2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді сабақ жоспары 7 сынып әдебиет
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 7-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім: Балалар мен үлкендер

Сабақтың тақырыбы:

Аты шулы тоғыз қасқыр

Оқу мақсаттары:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдайды

Сабақ мақсаты:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдай алады

Бағалау критериі:

- “Көксерек” шығармасындағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, эпитет, градация) анықтай аласыздар;

- қолданысын талдай аласыздар;

- көркемдегіш құралдарды пайдаланып, мәтін жазасыздар

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар


1-2 минут


Ұйымдастыру

Көксерек” шығармасындағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, эпитет, градация) анықтайсыздар, қолданысын талдап, көркемдегіш құралдарды пайдаланып, мәтін жазасыздар

Өткен сабақтың тақырыбына шолу

Сұрақ-жауап: 1..Әңгіме не туралы?

2. “Аты шулы тоғыз қасқыр” бөлімінде не болды? Қашан және қалай болды?

Оқушылардың белсенді жұмыс жасауға деген ынтасын бақылау.

Презентация, оқулық.


4 минут



















10-15 минут

Жаңа сабақ

Қызығушы-лықты ояту

















Тапсырмалар

1. Көркемдегіш құралдар - автордың шығарманы көркемдеу, бейнелеуіне септігін тигізіп, оның шеберлігін танытатын құралдар.

2. Берілген құралдардың анықтамасы:

Теңеу - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын екінші бір нәрсемен салыстыру арқылы көрсететін көркемдік ұғым. Теңеулер көбінде -дай/дей -тай/тей, -ша, -ше жұрнақтары арқылы жасалады.

Синекдоха - бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді пайдалану, жалпының орнына жалқыны, көптің орнына жекені немесе керісінше ауыстырып қолдану тәсілі. Синекдоханы меңзеу деп те айтуға болады.

Анафора – айтпақ ойды, ұқтырар сезімді мұқият сіңіру үшін өлең жолдарының басында бір сөздің бірнеше қайталанып айтылуы.

Отан – менің ата-анам,

Отан – досым ,бауырым

Отан - өлкем, астанам,

Отан – туған,ауылым,- деген өлең жолдарында «Отан» сөзі әр шумақ басында қайталанып келіп тұр.

Эпифора - өлеңнің әр тармақтарының соңында немесе әр ой ағымының аяқ жағында бір сөздің қайталанып келуі. Ақындар басты назар аударған нәрсенің не болмыстың басты қасиетін өлең жолы аяғында бірнеше дүркін қайталап, оқиғаны үдете,дамыта көрсетеді.

Кетеген болса,түйең жау,

Тебеген болса, биең жау,

Ұрысқақ болса, ұлың жау,

Керіскек болса, келін жау.

(Үмбетей)

Ассонанс – шумақтың алғашқы дыбыстары бірдей дауысты дыбыстан келіп, ерекше үндес табуы (мазмұнға лайық). Махамбет өлеңіндегі

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме?!- деген жолдар бірыңғай «е» дыбысынан басталып, ақынға тән ақтарыла, ағындап, ұрандап тұр.

Аллитерация - өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстан келіп үндесуі. Дауыссыз, әсіресе қатаң дауыссыз дыбыстар қайталанып, шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді.

Көптер көзін тіккендей,

Көп соңына түскендей,

Көптің несін алыппын?!

Көп кісіден анықпын!

Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым.

Градация (дамыту) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата суреттеу мақсатында қолданады.

1-тапсырма. “Аты шулы тоғыз қасқыр” бөлімінен алынған үзіндіден көркемдегіш құралдарды анықтаңыз. Қолданысын түсіндіріңіз.

Қораны өрт шыққандай, жер сілкінгендей дүр-дүр еткізіп келіп, қақ жарып шыққанда, аузына кем болса бір-екі батпан құйрық ілінбей қалмайды...

Қайтадан қарлы, боранды қыс келді. Аязды, елсіз ұзақ далаларда аштық түндері басталды. Ашумен жер тарпып, қар боратып, көп ұлыды. Бір мезгілде ай астында ағараң-ағараң еткен көп топты көрді. Бұрылып бір жаққа қарай жалтарғанша, тасырлатып, қар боратып, қасына ағызып келіп қалыпты...

Көксерек бұрынғы дағдысымен жемтіктің кеудесіне тұмсығын тығып жіберіп, жұлып асап жатыр еді. Желкесінен "ырр" етіп бір ауыз тістей түсті. Жемтіктен басын суырып алып, көк шолақтың асылып тұрған аяғынан қатты тістеп алып, үстінен жұлып тастады.

2-тапсырма. Көркемдегіш құралдарды мысалдарымен сәйкестендіріңіз

1.Анафора

2. Эпифора

3. Аллитерация

4. Теңеу

5. Синекдоха




3-тапсырма. Жоғарыда берілген мәліметтер мен “Көксерек” шығармасының мазмұнын негізге ала отырып, көркемдегіш құралдарды қатыстырып, Көксерек туралы ойыңызды жазыңыз.

Оқу тапсырмасы. «Көксерек» шығармасынан алған әсерлеріңізді білдіре отырып, шығарманың негізгі идеясы жайында тұжырым жазыңыз.

Көк шолақтың аузы арандай ашылып, тынысы құрып, тыпырлауға шамасы келмей қалды.

Тістері бір-біріне сатыр-сатыр тиісіп, қарш-қарш шайнасады. Тікейіп шапшыған бойда ұстасып тұрғанда, Көксерек басын бұрып жіберіп көк шолақты құлақ шекеден ала түсті.

Қасендер келісімен-ақ барлық жылқышы мәлім етті: өткен түнде көк шолақ жылқыға шауып, бір жабағыны жеп кетіпті.

Біріне-бірі жол бермейді. Бірінің алдына бірі түссе, тірсектерінен тістеп ырылдасып қалады.

Елсіз бір жарды жағалап келе жатқанда, кеуегінен шығып қоян қашты. Аздан соң қоян жардан шығып, Көксерек жаққа қарай далаға шыға, адырға беттей қашты.





Сабақты мұқият тыңдауын қадағалау



Презентация



3-4 минут

Қорытынды

  • 1. Автор “Көксерек” шығармасында көркемдегіш құралдарды шебер қолданады.

  • 2. Көркемдегіш құралдар автордың шығарманы көркемдеу, бейнелеуіне септігін тигізіп, оның шеберлігін танытады.

  • 3. Көркемдегіш құралдар шығарма идеясын беруде де маңызды рөл атқарады.
















28 Қаңтар 2025
133
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі