жоспарлары, контент, электронды кітаптар платформаға енгізіліп, студенттер толықтай тізімге орналастырылды.

Коледжің жауапкершілікпен даярлаған жұмысының жемісі де көріне бастады. Бұл платформаның күнделікті сабақтар бойынша, білім алушылардың алған бағаларын бойынша, сабаққа қатысу, жауап қайтару, кері байланыс, оқытушылардың даярлығы бойынша толықтай мониторинг күнделікті қаралып бақыланып отырfды. Әрине ең бастысы бұл жерде екі жақтан да интернет желісінің төмен болмауы, жіберілген матеиалдың уақытылы толық түсіп тұруында болды.

Колледж жұмысының соның ішінде сабақ үрдісінің бақылауы платформа арқылы қадағаланып отыруға мүмкіндіктер ашылды. Үлгі құжаттарға сүйенсек Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының №40 қосымшасында көрсеткендей Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған колледжішілік бақылау жоспарында төмедегілар талап етіліп отыр.Бұл жерде толықтай бақылауды іске асыру мүмкін емес, бірақ өткізіліп жатқан сабақ, оның қаншалықты қойған нәтижеге жетуі, тапсырманың қаншалықты берілуі, қаншалықты кері байланысты ұйымдастыра алуы қадағалануы тиіс.

- Бақылаудың мазмұны

- Бақылаудың максаты

- Бақылау обьектісі

- Бақылау нысаны

- Бақылау түрі

- Бақылау мерзімі

- Бақылауға жауаптылар

- Қайда қарастырылады

- Бақылау нәтижелерін қорытындылау

Бұл сабақ үрдісі болсын, қосымша сабақтар болсын, өндірістік оқытуда да қаншалықты деңгейде іске асып отырғанын қадағалайтын үрдіс. Бұндай сараптау арқылы талдау және бақылау жәй ғана бақылау үрдісін шолып қана қоймайды, соңғы нәтиже шыққанға дейін бақылауды жүйелеп берген форма болып табылады.

Қашықтықтан оқыта отырып, оқушының алған білімінің нәтижесін бағалау немесе күнделікті оқушы қандай деңгейде білімге қол жеткізіп жатыр деген сұрақтар ата –ананы да, білім алушыны да ойландырады.

Колледж әкімшілігі тарапынан платформа арқылы күнделікті сабақтарды сырттай бақылауға, салынған материалдың тиімділігін анықтауға, алған бағаларды санауға, оның ішінде сабаққа қатыспай отырған білім алушылар туралы ақпарат жинауға толық мүмкіншілік алынып отырады. Бұл да білім үрдісін бақылаудың жолы. Ең бастысы бұл жұмыс үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Оқытушы дайын білімді бермей, керісінше студент өзі ізденетіндей білім беруі қажет. Мысалы, онлайн режимі кезінде білім алушы ақпараттық құралдарды қолдана отырып, берілген тапсырманы өз бетімен іздене отырып, жұмыс жасаса, ізденсе оның білім алуға деген деген ішкі уәжі өсе бастайды. Сонымен қатар педагог сабақты тек қана қашықтықтан оқытудың ватсап желісін қолданып қоймай, бейнечат, zoom т.с.с.қатынас бағдарламаларын қолданып өтетін болса, оқушыда ынта, ізденіс пайда болады.

Неғұрлым оқушыға қолдау, жігерлендіру, тиімді ұсыныс беру, әдіс-тәсілдерді таңдай отырып, онлайн режимінде сабақ жүргізілсе, нәтиже болатыны сөзсіз.Олай болса, қазіргі таңдағы сұраныс бойынша онлайн режиміндеде бұл талаптар орындалуы және үнемі бақылауда болуы қажет деп білеміз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
391
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі