Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ТЕҢДІГІ ҮШІН КҮРЕСКЕН ЖАЗУШЫ
Нурсейтова Маржан Жумагазовна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қостанай облысы білім басқармиасының
Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
Тобыл жалпы білім беретін мектебі
ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ТЕҢДІГІ ҮШІН КҮРЕСКЕН ЖАЗУШЫ
Жазушы өлмейді» деген ұраны тыныс берді,
Әдебиет қорына мол қазына, көп ырыс берді.
«Бейімбет әңгімелерінің көп топтары төңкерістің ең алғашқы жылдарынан бастап отызыншы жылдардың ортасына дейін Кеңес дәуірінде қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады» деп Мұхтар Әуезов [1, 394 б.] жоғары бағалаған. Абай дәстүрін жалғастырушыларының бірі, көпжанрлы әдебиетіміздің көрнекті өкілі, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Ал академик С.Қирабаев «Өмірде жұпынылықты сүйетін ол жазуда да әсірелеушілікке бармай, қарапайым шындықты қаз-қалпында суреттеуге шебер еді» [2, 12 б.] – деген екен.
«Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз» - деген қазақ зиялыларының «Міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деген қуанышы ұзаққа бармады. Сол тудың астында біріккендерді біртіндеп құртты [3, 53 б.]. Осы бір жазықсыз жала құрбаны болудағы саясатта неге сауатты да, қадірлі, аса құрметті жандардың тағдырына балта шапты?! Әр елдің елі үшін еңіреген беделді азаматтары болу керек емес пе?! Шешімді шығарар билік екені рас екен, неге малша қырып, кейіннен ақталды?! Әр жасаған істің ақ-қарасы анықталар күндер туарын білмеп пе екен?! Қандай ауыр азапта болған жандар, тіпті әжем марқұм айтып отыратын еді: «Қайраткерлердің суреті түгілі, жазған шығармасын тістеріңнен шықты ма, «Халық жауысың» деген заман». Әкем де кеткен, әлі күнге сүйегі қайда екенін де білмейміз»- деп. Одан қалды отбасына неге азап берген, балалары әр жақта, әйелі және туысқаны басқа жақта, қиындықтың құрсауында білгендерін жасаған. Міне, 2024 жыл қазақ халқының «Алаш» деп көкірек кере серіктескен Бейімбет, Сәкен және Ілияс Жансүгіров есімдері үшін түйедей құрдастардың 130 жылдық мерейтойы өтіп жатқан жыл. «Хабар» арнасынан Бейімбет жайында деректі фильмді қарап отырып, қалайша толғанбасқа, жыр жазбасқа, әрі Рудный қаласында өтетін «Көсемсөз шебері -Бейімбет Майлин» тақырыбында өтетін конференция барлық әріптестерім үшін ең қажетті іс-шара, өйткені тың деректер алып білімдеріміз кеңейе түспек.
Бейімбет әңгімелерінің тілі өте жеңіл әрі түсінікті. Қазақ әйелінің теңдігі үшін күрескен қаламгер. Ол күрделі сөз тіркестерін қолданбай, қазақтың күнделікті сөйлесу тілін пайдаланды. Бұл оқырманға оның шығармаларын жеңіл қабылдауға мүмкіндік береді және әр кейіпкердің болмысын терең сезінуге көмектеседі. Оның әйел теңдігін жан-жақты зерттеуінен болашаққа үміт артқанын білеміз. Өз заманындағы әйелдердің білімге ұмтылуын мақсат еткен ол осы күнге алаң болды емес пе?! Қазіргі заманда әйел бейнесінің қыры көптеп қалыптасып келеді. Гендерлік саясат өркендеген уақытта әйел-қоғам қайраткері, әрі саясаттанушы; әйел-заңгер, әрі депутат; әйел - бала тәрбиелеуші, әрі ұстаз; тіпті әйел – профессор, ғалым деген жеке тұлғалар топтан озып жатқан заман. Міне, осы күнді армандаған қоғамдағы әйелдің образын шаңырақтың, жалпы Отанның анасы ретінде құндау – Бейімбет шығармасының алғашқы жанайқайы. Біздер оның заманындағы әйел тағдырын сондықтан да тура бір аңыз тыңдағандай әсерде боламыз, бірақ біз ол тұрмысты кешпедік, өйткені жаңа заманның әйеліміз. Алайда кейбір мәселелермен, әлі күнге дейін әйел тағдырына балта шапқан адамдар баршылық. Әңгімелерінің жылдан-жылға дейін өзекті екенін айтқым келеді. Әлемді бір қолымен тербетер ана деп санаған заманда қараңғылыққа бой алдырмаған дұрыс. Жан-жақты әйел қоғамында сауаттану қажеттігін, өзінің еркіндігін және құқығын толыққанды білуін қарастыратын заман. Әрине, әйел теңдігі сол заманның күресімен жеткен, бірақ қоғамның дами түсуіне ықпал етіп жатқан қазіргі таңдағы әйел қауымына қажырлық әлі де керек. Сол қажырлылықты Бейімбеттің жұбайы Гүлжамал ханымнан алған дұрыс, қиындықты көре тұра, балаларын жиып алып, қайта осы заманға шыдамдылықтың арқасында жете алған азаматша Бейімбеттің ақырғы: «Қолжазбамды сақта!», «Балаларға ие бол!» деген аманатын орындады [4,Бейімбеттің соңғы сөзі.].
Бейімбет шығармасына қаһармандарын іздемеген, өз әлемінде болған адамдарды енгізген. Әйелдер, еңбек адамдарын және бай мен кедейлердің тартысын суреттегенде фильм көргендей оқимыз. Өмір сүрген заманынан алшақтасақ та, жазушының шығармаларын тез ұғасың, қазақ даласының ұлылығын шынайы бағалайсың. Бейімбет Майлин қысқа, бірақ осындай жарқын және жемісті өмірін бекер өткізбегенін оқырманы біздер растай аламыз. Жаңа заманы, кеңес өкіметінің орнауы, осы үдерістің адамдардың өміріне әсері ерекше орын алды. [5, ютуб.]Әңгімелері арқылы оқырман сол кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси мәселелерін көріп, түсінеді. Майлин жаңа қоғам құру идеяларын қолдап, ауыл халқының жаңа өмірге бейімделуін, еңбек адамдарының жаңа заманға қадам басуын суреттеді.
«Ажырасу» әңгімесінде ерлі-зайыптының махаббатындағы ескі наным сенімдермен күресі айқындалады. Заман ағымындағы дүмше молдалар мен кербез дінбсылардың білімінің жоқтығы, арсыз қылығы сыналады.
Теңдіке қол жеткізуге тырысқан Раушан бейнесі шыңдалған бейне. Өмірі үшін шыныққан кейіпкердің болыстық әйелдер жиналысына баруы көрсетілген қойылымда Балжан бәйбіше рөлін ойнағанда бетпе-бет көрдім. Қарапайымдылығы мен шексіз сеніммен басқару ортасындағы сөзі [6, «Раушан – коммунист» қойылымы.]. Өмірінің алғашқы кезеңі - болыстық әйелдер жиналысына барып, кейіннен - Раушан әйелдер жиналысына делегат болады, сана-сезім өзгерген әлеуметтік күрес жолында болған әйел үшінші кезеңде Раушан – коммунист атанады.
«Күлпаш» әңгімесінде ашаршылық тақырыбында өмір үшін күрескен әйелдің мықтылығын бейнелейді. Өзін құрбан етуде жолдасы мен баласын аштықтан аман алып қалу жолына салады. Бай адамға тұрмысқа шығып, ең жақынын қорғамақ амалы болса да арынан ашыққанын «Өлсем, солармен бірге өлсем болмайтын ба еді?» деген ойымен мазалайды [7, Күлпаш. 108 б.]. Қандай әсерлі, оқи отыра жаның күйзеледі.
«Дәмештің хаты» шығармасында «күйеуге тисең отбасыңды түгел асыраймын» деген кісіге алданып, отбасымен бірге құлдыққа түскеніне назаланған Дәмештің бейнесі, қазақ әйелдерінің сана-сезімінің оянуын бейнелегені хақ.
«Қыздың зары» шығармасына өз тарапымнан поэзиялық иірімде қарсы үндеу берсем деймін:
-
Қалыбай, не деген қара жүрексің?
Тек мал мен байлықты тілепсің!
Шынаркүл деген қызыңның да,
Санасын көміп, жастай күрепсің!
Ағалары қандай, мейірімсіз, есерсоқ!
Ойын қуған, мисыз немедей, кесел боп.
Мейірлене, қарындасқа алмағаны-ай,
Жұбататын Шынаркүлді шешені жоқ! [8, фейсбук бетінде.]
Күңдік күй кешіп жүрген әйелдер осы заманда шығып жатқаны қандай қиын. Кеңес заманы арашалау оңай болмаған. [9, 343 бет.]. «Айшаның қайраты» Оспан қожаның баласы Әмірхан Айшаны тоқалдыққа алады. Үрімдей жас қыз қатты қайғырады, аяғы 1925 жылы кеңес өкіметін арқа тұтып еліне қашқанымен «күштінің арты диірмен тартады» демекші, Оспан қожа қатал дәстүрімен Айша қызды елінен алып қайтады, Айшаны ұрып-соғумен қорлайды. Төзімнің де шегін көрсетер күн туған Айша қарсылық көрсете, сотқа жүгінеді, бостандық алады. Айша тағдырының үш жолы мынадай: 1) ескі заңмен бағындырып ұстамақ болғанға қарсы тұруы; 2) Өз бақыты, еркі үшін көнбестігіі; 3) әділеттің сот орындарынан табылып мейірімділік табылатынына көз жеткізгендігі. Міне, әйел қауымы өз құқығын қорғай алатынын дәлелдеген Айшаны Бейімбет Кеңес дәуірінде көрсеткен. Ал тәуелсіздік заманда әйелдің қорлығын, азабын әлеуметтік жеділерден көру өте ұят, әрі еркіндік үшін ұмтылыс жоқтың қасы.
Қорытындылай келе, қазақ әдебиетіне үлкен үлес қосқан жазушы. Оның әңгімелері арқылы біз өткен дәуірдің тынысын сезінеміз, сол кездегі адамдардың өмірі мен арманын түсінеміз. Ол қарапайым әрі шынайы әңгімелері оқырманды адамгершілікке, әділдікке шақырады. Қараңғылық, әрі бақытсыздық күй кешкен, халық еңсесін көтерудегі озық ел санатына жетелеуге түрткі болған қаламгер, көкірек-көзі ояу, өнер-біліммен сусындаған осы біздердің ісіміз – Бейімбет Майлин шығармашылығын насихаттауға міндеттіміз. Бақытты, еркін өмір сүретін күнді аңсаған өткенге, бүгінгі күн қарлығаштың қанатымен су сепкендей қаламынан болған көмегі болып отыр. Бұл – оның ұлы арманы.Жазушылар әлемі қашан да халыққа қызмет ету үшін қажет. Сол қажеттікке сай сенім артқан елінің тағдырын сипаттап, қыл көпірдің үстінде саясатқа да жақын, қылпып тұрған ұстараның жүзінде өлімге өзін қиған, жауапты жүгін қайыспай көтерген сындарлы жазушымыз – Бейімбет Майлин. Оның жасаған үлгісі өмір сүрген заманының кинофильмі тәрізді, шынайы суреттелген классикалық үлгі, тағдыры түрлі кейіпкерлердің бейнесі, заманның салмағын саралаған шежірелі энциклопедия деуге болады. Шындығы сол қоғам кезеңдерін әділ көрсеткен. Ішкі дүние, рухани әлем, ұлы көзқарастағы, ой-толғауы, сыни санасы, іс-әрекеті галереясы бай адам болуынан кейіпкерлер мінездерін астарлап та, туралап та сынаған. «Бейімбет Майлин туралы шындықты халыққа ресми түрде 1958 жылы ғана ашуға рұқсат етілді. Оның повестерінің жинағын орыс тіліне аударған бірінші болып жазушы Герольд Бельгер екен.[10, КН]. Филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы және зерттеуші Т.Нұртазиннің "Бейімбет Майлиннің шығармашылығы" монографиясы 1966 жылы жарыққа шығып, қайта басылған жоқ» деген 2023 жылғы 28 қараша күнгі «Костанайские новости» газетінің бастапқы бетінде оқығаным бар еді. Жалпы, жазықсыз құрбпан болған жазушымывз Бейімбет Майлин жайында әлі де зерттейтін дүниелер кітап болып шығады деген сенімдеміз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
М.Мұсағитов. «Абай» энциклопедиясы» 394 бет
-
Қирабаев С. Шыншыл жазушы // Қазақ әдебиеті, 1994, 11 наурыз.
-
Нұртөре Жүсіп. Біз кімнен кембіз? 2001 жыл. Алматы баспасы
-
Бірде- бір тісі қалмаған. Бейімбет Майлин.https://youtu.be/Q0g4gZhvSSc
-
Тайны.Судьбы. Имена. https://youtu.be/4wrEsKNyKUI
-
«Раушан коммунист» сахналық қойылымы. Бейімбет Майлин ауданы. https://youtu.be/ZIZMaFQD7lY
-
Бейімбет Майлин. Алматы баспасы. 2012 жыл. Күлпаш. 108 б.
-
Бейімбет Майлинге арналған жырлар. Авторы: Нурсейтова М.Ж https://www.facebook.com/share/p/fb3Xb7Aqiq2p8Uw5/
-
Нұртазин Т. Бейімбет Майлин творчествосы. - Алматы: Жазушы, 1966. - 343 б.
-
Костанайские новости, главная страница. 28 ноября 2023, вторник
-
Интернет-сайттардың материалдары.

