400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ әдебиеті сабағында білім сапасын көтеру мақсатында тапсырмаларды орындату жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
білім алушыларға әдебиет сабағында тапсырмаларды қалай орындау жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ әдебиеті сабағында білім сапасын көтеру мақсатында тапсырмаларды орындату жолдары


Мектеп қабырғасындағы оқушы-еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстар басты тұлға. Сондықтан оларды білімді, парасатты, мәдениетті де кішіпейіл, рухани жан-дүниесі бай жеке тұлға етіп қалыптастыру-әрбір ұстаздың басты міндеті. Осы міндетті шешуде күнделікті сабақтың алар орны ерекше. Өйткені, сапалы сабақ-білімді, табысты оқушы қалыптастырудың басты кепілі.

Ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»,-деген екен. Мен де бұл пікірмен толық келісемін. Неге? Өйткені, мемлекет болашағы болып саналатын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруден өткір мәселе жоқ. Ал бұл орайда тиімді тапсырмалар негізінде білім беру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселені қалай шешеміз? Тиімді тапсырмаларды әдебиет сабағында қалай жоспарлаймыз?-деген әрбір пән мұғалімінің көкейінде тұрған сауал екендігі даусыз.

Әдебиет пәні-мектеп бағдарламасындағы жетекші пәндердің бірі. Өйткені ол жас ұрпаққа этикалық және эстетикалық тәрбие беруге бағытталған. Әдебиет пәні оқушылардың қызығып оқитындығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл сабақта оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері дамып, өмірге көзқарастары қалыптасады. Сондықтан тапсырмаларды баланың қызығушылығын оятатындай етіп жоспарлаған дұрыс. Сондай-ақ әдебиет сабағында оқушылардың қызығушылығын оятып қана қоймай олардың бойына ұлттық құндылықтарымызды да дамытуға міндеттіміз. Себебі қазақ әдебиеті пәнінің халықтың тәрбие-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен ұлттық болмысын бойға сіңіруде орны ерекше. Сонымен қатар қазақ әдебиеті пәнінен оқушы қол жеткізуге тиісті оқу мақсаттарының көпшілігі ұлттық құндылықтарға негізделген.

Оқу мақсаттарын негізге ала отырып тақырып бойынша эссе жаздыру, сыни мақала жаздыру, өз көзқарастарын дәлелдеуге бағытталған пікірталастар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға болады. Әрбір тақырыпты өткенде оқушыларға ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетінен, ділінен хабардар етіп отыру-ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу негізі. Мен өз тәжірибемде әрбір сабағымда ұлт мәдениетін бойға сіңіретін ұлттық ойындар және әр түрлі танымдық іс-әрекеттер арқылы тапсырмалар орындатамын. Мысалы, «Алтын сақа», «Көкпар» ойыны арқылы оқушылар арасында сұрақ-жауаптар ұйымдастырамын.

Сонымен, мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқуды қызықты ету. Оқу қызықты болғанда ғана оқушылардың сабаққа ынтасы артады. Себебі, білім жақсы игеріледі. Ал бұл өз кезегінде оқушылардың білім сапасының артуына ықпал етеді. Оқушылардың шығармашылық дағдылары дамиды. Ұлттық құндылықтардан алыстамайды. Ендеше, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ерінбей-талмай жұмыс істеуіміз қажет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
14.04.2024
278
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі