Материалдар / Қазақ әдебиетінен "Ақбілек"романы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ әдебиетінен "Ақбілек"романы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мұғалімдері мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
9902
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Кәсіби мақсат: Мәтінді талдау арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту



Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

САБАҚ: № 5,6


Мұғалімнің аты-жөні: Нурушева А.Н

Күні: 19.09.2018ж.

Сынып: 12«В» «Е»

Оқушылар саны: 20+20

Қатыспағандар:

Бөлім:

Қазіргі әлемдегі еркек пен әйелдің атқаратын рөлдеріндегі өзгерістер.Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы


Сабақтың тақырыбы:

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

О5 Автор позициясы

Ж1 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

Сабақтың мақсаттары

12.О5 Әдеби-көркем мәтіндегі кейіпкерлер образы мен шығарманың идеясы арқылы автор позициясының қызметін талдау

12.Ж1.Мақсатты аудиторияға сай әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшелігін сақтай отырып мәтін құрастыру (әңгіме, мақала)


Жетістік критерийлері

Жетістік критерийі арқылы бағаланады:

Жетті,егер де........

  • композициялық құрылысына талдау жасай алса;

  • тақырыпқа қатысты зерттеу жұмысын жүргізе алса;

  • шынайы өмірмен байланыстыра алса;

  • салыстырмалы анализ жасай алса;

  • әртүрлі стильде жанрлық ерекшелігін сақтап,мәтін құрастыра алса;



Пәнаралық байланыс

тарих, әдебиет, АРТ-пен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

Дифференциация

Барлық оқушылар:

- композициялық құрылысына талдай алады

-салыстырмалы анализ жасай алады

Көптеген оқушылар:

-шынайы өмірмен байланыстыра алады

Кейбір оқушылар:

- әртүрлі стильде жанрлық ерекшелігін сақтап,мәтін құрастыра алса;

Көпмәдениетті білім беруді дамыту

Әр түрлі әлем мәдениетін құрметтеу табиғат пен адам мәселесін зерттеу арқылы жүзеге асады

АКТ қолдану

АКТ мүмкіншіліктері (интербелсенді тақта)толық пайдаланылады

Сабақта қамтылатын

білім беру құндылықтары

«Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Тіл және мәдениет

Сабақта қамтылатын НЗМ құндылықтары:

  • жұптық және жеке жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

  • өмір бойы білім алу:

  • ынтымақтастық: топтық жұмыста бір –бірін қолдау.

  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

  • креативті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: ұрын бару, ер адам, жасық, сергек, қағида, аяусыз, жаза, қол көтеру, замандастар, бәлкім, жасыру, ашық айту, мүмкіндігінше ….Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Біздің пікірімізше....

Олай ойлауға ..... себептер бар.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың білім ,білік дағдылары дамытылды

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


3 минут










3минут

Сабақ алгоритмі:

  • ынтымақтастық ахуал қалыптастыру:

  • Суреттер арқылы топқа бөлу



Жекелей«Суреттер сөйлейді»әдісі бойынша романның тақырыбымен идеясына қатысты бірнеше ойлар айтылып,ортаға салынады.

І Қызығушылықты ояту:

Еркек әдептілікті үйренсе,

бір адамның әдепті болғаны

Әйел әдептілікке үйренсе,

бір отбасының әдепті болғаны

берілген мақалдардың мағынасын ашып,ортаға салу



https://www.zharar.com/kz/makal/1077-girl.html

Сабақтың ортасы


10 мин















20 мин


























































3минут





12мин



















15 минут

















10минут


2минут

ІІ Мағынаны тану:

ЖЖ.Оқушылар шығарманың идеялық мазмұнын айқындай отырып, төмендегідей түйіндер жасайды:

«Ақбілек» романы:

  • қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын

  • олардың дәстүрі мен тұрмысын

  • жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын

  • Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында


1-мәтін.Жазушы «Ақбілек» романында- қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен ақ әскерлер әрекеті көрініс табады. Роман шынайы өмірден алынған оқиғалардан құрылған. Романда ескі ортадағы таптық тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Ақбілектің басынан өткен оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылының өмір шындығын, адамдардың қилы тағдырын кең бейнелейді. Сол кезеңдегі әлеуметтік теңсіздік пен қазақ әйелінің трагедиялық тағдыры суреттелген роман.
Шығарма Алтай өңірі, Марқакөл, Күршім маңайының тамаша табиғаты мен сол Алтайдың ару қыздарын айтуға тіл жетпейді деп басталуының өзінде бір ерекшелік бар сияқты. Шығарманың басты кейіпкері – Ақбілек қамқор әке мен мейірімді ананың алдында ерке өскен қыз тағдыры. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі сай нағыз қазақ қызы . Бірақ, бұл алаңсыз жастық өмірін түстері суық, ойлары теріс, сол ауылдың Мұқаш деген адамымен бірге орыстың төрт атты әскерлері бұзған еді. Олар бейбіт ауыл мен елдің тынышытығын алды. Бай, дәулетті Мамырбайдың отбасының ойранын түсіріп, орны толмас өкінішке қалдырды. Оның бәйбішесін атып, «жас бүлдіршіні, жалғыз қызы- Ақбілекті» ойбайлатып алып кетеді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын, ешкімнің басына салмасын. Дәл осы сәттен бастап, Ақбілектің өмірінің астан-кестені шығады.


2-мәтін.

Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романы кезінде кітап болып шыкпаған. 1927-1928 жылдары баспасөзде жарияланған. Жаңа заман алып келген аласапыран уақыт, жиырмасыншы жылдардағы қазақ ауылының тұрмысы, түрлі таптар арасындағы саяси, рухани күрес «Ақбілек» романында жалпылама тізбектеле бермей, осы заман өзгерісін жұрт қалай қабылдап, қалай араласқаны бірінші кезекке қойылады. Және оның бәрі кедей емес, бай қызы Ақбілектің өмірі, ой-елегі, , сезімі, санасы арқылы айшықты бедерленеді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер бейнелейді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілек айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді. Күтпеген жерден нәсілі бөтен жұрттың ортасына түсіп, қарамұрттың меншігіне айналған жас қыздың қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі романда жан-жақты әрі айшықты мүсінделген. Қазақ емес, орысқа намысын таптатумен тұрмай оң жақта отырып жүкті болуы, оны білген атастырылған жігіті Бекболаттан айырылуы, әкесі мен өгей шеше арасындағы қырғи қабақтың т.б. – бәрі-бәрі Ақбілек тағдырын қиындатып, жан азабына салады. Кейіпкердің күрделі тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс секілді әдеби тәсілдерге еріксіз жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін, жаңа тіршілік тынысын, сыртқы өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Ақбілекті шын мәніндегі психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді. Оқыс болған оқиғадан оңбай опық жеген жас қыздың жан дүниесіндегі арпалыс, оңашадағы ой қақтығыстары, көбіне үшінші жақтан, яғни әңгімелеуші тарапынан баяндалып отырады. Мұны не әңгімелеушінің, не кейіпкердің айтып отырғаны белгісіз, екі тәсіл білінбей, жымдасып кеткендей. Суреткердің кейіпкер болмысындағы кез-келген оқырманға белгісіз ішкі тебіренісін, драмалық сәтін берудегі қолданған әдеби тәсілдері көбінесе ішкі монолог, ой арпалысы мен ой ағысы, іштегі қобалжуын сыртқа шығара алмаған мазасыз мезеттегі жағдай (ситуация), көзқарас, қимыл-әрекет, портрет, мимика (ымдау), жест (ишара), пауза т.б. болып келеді. Романның алғашқы бетінен-ақ ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның әдебиеттегі атқарар рөлі айқын көрінеді


Источник: http://heref.ru/stud_rnaqasrnarna.html


Салыстыру

Екі мәтіндегі терминдер мен ұғымдар



Олардың мағынасы




Кері байланыс

-Осы тапсырма біздің қандай дағдымызды дамытады?

-Қандай сұрақ,пікір,ұсыныстарыңыз бар?

Ж.1-деңгей

Зерттеу жұмысы

«Эвристикалық жобалау технологиясы»

К1 Көтерілген мәселе

К2 Мәселенің өзектілігі

К3 Мақсатты аудиториясы

К4 Астарлы,тұспалдап ойы

К5 Көздеген мақсаты

Романда кездесетін салт -дәстүрлерді, қазіргі кезде қолданылуы жайында байланыстырады.

2-деңгей

«Қыз –келіншектердің абыройы: кеше, бүгін, ертең» т.б.

Оқушылар тыңдалған тақырып бойынша 4-5 идея айтады .

3-деңгей

«Журналистік сауалдар» әдісі бойынша

«Егер мен сізді дұрыс түсінсем.....»

«Сіздің сондағы айтпағыңыз......»

«Сіздің басты мақсатыңыз.......»

«Сіздің бұлай ойлауыңыздың себебі неде?»

Т. Оқушылар алты адамнан құралған топта жұмыс істейді. Әр оқушы тапсырманы жеке жазып, топта ой бөліседі.

  1. Шығармадан тыс қалған көрініс. Оқушыларға осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін деген сұрақты қоя отырып, жаздырту.

  2. Жалғастырып жазу. Бекболат пен жез мұрт офицер тағдыры әрі қарай қалай болуы мүмкін?

  3. Фокусты ауыстыру. Шығармадағы қосалқы кейіпкер Ақбілектің әкесі туралы жазу. Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол бұл шығармада болмағанда оқиға желісі қалай болар еді?

  4. Моральдық қайта бағдарлау. Жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкер ретінде таныту немесе керісінше. (Мұқаш туралы)

  5. Жанрлық трансформация. Шығарманың бір сюжетін газеттік мақала, пьеса түрінде ұсыну; комедиялық сюжетті трагедиялық сюжетке айналдыру немесе керісінше.

  6. Кроссовер. Шығарма кейіпкерлерінің диалогын жазу.

«Әлемді шарлау»әдісі бойынша топтар бір-бірлерінің жұмыстарын талдап,баға береді.


Жетті,егер де........

  • композициялық құрылысына талдау жасай алса;

  • тақырыпқа қатысты зерттеу жұмысын жүргізе алса;

  • шынайы өмірмен байланыстыра алса;

  • салыстырмалы анализ жасай алса;

  • әртүрлі стильде жанрлық ерекшелігін сақтап,мәтін құрастыра алса;

























Сабақтың соңы

2минут





Үй жұмысы

ІІІ Ой-толғаныс:

Рефлексия.

«3-2-1» стр.

  • 3 сұрақ

  • 2 ұнаған нәрсе

  • 1 ұсыныс


2 кітаптың бөлімдері бойынша таныстырылым жасайды




Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:




2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?






















1-мәтін.Жазушы «Ақбілек» романында- қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен ақ әскерлер әрекеті көрініс табады. Роман шынайы өмірден алынған оқиғалардан құрылған. Романда ескі ортадағы таптық тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Ақбілектің басынан өткен оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылының өмір шындығын, адамдардың қилы тағдырын кең бейнелейді. Сол кезеңдегі әлеуметтік теңсіздік пен қазақ әйелінің трагедиялық тағдыры суреттелген роман.
Шығарма Алтай өңірі, Марқакөл, Күршім маңайының тамаша табиғаты мен сол Алтайдың ару қыздарын айтуға тіл жетпейді деп басталуының өзінде бір ерекшелік бар сияқты. Шығарманың басты кейіпкері – Ақбілек қамқор әке мен мейірімді ананың алдында ерке өскен қыз тағдыры. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі сай нағыз қазақ қызы . Бірақ, бұл алаңсыз жастық өмірін түстері суық, ойлары теріс, сол ауылдың Мұқаш деген адамымен бірге орыстың төрт атты әскерлері бұзған еді. Олар бейбіт ауыл мен елдің тынышытығын алды. Бай, дәулетті Мамырбайдың отбасының ойранын түсіріп, орны толмас өкінішке қалдырды. Оның бәйбішесін атып, «жас бүлдіршіні, жалғыз қызы- Ақбілекті» ойбайлатып алып кетеді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын, ешкімнің басына салмасын. Дәл осы сәттен бастап, Ақбілектің өмірінің астан-кестені шығады. Бұл – бай қызының ес білгелі кездеспеген кедергісі, түсі суық жат адамдардың әрекеттеріне алғаш тап болуы еді. Орыс әскерлерінен қатты қорықты. Оның жанын түсінетін ешкім болмады Ақбілек қанша қашуға әрекет жасаса да, оны көзден таса етпей отырған әскерлер жол бермеді. Азап–қорлыққа, жантүршігерлік толы өмір енді басталды. Бұрын еркек атаулыға қарсы келмек тұрмақ, тікелей қарамаған, он екі жастағы он гүлінен бір гүлі ашылмаған- Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсті. Отбасынан алыстап, байлығын тонатып, жанын шүберекке түйген, тілі, діні бөлек орыс, ақ солдаттары Ақбілекті жабылып қорламақ та болады. Осы кезде оны қара мұртты офицер құтқарып қалып, оны озінің әйелі етеді. Бірақ Ақбілек ертеңгі күнге деген сенімін жоғалтпады. Біраз күннен соң Ақбілек тәні кірлеп, жаны жүдеп көшкен орыстың жұртында жалғыз қалады. Жалғыздығына өкінген жоқ. Орыстың оғынан өлгенше, құлызыған далада тентіреп өлгенін артық көрді. Жасағаннан орыстардан құтылғанына шүкіршілік білдірді. Бұдан соң біз Ақбілекті қосын қоршаған аш қасқырлардың қамауында қалғанын көреміз. Осы кезде Ақбілек тез ес жиып, деру от басындағы тезекті, шөпшекті тұтатып жағып жібереді. Ақбілек от тәңірге сиынып, таң атқанша маздатып от жағып жаны аман қалады. Бірақ ауылына келген соң ел арасындағы өсек-аяң, әкесінің өзінен қашқақтап жүруі, бұрынғы ғашығы Бекболаттың сырт айналуы жан жарасын одан сайын қоздырады. Ауылдағы Ұрқия атты жеңгесі Ақбілекке тілеулес болып, оның қиындыққа төтеп беруіне көмекші болды. Ақбілектің ұлын аман алып қалған да осы жеңгесі.
Ел көзіне көріне алмай күлкі болған Ақбілекті ағасы қалаға әкетіп, білім алуына, адам қатарына қосылуына көп септігін тигізеді. Балташ есімді оқыған, көзі ашық жар тауып, бақытты өмірге қадам басады. Ең негізгісі, ол ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады, жақсы, қайырымды жандарға жолығармын деген үміті ақталды. Ақбілек» романы – халқымыздың өткен өмірі мен тарихын, қазақ қызы мен әйелінің тағдырын кең көлемде суреттеген өнегелі шығарма.








2-мәтін.Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романы кезінде кітап болып шыкпаған. 1927-1928 жылдары баспасөзде жарияланған. Жаңа заман алып келген аласапыран уақыт, жиырмасыншы жылдардағы қазақ ауылының тұрмысы, түрлі таптар арасындағы саяси, рухани күрес «Ақбілек» романында жалпылама тізбектеле бермей, осы заман өзгерісін жұрт қалай қабылдап, қалай араласқаны бірінші кезекке қойылады. Және оның бәрі кедей емес, бай қызы Ақбілектің өмірі, ой-елегі, , сезімі, санасы арқылы айшықты бедерленеді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер бейнелейді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілек айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді. Күтпеген жерден нәсілі бөтен жұрттың ортасына түсіп, қарамұрттың меншігіне айналған жас қыздың қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі романда жан-жақты әрі айшықты мүсінделген. Қазақ емес, орысқа намысын таптатумен тұрмай оң жақта отырып жүкті болуы, оны білген атастырылған жігіті Бекболаттан айырылуы, әкесі мен өгей шеше арасындағы қырғи қабақтың т.б. – бәрі-бәрі Ақбілек тағдырын қиындатып, жан азабына салады. Кейіпкердің күрделі тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс секілді әдеби тәсілдерге еріксіз жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін, жаңа тіршілік тынысын, сыртқы өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Ақбілекті шын мәніндегі психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді. Оқыс болған оқиғадан оңбай опық жеген жас қыздың жан дүниесіндегі арпалыс, оңашадағы ой қақтығыстары, көбіне үшінші жақтан, яғни әңгімелеуші тарапынан баяндалып отырады. Мұны не әңгімелеушінің, не кейіпкердің айтып отырғаны белгісіз, екі тәсіл білінбей, жымдасып кеткендей. Суреткердің кейіпкер болмысындағы кез-келген оқырманға белгісіз ішкі тебіренісін, драмалық сәтін берудегі қолданған әдеби тәсілдері көбінесе ішкі монолог, ой арпалысы мен ой ағысы, іштегі қобалжуын сыртқа шығара алмаған мазасыз мезеттегі жағдай (ситуация), көзқарас, қимыл-әрекет, портрет, мимика (ымдау), жест (ишара), пауза т.б. болып келеді. Романның алғашқы бетінен-ақ ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның әдебиеттегі атқарар рөлі айқын көрінеді. Мысалы, жазушы кейіпкерлерінің ішкі рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын танып алу үшін ішкі монологқа көп жүгінеді. «Бекболат», «Мұқаш» деп жеке-жеке тарау етіп алады да, басты деген үш кейіпкердің портретінен бастап, ішкі ой-сезімдеріне дейін дәстүрлі, қарапайым монолог арқылы барлау жасайды. Кейіпкерлердің аузына сөз сала отырып, образ табиғатын, олардың іс-әрекеттеріне түрткі болған ішкі ой-толғаныстарын, құпия сырларын бүкпесіз ашады. Мәселен Мұқаштың қарапайым, өзін таныстыру мақсатындағы ішкі ойы ұзаққа бармай ішкі монологқа, яғни таза психологиялық талдауға көшеді. «Япыр-ау, мен қазақпын ба? Қазақ болсам, өз қаныме неден мұнша өшіктім? Өзгем өзге ғой, «ағатайлап» жалынып, қолын созып келе жатқан Ақбілектің білегін көкке созғызып, жүйкесін құртып, орыстарға ұстап бердім-ау. Ағасы болмаса, бұл қызда не жазық бар еді?..». бұл – Аймауытов психологизміндегі психологиялық талдау тәсілін танытады. Мұнда бір жан толқуының екінші тебіреніске ұласуы да ұтымды. Ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір тәсілі – осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу). Бұл әдіс көбіне өзі күнә жасаған сәттегі (сәтке дейін немесе сәттен кейін) көңіл-күйі, жан азабы үстіндегі кейіпкердің өз ары алдында ақталу жағдайында көрінеді. Және ол көбіне сол күнә жасаушының өз атынан айтылады. Оның екі түрі болады. Өзін-өзі талдау (самоанализ) және кейіпкердің өз күнәсін өзі ашуы (самораскрытие героя). Осы екі түрі де Мұқашқа тән. Әлгі үзіндідегі өз-өзінің күнәсін әшкерелеу, оның себебін талдау, одан кейінгі көңіл-күй, үрей мен қорқыныш, ненің дұрыс, ненің бұрыс жасалғаны, неге бекінгені, т.б. бәрі санадағы пікір қайшылығы, көңілдегі дүдәмәл ойлар, сезікті сезімдер т.б. тұрғысынан жан-жақты таразыға салынып, шынайы кестеленеді. Бұл психологиялық талдаулар Мұқаштың түбірі теріс адам еместігін, оны осындай күнәға итермелеген қазаққа тән күндестіктің, бақталастықтың, шенге құмарлықтың, «неге ол бай, неге ол болыс болуы керек те, мен жоқ» деген ұсақтық, пендешіліктің салдары екендігін көрсетеді. Мұқаш трагедиясы – ұлттық, таптық, ағайындық ар-намыс дегенді тек жеке бастың қамы қомытында қарауы дер едік. Әйтпесе адам анадан туғанда жаман-жақсы болып тумайды ғой. Оның қандай болуы әсте ортасына, сол арқылы қалыптасқан түйсік-түсінікке, мінез-болмысқа байланысты болса керек. Басында мал баққан Мұқашты осы арызқойлыққа алып келген де жағдайдың өзі, атап айтқанда байлар қиянаты, ол ортаға енгеннен кейінгі күндестік, бақталастықтың салдары. Қалай десек те автор өз кейіпкерлерін не ақтамайды, не жақтамайды. Мүмкіндігінше бар болмыс-бітімімен, табиғи жаратылысымен беруге бейім. Бұл автордың ұнамды, ұнамсыз кейіпкер жасауға ұмтылмайтынын, адам тағдырын таптық көзқарас тұрғысынан емес, бүкіл адамзат проблемасы тұрғысынан шешуге тырысатын кең тынысты, үлкен жүректі жазушы-реалист екендігін танытады. Романның бас кейіпкері Ақбілек те өз мінін, кінәсін көруге, оны іштей өзі талдауға да шебер. Ж.Аймауытовтың ерекшелігі қазақ әдебиетінде тұңғыш рет өзінің көркемдік назарын сыртқы жағдай, оқиға емес, кейіпкердің іс-әрекетінің ішкі себеп-салдарына, оның психологиялық әуеніне (психологические мотивировки) ерекше мән береді. Өзінің де өзгенің де іс-әрекетін, ішкі құпия сырларын, тіпті жаман пиғылды ой-әрекеттерін де табиғи қалпымен таныта алатын Ақбілек пен Мұқаштың ішкі әлемдері логикалық тұрғыдан нанымды. Екеуінің өмірі мен тағдыры да, тірлігі де қайшылыққа толы. Соншама мол кемшіліктерінің табиғи қисындылығымен де олар оқушының жүрегін жылытады. Мұқаш соншама қиянатпен қол жеткізген байлығын бойына сіңіре алмай, роман соңында елден безіп, бала-шағасын да, дүниесін де тастап, жоғалып кетуі де нанымды. Ал, Ақбілектің әдептіліктен асып, өзін масқаралаған қара мұртты естен шығара алмауы, Бекболатпен кездесуін де жиі еске алуы т.б. секілді әйелдік әлсіздік танытуы да табиғи заңдылығымен бейнеленген нанымды көріністер. Осындай толып жатқан олқылықтары мен қайшылықтарына қарамай Ақбілекті нағыз қазақ қыздарына тән табиғатымен, мінез-болмысымен, парасатты ӘЙЕЛ-АНА дәрежесіне жеткізуі сөз жоқ, жазушының шеберлігін танытады. Қалай десек те бұл автордың ішкі рухани еркіндігі мен ой бостандығын байқатады. Автордың тағы бір тың түрлік ізденісінің көрінісі Ақбілектің ағасы Төлегеннің қонақтары – Ықаң, Тыпаң, Ақбала, Балташ, Доға, Жорғабек арасындағы айтыс-әңгіме, әсіресе арақ ішіп алғаннан кейінгі белсенділердің ақ езулене айтылған ішкі сырлары, лепірген мақтан сезімдері. Бекболат үшін «құран сөзіндей» түсініксіз сөздері, т.б. олардың әрқайсысына тән іс-әрекеттері, қимыл-қозғалыстары – бәрі-бәрі автор тұрғысынан ішкі монологқа ерік беру параметрлері. Осы әңгіме үстінде алты адамның бүкіл болмыс-бітімі өзіндік ерекшеліктерімен, оқшау мінездерімен оқушы санасында қалып қояды. Бір ғана деталь, немесе белгілі бір әрекет, кескін-келбет арқылы автор адам табиғатын, психологиясын ашатын кемел шебер екендігін көрсетеді. Мысалы, Ықаңның темекі тартқанын бір бет бойы суреттеген автор оның себебін төмендегідей өз комментарийі арқылы ашады: «...әлде мейірімсіз қорлық, зорлық, жауыз өмір емес пе? «Зәрдің басын зәр алады» деп неге айтыпты? Өлім де, ілім де удың зиянын өзгелерге айта берсін, біз Ықаңның шылым құмарлығын сөге алмаймыз». Міне, мұндағы шылым – тек қана деталь. Осы арқылы автор кейіпкерінің көңіл-күйін, көңіліндегі күйінішті жылы юмормен түп-түгел ашып беріп отыр. Жазушы әр кейіпкерін осылай сыртқы түр-әлпеті, жүріс-тұрысы, әрқайсысының өзіне тән іс-қимылы, ерекше әрекеті арқылы олардың табиғатынан, тегінен, мінез-құлқынан, сол тұстағы көңіл-күйінен жан-жақты хабар береді. Ал, аздап арақ ішіп алғаннан кейінгі олардың бір-біріне дес бермей ділмарсулары, шынын айтамын деп шын сырларын ағытып алулары – кезек-кезек сөз алған әр кейіпкердің ішкі сырлары, ішкі ойлары ретінде жеке-жеке беріледі. Тегінде ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері (формалары) де бар. Ішкі монологтың авторлық түрлері негізгі үш жағдайда байқалады. Атап айтсақ, бірінші түрі - ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында да беріледі. Мысалы, «...әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткел түскенін Ақбілектің жүрегі сезеді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?.. деп сарылып, сарғайып күтеді» деген үзінді ішкі монологтың кейіпкердің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысынан берілгендігін байқатады. Екінші түрі – тура автордың өз атынан айтылатын ішкі монолог. Оған мысал романда мол-ақ. Айталық: «...Сорлы Ақбілек! Сен жыламай, кім жыласын!...» деп келетін үзінді мысал бола алады. Бұл сөз жоқ, автордың өз атынан айтылған монолог. Мұны автор монологы немесе шығарма монологы десе де болады. Енді үшінші түрі – кейіпкер рөліне көшкен автордың сөзі, ішкі монолог ретінде көрінуі мүмкін. Мысалы, «...Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз...Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ тұрсын атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз сайтан... Өз еркімен келіп отырған жоқ... Қара күшке, тағдырға не шара?». Бұл – кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі. Өйткені, тап осылай Ақбілек ойлауы, қайғылануы, өз тағдыры, ары алдында ақталуы мүмкін. Және осынау ішкі монологтың берілу тәсілінің өзі де ішкі монологтың табиғатына тән қасиетпен, яғни көп нүктелер, үзік-үзік ойлар арқылы берілген. Онда ішкі ойдың ақтарылуы да, ақталуы да, қалауы да, келешекке деген үміт-сенім т.б. секілді ішкі монологтың бүкіл элементтері бар. Сондықтан да мұның кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі, яғни Ақбілек рөлін атқарып тұрған автордың (жасырын адамның) ішкі монологы екеніне көз жеткіземіз.

Источник: 
http://heref.ru/stud_rnaqasrnarna.html




Т. Оқушылар алты адамнан құралған топта жұмыс істейді. Әр оқушы тапсырманы жеке жазып, топта ой бөліседі.

  1. Шығармадан тыс қалған көрініс. Оқушыларға осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін деген сұрақты қоя отырып, жаздырту.

  2. Жалғастырып жазу. Бекболат пен жез мұрт офицер тағдыры әрі қарай қалай болуы мүмкін?

  3. Фокусты ауыстыру. Шығармадағы қосалқы кейіпкер Ақбілектің әкесі туралы жазу. Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол бұл шығармада болмағанда оқиға желісі қалай болар еді?

  4. Моральдық қайта бағдарлау. Жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкер ретінде таныту немесе керісінше. (Мұқаш туралы)

  5. Жанрлық трансформация. Шығарманың бір сюжетін газеттік мақала, пьеса түрінде ұсыну; комедиялық сюжетті трагедиялық сюжетке айналдыру немесе керісінше.

  6. Кроссовер. Шығарма кейіпкерлерінің диалогын жазу.








Т. Оқушылар алты адамнан құралған топта жұмыс істейді. Әр оқушы тапсырманы жеке жазып, топта ой бөліседі.

  1. Шығармадан тыс қалған көрініс. Оқушыларға осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін деген сұрақты қоя отырып, жаздырту.

  2. Жалғастырып жазу. Бекболат пен жез мұрт офицер тағдыры әрі қарай қалай болуы мүмкін?

  3. Фокусты ауыстыру. Шығармадағы қосалқы кейіпкер Ақбілектің әкесі туралы жазу. Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол бұл шығармада болмағанда оқиға желісі қалай болар еді?

  4. Моральдық қайта бағдарлау. Жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкер ретінде таныту немесе керісінше. (Мұқаш туралы)

  5. Жанрлық трансформация. Шығарманың бір сюжетін газеттік мақала, пьеса түрінде ұсыну; комедиялық сюжетті трагедиялық сюжетке айналдыру немесе керісінше.

  6. Кроссовер. Шығарма кейіпкерлерінің диалогын жазу.

















































Қазақ прозасына үлкен үлес қосқан алғашқы қазақ романының авторы – Жүсіпбек Аймауытов. Оның талант мүмкіндіктері, қабілет ерекшеліктері айқын көрінген туындысы – «Ақбілек» романы. Қаламгер әлеуметтік тартыстар, тарихи оқиғалар, тап күресі, ел мойнына салмақ түсіп, жеке адамдар тағдырының ширыққан буынын дәл басады. Ендеше, осы «Ақбілек» романында қандай саяси-әлеуметтік жағдайлар мен өмір шындығы туралы жазылды?

Жалпы романның өзі қазақ қызының тағдырына құрылған шығарма. «Ақбілекте» қазақ аулының Ресей жеріндегі төңкерістер кезіндегі, ақ пен қызылдың лаңы тұсындағы әлеуметтік-саяси жағдайына баса көңіл бөлінген. Өйткені романның фабуласы қоғамдағы құбылыстарға тікелей байланысты дамиды. Бүкіл сюжет елдегі азамат соғысы тұсында ғана өтуге тиіс оқиғаға негізделген. Қазақ халқының орыс тепкісінің астында көрген зорлық-зомбылықтарын Ж.Аймауытов Ақбілек трагедиясы арқылы шынайы суреттеген. Ресей империясының екі ғасырдай боданы болған қазақ халқының азып-тозған мүшкіл халін айқын көрсету үшін жазушы Ақбілек басындағы трагедиясын шегіне жеткізіп көрсете білген. Ішкі Ресейдегі қызыл орыстардың тегеурінді екпініне шыдай алмай оңтүстікке қарай жөңкілген ақ орыстар жүрген жерін жалмап, бейбіт халықты тонап, қырып-жойып бара жатты. Кейбір кеудемсоқ офицерлер тіпті шектен шығып қазақтың қыз-келіншектерін зорлап, қорлап кетіп отырды. Ақбілек те осындай бір ақ офицерінің күшпен зорлап қосылған уақытша әйеліне айналып еді. Осы оқиғаларды баяндай отырып, жазушы ұлттық психологияны нанымды суреттейді. Орыстардың қазақтарды менсінбеуі, адам санатына қоспауы, қазаққа деген зорлық зомбылығын шімірікпестен істей салуы – бір жағынан орыстардың басқыншылық мінез-құлқын, езуші халық ретінде дандайсыған көңіл-күйін көрсетсе, екінші жағынан қазақтардың орысқа дегенде дәрменсіздігін, ынжықтығын, бейшаралығын байқатады. Бірімен-бірі айтысып-қырқысқанда батыл қимылдайтын қазақтар орыстан өктемдік көрсе, ұнжырғасы түсіп, бүгежектеп қалады. Осыны жақсы білетін озбырлар онан сайын құтырына түседі. Ж.Аймауытов өз романында мәселенің осы жағына баса назар аударған. Автор езуші ұлт пен езілуші ұлттың психологиясын дәл берген.

Қорытындылай келе, Ақбілек – сол кездегі қазақ қыз-келіншектерінің ғана емес, ғасырлар бойы отарлық тепкіден көз ашпаған қазақ халқының жиынтық бейнесіне айналған. Сондықтан да «Ақбілек» қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орын алатын шығарма.

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілі

Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романы ХХ ғ.б. қоғамдық ахуал мен кезең көріністерін, өмір-уақыт шындықтарын,қыр көріністері мен ауыл суреттерін,жазушы еңбегі мен шығармашылық шеберлік сырларын, шабытты шақ пен талант қолтаңбасын айқындаумен қоса негізгі тұлғаның (Ақбілек ) адами әлемі мен бедерлі бейнесін, тағдыр-талайын, ауыл-елдің тұрмыс – дәстүрлерін,қарым-қатнасын, тәрбие тағлымдарын т.т. жан-жақты ашады.
Шығарма атын иемденген басты тұлға – Ақбілек аяулы әке мен қымбат ананың алдында ерке де әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ, бұл жарастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт «қалпағы бар, мылтығы бар, көк шекпенді, қақаңдаған,қоқиланған» төрт атты бұзған-ды. Олар бейбіт ауыл мен елдің апшысын қуырды. Үлкен – үй, дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсіріп, орны толмас өкінішке қалдырды. Оның бәйбішесін атып, «жас түлегі, жалғыз қызы- Ақбілекті»ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азап – тауқыметін ешкім де дұшпанына тілемес.Өмір шындығы-өнер өрнегі мен өрісіне айналар тұсы да осы сәт.
Бұл – бай қызының ес білгелі кезікпеген кедергісі, жат адамдардың түсі суық, жүрістері суыт әрекеттерімен де алғаш кезігуі еді.Үмітін үрей басып, көлеңкесінің өзі қорқыныш әкелгендей болатын. Ең болмаса, ол ортада Ақбілектің көңіл – күйімен, жағдайымен санасқан ешкім болмады.
Қосты айналып, қашуға әрекет жасамақшы да еді. Бірақ ,қырағы көз қалт жібермеді. Сұмдық сойқан, жантүршігерлік жәбірлеу, азап – қорлыққа толы өмір енді басталды. Бұрын еркек атаулыға қарсы келмек тұрмақ, тікелей қарамаған, он екіде бір гүлі ашылмаған — Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсті.
«Ашу – дұшпан, ақыл – досты»да, айла – амалды да жүзеге асыру қиын – ақ. Жан сауғалап «одан қашқан, бұдан қашқан жетпіс шақты офицер, флоттар» Ақбілектің еркінен тыс әрекеттер жасады, асыл қазынасы – абыройынан айырды, Қарамұртқа ермек болды…
Феодалдық – патриархалдық сана мықтап қалыптасқан кезде Ақбілек басынан өткерген ауыр хал, жан азаптары, тағдыр талқысы өмірлік таңба болып басылды. Жан сауғалап қашқан ақтардың артында «бұралқы күшіктей қаңғырып Ақбілек» жалғыз қалды. Ақтардан тартқан жан азабынан соң да Ақбілектің жақын-жуықтан көрген қорлығы,күйзелістері көп –ақ.
Ақбілектің жандауысы, шерлі мұңы кеудесінде жаны, сезімі барға жеткендей – ақ. Бірақ, оған тіл қатып, үн қосқан ешкім болмады. Ең негізгісі, ол ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады, жақсы, қайырымды жандарға жолығармын деген үмітін де үзбеді. Осы мақсатпен көк пен жерге де, тау мен өзенге де сыр ашты, «күздің сарғыш жапырақтарына», «саялдық қара бұлттарға»мұң шақты. Көзі көріп, көңілі сенген, бастан өткерген көрініс – жайларды бөлісті. Іскендір дуанамен кездескеннен кейін жанын жегідей жеген азап пен қорлықтың салмағы бір мезет жеңілдеп, ұмытылғандай болып еді. Бірақ, нағыз азап, күйзелістер алдынан тағы шықты. Ел ішіндегі өсек – аяң, бұрынғы ғашығы Бекболаттың тояттаған соң сырт айналуы т.т Ақбілектің жан- жарасын одан сайын қоздырды. Бұған «көзі тікшиген, тымырайған» қатыгез мінезді өгей шешесі — Өріктің де кері әсері мол болды. Ес біліп, бой түзей бастағаннан тағдыр тауқыметін мол тартқан Ақбілекті араға бес жыл өткен соң көргендегі әсер өзгеше. Ағасы Төлегеннің артынан іздеп барып, оқуға түседі. Нағашысы Кәмиләмен кездесіп, өз өмірлері төңірегінде өрбіткен сыр – сұхбаттары, Ақбала,Балташ т.б қатынастар мезгіл әуенін аңғартумен қоса ,басты тұлғаның дүниетаным эволюциясын да танытады. Жас өмірін өксікпен өткізген Ақбілектің Балташ сынды азаматпен көңіл қосып, Іскендірмен қайта табысуы жан жарасын жазып, нұрлы өмірге батыл, сеніммен қадам жасатады. Роман тілімен айтсақ, Ақбілектің «жүрегін жуып тазартқан алтын леген – аяулы жаны, Қаратаудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді». Қысқасы, дүбірлі дәуірдегі қазақ қызының өмір, тағдыр жолы шындыққа сыйымды ,келісті көрініс тапқан. Демек, Ақбілек бейнесі – қазақ қызының тағдыр – талайын танытумен бірге бақытқа ұмтылған, жаңа өмірді, қызық – қуанышты алдан күткен күрделі әрі бедерлі бейне. Қаламгер мұраты – жеке адам, яки Ақбілек арқылы халық өмірін, тарихы мен тағдырын, тұрмыс – тіршілігін шындық оқиғалар, нақтылы көріністермен көрсету болса, бұл міндет күрделі жанр – роман арқылы ұлттық – эстетикалық деңгейге көтерілген, әрі Еуропалық үрдістегі туындылар табиғатына жазылу баяны,суреттеу мәнері тұрғысынан үндес, сәйкес келеді.

     Сөз зергері, көрнекті жазушы Ғ. Мүсірепов романға «Чудесный нәрсе» деп ұтымды баға берген. Жазушы Р. Тоқтаров «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады деген екен. Ақбілектің көзі құралай, күлкісі атқан таңдай болып, бойы құба талындай суреттеледі. Оның кейінгі тағдыры орыстың қолына түскен әлдеқандай сорлының қара құманындай, қора астауындай, Жырық шөміштей мұңды, қайғылы. Алыс Алтайдың аруы, Марқакөлдің көркем сұлуы амалсыз уақыт дегеніне көнеді. Әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының қарапайым қыз өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, көп қиыншылықты басынан кешірсе де мойымады. Жас ару бүлінген тағдыры, күлі көккеұшқан арманы, аяққа тапталған ары үшін уайым жейді.
Ақбілек – теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы. «Ақ патшаның жендеттері жаппай қолға түсіп, тұтқындалып жатыр»деген хабар жеткен кезде Ақбілектің қасындағы орыс офицерлері бас сауғалап қашуға мәжбүр болады. Осы орайда Ақбілек ақылдылығының арқасында туған жерінде аман қалады. Сөйтіп, жападан-жалғыз бір өзі қалған кезде түнде қосқа қасқырлар келеді. Ақбілектің ұғымпаз жан екеніне сол жолы анық көз жеткіземіз.Өйткені, іңірде шай қайнатқан оттың қоламтасын үрлеп оған ошақ басындағы қураған шөпті салып үрлейді. Жалын лап ете қалғанда үстіне тезек салады. Сөйтіп, үлкендердің ісін, айтқандарын ескеріп жүретіндігінен хабардар боламыз. Қасқарларды отпен қорқытқаннан -ақ оның ұғымпаз, байқағыш жан екендігі көрініс береді. Ауылына келе жатқанда сұр жыланды көреді. «Жылан торғайды арбап жейді» дегенді бала кезінде естіген. Торғайды ажалдан аман алып қалады да, өзі қорғансыз күй кешеді. Анау өңшең серейген, жат киімді, жат түрлі орыстар оған жылан болып елестейді. Ақбілектің кездейсоқ адамдардың кесірінен басынан кешкен тағдыр тауқыметі «ұйытқып соққан ызылдақ жел» секілді екен. Өйткені, кейіпкердің нәзік жанын ұқпайтын жағдайлар өте көп еді. Ауылға келгеннен кейін де түрлі қиын ой толғаныстарын бастан кешеді. Анасын орыс әскерлерінің атып тастағанын білгенде, қатты қайғырады. 12 жасар інісі Қажыкен мен 7 жасар сіңлісі Сараға бас-көз болып, қамқорлық жасаудан аянбайды. Мамырбайдың немере інісі Әмірдің әйелі Ұрқиямен достасып, сыр бөліседі. Өкінішке орай, аяғы ауырлағаны елге білінген тұста сүйгені Бекболат тастап кетеді. Сөйтіп, орыс әскерінің ұлын дүниеге әкеледі. Әкесінің, өгей шешесінің қытымыр қабағына шыдай алмаған Ақбілек қалаға кетіп тынады. Осыдан кейін ақ Ақбілектің өмірге деген көзқарасы өзгереді. Аға-жеңгесінің айтуымен Семейдегі алты айлық курсты да, Орынбордағы оқуды да тәмамдайды, білім алады. Осыдан соң Ақбілектің тұрмысы да, оқуы да жөнделеді. Театрға, киноға барып, ойын-сауыққа қатысады. Өзіне тең оқыған жігіт Балташпен тағдырын қосады.Ақбілек» әлемі – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Ел мұратын асқақтатқан,ұлт руханияты мен көркемдік танымды биік белеске көтерген даңқты туынды.Жазушы еңбегі мен шығармашылықтағы ізденіс арналарын,жанр жүйесі мен көркемдік мұратты,тілдік-стильдік құбылыстарды бейнелі бедерлеген айшықты
қолтаңба жемісі.





Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романы кезінде кітап болып шыкпаған. 1927-1928 жылдары баспасөзде жарияланған. Жаңа заман алып келген аласапыран уақыт, жиырмасыншы жылдардағы қазақ ауылының тұрмысы, түрлі таптар арасындағы саяси, рухани күрес «Ақбілек» романында жалпылама тізбектеле бермей, осы заман өзгерісін жұрт қалай қабылдап, қалай араласқаны бірінші кезекке қойылады. Және оның бәрі кедей емес, бай қызы Ақбілектің өмірі, ой-елегі, , сезімі, санасы арқылы айшықты бедерленеді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер бейнелейді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілек айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді. Күтпеген жерден нәсілі бөтен жұрттың ортасына түсіп, қарамұрттың меншігіне айналған жас қыздың қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі романда жан-жақты әрі айшықты мүсінделген. Қазақ емес, орысқа намысын таптатумен тұрмай оң жақта отырып жүкті болуы, оны білген атастырылған жігіті Бекболаттан айырылуы, әкесі мен өгей шеше арасындағы қырғи қабақтың т.б. – бәрі-бәрі Ақбілек тағдырын қиындатып, жан азабына салады. Кейіпкердің күрделі тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс секілді әдеби тәсілдерге еріксіз жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін, жаңа тіршілік тынысын, сыртқы өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Ақбілекті шын мәніндегі психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді. Оқыс болған оқиғадан оңбай опық жеген жас қыздың жан дүниесіндегі арпалыс, оңашадағы ой қақтығыстары, көбіне үшінші жақтан, яғни әңгімелеуші тарапынан баяндалып отырады. Мұны не әңгімелеушінің, не кейіпкердің айтып отырғаны белгісіз, екі тәсіл білінбей, жымдасып кеткендей. Суреткердің кейіпкер болмысындағы кез-келген оқырманға белгісіз ішкі тебіренісін, драмалық сәтін берудегі қолданған әдеби тәсілдері көбінесе ішкі монолог, ой арпалысы мен ой ағысы, іштегі қобалжуын сыртқа шығара алмаған мазасыз мезеттегі жағдай (ситуация), көзқарас, қимыл-әрекет, портрет, мимика (ымдау), жест (ишара), пауза т.б. болып келеді. Романның алғашқы бетінен-ақ ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның әдебиеттегі атқарар рөлі айқын көрінеді. Мысалы, жазушы кейіпкерлерінің ішкі рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын танып алу үшін ішкі монологқа көп жүгінеді. «Бекболат», «Мұқаш» деп жеке-жеке тарау етіп алады да, басты деген үш кейіпкердің портретінен бастап, ішкі ой-сезімдеріне дейін дәстүрлі, қарапайым монолог арқылы барлау жасайды. Кейіпкерлердің аузына сөз сала отырып, образ табиғатын, олардың іс-әрекеттеріне түрткі болған ішкі ой-толғаныстарын, құпия сырларын бүкпесіз ашады. Мәселен Мұқаштың қарапайым, өзін таныстыру мақсатындағы ішкі ойы ұзаққа бармай ішкі монологқа, яғни таза психологиялық талдауға көшеді. «Япыр-ау, мен қазақпын ба? Қазақ болсам, өз қаныме неден мұнша өшіктім? Өзгем өзге ғой, «ағатайлап» жалынып, қолын созып келе жатқан Ақбілектің білегін көкке созғызып, жүйкесін құртып, орыстарға ұстап бердім-ау. Ағасы болмаса, бұл қызда не жазық бар еді?..». бұл – Аймауытов психологизміндегі психологиялық талдау тәсілін танытады. Мұнда бір жан толқуының екінші тебіреніске ұласуы да ұтымды. Ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір тәсілі – осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу). Бұл әдіс көбіне өзі күнә жасаған сәттегі (сәтке дейін немесе сәттен кейін) көңіл-күйі, жан азабы үстіндегі кейіпкердің өз ары алдында ақталу жағдайында көрінеді. Және ол көбіне сол күнә жасаушының өз атынан айтылады. Оның екі түрі болады. Өзін-өзі талдау (самоанализ) және кейіпкердің өз күнәсін өзі ашуы (самораскрытие героя). Осы екі түрі де Мұқашқа тән. Әлгі үзіндідегі өз-өзінің күнәсін әшкерелеу, оның себебін талдау, одан кейінгі көңіл-күй, үрей мен қорқыныш, ненің дұрыс, ненің бұрыс жасалғаны, неге бекінгені, т.б. бәрі санадағы пікір қайшылығы, көңілдегі дүдәмәл ойлар, сезікті сезімдер т.б. тұрғысынан жан-жақты таразыға салынып, шынайы кестеленеді. Бұл психологиялық талдаулар Мұқаштың түбірі теріс адам еместігін, оны осындай күнәға итермелеген қазаққа тән күндестіктің, бақталастықтың, шенге құмарлықтың, «неге ол бай, неге ол болыс болуы керек те, мен жоқ» деген ұсақтық, пендешіліктің салдары екендігін көрсетеді. Мұқаш трагедиясы – ұлттық, таптық, ағайындық ар-намыс дегенді тек жеке бастың қамы қомытында қарауы дер едік. Әйтпесе адам анадан туғанда жаман-жақсы болып тумайды ғой. Оның қандай болуы әсте ортасына, сол арқылы қалыптасқан түйсік-түсінікке, мінез-болмысқа байланысты болса керек. Басында мал баққан Мұқашты осы арызқойлыққа алып келген де жағдайдың өзі, атап айтқанда байлар қиянаты, ол ортаға енгеннен кейінгі күндестік, бақталастықтың салдары. Қалай десек те автор өз кейіпкерлерін не ақтамайды, не жақтамайды. Мүмкіндігінше бар болмыс-бітімімен, табиғи жаратылысымен беруге бейім. Бұл автордың ұнамды, ұнамсыз кейіпкер жасауға ұмтылмайтынын, адам тағдырын таптық көзқарас тұрғысынан емес, бүкіл адамзат проблемасы тұрғысынан шешуге тырысатын кең тынысты, үлкен жүректі жазушы-реалист екендігін танытады. Романның бас кейіпкері Ақбілек те өз мінін, кінәсін көруге, оны іштей өзі талдауға да шебер. Ж.Аймауытовтың ерекшелігі қазақ әдебиетінде тұңғыш рет өзінің көркемдік назарын сыртқы жағдай, оқиға емес, кейіпкердің іс-әрекетінің ішкі себеп-салдарына, оның психологиялық әуеніне (психологические мотивировки) ерекше мән береді. Өзінің де өзгенің де іс-әрекетін, ішкі құпия сырларын, тіпті жаман пиғылды ой-әрекеттерін де табиғи қалпымен таныта алатын Ақбілек пен Мұқаштың ішкі әлемдері логикалық тұрғыдан нанымды. Екеуінің өмірі мен тағдыры да, тірлігі де қайшылыққа толы. Соншама мол кемшіліктерінің табиғи қисындылығымен де олар оқушының жүрегін жылытады. Мұқаш соншама қиянатпен қол жеткізген байлығын бойына сіңіре алмай, роман соңында елден безіп, бала-шағасын да, дүниесін де тастап, жоғалып кетуі де нанымды. Ал, Ақбілектің әдептіліктен асып, өзін масқаралаған қара мұртты естен шығара алмауы, Бекболатпен кездесуін де жиі еске алуы т.б. секілді әйелдік әлсіздік танытуы да табиғи заңдылығымен бейнеленген нанымды көріністер. Осындай толып жатқан олқылықтары мен қайшылықтарына қарамай Ақбілекті нағыз қазақ қыздарына тән табиғатымен, мінез-болмысымен, парасатты ӘЙЕЛ-АНА дәрежесіне жеткізуі сөз жоқ, жазушының шеберлігін танытады. Қалай десек те бұл автордың ішкі рухани еркіндігі мен ой бостандығын байқатады. Автордың тағы бір тың түрлік ізденісінің көрінісі Ақбілектің ағасы Төлегеннің қонақтары – Ықаң, Тыпаң, Ақбала, Балташ, Доға, Жорғабек арасындағы айтыс-әңгіме, әсіресе арақ ішіп алғаннан кейінгі белсенділердің ақ езулене айтылған ішкі сырлары, лепірген мақтан сезімдері. Бекболат үшін «құран сөзіндей» түсініксіз сөздері, т.б. олардың әрқайсысына тән іс-әрекеттері, қимыл-қозғалыстары – бәрі-бәрі автор тұрғысынан ішкі монологқа ерік беру параметрлері. Осы әңгіме үстінде алты адамның бүкіл болмыс-бітімі өзіндік ерекшеліктерімен, оқшау мінездерімен оқушы санасында қалып қояды. Бір ғана деталь, немесе белгілі бір әрекет, кескін-келбет арқылы автор адам табиғатын, психологиясын ашатын кемел шебер екендігін көрсетеді. Мысалы, Ықаңның темекі тартқанын бір бет бойы суреттеген автор оның себебін төмендегідей өз комментарийі арқылы ашады: «...әлде мейірімсіз қорлық, зорлық, жауыз өмір емес пе? «Зәрдің басын зәр алады» деп неге айтыпты? Өлім де, ілім де удың зиянын өзгелерге айта берсін, біз Ықаңның шылым құмарлығын сөге алмаймыз». Міне, мұндағы шылым – тек қана деталь. Осы арқылы автор кейіпкерінің көңіл-күйін, көңіліндегі күйінішті жылы юмормен түп-түгел ашып беріп отыр. Жазушы әр кейіпкерін осылай сыртқы түр-әлпеті, жүріс-тұрысы, әрқайсысының өзіне тән іс-қимылы, ерекше әрекеті арқылы олардың табиғатынан, тегінен, мінез-құлқынан, сол тұстағы көңіл-күйінен жан-жақты хабар береді. Ал, аздап арақ ішіп алғаннан кейінгі олардың бір-біріне дес бермей ділмарсулары, шынын айтамын деп шын сырларын ағытып алулары – кезек-кезек сөз алған әр кейіпкердің ішкі сырлары, ішкі ойлары ретінде жеке-жеке беріледі. Тегінде ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері (формалары) де бар. Ішкі монологтың авторлық түрлері негізгі үш жағдайда байқалады. Атап айтсақ, бірінші түрі - ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында да беріледі. Мысалы, «...әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткел түскенін Ақбілектің жүрегі сезеді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?.. деп сарылып, сарғайып күтеді» деген үзінді ішкі монологтың кейіпкердің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысынан берілгендігін байқатады. Екінші түрі – тура автордың өз атынан айтылатын ішкі монолог. Оған мысал романда мол-ақ. Айталық: «...Сорлы Ақбілек! Сен жыламай, кім жыласын!...» деп келетін үзінді мысал бола алады. Бұл сөз жоқ, автордың өз атынан айтылған монолог. Мұны автор монологы немесе шығарма монологы десе де болады. Енді үшінші түрі – кейіпкер рөліне көшкен автордың сөзі, ішкі монолог ретінде көрінуі мүмкін. Мысалы, «...Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз...Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ тұрсын атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз сайтан... Өз еркімен келіп отырған жоқ... Қара күшке, тағдырға не шара?». Бұл – кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі. Өйткені, тап осылай Ақбілек ойлауы, қайғылануы, өз тағдыры, ары алдында ақталуы мүмкін. Және осынау ішкі монологтың берілу тәсілінің өзі де ішкі монологтың табиғатына тән қасиетпен, яғни көп нүктелер, үзік-үзік ойлар арқылы берілген. Онда ішкі ойдың ақтарылуы да, ақталуы да, қалауы да, келешекке деген үміт-сенім т.б. секілді ішкі монологтың бүкіл элементтері бар. Сондықтан да мұның кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі, яғни Ақбілек рөлін атқарып тұрған автордың (жасырын адамның) ішкі монологы екеніне көз жеткіземіз.

Источник: 
http://heref.ru/stud_rnaqasrnarna.html

































Мінездеу– әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-әрекеті мен кескін-кейпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу



2.Көркем образдың жасалу жолдары. 3. Көркем бейненің әдебиетттің тегіне қарай түрлері Мәселен образ деген не? Образ – бейне. Ол ненің бейнесі? ... Образдыңтүрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдістұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі : эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрге : юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ. Т.б. Осылардың әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет.












































































Қосымша қажетті аудиомәтән


  1. Күн өтті. Күн артынан біршама уақыт өтті. Көктемнің көзі шығып, ел көшуі жақындады. Биыл ел көшіне белгілі қоныстар: Талдыбұлақ, Барлыбай, Қызылқайнар. Абай атқа мінуге жарағанымен, үйден аса көп шықпайтын. Оған әжесі көп-көп ертегілер мен әңгімелер айтушы еді. Соның ішінде «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Жүсіп-Зылиқа» секілді жыр-дастандар болатын. Осындай әдебиетке зейін қойып, тыңдап жүрген күндердің бірінде үйге екі бөгде қонақ келіп қонады. Бірін Абай таниды. Ол былтыр жайлауға келіп, «Қозы Көрпеш- Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы. Екіншісін бала Абай танымағанымен, шешесі жақсы біледі екен. Ол кісі Барлас деген ақын болатын. Сол түні Барлас «Қобыланды Батыр» жырын сұлу да, әсерлі етіп жырлап береді. Абай шешесімен екі қонақты бір айға шейін жібергісі келмеді. Телғара осы аралықта Асан қайғы, Бұқар жырау, Марқабай мен Жанақ, Шортанбай, Шөже, Сыбанбай, Алпыс ақындардың жырларына молығады. Абайдың ауырғаны да есінен шығып кеткен болатын.

Ұлжан да риза болып, қонақтардың кетерінде Барласқа семіз көк атты, ал Байкөкшеге торы құнанды сыйға береді.




Негізгі ойды анықтауда тыңдалатын аудиомәтін

...Абай Жидебайдағы ауылда шешелерінің қасында болды. Көктемге шейін күндіз-түні кітап оқуға салынды. Медреседен қайтқалы кітапқа анықтап оқталғаны осы еді. Араб, парсы тілін, бірталай сөздерін ұмытыңқырап, қарайып қалған екен. Алғашқы бір жұмадай Ғабитханның тәпсіріне қарап, бұрынғы білген тілдерін қайта құрастырып алды. Содан әрі мұның қолына түскен әрбір қалың кітап соншалық бір қатты сағынып жолыққан ыстық, қымбат досы тәрізді болды. Ғабитхан да кітап оқығыш болатын. Соның кітаптарының ішінен өзін қызықтырған көп-көп асыл бұйымдар тапты. Мұнда Абұлқасым Туси-Фирдоуси, Низами, Физули, Науаи, Бабырлар бар. «Жәмшид»,
«Сеидбаттал Ғазі», «Мың бір кеш», Табары жазған тарих, «Жүсіп - Зылиқалар», «Ләйлі - Мәжнүндер», «Көрұғлы» сияқты хикая дастандар да бар. Абайдың бас алмай оқығандары осылар. Аздан соң, кешкі шайдан асқа шейінгі мезгілде Абай кейбір оқып шыққан кітаптарын үй ішіне әдемі әңгіме қып, айтып беріп отыратын әдет тапты. Бұған әжесі себеп болды. Зере Абайдың кітапқа берген ықыласын байқап, бір күні кешке:

- Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп , мойны – басы былқылдап, ақылдан да өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырлма! Ұқсама аналарға!... деген. Әжесі кітап
қадірін жақсы айтқанға Абай ырза болып, жаңағы сөзден соң, күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды.


М.Әуезов «Абай жолы» І кітап





...Өз бағыңды зор етіп,

Теңдес қайдан табасың?

Ағайынды жат біліп,

Жақынды қайдан табасың?


Ақын осы сөздері арқылы не айтқысы келеді?

Қазіргі қоғамда өзін басқалардан артық санайтындар кездеседі ме? Неліктен?

Неге ағайындар жат болып барады?























Зерттеу жұмысы

«Эвристикалық жобалау технологиясы»

К1 Көтерілген мәселе

К2 Мәселенің өзектілігі

К3 Мақсатты аудиториясы

К4 Астарлы, тұспалды ойы

К5 Көздеген мақсаты


---------------------------------------------------


Зерттеу жұмысы

«Эвристикалық жобалау технологиясы»

К1 Көтерілген мәселе

К2 Мәселенің өзектілігі

К3 Мақсатты аудиториясы

К4 Астарлы, тұспалды ойы

К5 Көздеген мақсаты



«Егер мен сізді дұрыс түсінсем...»

«Сіздің сондағы айтпағыңыз...»

«Сіздің басты мақсатыңыз...»

«Сіздің бұлай ойлауыңыздың себебі неде?»

«Қандай негіздемеге сүйеніп, осындай болжамға келдіңіз?»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!