Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ әдебиетінен тест кітапша
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ әдебиеті пәнінен тест тапсырмалары
(Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған)
Тараз қаласы, 2022 жыл
А.Ә.Амангелдиева, С.Г.Кайдаулова
Қазақ әдебиеті пәнінен тест тапсырмалары
(Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған)
Тараз, 2022 ж.
Алғы сөз
Соңғы он жылда республикамыздағы білім беру жүйесінде демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттары қалыптаса бастады. Осыған орай оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Тесттік жүйе білім алушылардың білім, білік, дағды деңгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады. Дидактикалық материал Б.Керімбекова, Ж.Мұқанованың «6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы (Алматы «Мектеп» баспасы, 2018 жыл) негізге алынды.
Қазақ әдебиеті – оқушының бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, жан-дүниесінің баюына септігін тигізетін ең қызықты пән. Әрі көркем шығармаларды оқу арқылы жас ұрпақтың сөздік қоры, ойлау қабілеті, тәлім-тәрбиесі артады. 6-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне енгізілген туындылар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, автордың шеберлігін танып, талдап, өз пікірін ауызша да, жазбаша да білдіруге машықтандырады. Оқулыққа ұсынылған барлық тапсырмалар, шығарманы түсініп, ондағы кейіпкер әрекеттерін бағалауға, салыстыруға негізделген.
Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тексеру, бағалау мақсатында тест жұмыстарын алу мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді. Себебі, өтілген сабақты бекітуге берілген тест тапсырмалары оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға көп септігін тигізеді.
Әрі тест жұмыстарын пайдалану қазақ әдебиеті сабақтарында өте маңызды, үй тапсырмасын бекітуге, қорытынды жасауға өте тиімді.
МАЗМҰНЫ
1-бөлім: Туған жерім -аялы алтын бесігім
-
«Ертегі» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары ..................................3
-
«Аяз би» ертегісі бойынша тест тапсырмалары.......................................6
-
«Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып Ер Тұңға» жыры. Алып Ер Тұңғаны жоқтау» тақырыптары бойынша тест тапсырмалары..............................9
-
«Әбу Насыр әл-Фараби. «Қашықтасың, туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» тақырыптары бойынша тест тапсырмалары....12
-
«Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», Айналайын Ақжайық» толғаулары бойынша тест тапсырмалары................................................15
2-бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
-
«Абай Құнанбайұлы. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері бойынша тест тапсырмалары......................18
-
«Абайдың қарасөздері. Бірінші сөз. Жетінші сөз. Отыз бірінші сөз» бойынша тест тапсырмалары ....................................................................21
3-бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
-
С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» өлеңдері бойынша тест тапсырмалары....
-
Сайын Мұратбеков "Жусан иісі" хикаясы бойынша тест тапсырмалары
-
О. Бөкей "Тортай мінер ақ боз ат" хикаясы бойынша тест тапсырмалары
-
Қ. Әбдіқадыров "Қажымұқан" повесі бойынша тест тапсырмалары
4-бөлім: Тәуелсіздік -қасиет тұнған ұлы ұғым
-
Е. Жүніс «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңі бойынша тест тапсырмалары
-
А. Алтай "Прописка" әңгімесі бойынша тест тапсырмалары
-
Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі, Менің Дағыстаным» әңгімесі бойынша тест тапсырмалары
1-БӨЛІМ: ТУҒАН ЖЕРІМ -АЯЛЫ АЛТЫН БЕСІГІМ.
«Ертегі» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
1-нұсқа
-
Шыншыл ертегілердің қанша түрі бар?
А) 2
Ә) 3
Б) 4
В) 5
-
Салт ертегілердің тақырыбын анықтаңыз.
А) күлдіргі оқиғалар
Ә) тарихта болған адамдар
Б) хан мен қарапайым халық
В) жануарлар мен адамдардың қарым-қатынасы
-
Салт ертегілерде қандай қасиеттер дәріптеледі?
А) ақылдылық, тапқырлық, адалдық
Ә) адалдық, шыдамдылық, сенімділік
Б) әділдік, шыдамдылық, жомарттық
В) адалдық, шыншылдық, еңбекқорлық
-
Күлдіргі ертегіге жататын ертегіні көрсетіңіз.
А) Қорқыт
Ә) «Аяз би»
Б) «Қаңбақшал»
В) «Ақсақ құлан»
-
«Ұр, торпақ» ертегісі шыншыл ертегінің қай түріне жатады?
А) күй аңызы
Ә) салт ертегілер
Б) аңыз-ертегілер
В) күлдіргі ертегілер
6. Аңыз-ертегілерге тән қатарды белгілеңіз.
А) барлық адамға ортақ күлкілі оқиғаға құрылады
Ә) оқиғалары өмірлік талас-тартыстан туып, шындыққа жақын
Б) кейіпкерлері тарихта болғанмен, оқиғалар сол қалпында болмаған
В) күйлердің шығу тарихы, күйшінің басынан өткен оқиғалары туралы айтылады.
7. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндергі деген сөзден туған» деген пікірді кім айтқан?
А) М.Әуезов
Ә) Ә.Диваев
Б) Ш.Уәлиханов
В) А.Құнанбаев
8. «Нар идірген» ертегісі ертегінің қай түрі екенін көрсетіңіз.
А) күй аңызы
Ә) салт ертегілер
Б) аңыз-ертегілер
В) күлдіргі ертегілер
9. Салт ертегінің кейіпкерлері кімдер?
А) күйшілер мен халық
Ә) үлкендер мен балалар
Б) хан мен қарапайым халық
В) тарихта болған адамдар мен хандар
10. Күйшінің басынан өткен оқиғалары баяндалатын ертегі түрі
А) күй аңызы
Ә) салт ертегі
Б) қиял-ғажайып
В) аңыз-ертегілер
«Ертегі» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
2-нұсқа
-
Шыншыл ертегілердің түрлерін көрсетіңіз.
А) қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, хайуанаттар туралы ертегілер, күй аңызы
Ә) салт ертегі, күлдіргі ертегі, аңыз-ертегілер, күй аңызы.
Б) күлдіргі ертегілер, аңыз-ертегілер, тұрмыс-салт, хайуанаттар туралы ертегілер
В) салт ертегілер, қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы ертегілер, күлдіргі ертегі
-
Салт ертегіге жататын ертегіні анықтаңыз.
А) «Аяз би»
Ә) «Ұр, тоқпақ»
Б) «Қаңбақшал»
В) Қожанасыр жайлы әңгімелер
-
«Ақылы асқан адамға ханның өзі де бас исе» деген халықтың арман-тілегі қай ертегілерден аңғарылады?
А) күй аңызы
Ә) салт ертегілер
Б) аңыз-ертегілер
В) күлдіргі ертегілер
-
Күлдіргі ертегілердің кейіпкерлеріне тән қасиет
А) адал, ақылды
Ә) тапқыр, ақылды
Б) арманшыл, көңілді
В) іс-әрекеттері күлкілі, оғаш
-
Күлдіргі ертегілердің тақырыбын анықтаңыз.
А) тәрбиелік мәні зор өсиеттер
Ә) күйшінің басынан өткен күлдіргі оқиғалары
Б) тарихта болған адамдардың күлдіргі әңгімелері
В) бала мен үлкенге бірдей ортақ күлкілі, қызықты оқиға
-
Асанқайғы, Алдар көсе жайлы әңгімелер қай ертегіге жатады?
А) қиял-ғажайып
Ә) салт ертегілер
Б) аңыз-ертегілер
В) күлдіргі ертегілер
-
Қазақ ертегілерін зерттеген ғалымды атаңыз
А) А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин
Ә) Ш.Уәлиханов, М.Әуезов
Б) В.Радлов, Ы.Алтынсарин
В) А.Құнанбаев, Ш. Уәлиханов
-
Шыншыл ертегілердің басты айырмашылығы неде?
А) кейіпкерлердің ерлік істерін дәріптейді
Ә) адам мен жануарлардың айтысына құрылады
Б) оқиғалары адамның қиялынан, ойынан құрастырылады
В) оқиғалар өмірлік талас-тартыстан туып, шындыққа жақын келеді
-
Жаманнан жиреніп, жақсылықты дәріптейтін ертегі түрі
А) салт ертегілер
Ә) аңыз-ертегілер
Б) күлдіргі ертегілер
В) хайуанаттар туралы ертегілер
-
Халық өзі қадірлеген адамын есінде сақтау үшін ол туралы шығарған ертегілердің қатарын көрсетіңіз
А) Қорқыт, Алдар көсе
Ә) «Ақсақ құлан», «Абыл»
Б) «Ұр, тоқпақ», «Қаңбақшал»
В) «Аяз би», «Кесір хан мен тазша»
«Аяз би» ертегісі бойынша тест тапсырмалары
1-нұсқа
-
«Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
А) шыншыл
Ә) хайуанаттар
Б) қиял-ғажайып
В) аңыз-ертегілер
-
Жаманның жасы қаншада?
А) 40-та
Ә) 30-да
Б) 50-де
В) 55-те
-
Жаман ханның жүзігіне қандай сын айтты?
А) Бір жылдан соң қасиеті бітеді
Ә) Ішінде екі ақ қарабас құрт бар
Б) Жүзігіңіз тастың қасиетіндей салмағы бар.
В) Сүлейменнің жүзігіндей, Мұсаның асасындай қасиеті бар
-
Шөптің жаманын көрсетіңіз.
А) жантақ
Ә) шеңгел
Б) жыңғыл
В) қарақоға
-
Жаман ханның наубайшының баласы екенін қалай білді?
А) хан нанды өзі пісіреді
Ә) хан нанды ерекше жақсы көреді
Б) Жаман сарайға алғаш келгенде нан, көже бергізді
В) Хандардың сүйікті асы – жал мен жаяны ұнатпайды
6. «Аяз би» ертегісіндегі 40 уәзірге тән қасиетті көрсетіңіз.
А) адал
Ә) ақылды
Б) мақтаншақ
В) көреалмаушылық
7. Кімнің сөзі: «Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі білетін едімен білетін едім...».
А) хан
Ә) уәзір
Б) Жаман
В) ханның анасы
8. Хан Барсакелместен не алып келуге жұмсайды?
А) қоға
Ә) інжулі қой
Б) алтын сауысқан
В) алтын арғымақ
9. «Ей, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа!» деген сөздерді кім айтқан?
А) хан
Ә) Жаман
Б) Ақша хан
В) Жаманның әйелі
10. Жаманға «Аяз би» деген атты қандай қасиетіне қарай қойды?
А) әділдігі
Ә) адалдығы
Б) ақылдылығы
В) шыдамдылығы
«Аяз би» ертегісі бойынша тест тапсырмалары
2-нұсқа
-
«Аяз би» ертегісіндегі Жаман ненің бейнесі?
А) ақылды уәзір
Ә) үлгілі ел басшысы
Б) ханның сенімді көмекшісі
В) батыр, ақылды ханның
-
Жаман қай ханның сынынан өтті?
А) Аяз би
Ә) Ақша хан
Б) Мадан хан
В) Сүлеймен хан
-
«Аяз би» ертегісі қалай басталады?
А) Жаман ханның сынынан мүдірмей өтеді
Ә) Жаман өз басынан өткен оқиғаларын баяндайды
Б) Уәзірлер мал бағып жүрген Жаманды кездестіреді
В) Хан уәзірлерін шөптің, құстың, адамның жаманын әкелуге жұмсайды
-
Құстың жаманын көрсетіңіз .
А) байғыз
Ә) сауысқан
Б) қырғауыл
В) үлкен қаралай
-
Уәзірлер адамның жаманын қалай таңдады?
А) тұрмыстық жағдайына қарап
Ә) сөйлеген сөзіне қарап
Б) адамдар арасындағы сыйы бар-жоғына қарап
В) үстінде жыртық тоны бар, қой бағып жүрген, отбасы жоқтығына қарап
-
«Апыр-ай, осы жаман болса жарар еді» деп ханның күдіктену себебін анықтаңыз.
А) ханның өз басына сын айтты
Ә) тұлпарының сиыр шатыс екенін тапты
Б) құстың, шөптің, адамның жаманына дәлел айтты
В) гауһар жүзіктің қасиетінің азайып бара жатқанын дәл тапты.
7. Меңді сұлу неліктен Жаманды өзіне лайық деп тапты?
А) жасы үлкен адам болған соң
Ә) жұмбағын дәл шешкені үшін
Б) ханның ақылшысы болғандықтан
В) Жаманның шын ниетін байқады
8. «Жау шапты, ел бүлінді, апат соқты» деген ханның жұмбағын Жаман қалай шешті?
А) хан ордасының күлдіреуішінің бір басы шыққан
Ә) Жаман ханның алдына уәзірлерді жалаңаш алып келді
Б) ақылсыз қырық уәзірін қалай жазалау керектігін айтты
В) «Көрші елден жау шапты, әскер жинап, дайын болыңдар» деді
9. «Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген сөзді кім айтқан?
А) хан
Ә) Майқы би
Б) Ақша хан
В) Мадан хан
10. «Бұл таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды» деп кім айтты?
А) хан
Ә) шал
Б) Жаман
В) Жаманның әйелі
«Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып Ер Тұңға» жыры. Алып Ер Тұңғаны жоқтау» тақырыптары бойынша тест тапсырмалары
1-нұсқа
-
Сақтардың ерлікке толы шежіресін жыр еткен шығарманы атаңыз.
А) «Томирис»
Ә) «Қисса сул-әнбия»
Б) «Орхон-Енисей» жазулары
В) «Құтадғу білік»
-
Тұран елінің билеушісі кім?
А) Ер Тұңға
Ә) Шу батыр
Б) Томирис
В) Шырақ батыр
-
Алып сөзі ежелгі түркілерде қандай мағынаны білдіреді?
А) даңқты, танымал
Ә) жолбарыс тектес аң
Б) мемлекет басқарушы
В) үлкен күш иесі, ер, батыр
-
«Алып Ер Тұңға» жыры қалай аяқталады?
А) Иран елін жаулап алуымен
Ә) Тұран еліне хан болуымен
Б) Алып Ер Тұңғаның соғыста қаза табуымен
В) бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен
-
«Алып Ер Тұңғаны» жоқтау жыры біздің заманымызға қай шығарма арқылы ешбір өзгеріссіз жеткен?
А) Страбон «География»
Ә) Фирдоуси «Шаһнама»
Б) Ж.Баласағұн «Құтты білік»
В) М.Қашқари «Диуани лұат ат-түрік»
6. Жоқтау дегеніміз не?
А) жоқ заттарды айту
Ә) бүгінгі күнде жоқ адамдарды айтып, жылау
Б) өмірден өткен адамдардың жақсылығын айтып, еске алу
В) адам қаза болғанда оның өмірдегі жақсылықтарын айтып жоқтап сөйлеу
-
«Алып Ер Тұңға өлді ме?
Опасыз дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?» деген жолдардағы көркемдегіш құралды анықтаңыз.
А) теңеу
Ә) ассонанс
Б) метафора
В) риторикалық сұрақ
-
«Білімі, даңқы ұлы, көптің сарасы,
Білімді, ойлы әрі халық ағасы.
Зерек, дана көңілі сара сері еді,
Жұты жалған, елге тұтқа ер еді!
Үзіндіде Алып Ер Тұңға туралы не айтылады?
А) мадақ
Ә) жоқтау
Б) таныстыру
В) даңқын асыру
9. Көркемдегіш құралды табыңыз: «Бөрідей жұрт ұлысып, Айқаймен жаға жыртысып».
А) теңеу
Ә) эпитет
Б) кейіптеу
В) риторикалық сұрақ
10. Алып Ер Тұңғаның өліміне қатысты деректі көрсетіңіз
А) ирандықтармен соғыста қаза тапты
Ә) ұзақ науқастан кейін қайтыс болады
Б) Кейхұсрау патшамен жекпе-жекте қаза табады
В) ирандықтар оны соғыс майданында жеңе алмаған соң, достық пейілмен шақырып, у беріп өлтіреді
«Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып Ер Тұңға» жыры. Алып Ер Тұңғаны жоқтау» тақырыптары бойынша тест тапсырмалары
2-нұсқа
-
Сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жырды атаңыз.
А) «Құтадғу білік»
Ә) «Қисса сул-әнбия»
Б) «Алып Ер Тұңға»
В) «Диуани лұғат ат-түрік»
-
Тұран елі деп қазіргі қай қаланы атаған ?
А) Алматы
Ә) Маңғыстау
Б) Қызылорда
В) Түркістан
-
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде қай жыр жазылған?
А) «Томирис»
Ә) «Шырақ батыр»
Б) Алып Ер Тұңғаны жоқтау
В) Алып Ер Тұңға туралы мадақ
4. «Алып Ер Тұңға» жырының идеясы?
А) батырдың ерлік істерін дәріптеу
Ә) Түркі елін сыртқы жаудан қорғау
Б) сақтардың тарихын, ерліктерін таныту
В) жер байлығы – ел байлығы екенін көрсету
5. Алып Ер Тұңға қай елдің билеушісі?
А) Иран
Ә) Тұран
Б) Қазақстан
В) Орта Азия
6. Афрасиаб сөзі қандай мағынаны білдіреді?
А) ақылды
Ә) алып, қаһарман
Б) мемлекет басқарушы
В) дүлей қара күш иесі
7.«Жаман-жәутік түптеді, Ізгі бектер шетінер»
деген жолдарда не туралы айтылады?
А) ашу-ыза көбейді
Ә) төменгі топ көбейді
Б) өмір жалған, опасыз
В) жақсы адамдар қайтыс болды
8. Тоңға (тоңа) сөзіқандай мағынаны білдіреді
А) батыр, күшті
Ә) жолбарыс тектес аң
Б) ақылды ел басқарушы
В) ел басқарушыларға берілетін титул
9. Алып Ер Тұңғаның өліміне қатысты деректерді анықтаңыз.
А) ирандықтармен соғыста қаза тапты, Кейхұсрау патшамен жекпе-жекте қаза табады
Ә) арнайы ұйымдастырылғантұзаққа түсіп қалады; ұзақ науқастан кейін қайтыс болады
Б) Кейхұсрау патшамен жекпе-жекте қаза табады; сенімді көмекшісінің қолынан өлім құшады
В) ирандықтар оны достық пейілмен шақырып, у беріп өлтіреді; Кейхұсрау патшадан жеңіліп, қашып жүріп қаза табады
10. «Алып Ер Тұңға» жыры қалай аяқталады?
А) хан тағына отырумен
Ә) Иран елін жаулап алуымен
Б) Алып Ер Тұңғаны мадақтау жырымен
В) түркілердің Алып Ер Тұңғаны жоқтауымен
«Әбу Насыр әл-Фараби. «Қашықтасың, туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» тақырыптары бойынша тест тапсырмалары
1-нұсқа
-
Ислам дәуіріндегі әдебиеттің (Х-ХІІ ғғ.) ерекшелігі
А) жас ақын-жазушылар көбейді
Ә) түркі әдебиеті құнды шығармалармен толықты
Б) ғылым мен әдебиет түркі тілінде жазыла бастады.
В) түрік, астрономия, әдебиет сияқты ғылымдарды оқытатын мектептер ашыла бастады.
-
«Қашықтасың туған жер» өлеңі қанша шумақтан тұрады?
А) екі
Ә) үш
Б) төрт
В) алты
-
«Қашықтасың туған жер» өлеңінде ақын адам бойындағы қай қасиетінен түңіледі?
А) билікке ұмтылу
Ә) ғылым үйренбеу
Б) сатқындық жасау
В) еріншектікке салыну
4. Әбу Насыр әл-Фарабидің өлеңін көрсетіңіз
А) «Айналайын Ақжайық»
Ә) «Қоғалы көлдер, қом сулар»
Б) «Тіршілікте құрыштай бол төзімді»
В) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
5. «Қашықтасың туған жер» өлеңінің идеясы
А) өз Отанымен мақтану
Ә) туған жерге деген сағыныш
Б) туған жер – ең басты байлық
В) туған жердің қадірін, шетте жүрсең білесің
6. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңінде қандай мінез айтылады?
А) сабыр
Ә) еңбекқор
Б) билікке ұмтылу
В) дүниеқоңыздық
7. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңінде ақын неге үйретеді
А) тағдырды жазғырмау
Ә) өнер-білім үйрену
Б) ешкімді алдамау
В) адал дос болу
-
Әл-Фараби еңбектерін қай тілде жазған?
А) иран
Ә) араб
Б) парсы
В) түрік
9. Әбу Насыр әл- Фараби дегенде «Фараб» сөзі ненің аты?
А) қала аты
Ә) әкесінің аты
Б) атасының аты
В) атақ, титул
10. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңінде ақын қандай кеңес береді?
А) еңбек ет, шыдамды бол
Ә) болған нәрсеге ешкімді кінәлама
Б) жаман адамдармен дос болма
В) өз теңіңнен жақсы, адал дос таңда
«Әбу Насыр әл-Фараби. «Қашықтасың, туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» тақырыптары бойынша тест тапсырмалары
2-нұсқа
1. Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген?
А)865-940
Ә)870-950
Б)866-950
В)780-890
2.Әл-Фарабиді туған жерінен алыс сапарға жетелеген не нәрсе?
А) ақша табу, көрші мемлекеттерге кітап сату
Ә) танымал музыкант атану
Б) білімге құштарлық, адамзаттың дамуына үлес қосу
В) өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру
3. Екінші ұстаз қай жерде дүниеге келген?
А) Арал маныңдағы қалада
Ә)Жайықтың бойында
Б) Дамаск қаласы , Сирияда
В) Сырдария бойындағы Отырар қаласында
4."Қашықтасың ,туған жер" өлеңінің негізгі ойы қандай?
А) туған жерге деген ыстық сезім, сағыныш
Ә) туған жердің табиғатының әдемілігіне тамсану
Б) өмірдегі қиындыққа төтеп бере алу
В) көпшіл болу, достық
5." О, Жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм секілді тез ысып, тез суынар." Осы жолдар арқылы автор нені айтқысы келіп тұр?
А) өкініш
Ә) автордың сағыныш сезімі
Б) әкімдікке әркімнің ұмтылатыны жайлы
В) автор адамзаттың дамуына қаншалықты үлес қосқанымен, оның ұмытылуы
6."Тіршілікте құрыштай бол төзімді" өлеңінің басты идеясы-
А) туған жерге деген ыстық сезім, сағыныш
Ә) туған жердің әдемілігіне тамсану
Б) өмірдегі қиындыққа төтеп бере алу
В) көпшіл болу, достық
7. Автор кіммен дос болуға кеңес береді?
А) Өзіңді дамытып, өзіңе теңмен дос бол
Ә) Өтірік көп айтатынмен дос бол
Б) Ақшасы көппен дос бол
В)Жүзі әдемімен дос бол
8. Өлеңді жалғастырыңыз: «Зиялы аз біртұтам тіршілікте...»
А) Әкімдікке күллісі жүгіреді
Ә) Көкірекпен сезініп, күрсініп көп.
Б) Жаным менің түршігіп, түңіледі.
В) Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
9. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңінде ақын не туралы айтады?
А) еңбек ету
Ә) адамдарға алданбау
Б) тағдырды жазғырмау
В) әзәзілдердің азғыруы
10. «Қашықтасың туған жер» өлеңінде ақын адамдардың қандай қасиетіне күрсінетінін айтады?
А) билікке ұмтылу
Ә) жеке басын ойлау
Б) өмірін босқа өткізу
В) қызба мінезге салыну
«Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», Айналайын Ақжайық» толғаулары бойынша тест тапсырмалары
1-нұсқа
-
Доспамбет жырау қай ғасырда өмір сүрген?
А) XV ғасыр
Ә) XVI ғасыр
Б) XІV ғасыр
В) XVІІ ғасыр
-
Доспамбет жырларының басты тақырыбы
А) батырлық, ерлік
Ә) елдің тәуелсіздігі
Б) елді бірлікке шақыру
В) туған жерге деген ыстық сезімі
-
«Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауындағы қом сөзінің мағынасы?
А) шұрайлы жерлердегі таза су
Ә) жайылған, мол, адам мен малға пайдалы сулар
Б) түйе өркештеріне жүк артуға арналған қабат-қабат киіз
В) түйе өркештерінің түп жағындағы тұтаса біткен жота тұсы
-
«Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ мінген өкінбес» жолдарында қандай көркемдегіш құрал бар?
А) теңеу
Ә) эпитет
Б) метафора
В) тұрақты тіркес
-
Толғаудағы көбе сөзінің мағынасы қандай?
А) қару-жарақ түрі
Ә) мықты, жүйрік ат
Б) батырлардың қорғаныш киімі
В) бүркіт тектес аң аулайтын құс
6. Толғау дегеніміз не?
А) қарасөзбен жазылған қысқаша әңгімен
Ә) еркін ұйқаспен жазылған өлеңнің ерекше түрі
Б) көне дәуірлерде қалыптасқан поэзиялық шығарма
В) белгілі бір тақырыпта жазылатын мақалдап сөйлейтін шешендік сөз
7. Жыраулардың негізгі жанры не?
А) Жыр
Ә) Өлең
Б) Әңгіме
В) Толғау
8. Толғаудағы қоғалы көлдер сөздері қандай мағынаны білдіреді?
А) Ұзын көлдер
Ә) Үлкен көлдер
Б) Кішкентай көлдер
В) Тыныш кішкене көлдер
-
Өлеңнің жалғасын табыңыз.
Бетегелі Сарыарқаның бойында
_________________________ .
А)Арулар құшқан өкінбес
Ә) Арғымақ мінген өкінбес
Б) Қоныстар қонған өкінбес
В) Соғысып өлген өкінбес
10. «Айналайын Ақжайық» деп Доспамбет нені атап тұр?
А) Көлді
Ә) Тауды
Б) Теңізді
В) өзенді
«Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», Айналайын Ақжайық» толғаулары бойынша тест тапсырмалары
2-нұсқа
1."Қорғалы көлдер, қом сулар" толғауының авторы кім?
А) Абай Құнанбаев
Ә) Асқар Алтай
Б) Доспамбет жырау
В) Ғұмар Қарашев
2."Қорғалы көлдер, қом сулар" толғауының басты тақырыбы
А) туған жерге деген ыстық сезім
Ә)білім алу, жаңа нәрсе үйрену
Б)әділдік, ақылдылық
В)қоршаған ортаны қорғау
3.Өлеңнің негізгі ойы айтылатын жолдар-
А) Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес
Ә) Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес.
Б) Құрама шапшақ көп қымыз
Құйып ішкен өкінбес
В) Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес.
4. Толғаудың соңыңда қандай ой айтылады?
А) Той тойлаған өкінбес
Ә) Сауыт киген ер өкінбес
Б) Елі үшін жан тапсырған өкінбес
В) Әдемі жерге қоныстанған өкінбес
5.Доспамбет жырау қай ғасырда өмір сүрді?
А) XVI
Ә) XV
Б) XIV
В) XIII
6."Айналайын Ақжайық" толғауында автор нені аңсайды?
А) бейбіт заманды
Ә) Байлықты
Б) Өзенді зерттеп, онда шомылуды
В) Соғысқа қатысып, жер жаулау
7."Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?" жолдары толғаудың қай бөлігінде жазылған?
А) бірінші
Ә) екінші
Б) соңғы
В) негізгі
8."Айналайын, Ақжайық" толғауы неліктен, қандай сезіммен жазылған?
А) соғыстан зардап шеккеннің бейбіт заманды армандауынан
Ә) Өзеннің табиғатына тамсанғандықтан
Б) Той тойлап, көңіл көтеру сезімінен
В) біліммен айналысқан жанымен қалағандықтан
9.."Айналайын, Ақжайық" толғауы неше тармақтан тұрады?
А) 24
Ә) 21
Б) 25
В) 23
10. Шалғын деген не?
А) киім
Ә) өңделген тері
Б) биік шөп, шабындық
В) ыдыс
2-БӨЛІМ: АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!
«Абай Құнанбайұлы. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері бойынша тест тапсырмалары
1.Абай Құнанбайұлының азан шақырып қойған аты кім?
А) Абай
Ә)Ибраһим
Б) Мұхаммед
В) Мұхаммедқали
2.Абайдың өнер білімге құмарлығының ерте оянуына себепкер болған негізгі тұлға кім?
А) Әжесі Зере
Ә) Анасы Ұлжан
Б) Әкесі Құнанбай
В)Ауыл молдасы Ғабдұлжаппар
3. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің авторы кім?
А) Абай Құнанбаев
Ә) Мұқағали Мақатаев
Б) Міржақып Дулатұлы
В) Сұлтанмахмұт Торайғыров
4. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің басты идеясы қандай?
А) Өзі туралы
Ә) Білім туралы жазылған
Б) Ақыл,ой туралы жазылған
В) Ақындықтың ауыр міндеті, ақын қандай болу қажеттігі туралы айтылған
5. «Кәрілікті жамандап, өлім тілеп» деген жолдарда ақын нені айтқысы келі тұр?
А) Өлеңді дұрыс жазу керектігін
Ә) Кәрілікті жамандамау қажет екендігін
Б) Ойды дұрыс жеткізе алу керектігін
В) Өзінің інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы кәрілікті жамандаған өлеңіне сын
6. «Мұнда жоқ .......... сары ала қыз» жолдарын толықтырыңыз.
А) алтын иек
Ә) Әзірет Әлі
Б) барымташы
В) әсіре қызыл
7. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің негізгі ойы неде?
А) Ой туралы
Ә) Ақылды болу туралы
Б) Адамгершілік туралы
Б) Жастарды білім-ғылымға үйрету, асыл қасиеттерді, жаман қасиеттерді көрсету
8. Абайдың «Бес асыл ісін» көрсетіңіз
А) Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым
Ә) Адамгершілік,рақым,жақсылық,мықтылық
Б) Еңбек,мейірімділік,қанағат,ақылдылық,сыпайылық
В) Кішіпейілдік,бауырмашылдық,сыпайылық,терең ой,қанағат
9. Абайдың бес дұшпан ісіне не жатады?
А) Өтірік,жалқаулық,ұйқышылдық, арсыздық, мақтаншақ
Ә) Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ
Б) Қанағатсыздық, мал шашпақ, өсек, арамдық, өтірік
В) Әдепсіздік, қатыгездік, жайбасарлық, өтірік, мақтаншақ
10. «Сізге ғылым кім берер, .......... жатып сөнсеңіз» Өлеңдегі қалып кеткен сөзді табыңыз.
А) білмей
Ә) оқымай
Б) айтпай
«Абайдың қарасөздері. Бірінші сөз. Жетінші сөз. Отыз бірінші сөз» бойынша тест тапсырмалары
1-нұсқа
-
Абай «Бірінші қарасөзінде» неге ел бағудан бас тартады?
А) ел баққан қиын іс
Ә) жастарға жол берді
Б) басқа істері көп болды
В) дертке шалдыққысы келмеді
-
Неліктен Абай қалған өмірін мал бағумен өткізгісі келмеді?
А) бұл өте қиын іс деп санады
Ә) сырт көзден мал бағып жүруге ұялды
Б) тілемсектердің азығын баққысы келмеді
В) өмірнің соңында қызығын өзі көре алмайды
-
Неліктен ғылым баға алмады?
А) ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ
Ә) барлығы ғылыммен айналысады
Б) іш пыстыратын іс болғандықтан
В) бұдан да жақсы жұмыс бар деп ойлады
-
Бірінші қара сөзінде Абайдың бала баға алмау себебін анықтаңыз.
А) ер кісілердің ісі емес
Ә) балалары ер жеткен
Б) оның балалары болмаған
В) не үйретіп, қалай бағу керектігін білмейді
-
Бірінші қара сөзінде Абай қандай шешімге келеді?
А) дін бағу
Ә) ғылым бағу
Б) басқа іспен айналсу
В) осы ойларын қағазға жазу
-
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,мінез,ар деген нәрселермен озады...». Қай қарасөз?
А) бірінші
Ә) жетінші
Б) отыз бірінші
В) қырық төртінші
-
Бала өмірге келген кезде қандай мінезбен туылады?
А) ішсем, жесем; көрсем
Ә) жатсам, көрсем; үйренсем
Б) ұйықтасам, ішсем; талпынсам
В) ішсем, жесем, ұйықтасам; көрсем, білсем
-
Абай тән қалауына нені жатқызады?
А) көрсем, танысам, білсем
Ә) жатсам, көрсем, үйренсем
Б) ішсем, жесем, ұйықтасам
В) ұйықтасам, ішсем, талпынсам
-
Жетінші қарасөзде айтылатын жан қалауын көрсетіңіз.
А) көрсем, танысам, білсем
Ә) жатсам, көрсем, үйренсем
Б) ішсем, жесем, ұйықтасам
В) ұйықтасам, ішсем, талпынсам
-
Абай «көкірегінде сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ» адамды кімге теңейді?
А) наданға
Ә) хайуанға
Б) құбыжыққа
В) жануарларға
«Абайдың қарасөздері. Бірінші сөз. Жетінші сөз. Отыз бірінші сөз» бойынша тест тапсырмалары
2-нұсқа
1. Абайдың бірінші қара сөзін жазуына себеп болған ой?
A) Мінез деген не?
Ә)Білім, адам жаратылысы
Б) Қалған өмірімді қалай өткіземін?
B)Адам туғанда қандай мінезбен туады?
2. «Ел бағу» дегеніміз не?
A) Ел басқару
Ә) Елге ас тарату
Б) Елге жақсылық жасау
B) Халыққа қамқор болу
3. "Мал бағу" дегеніміз не?
A) Мал, дүние жинау
Ә) Мал сою
Б) Малға қарау
B) Малды тарату
4.Автор ғылым бағудан неліктен бас тартты?
A) Онымен шер тарқатысар адамның болмауынан
Ә) Ғылымның ол үшін қызық еместігінен
Б) Ғылыммен айналысатындардың көп болуынан
B) Өмірінің соңына дейін ғылыммен айналысу қиын болатындығынан
5. Қазақ әдебиетіне қарасөзді алғаш енгізген кім?
A) Абай Құнанбаев
Ә) Ыбырай Алтынсарин
Б) Ахмет Байтұрсынұлы
B) Бердібек Соқпақбаев
6.Автор «Бірінші қарасөзінде» неше ойды талғап, олардан бас тартады?
A)5
Ә)2
Б)6
B)3
7. «Бірінші қарасөздің» қорытындысында автор қандай ойға келді?
А)Ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіру
Ә)Дінді дәріптеу
Б)Бала бағу
В)Малшаруашылығымен айналысу
8.Жас бала анадан туғанда неше түрлі мінезбен туылады?
А)үш
Ә)екі
Б)төрт
В)алты
9.Автор «Жетінші қарасөзінде» адамның қай қасиетін ұнамсыз деп таниды?
А) "Өз білгенің-өзіңе, өз білгенім-өзіме" дейтіндігі, білімге қызықпаушылық
Ә) Білімге, жаңа нәрсені танып-білуге деген қызығушылық
Б) Өнермен айналысу
В) Кулинарияның дамымауы
10. Абайдың «Жетінші қарасөзінде» айтылған негізгі ой?
А) Білім алу, жан құмарын қанағаттандыру
Ә) Тәкаппар болмау
Б) Өнер саласын дамыту
В) Тән құмарын қанағаттандыру
Тест тапсырмаларының жауаптары
тақырып /сұрақ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Ертегі 1-нұсқа |
Б |
Б |
А |
Б |
В |
Б |
А |
А |
Б |
А |
Ертегі 2-нұсқа |
Ә |
А |
Ә |
В |
В |
Б |
Ә |
В |
А |
А |
«Аяз би» ертегісі 1-нұсқа |
А |
Б |
В |
В |
Б |
В |
В |
Ә |
Ә |
А |
«Аяз би» ертегісі 2-нұсқа |
Ә |
Б |
В |
Ә |
В |
Б |
Ә |
А |
Ә |
Ә |
Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып Ер Тұңға» жыры. Алып Ер Тұңғаны жоқтау» 1-нұсқа |
А |
А |
В |
В |
В |
В |
В |
А |
А |
В |
Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып Ер Тұңға» жыры. Алып Ер Тұңғаны жоқтау» 2-нұсқа |
Б |
В |
В |
Ә |
Ә |
В |
Ә |
Ә |
В |
В |
Әбу Насыр әл-Фараби. «Қашықтасың, туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» 1-нұсқа |
Б |
Ә |
А |
Б |
Ә |
А |
Ә |
Ә |
А |
Б |
Әбу Насыр әл-Фараби. «Қашықтасың, туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» 2-нұсқа |
А |
Б |
В |
А |
В |
Б |
А |
А |
Б |
А |
Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», Айналайын Ақжайық» 1-нұсқа |
Ә |
В |
Ә |
А |
Б |
Б |
В |
В |
В |
В |
Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», Айналайын Ақжайық» 2-нұсқа |
Б |
А |
Ә |
Б |
А |
А |
Б |
А |
Б |
Б |
Абай Құнанбайұлы. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» |
Ә |
А |
А |
В |
В |
А |
Б |
А |
Ә |
В |
Абайдың қарасөздері. 1-нұсқа |
В |
В |
А |
В |
В |
Ә |
В |
Б |
А |
Ә |
Абайдың қарасөздері. 2-нұсқа |
Б |
А |
А |
А |
А |
А |
А |
Ә |
А |
А |