Материалдар / Қазақ әдебиеті Тест 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ әдебиеті Тест 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары 10 сынып бағдарламасы бойынша дайындалды. 10 сынып бойынша тоқсан соңындағы нәтиже сабақты өткізуге немес колледждің 1 курсында қорытынды сабақ жүргізу барысында көмегі тиеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
15707
61 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТ

10 сынып тест тапсырмалары

ІІ - НҰСҚА

1. Дүниежүзіне белгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы?

А) Ғабит Мүсірепов В) Әбдіжәміл Нұрпейісов С) Мұхтар Әуезов

Д) Ахмет Байтұрсынов Е) Ыбырай Алтынсарин

2. Абай Құнанбайұлының әжесінің аты кім?

А) Айғаным В) Зере С) Ұлжан Д) Ділдә Е) Әйгерім

3. «Абай өзінен үлкен кісінің қорыққанына қатты ырза еді. Жұмабайдың неге ашуланғанын ұғып тұр.

Қоңыр жүзі қызарып, төмен қарап қысыла күле беріп, бөркін айналдыра бастады.» - қай

шығармадан үзінді?

А) «Өмірзая» В) «Абай жолы» С) «Көшпелі алтын» Д) «Қан мен тер» Е) «Тиын»

4. «Абай жолы» роман-эпопеясының әр бөлімнің аттарын ретімен дұрыс қойып шығыңыз

А) 1. «Бел-белесте», В) 2.« Шытырманда», С) 3.« Өрде», «Қияда Д) 4. «Қайтқанда», Е) 5.« Қат-қабатта»  

5. Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының

академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор - жазушы кім?

А) Ғабит Мүсірепов В) Әбдіжәміл Нұрпейісов С) Мұхтар Әуезов

Д) Ахмет Байтұрсынов Е) Ыбырай Алтынсарин

6. Атасы Абай Құнанбайұлымен ауылдас, құдалас әрі дос ретінде араласқан жазушыны көрсетіңіз.

А) Ғабит Мүсірепов В) Мұхтар Әуезов С) Әбдіжәміл Нұрпейісов

Д) Ахмет Байтұрсынов Е) Ыбырай Алтынсарин

7.Тұрақты сөз тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А)Жауын жауды. В)Қызыл түсті мата. С)Дала тас қараңғы. Д)Басқышпен түсу. Е) Сабаққа бару.

8. Қажетті сөзді таңдаңыз; «... – өмір тірегі».

А) достық В) байлық С) ақша Д) кітап Е) гүл

9. Тұрақты емес сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) екі көзі төрт болды В) төбе шашы тік тұрды С) көзді ашып- жұмғанша

Д) қой аузына шөп алмас Е) аспанға қарады

10.Көп нүктенің орнына есімшенің қай жұрнағы лайықты:

Жамандықты көп қуған. Бір бәлеге жолығ....

А) -ған В) –ар С) -атын Д) -с Е) –ғыз

11. «Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба, ....» өлеңнің жалғасын көрсетіңіз.

А) Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз...-

В) Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

С) Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында,

Д) Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Е) Құмарланып шаттанба,

Ойнап, босқа күлуге.

12. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөздерді көрсетіңіз.

А) ыдыстың түбі В) ағаштың түбі С) өсімдіктің түбі Д) шелектің түбі Е) сөзінің түбі

13. Көнерген сөзді көрсетіңіз

А)лашын В)өрік С)лашық Д)нарық Е)арық

14. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінің авторы кім?

А) Ахмет Байтұрсынұлы В) Абай Құнанбайұлы С) Ыбырай Алтынсарин

Д) Медеу Сәрсеке Е) Айгүл Кемелбаева

15. « Қайрат, Ақыл, Жүрек- үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, Ғылымға

жүгініпті ... » - Абайдың нешінші қара сөзінен үзінді?

А)он жетінші В)жетінші С) жиырма жетінші Д) отыз жетінші Е) қырық бесінші

16. «Кішкене ұл қара терге түсті. Жыланның уыты біржола жаулап алған денеден жан шығарға

жол таппай шын қысылды. Қайықшыға төлер тиыным болмаса о дүниеге қалай өтермін деген

балаң сана жанды еркіне жібермей тұсап тұрды» қай шығармадан үзінді?

А) «Өмірзая» В) «Қызыл кітап» С) «Көшпелі алтын» Д) «Қан мен тер» Е) «Тиын»

17.Әдебиеттің өмірді қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін жанры ...

А) сатира В) фантастика С) трагедия Д) драма Е)роман

18. Көнерген сөздерді табыңыз

А)келбет, көрік В) көнек, қауға С) ауру, балгер Д) емхана, сұлтан Е) несие, нарық

19. Тура мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз

А) жас ағаш В) жас мал С) жас ет Д) жас отау Е) жас адам

20.Тұрақты сөз тіркесті табыңыз

А) зиялы қауым В) көп көрді С)күміс көмей Д)бас маман Е)шебер әнші

21.Синонимдік қатарды көрсет

А) Ауылға ертең кел В) Ауыл адамдары С) Ауылда бол

Д) Ауылыңның адамдары Е) Ауылға тез, шапшаң, жылдам кел

22. Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» шығармасындағы күпілі далалық дегені кім?

А) Әбдікәрім Жәмінұлы В)Профессор Шумилов С) Медеу Сәрсеке

Д) Ғазиз Имантайұлы Е) Қаныш Сәтбаев

23. «Пәтер іздеп әуре болма, бір бөлмеміз оқу бітіргенше сенікі» деген кімнің сөзі?

А) Василий Иванович В) Екатерина Филимоновна С) И.Н.Богданчиков

Д) Әбікей Зейінұлы Е) Ғазиз Имантайұлы

24. Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» шығармасындағы «Сібір Афинасы» атанған

қаланы атаңдар.

А) Томск В) Жезқазған С ) Баянауыл Д) Омбы Е) Орынбор

25. Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романында «Бұл да бай тұқымы, дәурені өткен ескі

заманды көксейді, кешегі аштық нәубетін Кеңес өкіметі қазақты құрту үшін әдейі

ұйымдастырды» деп теріс үгіт айтады-мыс...» Қай кейіпкерге қатысты айтылған?

А) Сәтбай қажыға В) Әбдікәрім Жәмінұлына

С) Қаныш Сәтбаевқа Д) Ғазиз Имантайұлына Е) Әбікей Зейінұлына

26. Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» шығармасындағы Сәтбаевтар әулетіне қатысты

тарихи оқиға қайсы?

А) ашаршылық В) азамат соғысы С) саяси репрессия

Д) Екінші дүниежүзілік соғыс Е) отбасы жағдайы

27. Қаныш Сәтбаев Иосиф Николаевичке қандай тапсырма берді?

А)темір кенін табу В) марганецті табу С) көмірдің құнарлы кенін табу

Д) көктасты анықтау Е) көмір табу

28. Романда аты аталған Шәмшиябану Қанышқызының еңбегі

А) «Қаныш елі» В) «Тар жол, тайғақ кешу» С) «Құлыпталған ғұмырнама»

Д) «Қаныш Сәтбаев» Е) «Сәулелі әулет»

29. Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы оқиғаның дамуын көрсетіңдер.

А) Жезқазғандағы темір кенін іздестіру Ә) Қаныштың Томск университетінің студенті атануы

Б) отыз жетінші жылдың зобалаңы В) университетке берілген жолдама Е) Жезқазғанға бару

30.Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы «Сөйткен «баспаналары» жылы болса

жөн-ау», қай баспана туралы сөз қозғалып тұр?

А) студенттер жатақханасы В) Усовтың үйі С) университеттің аудиториялары

Д) жалға тұратын пәтерлері Е) өзінің үйі

31. «Арғы бетте, ойпаңда тамұқ оты лапылдап жатады. Ол жақтан шыңғырған, ыңырсыған,

ышқынған дауысытар естіледі. Бергі бетте, өрде шынар сияқты ағаштың түбіне екі елес

шыға береді. Біреуі-Рысқұлов, біреуі- Мүсірепов.» қай шығармадан үзінді?

А) «Қаныш елі» В) «Тар жол, тайғақ кешу» С) «Құлыпталған ғұмырнама»

Д) «Бесеудің хаты» Е) «Сәулелі әулет»

32. Көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары- ... .

А) Әдеби процесс В) Әдеби мұра С) Әдеби сын Д) Әдеби характер Е) Әдеби қаһарман

33. Мақалдың жалғасын табыңыз; «Отансыз адам - ...»

А) Доссыз жан В) Көлсіз аққу С) Армансыз адам Д) Үйсіз адам Е) Бұлбұлсыз орман

34. Тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаң қырынан қарап, дағдыдан, әдеттен, тың

болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын көркем әдебиеттің жанры- ... .

А) эссе В) фантастика С) трагедия Д) драма Е) роман

35. « Білім- ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің

біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас. » -Абайдың

нешінші қара сөзінен үзінді?

А)он жетінші В)жетінші С) жиырма жетінші Д) отыз екінші Е) қырық бесінші


36. Абай Семейдегі кітапханада Петербордан айдалып келген төңкересшіл, халықшыл ....

танысады.

А) Н.И.Долгополовпен В) С.С.Гросспен С) Е.П.Михаэлиспен

Д) И.Н.Богданчиков Е) Д.И.Писаревпен

37. Айгүл Кемелбаеваның әңгімесін көрсетіңіз.

А) «Шашты» В) «Тар жол, тайғақ кешу» С) «Құлыпталған ғұмырнама»

Д) «Сәулелі әулет» Е) «Қаныш Сәтбаев»

38.Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының және спорт журналистикасының негізін

қалаушылардың бірін көрсетіңіз.

А) Ахмет Байтұрсынұлы В) Талапбек Сұлтанбеков С) Ыбырай Алтынсарин

Д) Медеу Сәрсеке Е) Айгүл Кемелбаева

39. « Бұл не деген керемет! Сәмен аузын ашып аңқиып тұрды. Қозғалуға дәрмені жоқ.

Торы құлағын қайшылап, жер тарпып шегіне береді... -» қай шығармадан үзінді.

А) «Шашты» В) «Көшпелі алтын» С) «Сегізаяқ» Д) «Жалғыз» Е) «Бесеудің хаты»

40.Жазушы Тахауи Ахтановтың тапсырысы бойынша, төте жазумен жазылған «Айқап»,

«Қазақ » т.б газет- журналдардың мәтінін кириллицамен қазақ жазуына түсірген.

А) Ғабит Мүсірепов В) Оразақын Асқар С) Талапбек Сұлтанбеков

Д) Медеу Сәрсеке Е) Жәркен Бөдешұлы

41. «Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,

Құтты орын тепсеңдер де ауырласып,

Атажұрт шақырады тұқымым деп,

Құшағын байтақ дала, тауың ашып.» - өлең жолдарының авторы кім?

А) Ғабит Мүсірепов В) Жәркен Бөдешұлы С) Талапбек Сұлтанбеков

Д) Медеу Сәрсеке Е) Оразақын Асқар

42. «Алматы. Казкрайком. Голощекиннің кабинеті. Кезектен тыс шұғыл бюро мәжілісі өтіп

жатыр...» қандай шығармадан үзінді?

А) «Бесеудің хаты» В) «Қызыл кітап» С) «Көшпелі алтын» Д) «Қан мен тер» Е) «Тиын»

43. Өлеңнің жалғасын тап: «Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа, »

А) Бай емен, батыр емен, хан емеспін. В) Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін...

С) Барды ма кезі келіп бір жұмысқа? Д) Кез болды бір бейшара шал байғұсқа

Е) Атақты артық туған жан емеспін.

44. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің бас кейіпкері кім?

А) Қаныш В) Ғабит С) Асқар Д) Масғұт Е) Кенжебек

45. «Қан мен тер» романының авторы кім?

А) Ғабит Мүсірепов В) Әбдіжәміл Нұрпейісов С) Лира Қоныс

Д) Медеу Сәрсеке Е) Оразақын Асқар

46. Қаныш Сәтбаевтың азан шақырылып қойған аты кім?

А) Ғани В) Ғабдул С) Имантай Д) Ғабдулғани Е) Ибрагим

47. Сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт,

ол тірлік кешкен ортаны жан-жақты мүсіндейтін, ұзақ уақытты, көлемді эпикалық шығарма.

А) эссе В) әңгіме С) өлең Д) ертегі Е) роман

48. ««Сәмен көшпелі алтын көріпті» деген хабар Қоскөл орта мектебінің оқушыларын түгел

дүрліктірді.» - қай шығармадан үзінді?

А) «Шашты» В) «Көшпелі алтын» С) «Сегізаяқ» Д) «Жалғыз» Е) «Бесеудің хаты»

49. Қаныш Сәтбаевтың оқыған оқу орнын көрсетіңіз.

А) Томск технологиялық институты В) Қазақ технологиялық институты

С) Орынбор технологиялық институты Д) Техникалық институт Е) Омбы университеті

50. «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасының авторы кім?

А) Қадыр Мырзалиев В) Жәркен Бөдешұлы С) Медеу Сәрсеке

Д) Сұлтанәлі Балғабаев Е) Оразақын Асқар





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!