Материалдар / Қазақ баласының ғарышқа ұшқанына 30 жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ баласының ғарышқа ұшқанына 30 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан ғарыш кеңістігін адамзаттың бағындыру тарихына тікелей әсер еткені белгілі. Республика аумағында аңызға айналған Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан, ол жерден ғарыш кеңістіктігіне әуе кемелері ұшырылады. Қазақстанның ғарышкерлері бес рет орбита сапарының қатыстушылары болды, алғашқы сапар 1991 жылы Тоқтар Әубәкровпен жасалды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
386
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры

___________А.Қ.Абашова

«___»_________20___





Қазақ баласының ғарышқа ұшуына 30 жыл!













Кітапханашы: Юлдашбекова Жәудір























2021 – 2022 оқу жылы

Қазақ баласының ғарышқа ұшуына 30 жыл!

Тақырыбы:  Қазақ баласының ғарышқа ұшуына 30 жыл!
Мақсаты:
1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
2.Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.


3.Көрнекілігі: интерактивтік тақта, зымыран суреті, Суреттер
Әдіс-тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.

Осыдан 30 жыл бұрын, 1991 жылғы 2 қазанда тұңғыш қазақ космонавты Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Бұл күн өз отандасын ғарышқа жіберген Қазақстан үшін атаулы датаға айналды. Орбитада даңқты ғарышкер 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Оны ғарышқа аттандырған күні сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Байқоңыр" ғарыш айлағында Ұлттық аэроғарыш агенттігін құру туралы шешім қабылдайды. 

Қазақстан ғарыш кеңістігін адамзаттың бағындыру тарихына тікелей әсер еткені белгілі. Республика аумағында аңызға айналған Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан, ол жерден ғарыш кеңістіктігіне әуе кемелері ұшырылады. Қазақстанның ғарышкерлері бес рет орбита сапарының қатыстушылары болды, алғашқы сапар 1991 жылы Тоқтар Әубәкровпен жасалды.

Алпыс жыл ішінде 600-ге жуық адам ғарышқа көтерілді. Олардың қатарында Қазақстанның үш өкілі бар: ұшқыш-ғарышкерлер, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов. 

Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш космонавт. Оның ғарышқа сапары 1991 жылдың 2 қазанынан 10 қазанына дейін жалғасқан. Ол экспедицияның ғарышкер-зерттеушісі ретінде орбиталық комплекс “Мир”-ға сапар шеккен. 

Жаңа авиациялық техниканы сынау кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1988 жылғы 31 қазандағы Жарлығымен Тоқтар Әубәкіровке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен "Алтын жұлдыз" медалі табысталған.

1991 жылы 2 қазанда Байқоңырда маңызды датада қазақстандықтар жан-жақтан келген қонақтарды қарсы алды. Сол тұстағы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен ғарыш алаңына көптеген одақтас республикалардың басшылары ұшып келді. Әубәкіров "Союз ТМ-13" ғарыш кемесінде Александр Волков пен Франц Фибекпен (Австрия) бірге ұшты

Тоқтар Әубәкіров ғарыштық бағдарламаларды коммерциялизациялау жайлы тәуелсіздік алмай тұрып айтып келген. 1991 жылы “Казахстанская правда газетіне” берген сұхбатында “Ғарыш бізге керек пе?” деген сұраққа жауап береді. Айтуныша, ғарышқа бөлінетін қаражат Жерде нан табуға көбірек мүмкіндіктің пайда болуын мақсат етеді. 

Ғарыштағы зерттеу жұмыстары біздің кең байтақ республикамыз үшін ерекше маңызды. Себебі Жердегі қауіпті өзгерістерді сол жақтан байқай аламыз. Және ең біріншіден бұл экологиялық ахуалға байланысты”, – деді ол сұхбатында.

Ол үлкен аумақтарда өнеркәсіптен шығатын аэрозольдің, Арал түбінен шаң мен тұздың таралуын көзімен көргенін айтады. Сондықтан Қазақстан толықтай ғарыштық бақылау жасауы тиіс. Топырақ, жануарлар әлемі, өсімдік әлемі – биологиялық тұрақтылықтың бұзылған жағдайда оны жылдам қайта қалыпқа келтіруге көмектеседі, деген позиция ұстанған. 

Маман ретінде, ғарыштық идеялар бойынша алыс-жақын әріптестеріміз – америкалықтарды озып келе жатырмыз. Алайда ғарыш мәселесіне қатысты үнемдейтін болсақ, деңгейіміз бірден түседі”, – дейді Әубәкіров.

Тоқтар Әубәкіров- Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының соңғы (72-ші) ғарышкері. Биыл, 2021 жылдың 2-қазанында қазақ баласының ғарышқа ұшуына 30 жыл. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебінің 9,10 сынып оқушылары «Қазақ баласының ғарышқа ұшуына 30 жыл» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Алғы сөзді кафедра меңгерушісі Ақтамбердиева З.С. алып, 30 жыл бұрын еліміздің тарихында айтулы оқиға болды. Ғарыш кеңістігіне қазақ баласы ұшты. Бұл теңдесіз оқиға қасиетті қазақ жерінде жасалды. Бүгінде космонавтика өте өзекті мәселе, жастар ғылымның қай саласын болса да меңгеріп, биік шыңдарды бағындыру керек екендігін айтты. Сондай-ақ, мектеп басшылары А.Абашова, Т.Насибеков, психолог А.Жасұлан және Ж.Ахметова қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтер туралы. Олардың өмірі мен қызметі туралы, ерен еңбегі туралы әңгіме қозғады. Сонымен қатар, ғарышты игеру әрқашан адамзаттың ең аңсарлы арманының бірі болғандығын атап кетті. 9,10 сынып оқушылары Тоқтар Әубәкіровтің өмірбаяны мен қызметін баяндап, бейне роликті қонақтардың назарына ұсынды.






Мектеп оқытушылары Б.Жұмаділдаева, Т.Насибеков байтақ жерімізде бүкіл әлемдік ғарыш айлағы- Байқоңырда қаншама жыл бойы жұмыстар жүргізіліп жатқанын, әлем ғарышкерлерін осы жерден ғарышқа шығарып салып, қарсы алатындығын мақтан етіп, оқушыларға мотивация берді. Оқушылар Қазақстанның ғарыш айлағы мен қазақ ғарышкерлеріне арнап өз арнауларын оқыды. Атап өтсек: Сыдыкова Айгуль мен Наханова Алия өз шығармаларын оқыды. Дүйсенбаев Бауыржан бейне ролик жасап, сонау 1991 жылдың 2-қазанын көз алдымызға елестеткендей болды. Дөңгелек үстелде оқушылардың тәуелсіз Қазақстан туралы, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы ізденістері баяндалды. Жастардың патриоттық санасының оянуына зор ықпал ететін іс-шара жоғары дәрежеде өтті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!