"Қазақ би қимылдары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ би қимылдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
.Қазақ би өнері туралы қысқаша мағлұмат беру. Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ биінің қимылдары»


Мақсаты: Қазақ биі туралы мағұлмат беріп,Қазақ биі қимылдарының тәсілдерін үйрету.Биге деген сезімін,ынтасын оятып,өзіндік қабілетін дамыту.Дене сұлулығына тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың көрнекіліктері: суреттер,слайд,бейнежазбалар.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.Музыка әуені қосылады.Оқушыларды екі қатарға тұрғызып дене жаттығулары жасалады.


2.Жаңа сабақ:

1.Оқушыларға сұрақ: Оқушылар біз күнделікті сабақтарымызда қандай билермен танысамыз?


2.Қазақ би өнерінің негізін қалаушы кім?


Жауабы: Шара Жиенқұлова


3.Шара Жиенқұлова туралы қысқаша мәлімет.


Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Шара көптеген ұлттардың биін билеген. Мысалы: өзбек биі, Башқұрт биі, Жапон, Орыс, Куба биін және т.б.
Оның биге деген шеберлігін мынадан көруге болады. Ол қай уақыттың биін билесе, оның бет әлпеті де сол халықтың бет әлпетіне ұқсап кететін болған.


4.Қазақ би өнері туралы қысқаша мағлұмат беру.

Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған.


5.Оқушыларға сұрақ: Қазақ билеріне қандай билер жатады?


Оқушылар жауабы: Айжан қыз, қос алқа, киіз басу, балбырауын, қыз қуу, былқылдақ, киіз басу, келіншек.


6.«Киіз басу» биі (видеоролик)


7.Бүгінгі жаңа сабақта үйренетініміз Қазақ биі қимылдары.


«Айналма» – II-III позицияда екі қолымызды ішкі бағытқа және де сыртқы бағытқа айналдырамыз.


«Қосқол» екі қолымызды сәл иықтан төмен орналастырып,бірінші оң жақтан сол жаққа қолымызды ауыстырып қимылды орындаймыз.


«Ұялу» - екі қолымызбен,алақынымызды сыртқа қаратып,бетімізді жауып,екі қолымызды оң жаққа,сол жаққа ашамыз.


«Үкі» - екі қолымыз жанында төменде орналасқан,қолымызды жоғарға III позицияға жабамыз бір - біріне білезіктен.


«Орама» - бір-бірімен білезік буыны арқылы емін-еркін жалғасқан екі қолдың басы дөңгелене оралып қимыл жасайды.Қимыл тез әрі үзіліссіз орындалады.


«Жалын» – екі қолдың басы емін-еркін ұсталып, алма кезек жоғары сілтей көтеріледі де екі шынтақтың алма кезек төмен түрілуі арқылы қайталанады.


«Білезік» - екі қолдың білезіктен қосылған екі басы саусақтары ашыла жанына қараған бағытта,кеуденің алдында I қалып деңгейінде ұсталады.


«Толқын» - екі қолдың басы саусақтарды бір мезгілде жұдырыққа жинап,ашу кезінде толқын тәріздес қимыл орындайды.


Осы үйренген қимылдарымызды музыкамен қайталаймыз.


3.Қазақ биінен этюд:

«Кіші топ» қыздары «Домбыра»биін билейді.


Оқушыларға сұрақ: Қандай би орындалды? Осы биден бүгінгі сабақта танысқан қандай би қимылдарын көрдіңіздер?


4.Жаңа сабақты бекіту:

Шарлардың ішіне бүгінгі сабаққа байланысты «Қазақ» биінің қимылдары туралы сұрақтар жасырынып тұрады.Әр оқушы ортаға шығып өзіне ұнаған шарды таңдап,жарып,ішіндегі қағазға жазылған сұраққа жауап береді.Сұрақтар: Қазақ биіндегі «Айналма» қимылы,Қазақ биіндегі «Қосқол» қимылы,Қазақ биіндегі «Ұялу» қимылы,Қазақ биіндегі «Үкі» қимылы,Қазақ биіндегі «Беташар» қимылы.


5.Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіре отырып,тәттілер үлестіріледі.Оқушылар бір-бірін бағалап,тілек білдіріп,сабақты аяқтаймыз

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2023
1733
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі