ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиетті оқыту әдістемесінің психологиямен байланысының екі қыры бар. Бірі - көркем шығармашылық, көркемдік қабылдау жағы болса, екіншісі - оқыту психологиясы, яғни оқушының ақыл-ой, рухани дамуы мен тәрбиеленуі мәселесі. Тағы да ерекше тоқталатын мәселелердің бірі - мұғалімнің кәсіби даярлығы, яғни оның шығармашылық лабораториясы мен өз мамандығының шебері болуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы Бесқарағай ауданы

Байгалиева Асель Нургазиевна

«Қоянбай орта мектебі» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі










ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

















ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Бүгінде инновациялық тұрғыдан әдебиетті оқытпастан бұрын, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихына үңілуіміз маңызды. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту мәселесі А.Көшімбаев, Ә.Қоңыратбаев, С.Қирабаев, М.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, Ә.Дайырова, С.Тілешова, С.Мақпырұлы, Б.Сманов, А.Тамаев, Б.Әрінова, Г.Құрманбаева, Н.Дөкенова т.б. ғалым әдіскерлердің еңбектерінде кең қарастырылған. Дегенмен, бүгінгі озық технологиялардың дамыған заманында әдебиет пәнінің тәрбие берудегі мүмкіндігін іске асыру тұрғысынан әдістемелік және ғылыми негізде толық шешімін тапқан жоқ деуге болады.

Әдебиетті оқыту әдістемесінің психологиямен байланысының екі қыры бар. Бірі - көркем шығармашылық, көркемдік қабылдау жағы болса, екіншісі - оқыту психологиясы, яғни оқушының ақыл-ой, рухани дамуы мен тәрбиеленуі мәселесі. Тағы да ерекше тоқталатын мәселелердің бірі - мұғалімнің кәсіби даярлығы, яғни оның шығармашылық лабораториясы мен өз мамандығының шебері болуы.

Бұл тұрғыда орыстың әдіскер ғалымы В.В.Голубков: «Оқыту сапасы көп жағдайда мұғалімнің ғылыми негізде әдіс-тәсілдері және оларды әрбір керек жағдайда қолдана алуымен байланысты болып келеді. Мұғалімнің мұндай дайындығын әдістеме теориясы мен педагогикалық оқу тәжірибеленуі арқылы меңгеруі керек»- дейді.

Қазіргі кезде мектеп мұғалімінің балалар психологиясы мен физиологиясын біліуі басты назарда болып отыр. Себебі, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін орта мектептерге арналған тұжырымдамасында мектеп мұғалімінің өз пәнін қалай білсе, бала психикасын, физиологиясын жетік білуі заңдылық ретінде қарастырылған. Мектеп бағдарламасында қазақ әдебиеті пәнінен сыныпта және сыныптан тыс оқытылатын көркем шығармалар арқылы оларды ұлттық жәдігерліктерді қадірлеуге, адамгершілік пен имандылыққа, парасат пен ақыл-ойға, адал еңбекке, жауапкершілікке тәрбиелеу оқушының көркемдік ойлау қабілетін дамыта отырып оқытумен қатар жүреді. Мектеп мұғалімінің бала тәрбиелеудегі үлкен жауапкершілігі қазақтың алғашқы педагог маманы Ыбырай Алтынсаринның , Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймуытовтың еңбектерінде айтылған. Мәселен, Ы.Алтынсарин: «Мұғалімнің жұмысы-балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, шыдамдылықпен жұмсақ сөйлеу керек, әрбір нәрсені ықыласпен түсінікті етіп түсіндіруі керек, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбай сөйлеу керек» деп баланың жеке басының ерекшелігіне назар аударуға шақырады.

Мектептегі сабақ - оқушының барлық іс-әрекетінің ұйытқысы. Сондықтан іс-әрекеттің негізгі жүйесіне нұқсан келтірмей сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім және тәрбие берудегі табиғи байланыс тереңдетіліп, олардың тиянақты білім мен тәрбие алудағы дағдыларын өз дәрежесіне көтеруде әдебиет сабақтарында жүргізілетін жазу жұмысының мәні зор. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін жетілдіру, оқушының сабақтағы зейінділігі, сондай-ақ, дербестігін дамыту әдістерімен жастарды өмірге әзірлеу жұмыстары бір-бірінен бөліп тастауға болмайтын тұтас бірлікте қаралуға тиіс. Оқушыны бақылай отырып, жауабын талдау, жазу жұмыстарына баулу, еңбектерін бағалау тағы басқа істер тәрбиеленушілердің оқу-тәрбие процесін тек тәрбие обьектісі деп қана қарамай, әрекет иесі деген сөздің терең мағынасында ұққан мақұл. Бұдан шығар ой түйіні тың эксперимент жүргізіп, көп жағдайда ғылыми дәлелденбеген тұрағы да, нәтижесі де жоқ тәжірибе табу емес, немесе әдістемеге сүйенбеген қайдағы бір жасанды жаңалықты зорлап енгізу де емес, теория мен тәжірибеге негізделген қазақ әдебиетінің әдістемесінің бір саласын-жазу жұмысының жолдарын белгілеу қажет деген ынтызар мүддені туғызады.

Проблемалы оқытуды теориялық жағынан М.И.Махмудов, Г.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, И.Я.Лернер, Д.В.Вильнеев, Ю.Н.Бабанский және т.б. ғалымдар зерттеген. Кейінгі кезде, елімізде бұл әдісті оқу процесінде мектеп мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерінде, пән сабақтарында кеңінен қолдануда. Мәселен, педагогика ғылымдарының докторы М.Қаламқалиев проблемалы оқытуды оқу процесіне енгізудің мәселелері байланысты зерттеулер жүргізе келіп, проблемалы оқыту сабағының құрылымы мен артықшылықтары туралы төмендегідей сызбаны ұсынған. Осы сызбада көрсетілген ғылыми нәтижелерге сүйене отырып, проблемалы оқытудың өзіндік ерекшеліктерін «Күнікейдің жазығы» повесін оқытуда назарда ұстадық.

«Проблемалап оқыту әр пәннің өзіндік ерекшелігіне саяды. Әдебиеттен проблемалап оқыту оның өнер туындысы ретіндегі табиғатына байланысты екенін көреміз. Демек, проблемалап оқыту барысында оқушының ғылыми танымы кеңейеді, соған жетудің жолын іздестіреді, ең бастысы ізденімпаздық белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті, шығармашылық тұрғыдан ойлауы қалыптасады...

Әр түрлі әрекеттер арқылы мәселені шешудің жаңа жолын іздейді, белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге талпынады. Оқушының танымдық, шығармашылық қасиетін дамыту, алған білімдерін кез келген жағдайда қолдана алу дағдыларын қалыптастырып, оқуға деген қызығушылық сезімдерін туғызу т.б. бағытында мұғалім тарапынан әр түрлі жұмыстар іске асырылады.»–деген оймен келісе отырып, проблемалық сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға болатынына көз жеткіздік.

Қорыта келгенде, қазақ әдебиетін инновациялық технологиялар негізінде оқыту қашанда мұғалім тарапынан ізденіс пен қажырлы еңбекті қажет етері анық. Десек те, жаңаның озығын ешкеп, тозығын тазарту жолында әр мұғалімнің әдістемелік ізденісі үлкен маңызға ие деп білемін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі