Зәйтүнқарлығаштың ерлігін оқырман қауым біле ме?
Авторы: Рахымбек Моншақ Қуатқызы
Ертегі әлемінің падишаһы Таупық Рымжановтың ертегілері кітап сүйер қауымның бір бойлап бастаса, сол түпсіз терең тұңғиықтан шыға алмасы анық. Қиялына ерік берген ағамыздың туындылары бүгінде фэнтези жанрының көшін бастап тұрғанын білеміз. Бұл жанрдың атауын да ғана өзгешелік болмаса, қазақ әдебиетіне таңсық дүние емес. Миф пен ғылыми фантастиканың синтезінің көрінісі болып табылаиын фэнтезидің жанр ретінде өзіндік ерекгеліктері бар екенін естен шығармағанымыз жөн. Ұстазым Ақтанова Айман Советқызының қызықты түсіндірмесінен кейін, бұл ертегілер мені де еліптпей әкеткен жоқ. Бұл мақаланы жазудағы мақсатым сол, бәлкім, сіздің де қызығушылығыңыз артып, Таупық Рымжанов ертегілерінің аудиториясын одан әрі дамытуға үлес ұосармыз деген үміт.
Мәшһүр Жүсіп Көбеевтің, пікірінше, адамзаттың көзіне көрінбейтін 3 нәрсе бар. Олар : дию, періште, шайтан. Осы диюлармен адамзат арасындағы күрес « Зәйтүнқарлығаштың ерлігінде» баяндалады.
Ауыз әдебиетіндегі дәстүрге сәйкес, Зәйтүнқарлығаштың ерлігі туа біткен батыр бейнесінде емес, еліне деген шексіз махаббат пен Ерденге деген сүйіспеншілігі жолындағы күресте шыңдала түскен батыр қыздың образы.
Ертегі көркіне көз тоймайтын күн сайын дамып, гүлденіп жататын Жаһұт қаласында өтеді. Жаһұттың құлпыруы тек қара қолдың күші емес, халықтың ауыз біршілігі. Бұл қалаға көз тіккен Жортуыл, Зуанның зұлымдығы Әукебайдың батырлығынан, Таңасардың данагөйлігінен, Ағдемнің ақылдылығынан асып түсе алмайды. Бірлігі жарасқан, еңбекқор халқында еш арман болмады. Бұл қалада Балықкөз сияқты сатқындарға орын жоқ, тіпті, «құл» деген ұғымда болмаған. Құл болуға ниет еткен Жортуылдың әскерлерін құшақ жая қарсы алып, төрге шығарады.
Ертегі шытырман оқиғаларға толы. Диюлардың Ерден батырдың жер жұтып қойғандай ізім ғайым жоқ қылып жіберіп, Жаһұт халқының басына үлкен уайым әкеледі. Зәйтүнқарлығаштың ерлігі Ерденді құтқару барысында Сұртырнақпен күрескен тұсатрынан көре аласыз. Табиғатынан ерекше ару ұғымпаз, Ағдемнің айтқан тапсырмасын бұлжытпай орындап, әкесінің қарауында шынығады. Кенжекей ауылының басына түскен қиындықты жеңіп, халқына тыныштық сыйлаған да, осы –Зәйтүнқарлығаш. Ертегіде барлық тіршілік иесін жаратуы- Табиғат патшасы болады. Барлығын жаратушы бола тұра, өзі жаратқан тіршілік иелерінің қалай өмір сүретіні, дию мен адамзаттың, ақ пен қараның арасындағы күресте ешкімге басымдылық бермейді, себебі, оның міндеті тек жарату ғана болды. Осының бәрін реттеп, ақты ақ, қараны қара етіп, әлемді жақсылыққа қарай реттеп отырған Ағдем болды.
Таупық Рымжановтың тағы бір идеясы, мәңгілік өмірді насихаттау. Ертегіде о дүниелік болған кейіпкерлер, жер асытында өмір сүреді. Адамдардың белдері қылдай , себебі олар тамақ ішпейді. Тек ғылыммен айналысады. Жер астындағы таққа ғылыммен айналысқан адам ғана отырады. Ғылымға үстемдік береді.
Таупық Рымжанов ертегілері арқылы бірлік, мәңгілік өмір және білімді насихаттайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ әдебиетіндегі фэнтези жанры
Қазақ әдебиетіндегі фэнтези жанры
Зәйтүнқарлығаштың ерлігін оқырман қауым біле ме?
Авторы: Рахымбек Моншақ Қуатқызы
Ертегі әлемінің падишаһы Таупық Рымжановтың ертегілері кітап сүйер қауымның бір бойлап бастаса, сол түпсіз терең тұңғиықтан шыға алмасы анық. Қиялына ерік берген ағамыздың туындылары бүгінде фэнтези жанрының көшін бастап тұрғанын білеміз. Бұл жанрдың атауын да ғана өзгешелік болмаса, қазақ әдебиетіне таңсық дүние емес. Миф пен ғылыми фантастиканың синтезінің көрінісі болып табылаиын фэнтезидің жанр ретінде өзіндік ерекгеліктері бар екенін естен шығармағанымыз жөн. Ұстазым Ақтанова Айман Советқызының қызықты түсіндірмесінен кейін, бұл ертегілер мені де еліптпей әкеткен жоқ. Бұл мақаланы жазудағы мақсатым сол, бәлкім, сіздің де қызығушылығыңыз артып, Таупық Рымжанов ертегілерінің аудиториясын одан әрі дамытуға үлес ұосармыз деген үміт.
Мәшһүр Жүсіп Көбеевтің, пікірінше, адамзаттың көзіне көрінбейтін 3 нәрсе бар. Олар : дию, періште, шайтан. Осы диюлармен адамзат арасындағы күрес « Зәйтүнқарлығаштың ерлігінде» баяндалады.
Ауыз әдебиетіндегі дәстүрге сәйкес, Зәйтүнқарлығаштың ерлігі туа біткен батыр бейнесінде емес, еліне деген шексіз махаббат пен Ерденге деген сүйіспеншілігі жолындағы күресте шыңдала түскен батыр қыздың образы.
Ертегі көркіне көз тоймайтын күн сайын дамып, гүлденіп жататын Жаһұт қаласында өтеді. Жаһұттың құлпыруы тек қара қолдың күші емес, халықтың ауыз біршілігі. Бұл қалаға көз тіккен Жортуыл, Зуанның зұлымдығы Әукебайдың батырлығынан, Таңасардың данагөйлігінен, Ағдемнің ақылдылығынан асып түсе алмайды. Бірлігі жарасқан, еңбекқор халқында еш арман болмады. Бұл қалада Балықкөз сияқты сатқындарға орын жоқ, тіпті, «құл» деген ұғымда болмаған. Құл болуға ниет еткен Жортуылдың әскерлерін құшақ жая қарсы алып, төрге шығарады.
Ертегі шытырман оқиғаларға толы. Диюлардың Ерден батырдың жер жұтып қойғандай ізім ғайым жоқ қылып жіберіп, Жаһұт халқының басына үлкен уайым әкеледі. Зәйтүнқарлығаштың ерлігі Ерденді құтқару барысында Сұртырнақпен күрескен тұсатрынан көре аласыз. Табиғатынан ерекше ару ұғымпаз, Ағдемнің айтқан тапсырмасын бұлжытпай орындап, әкесінің қарауында шынығады. Кенжекей ауылының басына түскен қиындықты жеңіп, халқына тыныштық сыйлаған да, осы –Зәйтүнқарлығаш. Ертегіде барлық тіршілік иесін жаратуы- Табиғат патшасы болады. Барлығын жаратушы бола тұра, өзі жаратқан тіршілік иелерінің қалай өмір сүретіні, дию мен адамзаттың, ақ пен қараның арасындағы күресте ешкімге басымдылық бермейді, себебі, оның міндеті тек жарату ғана болды. Осының бәрін реттеп, ақты ақ, қараны қара етіп, әлемді жақсылыққа қарай реттеп отырған Ағдем болды.
Таупық Рымжановтың тағы бір идеясы, мәңгілік өмірді насихаттау. Ертегіде о дүниелік болған кейіпкерлер, жер асытында өмір сүреді. Адамдардың белдері қылдай , себебі олар тамақ ішпейді. Тек ғылыммен айналысады. Жер астындағы таққа ғылыммен айналысқан адам ғана отырады. Ғылымға үстемдік береді.
Таупық Рымжанов ертегілері арқылы бірлік, мәңгілік өмір және білімді насихаттайды.
шағым қалдыра аласыз













