ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация
Мақалада оқу сауаттылығы ұғымының анықтамасы, қазіргі білім берудегі заманауи парадигмалары, қазақ әдебиеті сабақтарында мектеп оқушыларын «оқу сауаттылығына» үйретудің жолдары, мәтінмен жұмыс жасауда қолданылатын тиімді тапсырмалар мен жаттығулар түрлері көрсетілген. Қазіргі таңда оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда бірінші орынға баланың білім,білік дағдысын емес,оның тұлғасын қою керек.
Аннотация
В статье читательская грамотность рассматривается как один из самых важных параметров готовности к жизни в современном обществе. Дается определение «читательской грамотности», парадигмы современного образования, указаны пути обучения учащихся читательской грамотности, виды заданий и упражений испльзуемые при работе с текстом на уроках казахской литературы. .
Түйінді
сөзер: заманауи білім беру
парадигмалары, функционалдық сауаттылық, оқу сауаттылығы, мәтінмен
жұмыс.
Елбасы «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетті.
Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім берудің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі білім беру жүйесінде оқушының өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі. Қазіргі оқушы:
-
Дүниетаным қабілеті жоғары;
-
Дарынды, өнерпаз;
-
Ізденімпаз, талапты:
-
Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген де орынды. Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмаларына кеңінен қолданылып жүрген функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үрдісі де жатады. Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі - оқу сауаттылығы.
Оқу сауаттылығы:
-
Ақпаратты табу;
-
Мәтінді интерпретациялау;
-
Рефлексия және бағалаудан тұрады.
Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі. [2,б.4]. Ертеден «оқу» білім алудың әмбебап құралы деп саналады. Өз бетінше алынған білім ең құнды және мықты болып табылады. Алайда мектептік тәжірибе көрсеткендей, мәтінмен өз беттерінше барлық бала бірдей жұмыс істей алмайды, ондағы ақпаратты түсіне бермейді. Сондықтан оқудың дұрыс типін қалыптастыру технологиясы бойынша мәтінмен жұмысты үнемі жүргізген жөн. Мәтінмен жұмыс істей отырып, бала материалды түсінуді, ой елегінен өткізуді, оны өз тәжірибесімен сәйкестендіруді, керек еместерін алып тастауды, қорытындылар шығаруды үйренеді.
Жаңартылған білім мазмұны бойыншаүлгілік оқу бағдарламасында төмендегідей «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны көрсетілген.
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы;
2) анализ және интерпретация: салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу, шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы, эпикалық шығармадағы автор бейнесі, көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу;
3) бағалау және салыстыру: шығарманың тарихи құндылығын бағалау, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау, әдеби эссе, сыни хабарлама жазу.
Білім мазмұнына байланысты бағдарламада ұсынылған білім мазмұны мен оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін, сонымен қатар оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мақсатында түрлі тапсырмаларды тиімді қолдануға болады.
Мәтіндер бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін беру мұғалімнен зор дайындықты қажет етеді. Сұрақтар жүйесі оқушылардың белсенді ойлауын, білімі мен білік, дағдысын қолдана білуді қамтамасыз ететіндей етіп құрылуы керек. Мысалы: «Шығарманың басты ойы неде? Шығармада не жазылғаны туралы айтуға болады? (оның мазмұны туралы). Шығарма қалай жазылғаны туралы айтуға болады? (оның стилі туралы)» сұрақтары беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар рефлексия жасай отырып, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданып, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуына бағыттайды. Келесідегідей түрдегі сұрақтар «не мақсатпен көрсетілген? Қалай қолданасың?» деп берілсе, оқушылар мәтін мен сұрақты қолдана отырып, логикалық байланыс жасауға дағдыланады. Немесе, «Шығарманың қай бөліктері бір-біріне қарама қайшы? Неліктен?» сұрақтары арқылы байқағыштыққа, мәтіннің әр сөзін дұрыс қолдана білуге, тұжырымдауға үйренеді. Сондай-ақ, оқу материалдарының форматы аспектісін түсінуге бағытталған шығармашылық тапсырмалар ұйымдастыру сауаттылықты арттыруға бағытталады. Әдебиет сабақтарында «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Стиктердегі сұрақтар», «Тұжырым кестесі», «Пікірлер парағы», «Үндестік парағы», «Эйлер шеңберін құрау» тәрізді тапсырмалар оқушыларды өзіндік жеке қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Мәтінмен жұмыстан кейінгі тапсырмалар ұжымдық және дербес, сыныптық және үйде орындалатын болулары мүмкін.
Шығармашылық тапсырмалардың түрлері:
-
«Суретті қорғау» – туындыны суреттеу және мәтіндегі сөздермен қол қою.
-
Мәтінге суреттер сериясы.
-
Қаһарман портреті.
-
Мәтінге мақалдар таңдау.
-
Фантастикалық жобаларды қорғау.
-
Қаһармандар атынан хаттар мен жеделхаттар жазу.
Ұжымдық шығармашылық нысандарына жататындар:
-
оқылған туындыларды сахналау;
-
оқырмандар конференциялары;
-
рөлдер бойынша мәнерлеп оқу;
-
оқыған туынды бойынша тыңдаушылар алдында ауызша сөз сөйлеу;
-
пікірлесу;
-
рецензиялау;
-
мәтін құру, эссе, шығарма;
-
драматизация;
-
суреттеу;
-
қаһарманның, оқиғаның дербес образын жасау.
Мәтін бойынша әсерлер мен пайымдауларға сүйене отырып, келесідей тапсырмаларды ұйғаруға болады:
-
суреттелген оқиға тарихының алдын немесе жалғасын ойлап табу;
-
түрлі қаһармандар атынан шығармашылық қайта айтып шығу;
-
мәтінді басқа жанрдың туындысына айналдыру (мысалы, әңгімені – ертегіге, тапқыр сөздерді – мазаққа);
-
мәтінмен байланысты жеке әсерлері туралы әңгіме.
Оқушыларға оқылған бойынша ассоциацияда сұрақтар қоюға болады:
-
Осы өлеңді тыңдағанда сен кімнің дауысын елестеттің?
-
Егер бұл туындыны түрлі-түсті қағазда жазуға болса, сен қандай түсті таңдайтын едің?
-
Егер оқушыларда туындыны талдаудан кейін сол тақырыпқа өздерінің жеке мәтінін құруды қалау пайда болса, олардың бастамасын қолдаған маңызды.
Шығармашылық тапсырмалар жүйесінде ертегілерді құрастыру амалдары болады:
-
«елеп-екшеу» (Қызыл емес, Сары Телпек, немесе Қызыл Телпек – ашулы, қасқыр – мейірімді);
-
«ертегілерден салат жасау» (Шынашақ бала Күлшеқызбен кездеседі);
-
«рас – өтірік»;
-
«суретті жандандыр».
Қорыта келгенде, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда, мәтінмен сауатты жұмыс жасауға жетелейтін интербелсенді әдіс-тәсілдерді орынды, сауатты қолдана білу –әр педагогтың міндеті. Ендеше заман ағымынан қалмай, түрлі жаңа технологияларды меңгеріп, оқытудың интербелсенді стратегияларын үздіксіз түрленідіріп қолдану арқылы ғана жақсы нәтижелерге, көздеген мақсаттарға қол жеткізуге болады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім,білік дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын тұрақтандыруға ұмтылуда.
Әдебиеттер тізімі:
-
Пит Дадли, Lesson Study: нұсқаулық.
-
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
"Қазақ әдебиеті" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. -
Е.В.Лебедева, «Сынып жетекші анықтамалығы» интернет журнал «Оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру» №9, 2016.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз