Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қауіпсіздік ережелері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Көшеде жүру тәртібі».
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол
ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, (Автобус)
2.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
1. Неге? Қалаларда, сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2. сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады
Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\
Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
Қорытындылау :
Мұғалім : бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық.
Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.
Тәрбие сағаты "Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік."
Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер,қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы. «Жол әліппесі» қабырға газеті,жол тәртібіне арналып жазылған ұрандар фотосуреттерден жасалған стенд. Әр топтың жеке жұмыс столы, жол белгілері, транспорт түрлері.Сынып бөлмесінің әр жеріне: «Жол тәртібін жадыңда ұста!» «Бәріміз бағдаршамға бағынайық». «Көшеде сақ бол»-деген сөздер жазылған плакттар ілінген.
Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі, қазан айы.
- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?
Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі-қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.
Жол жүруге қолайсыз.
- Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе?
- Бағдаршам.
- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?
- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.
І-бөлім. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?
ІІ-бөлім: Теориалық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.
Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица,көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді.
1-топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.
2-топ: Трамвайды қандай жерде тұрып күту керек?
3-топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?
4-топ: Автобус,трамбай, тралейвустан түскенде жолдың келесі бетіне қалай өту керектігін көрсету. Оқушылар жауабын автоинспектор бағалайды?
ІІІ-бөлім: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі-түсті қағаз, қайшы,желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 4-дана болу керек.
Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер,өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі,жол жұмыстары белгісі.
в) «Тайғақ жол» белгісі т.б.с.
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.
ІҮ-бөлім: «Сергітейік жанымызды» хор «Бағдаршам» айтылады. Осыдан кейін балалар жол ережесіне, жол белгілеріне байланысты жаттаған өлеңдерін айтып береді.
1-оқушы. Көрген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда.
Бағынамыз әмәндә.
2-оқушы: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта.
Қатып қалған жанса.
Қыбыр етпе алға.
3-оқушы: Сары көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта,
Қатып қалған жанса.
Қыбыр етпе алға.
4-оқушы: Жанса көзі жасыл.
Жолың айдай ашық.
Жүре бергін батыл,
Керегі жоқ саспа!
5-оқушы: Көшедегі бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ өзіңе жол сілтер.
Кідірме,абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңнің көзіңе.
6-оқушы: Көшеде ортваға жеткенше, Әуелі көзің сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң.
Мойының сол жақтан оң жаққа.
7-оқушы: Мен білем, бәрін мен-деген.
Отырған жоқсың бөлмеде,
Машина өтіп кеткен соң.
Жолаушы алға беттесін.
8-оқушы: Ұшқалақ бала ұрыншақ.
Ойлалық, соны ұғынсақ.
Машина өтіпе кетпенсін.
Жолаушы алға беттесін.
9-оқушы : Жыламасын, аналар.
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар балалар.
Сақ жүріңдер, көшеде!
10-оқушы: Қай көше ,қай қалаға барсаңызда,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп.
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен, Жолда жүру ережесін сақтаңыздар.
Жұмбақтар шешу.
Әр топ бір-біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.
І-топ. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ-топ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)
ІІІ-топ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім.(Жол)
ІҮ-топ. Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді.
(Бағдаршам)
Ү-топ.
Сәт, сапар.
Қорытынды: Келгенқонақтар оқушыларға баға беріп, жақсы қатысқан үшінсыйлықтар береді
Тақырыбы: Бағдаршам белгілері
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды бағдаршам белгілерімен таныстыру. Оларды сақтыққа тәрбиелеу, көше қатынас ережелерін меңгерту.
Көрнекіліктер: Оқушылар өз қолдарымен салған жолда жүру ережесіне байланысты суреттері, «Бағдаршам суреті».
Жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Негізгі бөлім
1.Көшеде жүру тәртібі.
2. Үш көзді бағдаршам.
3.Тақпақтар.
4.Жұмбақтар.
5.Көрініс : Тоқта!Сақтан! Жол ашық!
6.Көрініс: “Үлкенге көмек көрсете біл”
III.Қорытынды бөлім.
1. Сұрақтар ( бағдаршамға байланысты)
Тәрбие сағатының барысы:
1-оқушы:
Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа жетпеуі мүмкін.
2-оқушы:
Көшенің шетінен өту үшін, арнайы өткелден өту керек.
3-оқушы:
Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр.
4-оқушы:
Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.
Мұғалім: Жиекжол деген не?
Оқушылар (хормен): Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тротуар жол.
Мұғалім: Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
Оқушылар: Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.
Жиекжол бар ғой,
Жандар үшін жаяу.
Деп оны сен тар ғой,
Шықпа жолға таяу.
Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Оқушылар: Бағдаршам.
Бағдаршам аты,
Көп көзі бар батыр.
Тоқ болған заты,
Өзінде көп ақыл.
- Бағдаршам жол қозғалысын жарық сигналдары арқылы реттейді. Онда үш түрлі жарық сигналы қолданылады.
Қызыл түс- қозғалысқа тыйым салады, өйткені ол қауіп ұғымын білдіреді.
Бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді.
Жасыл түс- қозғалысқа рұқсат береді. Сондай-ақ бұл түс қызыл түстен айқын ажыратылады.
Сары түс- негізі қызыл және жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі. Бұл да жақсы көрінетін түс.
Көрген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Бағынамыз әмәндә,
Ашса кезек үш көзін- Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
( Үш оқушы шығады, үш көзді бағдаршам)
Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта.
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!
Сары көзі жанса, Мейлі көлік жоқта. Қатып қалған жанша , Қыбыр етпе тоқта !
Жанса көзі жасыл, Жолың айдай, ашық. Жүре берген батыл, Керегі жоқ сасып.
( тақпақтар)
1.Сөйлегенді білмейді, Бірақ тоқта, жүр дейді. Менің үш көзім бар: Бір көзім « кідір» –дейді, Бір көзім « абайла» –дейді, «Қарап ал маңайға» –дейді.
2.Әйгілеп үш сөзді, Бір дәу тұр үш көзді, Оған жас-кәріміз, Бағынамыз бәріміз.
3.Есіңде ылғи сақта, Бағдаршам жоқта, Асықпағын текке. Ондай жерде тоқта, Жолды қиып өтпе.
4.Жаяу үшін белгі, Қойылады арнайы. Тауып сондай жерді, Өткін еппен аңдай.
5. Көлік жүер жолда, Ойнау тіптен шатақ. Әйтеуір бір онда, Кезігеді апат.
(Жұмбақтар)
1.Бұл тұлпар су ішпейді,жем жемейді, Есіркеп ешбір адам жемдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Доғасын сымыңа сүйреп,жол жөнейді. (трамвай)
2.Арқаным бар тым ұзын, ала алмайсың бір үзім. (жол)
3.Қозғалмасаң –құлайды, Сүйемесең –сұлайды. Құйымшақта ері бар, Бұл не деген жануар? (велосипед)
4. Бұйырмапты бас та, ауыз да ,құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақта. (бағдаршам)
Көрініс: ( Тоқта! Сақтан! Жол ашық! )
Жолда ағыл-тегіл жүріп жатқан көліктер,екі оқушы мектепке қатты асығып бара жатыр.Бұл екі оқушы жолға тоқтап, бағдаршам жарықтарын көрді, жолдан өтейін десе жол ережесін білмейді.- Ал біз балалар бұл екі оқушыға жолдан өтуге көмек бере аламыз ба?
-Иә. Ендеше:
- Қызыл жанса –тоқта
-Сары жанса- дайындал
-Жасыл жанса –жүре бер.
-Балалар, екі оқушы жолдан өтіп, мектептеріне жетті.
Екі оқушы: Балалар рахмет, біз аман-есен мектепке жеттік.
- Балалар, рахмет сендерге.
1 – оқушы: Тоқта!
2 – оқушы: Сақтан!
3 – оқушы: Жол ашық!
4 – оқушы: Жүрме жолға таласып.
5 – оқушы. Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
6 – оқушы: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
7 – оқушы: Жасыл көзін ашқанда,
Өте беріңдер жасқанба.
(Бағдаршам сигналдарын ұстап көрсету)
Көрініс: «Үлкенге көмек көрсете біл!»
Екі оқушы жиекжолмен жүріп келеді.Бұрыстың түймелері салынбаған. Қалай болса солай киінген. Ал дұрыс таза, тап-тұйнақтай жиекжолдың оң жағымен келе жатыр. Бұрыс тротуардың сол жағымен келе жатыр.Жолда қария әжейді қағып кетеді, кешірім сұрауды да ұмытады.
Мұғалім: Балалар, Дұрыс пен Бұрыстың қайсысы қателіктер жіберді және қандай қателіктер?
- Бұрыстың үсті- басы кір, киімі алқам –салқам, өзіне мән бермейді екен. Қарияны қағып кетіп, кешірім сұраған жоқ.
III. Қорытынды бөлім:
1.Бағдаршам жоқ көшелермен қалай өтеміз?
2.Бағдаршам деген не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
3. Бағдаршамның неше түрі болады?
4. Бағдаршам жарықтарының қызметін айтып бере аласың ба?
5.Сен жолдан өткенде қандай оқиғалар болды?
6.Қазаргі кезде болып жатқан жағдайлар (жолдағы) не себепті деп ойлайсыңдар?
7. Сен қандай жолдан өтесің?
Бекіту. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды мадақт
|
|
|
Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)
Категориясы: Тәрбие сағаты
БҚО, Шыңғырлау ауданы
Тасмола ОЖБББМ
Китарова Лайла Толыбаевна
Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық
мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам
жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен
жұмысқа баратынын анықтау.
Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын
анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін
сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сынып сағаты.
-Балалар біз бүгін « Жол тәртібін жадыңда ұста » тақырыбында сынып
сағаты өткіземіз.
Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай
Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Нұршат: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.
Ленмар: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Қуаныш: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Ербол: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Ескерту белгі:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Тыйым салу:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың?
Анықтама: Белгімен көрсетер жылдамдық пен бағытты
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын да анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Нұршат: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Төрт топтан құрылған белгілер туыстай,
Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.
Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер.
Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ
шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол
қоғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда
жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген
жөн
Көрнекіліктермен жұмыс.
А) жолда жүру ережесінің сақталуы
Ә) көлік түрлері
Б) жол белгілері
Қорытынды. Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.
Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да бір ерлік.
Ата-ана қынжылмасын,
Түсіріп ұнжырғасын.
Мақалаға белгі:тәрбие, сағаты, жол, ережсі
Әзірше ешкім рахмет айтқан жоқ