Материалдар / Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің мақаламды жариялаңызшы өтініш
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҚО әкімдігінің Білім басқармасы

«Сервис және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК







«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі»

облыстық конкурсы





Тақырыбы: «Орыс топтарында қазақ тілін оқытудың әдіс- тәсілдері»












Дайындаған:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары

Г.К.Зекешова

Ж.Т.Бекмашева

Д.К.Беркалиева











2023ж



І.Кіріспе

Бүгінде еліміздің білім беру саласы түбегейлі өзгерістерді басынан кешіруде. Қазіргі заман талабына сәйкес оқушылардың теориялық білімге ие болуы ғана жеткіліксіз, ендігі кезекте олардың алған білімдерін шынайы өмірде қолдана алатын функционалды сауатты тұлға болып қалыптасуы басты назарда тұр. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылған білім мазмұнына көшуде. Аталған мазмұнға сай білім алушылар тілдік пәндерді меңгеруде бұрынғыдай жаттанды ережелердің ауқымды көлемі мен олар бойынша берілген терме жаттығуларды орындамай, тілді дискурс аясында яғни шынайы өмір жағдайында үйреніп, коммуникациялық дағдыларын дамытады. Осы орайда оқытушылар сабақ жоспарын әзірлеуде білім алушылық, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарды емес, оқушылардың сөйлеу әрекеттерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) жетілдіруге тікелей бағытталған тапсырмаларды дайындайды. Білім мазмұнының осындай бетбұрысы жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру кезінде оқытушылар жаңа әдістеме мен көмекші құралдарға жүгінуі керек. Сондықтан пәнді оқыту әдістемесінің сапалылығы білім беру жүйесінде үлкен қызмет атқарады. Оқыту әдістемесінің жоғары деңгейде болуы білім беру сатыларының барлық кезеңдері үшін міндетті. Қазақ тілін оқытудың бірнеше бағыттыры бар: а) ана тілі ретінде оқыту; ә) екінші тіл ретінде оқыту; б) шет тілі ретінде оқыту. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән мазмұны, әдістемесі, құралдары болады. К.Аханов [2], Қ. Әбілқаев [3] және басқа ғалымдардың [4] еңбектерінде олар жайында бірқатар ойлар, пікірлер жинақталған. Бұл ойлар мен пікірлердің өзектілігі бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т. Шонанов, Ш. Сарыбаев, С. Жиенбеав т.б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші- ғалымдардың бірі – М.С. Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан «Очерки по методике казахского языка в русской школе» деген еңбегінде жарық көрді [5]. М.С. Лапатухинның еңбегі орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұңғыш үлгісі. Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің рөлі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді қамтиды.

Қазақ тілінің әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым.

Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері
қалыптасқан жүйесі бар. Бұл әдістеме ең алдымен, оқушыға қандай тілдік
категорияларды үйрету керек, қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады
деген мәселелерді қарастырады. Сондай-ақ қазақ тілін оқыту әдістемесі –
қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана
тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім
ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға
көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ. Сонымен бірге, әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қоймай, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің тәжірибесінен сыналған тиімді оқыту әдістері мен тәсілдерін қазақтілін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Сайып келгенде, әдістеме мұғалімнің шығармашылық жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика және
психология ғылымдарымен тығыз байланысты.Әдістеменің лингвистикаға байланыстылығы, біріншіден ол оқылатын пәннен жеке-дара қаралмайды. Атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі материалдың мазмұнына орай әдіс-тәсілдерді таңдау, қолдану, олардың жолдарын көрсету, жаттығу мен дидактикалық материалдарды таңдап, іріктеуге тікелей байланысты. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты түрлі фонетикалық талдау, әріптерді, дыбыстарды дұрыс айта білу, ал сөз таптарын оқыту барысында морфологиялық талдау, түрлі салыстырулар, жалғау мен жұрнақтың ара-жігін ажыраттыру сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады. Бұл жұмыста қазақ тілін оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері көрсетіле отырып, заманауи сабақты толықтырып байыта түсетін жаңа технологиялармен оқыту стратегияларының элементтері жинақталған.











ІІ.Негізгі бөлім

Қазақтың тұңғыш педагог-ғалымдарының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «...әр сабақ, әр пән бір жағынан өзіне тән мақсатын көздесе, екінші жағынан тіл түзетуге, тіл сабағының міндетін атқаруға тырысуы жөн», – дей келе, тілді дұрыс үйретудегі басты қағидаларды атап өтеді. Солардың алғашқы екеуі: «1) Бала әуелі затты, нәрсені көру керек. Оны көрген бала сол зат туралы айтады, яғни сөйлейді. Сондықтан тыңдау, сөйлеу процесі алғашқы болады да, оқу, жазу кейінгі болуы қажет; 2) Баланың өз бетімен сөйлеуіне көп мүмкіндік беру керек. Сондықтан материал бала ұғымына сәйкес болып: өмір кітапқа қарай емес, кітаптар өмірге бейімделіп жазылсын» [1; 8].

Қазақ тілін өзге тілді адамдарға оқытудың ең тиімді жолы – тілдік қатынас заңдылықтарын қолдану екендігін қазақ тілін оқыту әдістемесінде алғаш рет зерттеп, дәлелдеген профессор Ф.Ш. Оразбаева болды. Ғалым қатысым әдісін басшылыққа ала отырып, сөйлесім әрекетінің оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, тілдесім компоненттерін бір мақсатқа жұмылдыра дамыту арқылы ғана тілді үйренушінің саналы білім алып, сапалы әрекет етуіне мүмкіндік туатынын негіздеді. Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде екінші тілді меңгерту қатысымдық тұлғалардың: сөздің, сөз тіркестерінің, сөйлемнің, мәтіннің үйренуші тілін дамытудағы орны анық белгіленген. Бірақ әр тілдің өзінің табиғи болмысына қарай оларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ тілін меңгертуде оқушылардың әрбір сөздің мағынасына мән беруіне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс. Өйткені сөз – тілдік қатынастың ең маңызды құралы. Тілді оқытудың ұтымды әдістерін іздестіру ғылымда қатысым әдісін алға шығарды.

Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу;  әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан да ол (әдіс) оқытудың шартына тәуелді болмайды;  оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде- болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады;  әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея- болады. Басты идея методологиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық мәселелердің басын біріктіреді [9]. Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор Ф.Ш. Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» [10].

Қазақ тілі оқушының қатысымдық біліктілігін дамытумен қатар, олардың қиялын, есте сақтауын жетілдіруге мүмкіндік береді, өзіндік оқу іс-әрекетін, өз бетімен білім алу және оны іске асыру дағдыларын қалыптастырады. Ф.Ш. Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар: 

- тіке байланыс;

- адамның жеке қабілетін ескеру;

-  сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау;

-  сатылап даму,

-  динамикалық өзгеру;

-  өзектілік.

Қатысымдық технология, негізінен:

а) оқу материалын меңгеруге бағытталады;

ә) оқушы тұлғасына бағытталады;

б) оқытушы мен оқушының ынтымақтастығына бағытталады, сол арқылы оқу мақсаты жүзеге асырылады.

Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен  көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес.

Қазақ халқының ағартушысы Ы.Алтынсарин қазақ балаларын оқытудың үлгісін «Қазақ хрестоматиясы» (1879) еңбегіне 4 түрлі оқыту әдісін енгізді. Әдістердің барлығын сабақ тақырыбна сай мүмкіндігінше барлық түрін мұғалім өз сабағына пайдаланып келеді. Бұл біріншіден, оқушыға берілетін білімнің әдістері көрсетіледі, екіншіден оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден мұғалімнің атқаратын жұмысы, бағыты белгіленеді (әдіс-тәсілдер).

Орыс топтарында қазақ тілін үйрететін ұстаз  үшін   басты мақсат-өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынталандыру. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі  мен әдебиеті мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас.

Осы жаупкершілікті іске асыру үшін барлығымыз да алдымызға өз міндеттерімізді қойып, оны шешуге тырысамыз, түрлі әдіс- тәсілдерді, жаңа технологияларды қолданамыз.

Осыларды ескере отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында тілді үйретудің тиімді, нәтижелі әдістерін үнемі дамытып отыру қажет.

Орыс топтарында қазақ тілін үйрету және үйрену барысында алдымызға мынадай міндеттер қойылды:

өзге ұлт балаларына тілді үйрену жеңілдеу болу мақсатында тілдің күнделікті практикалық жағын қарастыру;

Қазақ тілі сабағында оқушының  ауызша, жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру, сөз байлығын молайту;

Шығармашылықпен  жұмыс істеуге, үнемі өз бетімен ізденуге дағдыландыру;

Оқушылардың тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

Осы міндеттерді шешуге төмендегідей тиімді  әдіс- тәсілдерді қолдануға болады:

1. Түсіндіру әдісі: Бұл әдіске ауызша баяндау — түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.

2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі; Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау — анықтама, түсініктер, жоспар, конспектілеу, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.

3. Көрнекілік әдіс: экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану, т.б.
4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмені т.б. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі кодоскоп, эпидоскоп, лингофон, компьютермен жұмыс, т.б.

5. Жаттығу әдісі; ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану жұмысы.

6.Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті -ауызша баяндаудан басталады. Мұғалімнің оқушыларға жаңа білімді баяндап айтып беруін — ауызша баяндау әдісі дейміз. Ауызша баяндау әдісі оқушылардың жас шамасына қарай, қысқа, не ұзын баяндалуы мүмкін. Ауызша баяндап, мазмұндап берудің үш түрі бар: әңгіме әдісі, түсіндіру (объяснение), лекция түрі.

Әңгіме әдісі — көбіне сұрақ-жауап арқылы диалогтық сөйлеу формасында жүреді. Мысалы, қазақ тілінен «сөз жасамын», «сөз тіркестерін» өткенде, оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтарғызу, жауаптарының дұрыс-бұрыстығын оқушылардың өздеріне айтқызу, міне, осылар олардың естерінде жақсы сақталады. Әңгімелесу түрлері жаңа материалды түсіндіргенде білім жүйесін әңгімелеу, білімді қорытындылағанда — әңгімелесу, ауызша сұрау-жаттығулар тексергенде — өткен материалдарды қайталағанда бала оқып білгенін саналы түрде меңгерген сәттерін білу үшін жүргізіледі. Әдісін жақсы ұйымдастыру — мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Айта кету керек, оқушылардың өтілген пәнді түсініп, белсенді қатысуы үшін әңгіменің эвристикалық түрі , кеңес үкіметі тұсында пайда болған еді. Эврико — грек сөзі — табамын, ашамын деген ұғымды береді. Сондықтан қазіргі уақытта әр тақырыптың ережесі проблемалық жағдайлар туғыза отырып, оқушыға сол пәннің түйінін таптыру әдісі кең өріс алуда,

Әңгіменің нәтижелі болуы — сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге байланысты. Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып, жауап бере алмайды. Оқушы қиналған кезде жетелеп, сұрақтар беру мұғалімнің іскерлігін көрсетеді.

Түсіндіндіру әдісі — қазақ тілінен берілетін белгілі бір тақырыпты түсіндіруде мұғалім көрнекі құралды, кестені, т.б. құралдарды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын түсіндіреді. — «Бүгін сіздерге түсіндірілетін жаңа сабақ тақырыбы мынадай» — деп, бастап кетеді. Түсіндіру барысында оқушылардың назарын аудара отырып, әр түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып, қызықты түсіндірсе, онда олар проблемалық мәселені өздері шешуге талаптанады. Мысалы: қазақ тілінен зат есім, сын есім, сан есімді түсіндіргенде сөйлем құрату, сұрақ-жауап арқылы ережені, анықтамаларды өздері құрап шығады.

Орыс топтарында қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті қолданған артық етпейді. Себебі көзбен көріп, қолмен ұстаған жылдамырақ, әрі ұзаққа  есте сақталады. Сондықтан тиімді әдіс- тәсілдердің бірі-көрнекілікпен жұмыс деуге болады.

Күнделікті ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сабаққа қажетті заттардың атауларымен танысып, олардың көмегімен сұрақ- жауап құрастырады. Бұл тапсырмалар жас ерекшеліктеріне байланысты құрастырылады. Мысалы «Менің отбасым», «Менің мамандығым», «Сабақ», «Менің досым»,  «Менің сүйікті кином» т.б. шағын тақырыптарға мәтіндер, қысқаша әңгімелер құрастырады және  әңгімелеуге  дағдыланады. Және де оқушылардың  ауызша- жазбаша  тілін дамытуда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдері мен  жұмыс- түрлері мынадай:

А) шығармашылық тапсырмалар

ә) комплексті түрдегі үй тапсырмалары

Б) проблемалық сұрақтар.

В) ситуациялық тапсырмалар

Г) ойын элементтері

ғ) деңгейлік тапсырмалар

д) СТО технологиясы элементтері.

Дамыта оқыту жүйесі -шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтауға, тіл дамытуға бағытталған. Бұл жүйесінің ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу; сабақ құрылымының оңтайлығы; дидактикалық ойындар; өзіндік іс-әрекеттің қарқындылығы; сабақта әр оқушыға өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаят құру. Дамыта оқытуда сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу- танымдық әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады: 

І кезең - мотивациялық-бағдарлау кезең;

ІІ кезең - операционалдық-орындаушылық кезең;

ІІІ кезең - рефлексиялық-бағалау кезең.

Мотивациялық-бағдарлау кезеңде оқу міндеттері қойылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Операционалдық-орындаушылық кезеңде нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды, соның негізінде теориялық білімін бекітеді, оны қолдануға үйренеді. Ал рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады. Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. Ол – өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы тұлға.

Дамыта оқыту технологиясының тұжырымдамасына сай, білім беру барысындағы оқушылардың даму мазмұны, мүмкіндіктері және даму қарқындары олардың оқу іс- әрекеттеріне байланысты анықталады. Өйткені дамыта оқыту процесінде оқушы өзін мұғалім дамытуға міндетті және солай болуы тиіс объект ретінде емес, өзін - өзі дамытуға,өзгертуге қатысатын субъект ретінде орын алады. Оқушы өзінің оқу процесіндегі белсенді субъект ретінде қатысуы ғана дамыта оқыту технологиясын басқа технологиядан басты белгі ретінде ажыратып тұрады. Демек, дамыта оқыту баланы тікелей (субъекті,объекті) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауы, темпі) оқытуға негізделеді.

Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндетіне жататындар: 

- оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп,жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тәжірибесінде қалай қолданатынына көңіл бөлу; 

- оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту; 

- оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру; 

- оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;  сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу; 

- оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту; 

- жалпы оқушының жан-дүниесін дамыту [12].

Шығармашылық жұмыс  түрлеріне келсек, балалардың ойын қиялын дамытатын эсселер, әңгімелер жаздыру, диологтар, ребустар, тест сұрақтарын  құрастырту т.с.с .

Топтарда сурет бойынша сөйлемдер құруға болады. Мысалы: жыл мезгіл-деріне байланысты, жемістер,  азық- түліктер, жануарлар т.б. тақырыптар көп. Немесе тірек сөздер беру арқылы сөйлемдер не әңгімелер   құрастырады .М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», профессор Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп  саралап оқыту технологиясы» және т.б. Осы технологиялардың барлығына да қазіргі таңда компьютер, интерактивтік тақталарды кеңінен қолданы  оқытуға болады. Бұл- балалар үшін бір жағынан қызықты болса, екіншіден, көрнекілік әрі  жаңа технология болып есептеледі. Жоғарыда айтылғандарды ескере келсек, қазақ тілін оқытуға қойылатын талап- тілектердің бүгінгі күнде жаңарып отырғанын аңғарамыз.

 Оқушылардың сөздік қорларын молайту үшін және жадында сақтау, ойлау  қабілеттерін дамыту үшін берілген мәтіндерге  ат қойғызу, мәтіндегі сөйлемдермен сұрақтар құру, аудару, мәтінді мазмұндау , мәтінге қатысты жаңа сөздермен сөйлемдер, сөз тіркестерін құру сияқты жұмыстар жүргізуге болады. Жаңа сөздермен мынадай жұмыс түрлерін өткізуге болады:

Студенттердің есте сақтау қабілеттері қаншалықты дәрежеде екенін тексеру жұмысы.

Төмедегі берілген сөздерді оқып танысамыз, сөйлемдер, сөз тіркестерін құрып болғаннан соң 1 минут уақыт беріледі. Студенттер сол 1 минут ішінде есте қалған жаңа сөздерін жазады. Сонан соң балалар дәптерлерімен алмасады, сөздерді санап, қанша екенін, қаншасы қате жазылғанын хабарлайды. Мәтінмен жұмыс жасап болған соң, осы тапсырманы тағы қайталауға болады.   

Амонашивилидің ситуациялық –рөлдік ойындары.  

Мәселен, «Дүкенде»,  «Аялдамада», «Колледжде», «Мейрамханада»», «Саябақта» т.б. тақырыптарда диолог түрінде әңгімелесулер өткізу. Әр сабақ үстінде әр тақырыпқа байланысты 3-4 жұптан сұрап тұрған артық етпейді. Ол оқушылардың тілдерін жаттықтырып,  олрды жүйелі сөйлеуге  дағдыландыра түседі.

Грамматикалық тапсырмалар Оқушылардың ойлау қабілеттерін  дамытуға, шапшаңдыққа үйрету, сауаттылығын тексеру мақсатында осындай тапсырмалар беріледі. Мысалы, осындай   буынға  бөлінген бос тор көздер беріп, сөз құрап жазуға беруге болады.  Бұнда оқушылар  сөздік қорларын,  буынға  сауатты бөліп жазу сияқты білімділіктерін шыңдайды, еске түсіру, ойлау қабілеттері арта түседі.

Деңгейлік тапсырмалар. Деңгейлік тапсырамаларды әр тақырыпты өткен кейінгі жұмыстарда, бекіту сәттерінде  де пайдалануға болады. Оқушының жаңа сабақты меңгеру дегейін анықтай аламыз.

 1деңгей. Барлығына бірдей міндетті деңгей.Мұнда жаңа сабақ бойынша жеңіл, қарапайым сұрақтар беріледі. Мысалы: «Жемістер» тақырыбы бойынша.

1 деңгей. Жемістерді жаз.

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!